Рустемова Жанар Айдарбеккызы «Қазақ әдебиетін интерактивті оқыту әдістемесі» пәні бойынша



жүктеу 449,02 Kb.
бет145/149
Дата06.10.2023
өлшемі449,02 Kb.
#43680
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   149
multi-823 x986873926

Рефлексия тудыру тренингі. А.А.Бизяева рефлексияны лезде тудырудың мынандай тренингін ұсынады: «Ол үшін «Қазіргі кезде айналысып жатқан іс-әрекеттеріңіздің қайсысы өзіңіз үшін ең маңызды болып табылады?» деген сұраққа жауап беріңіз. Ойландыңыз ба? Енді төмендегі сұрақтарды мұқият оқыңыз. Асықпаңыз, егерде Сіз өзіңізге өзіңіз шыншыл және адал болсаңыз, онда әрбір сұраққа берген жауабыңыз Сізге өзіңіз туралы жаңа білім беруі мүмкін.
— Бұл істе мен шындығында қандай нәтижелерге қол жеткізгім келеді? 
— Бұл нәтиже шындыққа айналу үшін менің алғашқы қадамым қандай болуы керек?
— Бәрі маған ғана байланысты ма?
— Мен өзім осы нәтижеге тікелей жауаптымын ба?
— Мен нәтиженің қолжетімділігіне сенем бе?
— Менің күмәндарымның себебі қандай?
— Мұны бұрын жасауда маған не кедергі болды?
— Нәтижеге жету жолында болашақта қандай мүмкін кедергілерді көріп тұрсыз?
— Егер мен мақсатқа жетсем, менің өмірімде қандай игі өзгерістер болады?» (А.Бизяева, 32).
Осы секілді сұрақтарға жауап беріп, біз өз әрекеттерімізді жобалап, мақсаттарымызды айқындауға, басқалардың іс-амалдарын түсінуге үйренеміз, жеткен нәтижеге баға беріп, оларды жақсарту тұрғысында әрекеттенеміз. Мәселе бұл жерде әрекеттерімізді зерделеп, жетістіктер мен қиыншылықтарды талдаумен қатар рефлексиялық ойлаудың реті мен әр кезеңін тереңінен қолдануда. Мәселен, сабақтан кейін өзіңізге мынандай сұрақтар қойып, оларға жауап іздеуге болады:
— Сабақты өткізуім өзіме ұнады ма?
— Мен сабақта нақты мақсат қойдым ба?
— Мен мақсатыма жеттім бе? Оның дәлелдері қандай болды?
— Таңдап алынған тәсілдер тақырыпты тереңінен ашуға көмектесті ме?
— Талқылауды жандандыратын ашық сұрақтарды қойып отырдым ба? 
— Барлық оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысты ма?
— Мен оқушыларды сабаққа белсене қатысуын ынталандыра алдым ба?
— Мен оқушылардың сабаққа белсене қатысу ынтасын бәсеңдеткен жоқпын ба?
— Өзіне өзі сенбейтін оқушыларды қолдап отырдым ба? 
— Мен зерттеу сұрақтарын қойып, жорамалдау жасауға ынталандырдым ба? 
— Менің пікірім оқушылардың пайымдауларынан үстем болған жоқ па? 
— Мен әрбір әрекеттен кейін оқушылардан кері байланыс алып отырдым ба? 
— Менің ең сәтті шыққан әрекетім қандай болды? 
— Менің ең сәтсіз шыққан әрекетім қандай болды?
— Бұл сабақ бұдан да мәнді болу үшін оған қандай өзгерістер енгізе аламын? 
Рефлексияның оқу процесінде алатын орны ерекше. Өйткені үйрену деңгейі адамның өз әрекеттерін ұйымдастыру мен өзгертулерді қалайша ойластыра білетіндігіне байланысты. Басқаша сөздермен айтқанда, рефлексия – адам миындағы метанымдық (метакогнитивтік, «танымды тану») процестермен байланысты. Рефлексияда адам өзінің ойлау, зерделеу процестерінің қалай өтетіндігі туралы ойланады, танымдық әрекеттерін түсінеді және түсіндіреді, оларға мақсат қояды, жоспарлайды, шешім қабылдайды, әрі қарай не болатындығын болжайды. Бұл әрекеттер арқылы адам өз білгенін сынайды, білімін сыни тұрғыдан талдайды.
Әр мұғалім өз сабағы бойынша рефлексия жасап, тәжірибесінің мықты және түзетуге тұрарлық жақтарын өзі айқындап, сабақ беру әдістемесін жақсартуы керек. Ол үшін мұғалім әр сабақ соңында өзіне мынандай сұрақтар қойып, оларға жауап іздеуі керек:

  1. Сабақта кім көп сөйледі: мен бе, оқушылар ма?

  2. Оқушылар оқулықты қайталады ма, әлде оның ауқымынан тыс шығып, материалды тереңдетті ме? Оқулық мақсат болды ма, әлде құрал болды?

  3. Мен оқушыларды нәтижеге жетеледім бе, бағыттадым ба?

  4. Сабақта топтық жұмыс басым болды ма, әлде жеке жұмыс па?

  5. Мен оқушылармен ақылдастым ба, әлде ақыл айттым ба?

  6. Мен сабақ мақсатына жеттім бе? Оның дәлелдері қандай?

  7. Өз әрекеттерімді бес балдық жүйе бойынша қалай бағалаймын?

  8. Оқушылардың әрекеттерін бес балдық жүйе бойынша қалай бағалаймын?

  9. Оқушылардың тақырыпты үйренгендігінің (игергендігінің, түсінгендігінің) дәлелі не болады?

  10. Осы сабақты қайтадан өткізетін болсам, оған қандай өзгерістер енгізер едім?

  11. Сабағым үш "Қ" тұжырымына ("Қызық. Қиын. Құнды") сәйкес болды ма?

  12. Сабағымның 3 ең құнды жері қандай болды?

  13. Сабағымның 3 ең қызық жері қандай болды?

  14. Мен үлгермей отырған оқушыларға қалайша көмектестім?

  15. Сабақтан кейін оқушылардың көңіл-күй қандай болды?

  16. Келесіде осы сабақтың қандай 3 идеясын қолдана аламын?

  17. Келесіде осы сабақтың қандай 3 тәсілін қолдана аламын?

  18. Мен бағаны әділ қойғандығымның 2 дәлелі қандай?

  19. Осы секілді сұрақтарды жалғастыра берсе болады. Бұл сұрақтарды қатысқан сабақтарды талқылау барысында мұғалімнің өзіне қойып, оның рефлексиясын шақыруға боларлық...

Рефлексия жасағанда адам көптеген шешімдерді сараптап, оларды ой елегінен өткізіп, өз құндылықтары мен түсініктерінің, түйсігі мен қажеттіліктерінің таразысына салып, салғастырады, проблеманың байыбына жетуге тырысады. Осыдан соң адам өзі таңдап алып, көңілі қалаған шешімді тура сол қалпында қабылдамай, оны жан-жақты қарастырады, оның оң мен солын ажыратады, кемшіліктерін келтірумен қатар оны қуаттау үшін дәлелдер іздейді. Бұл тұжырымдауға қанағаттанбай, өз шешіміне балама іздестіреді, жаңа ұсыныстар мен болжамдар жасайды. Ылғи да өзіне еш бүкпесіз шындық тұрғысынан сұрақ қойып, оған жауап іздейді, жауап тапса, қайтадан сұрақ қойып, енді соның жауабын іздестіреді, оған да қанағаттанбай, әрі қарай «қаза береді», «қаза береді». Сұрақтар, сұрақтар, сұрақтар. Жауап іздеу, жауап іздеу, жауап іздеу. Үздіксіз іздену мен зерттеу...
Ойлаудың осындай толассыз түрі сыни ойлау деп аталады. Мұнда ойлау тізбекті (сызықты) түрде бір нүктеден екінші нүктеге бір бағытпен жылжымай, біресе алға, біресе артқа ойысады. Проблеманың шешімін табу мұнда ең аяққы нүкте деп саналмайды: оны дәлелдеп беру керек, оның тиімділігі мен ықтимал қолайсыздықтарын айқындау қажет, оған балама келтіру керек.
Сыни ойлау проблема шешуге бағытталумен қатар өзінділікпен (дербестік) ерекшеленеді: қандай да болмасын мәселе/ақпарат бойынша өзіндік түсінік қалыптастырып, оған тәуелсіз тұрғыдан баға беру, дербес шешім қабылдау.
Сыни ойлауды дәріптеушілердің бірі Ричард Поль мына аумалы-төкпелі, күнделікті өзгеріп отырған заманда адам «өз инстинктеріне бостан босқа сенбеуі керек» деп есептейді. Мұның себебі мынада: адам өз түсініктерін, ұстанымдарын, құндылықтар мен нанымдарын бірден қалыптастырмай (мысалы, сезімдер жетегімен немесе басқа біреудің айтқаны бойынша), олар туралы терең ойланып, оның бәрін күмәнмен қабылдап, «тұла бойынан» өткізуі қажет. Ричард Польдің пайымдауы бойынша, адамдар «өздерінің басына түскенді дәл сол қалпында қабылдамауы керек. Олар ақиқат деп ұсынылған нәрсенің бәрін де ақиқат деп түсінбеуі қажет. Олар өздерінің өмірлік тәжірибесін жалған деп ойламауы керек». Демек, олар өмірдің барлық жәйттері мен көріністерін ой елегінен өткізіп, олардың өміршеңдігі, құндылығы мен қажеттілігі туралы өзіндік пікір қалыптастыруы керек. Сол себепті сыни ойлауды көп жағдайда «сыпайы күмәндану» деп атайды.
Кезінде Сократ «Таным негізінде күмән жатыр» деп бекер айтпаған. Біз әр нәрсеге байыппен қарап, оны екшеп-текшегеннен кейін, күмәндану негізінде туындаған сұрақтарымызға жауап іздестіріп, тапқанда ғана сол зат туралы түсінік пен пікір қалыптастырамыз. Мәселе сол затты жоққа шығаруда емес, мұнда негізгі әрекет – сол затты жан-жақты қарастыру: оған күмәнмен терең үңілу, оны күмәнмен өз тәжірибемізбен салғастыру (ол туралы не білетіндігімізді, оның қажеттілігі мен тиімділігін саралау). Мұнда үнді ақыны Рабиндранат Тагордың «Таным нұры жарқырай түскен сайын, күмән қараңғылығы қоюлана түседі» деген сөздерін де келтіруге болады. Адам көп білген сайын оның күмәні де көбейе түсетіндігі хақ.
Сыни ойлау оқушылардың ойлау дағдыларын дамытып, оларды оқу мен өмірде туындайтын проблемаларды/мәселелерді өздігімен шешуге бағыттайды. Осы арқылы сыни ойлау оқушыларды ақпаратпен жұмыс жасауға, жан-жақта тұрғыдан кез келген жәйтті талдауға, бағалауға, таңдау жасап, шешім қабылдауға баулиды. Оқушылар бұл секілді жұмыстарды жасау нәтижесінде өздеріне және өзгелерге толассыз сұрақтар қойып, оларға жауап іздеп, өз жауаптарын ұтымды дәлелдермен айғақтайды, дербес шешімдер қабылдайды.
Сыни ойлау әр адамды табиғатындағы менмендіктен және ортаға тәуелділіктен арылтады: адам басқалармен тиімді қарым-қатынасқа түседі, қоғамдағы беделдердің пікірлерін ақиқат ретінде қабылдамай, оларға күмәнмен қарай бастайды, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін сараптай біледі. Осылайша сыни ойлаушы өзін-өзі шектей біледі, басқалардың пікірлерімен санасып, өз көзқарасын олармен салғастырады, қоғамда кеңінен таралып, көпшіліктің қабылдаған көзқарастарды мойындамай, олардың дәлелдері мен тұжырымдауларын іздестіреді. Алайда бұл күмәндану жоққа шығаруды білдірмейді: осындай әрекеттер арқылы сыни ойлау аталмыш көзқарасты қабылдауға әкелуі әбден ықтимал. «Сыни ойлау» ұғымында «сынау», яғни «кемшіліктерді айқындау» мағынасы жоқ. Сыни ойлаудың мәнін «байыбына үңілу», «терең бойлау», «зерделеу», «екшеп-текшеп, жан-жақты қарастыру», «өзіңе сұрақ қойып, соның жауабын іздестіру» деп те келтіруге болады.
Сонымен, сыни ойлау мынандай жағдайларда болады:
- кез келген проблема не ақпаратпен өздігімен жұмыс жасағанда;
- кез келген проблема не ақпаратты өзіндік тәжірибе (өмірлік, кәсіби) тұрғысынан қарастырғанда;
- кез келген проблема не ақпарат туралы өзіндік (дербес) пікір қалыптастыру барысында;
- өз пікірі мен көзқарастарын тұжырымдап, оларды дәлелдеуде;
- кез келген проблема не ақпаратты жан-жақты тұрғыдан қарастырғанда;
- бірлесе жұмыс жасағанда (топта, жұпта, командада);
- өзгелердің пікірлерін бағалап, қабылдағанда.
Ал сыни ойлаушының ерекшеліктері мынандай болады деп тұжырымдауға боларлық:
- кез келген проблема не ақпарат бойынша нақты сұрақтар қояды;
- ең маңызды жәйттерді бөліп шығарады;
- проблема не ақпаратқа қатысты деректерді қолданады;
- критерийлер мен стандарттарды қолданады;
- критерийлер мен стандарттарға негізделінген дәлелді қорытынды мен шешімдер келтіреді;
- өз пікірі мен көзқарастарына деген жоғары жауапкершілігі бар;
- ақпаратты бір мағыналық жүйеден екіншіге аударады (вербалдыдан визуалдыға немесе керісінше);
- қарастырып отырған мәселені басқаларымен салыстырады;
- балама ұсыныстар мен көзқарастарды тұжырымдайды;
- икемді болады: өз ойлары мен пікірлерін өзгерте біледі, қателерін мойындап, оларды түзейді;
- себеп-салдарды анықтайды;
- талдайды, тұжырым жасап, қорытындылайды;
- мәселеге ауқымды тұрғыдан қарап, бірінші мезетте тек қомақты жәйттерді бөліп қарастырады;
- шешім қабылдауда басқалармен тиімді түрде ынтымақтасады;
- ақпаратты шығармашылық тұрғыдан түрлендіреді;
- әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпарат табады, оның мазмұнын, бағытын, мақсатын өздігінше түсінеді;
- өз әрекеттерін бақылайды, оларға баға береді, жақсарту жолдарын іздейді;
- басқалармен тіл табысып, ортақ мәмілеге келуге тырысады.

жүктеу 449,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау