Білім беру: әлеуметтік тап,жыныс,этникалық айырмашылықтары
Білім беру: әлеуметтік тап,жыныс,этникалық айырмашылықтары
Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі.
Білім беру жүйесінің басты міндеттері — ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады. Оқу-ағарту жұмысы Қазақстанда ерте заманнан басталған.
Білім əлеуметтік институт ретінде келесі құрылымнан тұрады:
-білім беруді басқару органдары;
-білім беру мекемелер тобы (мектептер, колледждер, гимназиялар, лицейлер, -кəсіптік мектептер, университеттер мен академиялар т.б.);
-шығармашылық одақтар,
кəсіптік ассоциациялар, қоғамдар, ғылыми жəне методологиялық кеңестер мен басқа да бірлестіктер;
оқытушылар мен білім алушылар үшін шығарылған оқулықтар мен əдістемелік оқулықтар
-білім беру бағдарламалары мен білім берудің мемлекеттік стандарттары;
-журналдар мен жылдық басылымдарды енгізетін кезеңдік басылымдар;
білім беру мекемелері əлеуметтік жəне заңдық статусқа ие, өзінің жарғысы жəне басқа да құжаттары болады.
Әлеуметтік тап - әлеуметтік стратификация теориясындағы ірі таксонометриялық талдау бірлігі. Бұл ұғым стратификация теориясынан көп бұрын пайда болған [20]. Әлеуметтік құрылымды талдаудың маңызды принципі таптық көзқарас болып табылады.
Тап ұғымы - айтарлықтай і рі “көлемді” талдамалық бірлік, ол қоғамдағы елеулі, шегіне жеткен жалпы өзгерістерді зерделеуге арналған және қазіргі заманғы қоғамдағы “ғаламдық” өзгерістерді зерттеуге арналмаған. Сондықтан сарапшылар талдаудың неғұрлым нақты және икемді бірлігін - “страта” немесе топ ұғымын бөліп қараған.
Қазіргі қоғам өміріне мыналар жатады: 1) тұрғылықты жері (көлемі мен түрі); 2. демалыс орындары, медициналық көмек көрсету сапасы; 3. тұтыну игіліктер (алынған білім көлемі, ақпарат және тұтыну мәдени өнімдер
Достарыңызбен бөлісу: |