«Кілем» жаттығуы. Сізге «кілем» яғни, ақ-қара түсті белгілі бір суреті бар кез-келген форматты парақ пен түрлі-түсті фломастер қажет болады. Команда кішігірім үш топқа, ал кілем аумағы алдын ала үш бөлікке бөлінеді. Сонда әр топқа кілемнің бір бөлігі беріледі (команда үш бөліктің тұтас бір кілемді құрайтынын білмеуі тиіс).
Жүргізуші тапсырманы былай түсіндіреді: «Қазір мен әрбір топқа бояу үшін кілем беремін», - деп, сурет фрагменттері мен фломастерлерді үлестіреді. Сонда әр топқа берілген фломастерлердің бояуы бір түстің түрлерін құрауы мүмкін (мысалы, 1-топқа қызыл және қызғылт, 2-топқа көк және көгілдір және т.с.с ).
Әр топқа мынадай тапсырма беріледі: олар өз кілемдерін бояп, оны өз қиялындағы сауда орнында таныстыруы тиіс. Онда сатушы рөлінде таныстырушы топ, ал сатып алушылар ретінде қалған қатысушылардың барлығы ойнайды. Қатысушылар кілемді жинақылығына, көркемділігіне, жұмысты орындау жылдамдығына қарай, бес балдық жүйе бойынша бағалайды. Осыдан кейін қатысушылар таныстырушы топқа неліктен дәл «осындай» баға бергендерін түсіндіруі тиіс.
Кілем таныстырылды, топ мүшелері қуанып, мақтанады. Содан соң жаттықтырушы үш фрагменттің бәрін қатар іліп қояды. Осыдан кейін «Ең соңында тапсырма неліктен орындалмаған болып шықты» деген тақырыпта қызықты талқылау өткізуге болады.
Түсіндірме: әдетте қатысушылар тапсырманы түсіндіргенде нақты нұсқау берілген жоқ деп ашулана бастайды. Жаттықтырушы «кілем» сөзі айтылғанын, ал топтардың өзара араласуына ешкім тыйым салмағандығын түсіндіре алады. Талқылауды әрбір ұйым мүшесінің түпкі мақсатын түсіну қажеттігіне қарай бағыттауға болады.
Сирек болса да мынадай жағдай орын алып тұрады: әсіресе ұйымшыл ұжымда кездесетін жайт, топтар тез арада «істің мәнін түсінеді де», ортақ әдемі кілем салады.
Сонда жұмыстың қалай орындалғанын, тапсырма орындаудағы әрбір адамның ролін талқылауға болады.
5. Команда – белгілі бір қасиеттер бойынша құралған, өзіндік иерархиясы мен ережелері бар, көзделген мақсатқа жету үшін ортақ мүддеге біріккен адамдар тобы.
А. Егер топта мынадай қасиеттер кездессе, сіз оны команда ретінде қабылдай аласыз:
І . ортақ мақсат;
ІІ. ортақ құндылықтар;
ІІІ. қабілетіне қарай, қызметтің нақты бөлінуі;
ІV. күшті мотивация;
V. әрекетке қажетті барлық жағдайдың болуы;
VІ. мықты көшбасшы;
VІІ. ішкі тілектес орта;
VІІІ. өзара түсіністік;
ІХ. өзара орын басушылық.
Б. Команда мына жағдайда тиімді жұмыс істейді, егер:
І. әр адам қолынан келгенінің бәрін жасаса;
ІІ. әр адам өз әрекетін ұйымның ортақ көзқарасына теңестіреді.
ІІІ. сәттілік қағидаларын әрбірі ұғынады;
ІV. команда қиыншылықты жеңуге қабілетті;
V. команда көшбасшысы әрбір команда мүшесіне жетістіке жетуге көмектеседі.
VІ. командадағы әрбір адамның жақсы жұмысы марапатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |