Сонымен, тренинг дегеніміз, бұл:
1) Жаттығулардан, оларды талқылаудан және әдейі ұйымдастырылған немесе шынайы оқиға кезіндегі адамның тосын іс-әрекетімен жұмыс істеуден тұратын белсенді оқыту процесі.
2)Қатысушылардың тәжірибе жинақтауы. Өмірлік тәжірибеге қарағанда, ол арнайы таңдап алынады және ұйымдастырылады. Соның арқасында жақсырақ әсер етеді және оңай қабылданады. Адам “байқап көру және қателік жасау” әдісі бойынша бірнеше айын кетіріп жеткен дәрежесіне жақсы жоспарланған тренингте бірнеше күн ішінде жетуі мүмкін.
3)Білімнің іскерлікке айналуының қызықты формасы.
4)Тәжірибе арқылы жаңа ақпарат алу.
5) Өзін-өзі дамытудың жүз пайыздық мүмкіндігі.
6)Алынған тәжірибені тез арада пайдаланудың мүмкіндігі.
Тренингтің оқыту процесі ретіндегі ерекшеліктері
1)Әр қатысушының үлесі қаншалықты мол боса, соғұрлым пайдалы болмақ.
2)Ерікті түрде қатысу.
3)Оқытудың дәстүрлі емес пішіндері мен әдістері.
4)Бейресми орта.
5)Топтағы ерекше атмосфера.
6)Жұмыс кеңістігін ұйымдастыру, ақпарат алудың тең түрі
2.Тренингтердің түрлері. Презентацияларды өткізу дағдыларын қалыптастыру тренингтері қандай да болмасын ұсыныстарды баршаға тиімді таныстыру тәсілдерін қарастырады. Презентация - жариялау деген мағынаны білдіреді.
Мұндай тренингтерде студенттер жеке немесе топтық жұмыстардың нәтижелерін басқаларға таныстырудың әдістерін меңгереді. Мәселен, бір топ бірлесе отырып қарастырған проблеманың шешімін плакатта кесте, кластер, схема түрінде кескіндеп, өз ұстанымын топ өкілі (шешен, спикер) арқылы жария қылады.
Бұл жерде басты назар жариялаудың қандай әдістер мен тәсілдер арқылы нақтылы, ұтымды әрі баршаға анық болатындығына аударылады. Студенттер осындай тәсілдерді іс жүзінде игереді.
Жаңа дағдыларға үйрену тренингі - студенттік топ (немесе кафедра, ұйым, мекеме, фирма, кәсіпорын ұжымдары, т.б.) мүшелерінің қандай да бір жаңа білік пен дағдыларға үйренуі үшін өткізілетін жаттығулар жиынтығы. Мұндай тренингтің мақсаты – топтың жұмыс жасау деңгейін (ұжымның бәсекеге қабілеттілігін) арттырып, студенттердің (қызметкерлердің) оқу мен жұмыстың жаңа тәсілдеріне үйренуі.
Мәселен, бірінші курстың (адаптациялық аптада) немесе семестрдің басында өткізілген мұндай тренингтерде студенттер кредиттік оқудың ерекшеліктерімен, қажетті құжаттармен танысып, интербелсенді әдістер мен тәсілдерге, жаңа компьютерлік бағдарламаларға, интерактивті тақтамен жұмыс жасауға үйренуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |