ДОЛЬЩИК - физическое (за исключением временно пребывающих иностранных граждан) или юридическое лицо, которое деньгами участвует в строительстве жилых зданий для удовлетворения потребностей в жилье (ст. 1 ЗРК «О долевом участии в жилищном строительстве» от 7 июля 2006 года № 180)
|
ҮЛЕСКЕР - өздерінің тұрғын үйге қажетін қанағаттандыру үшін тұрғын жайларды салуға ақшаларымен қатысатын жеке (уақытша жүрген шетел азаматтарын қоспағанда) немесе заңды тұлға («Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 180 ҚРЗ 1-бап)
|
ДОЛЯ В ЖИЛОМ ЗДАНИИ - входящее в состав построенного жилого здания по договору долевого участия в жилищном строительстве жилище, передаваемое дольщику по передаточному акту. При возникновении на такое жилище права частной собственности одновременно возникает право общей долевой собственности на общее имущество в жилом здании (ст. 1 ЗРК «О долевом участии в жилищном строительстве» от 7 июля 2006 года № 180)
|
ТҰРҒЫН ЖАЙДАҒЫ ҮЛЕС - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарты бойынша салынған тұрғын жайдың құрамына кіретін, үлескерге беру aктici бойынша берілетін тұрғын үй. Осындай үйге жеке меншік құқығы туындаған кезде онымен бір мезгілде тұрғын жайдағы ортақ мүлікке ортақ үлестік меншік құқығы туындайды («Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 180 ҚРЗ 1-бап)
|
ДОЛЯ УЧАСТИЯ - долевое участие имуществом физических и юридических лиц в совместно создаваемых организациях, консорциумах, за исключением акционерных обществ и паевых инвестиционных фондов (ст. 10 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)
|
ҚАТЫСУ ҮЛЕСІ - жеке және заңды тұлғалардың бірлесіп құратын ұйымдарға, консорциумдарға, акционерлік қоғамдарды және инвестициялық пай қорларын қоспағанда, мүлкімен қатысу үлесі (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II ҚР СК 10-бап)
|
ДОМ ЮНОШЕСТВА - находящееся на балансе детской деревни (детского дома) жилище типа общежития или квартиры. Дом юношества может создаваться по решению местных исполнительных органов также при детском доме (ст. 22 ЗРК «О детских деревнях семейного типа и Домах юношества» от 13 декабря 2000 года № 113-ІІ)
|
ЖАСӨСПІРІМДЕР ҮЙІ - балалар ауылының (балалар үйінің) балансында болатын жатақхана немесе пәтер үлгісіндегі тұрғын үй Жасөспірімдер үйі болып табылады. Жасөспірімдер үйі жергілікті атқарушы органдардың шешімімен балалар үйінің жанынан да құрылуы мүмкін («Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» 2000 жылғы 13 желтоқсандағы № 113-ІІ ҚР3 22-бап)
|
ДОМЕННОЕ ИМЯ - символьное (буквенно-цифровое) обозначение, сформированное в соответствии с правилами адресации сети Интернет, предназначенное для по именованного обращения к объекту сети и соответствующее определенному сетевому адресу (ст. 1 ЗРК «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217)
|
ДОМЕНДІК АТАУ - Интернет желісіндегі адресаттың ережелеріне сәйкес қалыптастырылған, желінің объектісіне атаулы жолданымға арналған және белгілі бір желілік мекен-жайға сәйкес нышандық (әріптік-цифрлы) белгі («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап)
|
ДОМИНИРУЮЩЕЕ (МОНОПОЛЬНОЕ) ПОЛОЖЕНИЕ - положение субъекта рынка или нескольких субъектов рынка, дающее возможность оказывать решающее влияние на общие условия обращения товара на соответствующем товарном рынке (ст. 1 ЗРК «О конкуренции и ограничении монополистической деятельности» от 7 июля 2006 года № 173)
|
ҮСТЕМ (МОНОПОЛИЯЛЫҚ) ЖАҒДАЙ - нарық субъектісінің немесе бірнеше нарық субъектісінің тиісті тауар нарығындағы тауар айналымының жалпы жағдайына шешуші ықпал етуге мүмкіндік беретін жағдайы («Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 173 ҚРЗ 1-бап)
|
ДОМИНИРУЮЩИЙ ОПЕРАТОР СВЯЗИ - оператор связи, занимающий доминирующее (монопольное) положение в области связи в соответствии с антимонопольным законодательством РК (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)
|
БАЙЛАНЫСТЫҢ БАСЫМ ОПЕРАТОРЫ - ҚР монополияға қарсы заңдарына сәйкес байланыс саласында басым (монополиялық) жағдайға ие болып отырған байланыс операторы («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚР3 2-бап)
|
ДОМИЦИЛИРОВАННЫЙ ВЕКСЕЛЬ - вексель, подлежащий оплате третьим лицом в ином месте, чем место жительства плательщика, от имени и за счет плательщика, при обозначении об этом на самом векселе (п.п.н.з. ЗРК «О вексельном обращении в РК» от 28 апреля 1997 года № 97)
|
ДОМИЦИЯЛАНДЫРЫЛҒАН ВЕКСЕЛЬ - үшінші тұлға төлеушінің атынан және соның есебінен төлеушінің тұрғылықты жерінен өзге жерде төлеуге тиіс вексель, бұл жайында вексельдің өзінде көрсетіледі («ҚР вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 97-1 ҚРЗ о.з.ц.ү.)
|
ДОНОР - человек, труп человека, животное, от которых производится забор донорской крови, ее компонентов, иного донорского материала (спермы, яйцеклетки), а также изъятие ткани и (или) органов (части органов) для трансплантации к реципиенту (ст. 1 ЗРК «Об охране здоровья граждан» от 7 июля 2006 года № 170)
|
ДОНОР - донорлық қан, оның компоненттері, өзге де донорлық материал (шәует, аналық клетка) алу жүргізілетін, сондай-ақ реципиентке транспланттау үшін тіндер және (немесе) органдар (органдардың бөліктері) алынатын адам, адамның мәйіті, жануар («Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 170 ҚРЗ 1-бап)
|
ДОНОРЫ - иностранные государства, их правительства и агентства, международные и зарубежные государственные организации, зарубежные неправительственные общественные организации и фонды, чья деятельность не противоречит Конституции РК (cт. 156 ЗРК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
ДОНОРЛАР - шет мемлекеттер, олардың үкіметтері мен агенттіктері, халықаралық және шетелдік мемлекеттік ұйымдар, қызметі ҚР Конституциясына қайшы келмейтін шетелдердің үкіметтік емес қоғамдық ұйымдары және қорлары (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 156-бап)
|
ДОНОР КРОВИ И ЕЕ КОМПОНЕНТОВ - физическое лицо, добровольно давшее кровь и ее компоненты для медицинских целей (cт. 1 ЗРК «О донорстве крови и ее компонентов» от 28 июня 2005 года № 64)
|
ҚАН МЕН ОНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ ДОНОРЫ - қан мен оның компоненттерін медициналық мақсаттар үшін ерікті түрде тапсырған жеке тұлға («Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы № 64 ҚРЗ 1-бап)
|
ДОНОРСКАЯ ФУНКЦИЯ - добровольный акт донора, включающий медицинское обследование и выполнение процедуры дачи крови и ее компонентов для медицинских целей (ст. 1 ЗРК «О донорстве крови и ее компонентов» от 28 июня 2005 года № 64)
|
ДОНОРЛЫҚ ФУНКЦИЯ - медициналық тексеруді және қан мен оның компоненттерін медициналық мақсаттар үшін тапсыру рәсімін орындауды қамтитын донордың ерікті актісі («Қанмен оның компоненттерінің донорлығы туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы № 64 ҚРЗ 1-бап)
|
ДОНОРСТВО КРОВИ И ЕЕ КОМПОНЕНТОВ - добровольное участие доноров в охране здоровья граждан путем дачи крови и ее компонентов для медицинских целей (cт. 1 ЗРК «О донорстве крови и ее компонентов» от 28 июня 2005 года № 64)
|
ҚАН МЕН ОНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ ДОНОРЛЫҒЫ - донорлардың қан мен оның компоненттерін медициналық мақсаттар үшін тапсыру арқылы азаматтардың денсаулығын сақтауға ерікті түрде қатысуы («Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы № 64 ҚРЗ 1-бап)
|
ДОПОЛНИТЕЛЬНАЯ ЭКСПЕРТИЗА - судебная экспертиза, проводимая в случаях, когда заключение эксперта по результатам предыдущей экспертизы обладает недостаточной ясностью либо судебный эксперт не полностью разрешил поставленные перед ним вопросы, либо необходимо решение дополнительных вопросов, связанных с предыдущим исследованием (ст. 8 ЗРК «О судебной экспертизе» от 12 ноября 1997 года № 188)
|
ҚОСЫМША САРАПТАМА - алдыңғы сараптаманың нәтижелері бойынша сарапшының қорытындысы жеткілікті дәрежеде анық болмаған не сот сарапшысы өзінің алдына қойылған мәселелерді толық шешпеген не алдыңғы зерттеумен байланысты қосымша мәселелерді шешу қажет болған жағдайларда жүргізілетін сот сараптамасы («Сот сараптамасы туралы» 1997 жылғы 12 қарашадағы № 188 ҚРЗ 8-бап)
|
ДОПОЛНИТЕЛЬНОЕ ОБЕСПЕЧЕНИЕ - дополнительное, помимо прав требования, обеспечение облигаций, выпускаемых специальной финансовой компанией, в состав которого входят права и финансовые активы, возникающие в результате заключения сделок специальной финансовой компанией до выпуска облигаций (cт.1 ЗРК «О секьюритизации» от 20 февраля 2006 года № 126)
|
ҚОСЫМША ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - талап ету құқықтарынан басқа, арнайы қаржы компаниясы шығаратын облигацияларды қосымша қамтамасыз ету, оның құрамына облигациялар шығарылғанға дейін арнайы қаржы компаниясының мәмілелер жасасуы нәтижесінде туындайтын құқықтар мен қаржы активтері кіреді («Секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы № 126 ҚРЗ 1-бап)
|
ДОПОЛНИТЕЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ - процесс воспитания и обучения, осуществляемый на основе дополнительных образовательных программ всех уровней с целью всестороннего удовлетворения образовательных потребностей граждан, общества и государства (cт.1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)
|
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ - азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажеттерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатымен барлық деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)
|
ДОПОЛНИТЕЛЬНЫЙ ВЗНОС - сумма денег, переданная участником в имущество кредитного товарищества (ст. 1 ЗРК «О кредитных товариществах» от 28 марта 2003 года № 400)
|
ҚОСЫМША ЖАРНА - қатысушының кредиттік cepiктecтіктің мүлкіне берген ақша сомасы («Кредиттік серіктестіктер туралы» 2003 жылғы 28 наурыздағы № 400-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ДОПОЛНИТЕЛЬНЫЙ ВЗНОС - часть страховой премии, дополнительно вносимой членом общества взаимного страхования в порядке и случаях, предусмотренных правилами взаимного страхования общества взаимного страхования (ст. 1 ЗРК «О взаимном страховании» от 5 июля 2006 года № 163)
|
ҚОСЫМША ЖАРНА - өзара сақтандыру қоғамы мүшесінің өзара сақтандыру қоғамының өзара сақтандыру ережелерінде көзделген тәртіппен және жағдайларда қосымша енгізетін сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі («Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі № 163 ҚРЗ 1-бап)
|
ДОПОЛНИТЕЛЬНЫЙ ПАЕВОЙ ВЗНОС - паевой взнос члена сельскохозяйственного товарищества, вносимый им по своему желанию сверх обязательного пая либо в случаях, предусмотренных общим собранием товарищества (ст. 1 ЗРК «О сельскохозяйственных товариществах и их ассоциациях (союзах)» от 25 декабря 2000 года № 133-II)
|
ҚОСЫМША ПАЙ ЖАРНАСЫ - ауыл шаруашылық серіктестігі мүшесінің өз қалауы бойынша міндетті пайдан тыс не серіктестіктің жалпы жиналысы көздеген жағдайлар-да енгізетін пай жарнасы («Ауыл шаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 133-II ҚРЗ 1-бап)
|
ДОПОЛНИТЕЛЬНЫЙ СПИСОК КАНДИДАТОВ В ПРИСЯЖНЫЕ ЗАСЕДАТЕЛИ - список кандидатов в присяжные заседатели от области (города республиканского значения, столицы), составляемый в случае отсутствия ресурсов единого и запасного списков кандидатов в присяжные заседатели (ст. 1 ЗРК «О присяжных заседателях» от 16 января 2006 года № 121)
|
АЛҚАБИГЕ КАНДИДАТТАРДЫҢ ҚОСЫМША ТІЗІМІ - алқабиге кандидаттардың бірыңғай және қосалқы тізімдерінің ресурстары болмаған жағдайда жасалатын облыстан (республикалық маңызы бар қаладан, астанадан) алқабиге кандидаттардың тізімі («Алқабилер туралы» 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 121 ҚРЗ 1-бап)
|
ДОПРИЗЫВНИКИ - граждане мужского пола, проходящие подготовку к воинской службе до принятия на воинский учет (ст. 1 ЗРК «О воинской обязанности и воинской службе» от 8 июля 2005 года № 74)
|
ӘСКЕР ЖАСЫНА ДЕЙІНГІЛЕР - әскери есепке алынғанға дейін әскери қызметке даярлықтан өтетін еркек жынысты азаматтар («Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 ҚРЗ 1-бап)
|
ДОПУСК К ГОСУДАРСТВЕННЫМ СЕКРЕТАМ - процедура оформления права граждан на доступ к сведениям, составляющим государственные секреты, а организаций - на проведение работ с использованием таких сведений (ст. 1 ЗРК «О государственных секретах» от 15 марта 1999 года № 349-І)
|
МӘЛІМЕТТЕРМЕН ОЛАРДЫҢ КӨЗДЕРІН ҚҰПИЯЛАНДЫРУ - мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделерін көздеп, мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер таратуды және олардың көздеріне рұқсат етуді шектеу жөніндегі шаралардың жиынтығы («Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-І ҚРЗ 1-бап)
|
ДОРОГА - автомобильная дорога общего пользования, хозяйственная автомобильная дорога, улица города и населенного пункта, подлежащие государственному учету и представляющие комплекс инженерных сооружений, предназначенных для движения транспортных средств. Дорога включает в себя одну или несколько проезжих частей, а также трамвайные пути, тротуары, обочины и разделительные полосы при их наличии (ст. 1 ЗРК «О безопасности дорожного движения» от 15 июля 1996 года № 29)
|
ЖОЛ - мемлекеттік есепке алуға жататын және көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыс кешені болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, қала мен елді мекен көшесі. Жол бір немесе бірнеше жүріс бөлігін, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерін және бөлу өңірлері болған жағдайда - соларды қамтиды («Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі № 29-І ҚРЗ 1-бап)
|
ДОРОЖНОЕ ДВИЖЕНИЕ - совокушюсть общественных отношений, возникающих при перемещении людей и грузов по дорогам с использованием транспортных средств либо без них (пешеходы), а также в процессе регулирования условий этого перемещения (cт. 1 ЗРК «О безопасности дорожного движения» от 15 июля 1996 года № 29)
|
ЖОЛ ЖҮРІСІ - адамдар мен жүктің жолдармен көлік құралдарын пайдаланып не оларсыз (жүргіншілер) жүрісі кезінде, сондай-ақ осы жүріс ережелерін реттеу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы («Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі № 29-І ҚР3 1-бап)
|
ДОРОЖНАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ - деятельностъ по проектированию, строительству, реконструкции и ремонту, а также по содержанию и использованию автомобильных дорог и сооружений на них (cт. 1 ЗРК «Об автомобильных дорогах» от 17 июля 2001 года № 245)
|
ЖОЛ ҚЫЗМЕТІ - автомобиль жолдарын және олардағы құрылыстарды жобалау, салу, реконструкциялау және жөндеу, сондай-ақ оларды күтіп ұстау мен пайдалану жөніндегі қызмет («Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245-II ҚРЗ 1-бап)
|
ДОРОЖНЫЕ ОРГАНЫ - уполномоченный государственный орган по автомобильным дорогам, его территориальные органы, осуществляющие управление государственными автомобильными дорогами общего пользования (ст. 1 ЗРК «Об автомобильных дорогах» от 17 июля 2001 года № 245)
|
ЖОЛ ОРГАНДАРЫ - жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, оның аумақтық органдары («Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245-II ҚРЗ 1-бап)
|
ДОРОЖНО-ТРАНСПОРТНОЕ ПРОИСШЕСТВИЕ - событие, возникшее в процессе движения по дороге транспортного средства и с его участием, при котором погибли или ранны люди, повреждены транспортные средства, сооружения, грузы либо причинен иной материальный ущерб (ст.1 3РК «О безопасности дорожного движения» от 15 июля 1996 года № 29)
|
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ - көлік құралдарының жол бойында жүрісі процесінде және оның қатысуымен туындаған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлік құралдары, ғимараттар, жүк бүлінген не өзге де материалдық залал келтірген оқиға («Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі № 29 ҚРЗ 1-бап)
|
ДОСТАВКА ПОЧТОВОГО ОТПРАВЛЕНИЯ - перемещение почтового отправления из производственных объектов места назначения в абонементный ящик или абонентский почтовый ящик, или по иному адресу, указанному отправителем (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386)
|
ПОЧТА ЖӨНЕЛТІМІН ЖЕТКІЗУ - почта жөнелтімін баратын жеріндегі өндіріс объектілерінен абоненттік жәшікке немесе абоненттік почта жәшігіне, немесе жөнелтуші көрсеткен өзге де мекенжай бойынша апару («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386-IIҚРЗ 1-бап)
|
ДОСТОВЕРНОСТЬ ДОКАЗАТЕЛЬСТВ - доказательство считается достоверным, если в результате проверки выясняется, что оно соответствует действительностью (ст.70 ГПК РК от 13 июля 1999 года № 411)
|
ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ РАСТЫҒЫ - тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме рас деп есептеледі (1999 жылғы 13 шілдедегі № 411 ҚР АІЖК 70-бап)
|
ДОСТУП К СВЕДЕНИЯМ, СОСТАВЛЯЮЩИМ ГОСУДАРСТВЕННЫЕ СЕКРЕТЫ - санкционированное полномочным должностным лицом ознакомление конкретного лица со сведениями, составляющими государственные секреты (cт. 1 3PK «О государственных секретах» от 15 марта 1999 года № 349-І)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰПИЯЛАР БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН МӘЛІМЕТТЕРГЕ РҰҚСАТ ЕТУ - өкілетті лауазымды адамның рұқсатымен нақты адамды мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтермен таныстыру («Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-І ҚРЗ 1-бап)
|
ДОСУДЕБНОЕ ПРОИЗВОДСТВО ПО УГОЛОВНОМУ ДЕЛУ - производство по уголовному делу с момента возбуждения уголовного дела до направления его в суд для рассмотрения по существу (дознание и предварительное следствие), а также подготовка материалов по уголовному делу частным обвинителем и стороной защиты (ст. 7 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)
|
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША СОТҚА ДЕЙІНГІ ІС ЖҮРГІЗУ - қылмыстық іс қозғалған кезден бастап оны мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдағанға дейін қылмыстық іс бойынша іс жүргізу (анықтау және алдын ала тергеу), сондай-ақ қылмыстық іс бойынша жеке айыптаушы мен қорғау тарабының материалдар дайындауы (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 7-бап)
|
ДОХОДЫ - увеличение экономических выгод в течение отчетного периода в форме притока или прироста активов или уменьшения обязательств, которые приводят к увеличению капитала, отличному от увеличения, связанного с взносами лиц, участвующих в капитале(ст. 13 3РК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28 февраля 2007 года № 234)
|
КІРІСТЕР - есепті кезең ішінде активтерді көбейту немесе олардың құнын арттыру түрінде экономикалық пайданы ұлғайту не меншік иелерінің салымдарына байланысты емес өз капиталын көбейтуге әкеп соғатын міндеттемелерді азайту («Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 ҚРЗ 13-бап)
|
ДОХОДЫ ОТ СНИЖЕНИЯ РАЗМЕРОВ СОЗДАННЫХ ПРОВИЗИИ - суммы провизии, отнесенные ранее на вычеты, при исполнении должником требования банка и организации, осуществляющей отдельные виды банковских операций. При этом в доход включается сумма провизии в размере, пропорциональном сумме исполнения должником требования. Также доходами признаются суммы провизии, ранее отнесенные на вычеты, при уменьшении размера требований к должнику на основании до-говора об отступном, договора новации, переуступки права требования путем заключения договора цессии и (или) на иных основаниях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан. Кроме того, доходами признаются суммы уменьшения ранее отнесенных на вычеты провизии при переклассификации требований (ст. 85 НК РК от 12 июля 2001 года № 209)
|
ЖАСАҒАН ПРОВИЗИЯЛАРДЫҢ МӨЛШЕРІН АЗАЙТУДАН ТҮСЕТІН ТАБЫСТАР - борышкер банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның талабын орындаған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар сомалары. Бұл ретте, борышкер орындаған талап сомасына барабар мөлшердегі провизиялар сомасы табысқа енгізіледі. Сондай-ақ цессия шартын жасасу жолымен жол беру туралы шарт, новация шарты, талап құқығын басқаға қайта беру негізінде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздерде борышкерге талаптар мөлшерін азайту кезінде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар сомасы да табыстар деп танылады. Сонымен қатар талаптарды қайта сыныптау кезінде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялардың азайтылған сомасы (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 ҚР СК 85-бап)
|
ДОЦЕНТ, ПРОФЕССОР - академические звания, присваиваемые соответствуюшим высшим учебным заведением; ученые звания, присваиваемые государственным органом аттестации РК по ходатайству высшего учебного заведения или научно-исследовательской организации (cт. 1 3PK «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)
|
ДОЦЕНТ, ПРОФЕССОР - тиісті жоғары оқу орны беретін академиялық атақ; жоғары оқу орнының немесе ғылыми-зерттеу ұйымының өтініші бойынша ҚР мемлекеттік аттестаттау органы беретін ғылыми атақ («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)
|
ДОЧЕРНЯЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - юридическое лицо пребладающую часть уставного капитала (выпущенного уставного капитала) которого сформировало другое юридическое лицо, либо если в соответствии с заключенным между ними договором (либо иным образом) основная организация имеет возможность определять решения, принимаемые данной организацией (ст. 94 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)
|
ЕНШІЛЕС ҰЙЫМ - жарғылық капиталының басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 94-бап)
|
ДОЧЕРНЯЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - юридическое лицо, по отношению к которому другое юридическое лицо имеет контроль (cт. 1 3PK «О пенсионном обеспечении в РК» от 20 июня 1997 года № 136)
|
ЕНШІЛЕС ҰЙЫМ - өзіне қатысты басқа заңды тұлға бақылау жасайтын заңды тұлға («ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136 ҚРЗ 1-бап)
|