С. А. Козлова, Т. А. Куликова



жүктеу 4,62 Mb.
Pdf просмотр
бет221/298
Дата11.02.2023
өлшемі4,62 Mb.
#41256
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   298
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

(Ушинский К . Д .
Собр. 
соч. — М.; Л., 1950. — Т. 8. — С. 438). 
Сюжеттік-рөлдік ойынның шығармашылық сипаты онда 
түпкі ойының болуымен анықталады, оның жүзеге асуы 
қиялдың белсенді жұмыс істеуімен, балада қоршаған әлемі 
туралы өз ойын көрсету қабілетінің дамуымен түйіседі. Рөлді 
ойнау барысында баланың шығармашылығы жаңа түр беру 
сипатын қабылдайды. Оның нәтижелілігі ойыншының жеке 
тәжірибесімен, 
оның 
сезімдерінің 
қиялының 
қызығушылықтарының даму дәрежесімен байланысты. Балалар 
ойынға қажетті ойыншықтарды, заттарды, таңдай отырып, үлкен 
тапқырлықты көрсетеді, ересектеу мектеп жасына дейінгі 
балалар түпкі ойын толығырақ жүзеге асыруға, рөлді жақсырақ 
ойнауға көмектесетін ойыншықтарды өздері қолдан жасайды. 
Кез келген шығармашылық әрекет сияқты, сюжеттік-рөлдік 
ойын эмоционалды бай және әр балаға үдерісінің өзімен 
қуаныш пен қанағат сыйлайды. 
Сюжеттік-рөлдік 
ойынның 
келесі 
құрылымдық 
компоненттері бар: сюжет, мазмұн, рөл.
 
Ойынның сюжеттері мен мазмұны 
Сюжеттік-рөлдік ойынның басты компоненті болып сюжет 
табылады, онсыз сюжеттік-рөлдік ойынның өзі де жоқ. 
Ойынның сюжеті – бұл балалардың өздерімен жүзеге 
асырылатын шындық саласы. Сюжет баланың өмірден алынған 
белгілі бір әрекетерді, оқиғаларды, өзара қатынастарды және 
қоршаған ортаның қызметін көрсетуін білдіреді. Сонымен қатар 
оның ойын әрекеттері (автокөлік рөлін бұрады, түскі ас 
әзірлейді, оқушыларға сурет салуды үйретеді және т.б.) – 


363 
сюжетті іске асырудың негізгі құралдарының бірі. 
Ойынның сюжеті әр алуан. Шартты түрде оларды тұрмыстық 
(жанұя, балабақшаны ойнау), адамдардың кәсіби қызметін 
көрсететін өндірістік (аурухана, дүкен, малшаруашылығы 
фермасын ойнау), қоғамдық (қаланың туған күнін тойлауды, 
кітапхана, мектеп, Айға ұшуды ойнау) деп бөледі. 
Адамзат тарихы бойына бала ойындарының сюжеті өзгеріп 
отырады, себебі заманға, экономика ерекшеліктеріне, мәдени, 
георгафиялық, табиғи жағдайларға байланысты болады. 
Мысалы, Солтүстік халықтары балаларының ойындарында 
итбалық, морждарды аулау, бұғышының еңбегі бейнеленеді. 
Теңіз жағалауы өңірлерінде тұратын балалар корабль 
құрушыларды ойнайды, портта жұмыс істеп, туристерді қарсы 
алады. 
Бұдан басқа, әр кезеңде маңызды, кейде төтенше оқиғалар да 
болды, олар адам өмірінде біршама із қалдырып, балалар мен 
ересектерде эмоционалдық айқай тудырды. Осындай оқиғалар 
бала ойындарының жаңа сюжеттерін жасап жатты. Көптеген 
жылдары бойына біздің еліміздің балалары Ұлы Отан соғысын 
ойнады (ұрыстар, бомбылау, бейбіт тұрғындарды эвакуациялау, 
госпиталь, партизандарды, Ленинград блокадасын, Жеңіс 
парадын және т.б.). Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуынан кейін 
дүние жүзінің көптеген елдерінің балалары планетаарлық 
кеңістікті игеруді ойнай бастады (ракеталарды жсайды, Марс, 
Айға ұшады, Мир ғарыш стансасында жұмыс істейді).
Адамзат тарихында балалар ойының «мәңгілік» сюжеттері де 
бар, олар адамдар ұрпақтарын байланыстырады: жанұя ойыны, 
ауруларды емдеу және т.б. Әрине, түрлі заман мен халықтардың 
балаларының ойынында осы сюжеттер өмірдегі сияқты өзінің 
мазмұнымен ерекшеленеді. 
Ойынның мазмұны, Д.Б.Элькониннің атап өтуінше, - бұл 
баланың әрекеттің орталық және сипаттық кезеңі мен олардың 
тұрмыстық, еңбек, қоғамдық әрекетіндегі ересектер арасындағы 
қарым-қатынастар ретінде жүзеге асырылу құбылыстары. 


364 
Баланың ересектер әрекеті туралы ұғымдарының тереңдігіне 
байланысты ойын мазмұны да өзгереді. Мысалы, төменгі топ 
балалары, ойын барысында дәрігерді сомдай отырып, бір 
әрекетті бірнеше рет қайталады: қызуын өлшеді, аурудың 
тамағын тексерді. Сәбилерге екпе жасағаннан кейін, дәрігердің 
ойын қиялында жаңа іс-әрекеттер пайда болды. Жоғары топ 
балалары, аурухана ойыны туралы келісе отырып, қандай 
мамандар емдейтінін анықтап алды: хирург, окулист, бала 
дәрігері. Дәрігердің мамандануына байланысты әр ойыншы 
арнайы әрекеттерді орындады, және дәрігерлер емделушілермен 
жылы сөйлесті, оларды ине салудан, ота жасаудан, қайта 
таңудан қорықпауын, дәрілерін жақсырақ қабылдауын өтінді. 
Сөйтіп, ойын мазмұнында баланың ересектердің әрекетіне 
енудің әр түрлі деңгейлері көрінді. Бастапқыда шынайы өмірде 
«ұғынылатын» және ойында көрінетіні әрекеттің сыртқы жағы 
ғана (адам немен әрекет етеді: «адам - зат»). Сосын, баланың 
адамның өз қызметіне қарым-қатынасын, еңбектің қоғамдық 
ойына қарапайым жетуінтүсінуіне қарай ойындарда адамдардың 
ара-өатынасы көріне бастайды («адам - адам»), ал заттардың өзі 
жеңіл алмастырылады (кубик – сабынның бір бөлігі, нан, өтек, 
кішкентай машина) немесе тек қана оцша елестетіледі («менде 
акваланг бар сияқты, және мен мұхиттың түбіне түсіп бара 
жатырмын»). Бла ойын басталмайынша оны елестете алмайды, 
шынайы оқиғалар арасындағы логикалық бірізділікті ұғына 
алмайды. Сондықтан да, А.П.Усованың атап өтуінше, ойын 
мазмұны үзік-үзік, логикалық емес. Сәбилер ойын барысында 
ересектер 
көрсеткен 
және 
тұрмыспен 
байланысты 
ойыншықтармен әрекет етулерді қайталайды: қонжықты 
тамақтандырды – ұйқыға жатқызды; тағы да тамақтандырды – 
тағы да ұйқыға жатқызды.
 
А. П.Усова осындай ойындарды ойын 
– әрекеттер ретінде сипаттады. Және те әрекеттерге деген 
қызығушылық басым, сондықтан ойын мақсаты бала назарынан 
алшақтайды. Мысалы, Оля қыздарын үстел басына отырғызды, 
түскі ас жайындауға кетті, кішкене кәстрөл, табамен әрекет 


365 
етумен 
шұғылданып 
кетті, 
ал 
қыздары 
сол 
қалпы 
тамақтандырылмай қалды. 
Алайда үш пен төрт жас аралығында ойындар біршама 
мазмұнды болып келеді, ол балалардың қорщаған әлем туралы 
ұғымдарының кеңеюімен байланысты. Мектеп жасына дейінгі 
балалар ойынға оларға оқып берген немесе ерекше құнды әдеби 
шығармалардан және жеке тәжірибесінен алынған, сюжеттік-
дидактикалық ойындар, кітаптардағы иллюстрациялар, үстел 
үстіндегі театр, диафильмдер арқылы көрсетілген эпизодтарды 
қоса отырып, әр түрлі оқиғаларды біріктіре бастайды. 
Төрт және бес жаста балалардың ойынында сюжеттің 
тұтастығы, 
көрсетілетін 
оқиғалрдың 
өзара 
байланысы 
байқалады.Мектеп жасына дейінгі балаларда бұрын олар 
ойнаған белгілі сюжеттерге деген қызығушылық қалыптасады 
(жанұя, аурухана, құрылысшылар, көлік жіне т.б. ойындары). 
Балалар сюжеттік желістер сияқты біріктіре отырып, жаңа 
әсерлерге, таныс ойындарға тез үн қатады. Мазмұнның баюына 
баллардың ойын барысындағы өзара әрекеті көмектеседі, егер де 
әрқайсысы өзінікін жеке енгізсе. Мысалы, әкесі өзен 
пароходының 
капитаны 
қызметін 
атқаратын 
Сережа 
«тәрбиешіге» балаларды Мәскеу өзені бойынша серуендетуді 
ұсынады. Рұқсат алғаннан кейін, орындықтардан пароход 
жасайды, оның бортында жүргіншілерді қарсы алады. Осы 
жаста ойында көрсетілетін баланың шынайы өмірде игерген 
және өзіне аса қызығушылық тудырмайтын жағдаяттарды 
қорытындылау және ұғыну сезімдері қалыптасады. Сөйтіп, егер 
де балалар, балабақша ойынын ойнай отырып, ұзақ тамақтанса, 
шыны-аяқтан ішсе, бес жасар балалар қасықты аузына апара 
сала, түскі аспен тамақтануды аяқтайды. Кейбір жағдайда 
балалар символикалық әрекеттермен шектеледі: матрос 
«теңіздің орнындағы» бөлмеде жүзіп бара жатады. 
Жоғары мектепке дейінгі жастағы балалар сюжетті таңдауға 
ойланып келеді, оны алдын ала талқылайды, мазмұнның дамуын 
қарапайым деңгейде жоспарлайды. Мектепке дейінгі мекемеден 


366 
тыс жерде алынған әсерлерімен көркейтілген жаңа сюжеттер 
пайда болады: мультсериалдар, үйде оқыған кітаптары, ата-
аналарының әңгімелері және т.б. мотивтері бойынша. Қазіргі 
уақытта саяхаттау, соның ішінде ғарышта да, ойындары кең 
тараған: ересектер еңбегін көрсету саласы кеңейген (банкте, 
көлікте қызмет көрсету еңбегі, күзет және құқық тәртібі қызметі 
және т.б.). 
Жоғары және мектепке дейінгі жаста ойын жағдаяттарын 
жинақтау үрдісі жалғасады; балалар шартты және символикалық 
әрекеттерден басқа (басын алақанға салды – ұйықтап қалды) 
сөзбен комментарий беруді де («Барлығымыз ұйөтағандай 
болайық – сосын залға мерекеге барамыз!»; «Былай жасайық: біз 
Африкаға ұшып келдік!») белсенді пайдаланады. Осы сөз 
комментарийлері белгілі бір оқиғаларды сөзбен алмастыруды 
білдіреді. Балалар оларға ойынның шарықтау логикасын бұбас 
үшін пайдаланады. 
Сөйтіп, мектепке деінгі балалқ шақта ойын мазмұнының 
дамуы мен күрделенуі келесі бағыттар бойынша жүзеге асады: 

Мақсатқа бағытталғандықтың, ол дегеніміз, көрсететін 
нәрсенің бірізділігінің, байланыстылығының күшеюі; 

кеңейтілген ойын жағдаятынан жабыңқыға біртіндеп көшу, 
ойында 
көрсететіндерді 
жалпылау 
(шартты 
және 
символикалық әрекеттерді, сөздермен алмастыруларды 
пайдалану) 
Сюжеттік-рөлдік ойындардың мазмұнының әртүрлілігі 
балалардың ойында көрінетін шындық тұстарымен, осы білімнің 
сәбидің 
қызығушылықтарына, 
сезімдеріне, 
оның 
жеке 
тәжірибесіне үйлесімділігімен анықталады. Және, сонымен, 
ойын мазмұнының дамуы баланың қызметі және ересектермен 
өзара қатынасында оларға тән сипаттарды анықтау іскерлігіне 
байланысты. 
Сюжеттік-рөлдік ойындардың мазмұны баламен ол алған 
рөл арқылы әске асырылады. Рөл – сюжеттік жүзеге асырудың 
құралы және сюжеттік-рөлдік ойындардың негізгі компоненті. 



жүктеу 4,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау