Рустемова Жанар Айдарбеккызы «Қазақ әдебиетін интерактивті оқыту әдістемесі» пәні бойынша



жүктеу 449,02 Kb.
бет2/149
Дата06.10.2023
өлшемі449,02 Kb.
#43680
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149
multi-823 x986873926

2. Оқытудың негізгі мәселелері. Қалай десек те білім саласындағы негізгі мәселелер келесідей болады:
1. Мазмұн (Не нәрсеге үйрету керек?).
2. Әдістеме (Қалай үйрету керек?).
3. Нәтиже (Не үшін үйрету керек? Үйретудің нәтижесі қандай болуы керек?).
Әрбір педагогикалық жүйе мен әр ұстаз осы сұрақтарға өз философиясы ауқымында жауап беруге ұмтылады. С.Мирсейітова бұл туралы келесідей жазады: «Біздің қоғамға қандай білім қажет? Басқа сөзбен айтқанда:
1. Не нәрсеге үйрету керек: фундаменталдық білімге ме, әлде осы білімді іздену дағдыларына ма?
2. «Оқыту» деген не: әрқашан және әр мәселе бойынша нұсқап отыру ма, әлде оқытудың «маңызды кезеңін» анықтап, қалған уақытта іздену мен өзін-өзі дамытуға мүмкіншілік беру ме? Оқытудың негізін не құрайды: «даму» ма, әлде «қалыптастыру» ма?
3. Оқытудың мақсаты қандай? Оқытудың басты назарын неге аудару керек: процеске ме, әлде нәтижеге ме? Басқаша айтсақ: басты мәселе «даму» ма, әлде «форма» ма?
Дәстүрлі (репродуктивтік) оқыту бұл мәселелерді келесідей шешеді: үйренушілерге ақпарат және дайын қағидаларды, яғни фундаменталдық білім («Не?») беру («Қалай?») арқылы оларды болашақта маман («Не үшін?») болып қалыптастыру (нәтиже). Дәстүрлі оқыту көбіне-көп білімді формалды тұрғыдан қабылдайды:шәкірттерге сабақ беретін пән бойынша оқу бағдарламасында және оқулықта келтірілген ақпарат пен мәліметтерді үйретеді, яғни оқытудың негізін бағдарлама мен оқулықтардың мазмұны құрайды.
Жоғарыда келтірілген білім игеру процесінің негізгі сұрақтарына интербелсенді оқытудың философиясы тұрғысынан жауап беріп көрейік. Әрине, бұл жерде сұрақтардың барлығынан да толық және жан-жақты жауап береміз дегеннен аулақпыз, бірақ «Не?» және «Не үшін?» сұрақтарын аз да болса қарастырып өткеніміз орынды болар.

  1. Білім және ақпарат. Білім ақпарат емес. Білім деген не? Дәстүрлі (репродуктивтік) оқыту оны бірінші кезекте ақпаратпен байланыстырады. Бұл түсінік білім игеру процесінің басты проблемаларының біріне айналып кеткен, өйткені ол үйретудің мазмұнын тек ақпарат «берумен» (ұстаз тарапынан) және «алумен» (шәкірт тарапынан) шектейді. Ондай жағдайда «білімді» деп тек көп білетін, яғни жадында, есінде көп мағлұмат сақтайтын адамды атауымыз керек шығар? Ал ондай ақпараттың қажеті қанша, ол адам өмірін түрлендіретін, жақсартатын нәтижеге алып келе ме?

