1-кесте
Команда жұмысын құрайтындар
Тиімді
|
Тиімсіз
|
Команданың әрбір мүшесінің ережені шығаруы және сақтауы
|
Топ ішіндегі қатаң иерархия
|
Команда мүшелерінің барлығын қызықтыратын тақырыптың болуы
|
Тақырыпқа деген қызығушылықтың жоқтығы
|
Жаттықтырушының команда мүшелерінің ішінде ешкімді бөле жарып қарамауы. Барлығына деген көзқарастың біркелкі болуы.
|
Команда ішіндегі келіспеушілік, ішкі дау-дамайларды шешуге ынтасыз болу.
|
Ортақ мақсат пен идеяның бар болуы.
|
Араласудың әртүрлі дәрежесі (әлеуметтік, жас ерекшеліктеріне қарай, интеллектуалдық кедергілер)
|
Команданы біріктіруге арналған жаттығулар мен ойындар.
|
Араласу қабілетінің жоқтығы (ұяңдық және тыңдай білмеу)
|
Команда мүшелерін үнемі ынталандыру.
|
Жаттықтырушының кәсіби біліксіздігі.
|
Корпоративтік рухты тарату. Бұл үшін әрдайым Біз, Біздің, Бізге, Бізбен бірге және т.с.с. сөздерді пайдалану.
|
Қырсық тыңдаушылар.
|
6. Жаттықтырушыға команданы топтастыруы үшін берілетін кеңестер:
1)Біріншіден, барлығын бір-бірімен таныстырған жөн болар.
2) Егер алдыңызда бірін-бірі бұрыннан танитын адамдар тобы тұрса, абыржымай-ақ қойыңыз. Кейде олардың көмегімен бұрыннан таныс адам жайлы жаңа және тосын ақпаратты білуге болады.
3) Бірінші командалық процесс – жұмыс тәртібін және әрекет ережесін жасау. Әрбір адамға кем дегенде бір ұсыныс айтқызуға тырысыңыз. Команданы ортақ әрекет сияқты басқа еш нәрсе топтастыра алмайды.
4) Топтың көмегімен барлығына қатысты тақырыптарды және шешімінің тәжірибе жүзінде пайдасы тиетін мәселелерді таңдау. Бұл мәселелерді бірігіп шешу барысында сіздің топ командаға көбірек ұқсайтын болады.
5) Есіңде болсын: жаттықтырушы бейтарап және барынша мейірімді болуы тиіс. Бірақ сонда да сізге үнемі кедергі келтіретін түсінбей қалған тыңдарманға шынай махаббат сыйлаушы ролінде елестемеңіз. Абыржымай топтан көмек сұраңыз. Біреуге, әсіресе жаттықтырушыға көрсетілген ортақ көмек адамдарды біріктіріп, өзінінің маңыздылығын түсінуіне көмектеседі.
6)Кішкентай жетістікке де қуаныңыз, адамдарға жақсы сөз айтыңыз, бұл сіздің де жетістігіңіз, мақтау сөздер сізге де қатысты – жарайсыз!
7) Команданы біріктіруге жетелейтін жаттығу мен ойындар өткізу.
8)Кез келген бейресми шараны ұйымдастыруға ұзақ мерзімді өзіндік дайындық топты біріктіріп, оны бірден командаға айналдырады. Адамдарды тек жұмыс қана емес, сонымен қатар ортақ іс, мереке де біріктіреді. Жалпы алғанда, қуаныш адамдарды берік түрде біріктіреді.
9)Сіздің қолыңыздан келді! Сіз керемет команданы біріктіре алдыңыз! Ары қарай не болмақ?
Достарыңызбен бөлісу: |