Алайда «білім═ақпарат» ұстанымы бұл сұрақтарды жауапсыз қалдырады, өйткені мұнда қандай да болмасын сала мен бағыт бойынша «Сіз білесіз бе?», «Әлем таңғажайыптары» немесе «Әлемде талай қызық бар» сынды айдарларға сәйкес мәлімет келтіретін, қандай да тақырып тұрғысынан дерек беретін адам (жадында көп мөлшерде ақпарат жинақтаған) білімді саналады. Ондай білімпаздар айналадағы елді таңдай қаққызып, тамсандырады.
Осы түсінік дәстүрлі оқытуда басты назарды есте сақтауға аударады. Әдетте, ұстаздар шәкірттерден не нәрсені талап етеді, не тілейді? Көбіне көп мұғалім оқушыдан кешегі сабақта өзінің айтып бергенін немесе оқулықта жазылғанды бұлжытпай қайталап беруді сұрамай ма? Егерде оқушы осы тапсырмаларды мүлтіксіз орындаса (қайтадан репродукция!), оны білімді деп есептеп, оған жоғары бағаларды қоятындығымыз рас.
Мектеп түлектері тапсыратын Ұлттық бірыңғай тестілеу сұрақтарының дені (мәселен, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, география, биология пәндері бойынша) оқушының жады мен есте сақтау қабілетін ғана тексеретін сияқты. Теледидарда кең орын алған білімпаздардың түрлі жарыстары, додалары мен конкурстарының тапсырмалары да осындай деңгейде. Сонда білім дегеніңіз есте сақталатын ақпарат көлемі ме?
Онда мынандай жайтты сараптайық. Білімнің жылдан жылға дамып, өсіп отыратындығы - дау туғызбайтын аксиома. Мәселен, бүкіл адамзаттың бар білетіні 1800-1900 жылдар аралығында (яғни, жүз жылда) екі есе өскен деген есеп келтіреді ғалымдар. Ал білімнің келесі екі есе өсуі енді елу жылда (1901-1950 жылдар аралығында) орын алыпты. Осыдан кейінгі еселену жиырма жылда (1951-1970 жылдарда), содан соң он бес жылда (1971-1985) болған екен. Ал қазіргі кезде білім әрбір төрт жыл сайын екі есеге ұлғайып отыр дейді ғалымдар. Бұл дегеніңіз жоғары оқу орнына түскен студенттің төрт жыл оқу барысында білімін арттырудың орнына бұрынғыдан екі есе аз біліп шығуы университеттен. Өйткені адамзаттың бар білетіні осы уақыт аралығында екі есе өсіп кетпей ме?! Парадокс: төрт жыл ішінде білімді болып шығам деген студенттер керісінше бұрынғысынан екі есе кем білетін болады!..
Білім тура осы қарқында үдей беретін болса, аз уақыттан кейін адамзаттың бар білетіні әрбір 76 күнде (екі жарым айда!) екі есе өсіп отыратын көрінеді ғалымдардың пайымдауынша. Мінекей адамзат білімі қандай үдемелі қарқында дамып отыр!
Ақпараттың осылайша көз ілеспес жылдамдықпен дамуымен бірге адам миының есте сақтау мүмкіндігінің шектеулі екендігін ұмытпау керек. Тағы да ғалымдар дерегіне жүгінейік: адам жадында орташа есеппен 300 миллион кітапқа сиятын көлемдегі ақпаратты ғана сақтай алады екен. Алайда бұл көлемнің орасан көп бөлігін өмірде қажетті білік пен дағдылар (мәселен, сөйлеу, жүру, оқу, жазу, ойлау, тамақтану, т.б.) және күнделікті ағымдағы ақпарат (мысалы, алдыңғы күндердегі іс-әрекеттеріміз: не жасадық, не сөйледік, не естідік деген сияқты) құрайды. Бұған қоса мидың есте сақтау мүмкіндігі еш өзгеріссіз 300 миллион кітап ауқымында қалады: оны кеңейтуге тіпті де болмайды. Қандай да бір жаңа ақпарат ескіріп қалған немесе қажетсіз деп табылған мәліметті санамыздан ығыстырып бейсанаға шығарып тастайды екен. Сондықтан да біз өткен шақ (кеше, оның алдында, өткен аптада, айда, жылда) мәселелерінің егжей-тегжейлерін ұмытады екенбіз.
Көне заман философтарының бірі «Адамның табиғи қасиеті есте сақтау емес - ұмыту» деген екен. Шынымен-ақ, біз тіпті де есімізде көп нәрсе ұстай алмаймыз. Әсіресе, мәлімет пен мағлұматтарды. Сенбесеңіз, мектепте оқыған, бір кезде жаттап алғандарымыз қазір қайда кетті? Солардың барлығы кәдемізге жарамай қалып, ұмыт қалды ғой! Онда неліктен оларды кезінде оқыдық, үйрендік, жаттадық, ұмытатын болсақ? Аға буынға жататындар кейде кейіс білдіреді емес пе (бұл жерде мен сонау 20-50-жылдар аралығында мектепте оқығандарды меңзеп отырмын): «Біз бала кезімізде бір естігенімді қағып алып, жаттап алушы едік, осы күнгі балалардың бәрі де ақпа құлақ!» деп. Алайда олардың кезінде ақпарат көздері шамалы болып (бірінші мезетте мұғалімнің білімі мен кітаптар), оның мөлшері де бүгінгідей көп болған жоқ еді ғой!.. Егерде, мәселен, ХІХ ғасырдың орта шенінде бүткіл физиканы бір адамның толығымен білуі ықтимал нәрсе болса, бүгінде бұл ғылымның бір саласының ішіндегі көп бағыттың бір тармағын ғана терең (жалпылама емес!) игеру мүмкін.
Қазіргі заман - ақпарат заманы, ол жан-жақтан әртүрлі формада (кітап, газет -журнал , теледидар, радио, қарым-қатынас, Интернет, жарнама, т.б.) орасан зор көлемде ағыл-тегіл келіп түсуде. Алайда адам өзінің шектеулі миымен барлық ақпаратты есте сақтап, игере алмайды, оған уақыты, тіпті өмірі жетпейді. Мәселен миллионға дейін санаудың өзі ғана 278 сағаттай уақытты керек етеді, ал бұл дегеніңіз 11 жарым күн!.. Осы сияқты миллиардқа дейін үздіксіз санау үшін отыз екі жылдай қажет (егерде секундына бір сан айтып отырсақ). Ал бүгінгі күнгі ақпараттың мөлшері қаншама миллиондар мен миллиардтардан құралады десеңізші!..
Сонымен, «білім ═ ақпарат» формуласы бүгінгі күні ескірген, білім ақпарат емес деп ұйғаруға әбден болады. Бәрін білу мүмкін емес, оған өміріміз де жетпейді және оның қажеті де жоқ, өйткені ақпарат әрбір он жылда 90 % -ға ескіріп отырады: қандай да бір ақпаратты игеріп алсақ, бірер жылдан кейін оның қажеттілігі болмай да қалуы мүмкін. Бұған қоса болашақтағы (бес-он жылдан кейінгі) кәсіптердің төрттен бірі (яғни, 25 %) бүгінгі күні өмірде жоқ деп есептейді ғалымдар. Олар тек уақыт өте ғана пайда болады. Олар қазір жоқ болса, оларға қалай үйренуге болады: жоқ нәрсеге үйрену мүмкін бе?


  1. жүктеу 449,02 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау