|
Реферат орындаған: Масақбай А. Е. Тексерген: Мусайф Г. Нұр-Cұлтан 2021 Фототриангуляция
|
Дата | 13.02.2022 | өлшемі | 153,36 Kb. | | #35733 | түрі | Реферат |
| ИПК Фотограметрия СРО 1
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрілгі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Униерситеті
РЕФЕРАТ
Орындаған: Масақбай А.Е.
Тексерген: Мусайф Г.
Нұр-Cұлтан 2021
Фототриангуляция
Фототриангуляция - камералық жағдайда фотограмметриялық аспаптардың немесе графикалық құрылмалардың көмегімен тірек нүктелерді анықтау әдісі. Фототриангуляция аэрофотосуреттерді далалық дайындау жұмыстарын азайту мақсатымен орындалады. Егер тірек нүктелерінің пландық орны мен биіктігі анықталса — кеңістіктік, ал тек қана олардың пландық орны анықталса жазықтықтық деп аталады. Кеңістіктк фототриангуляция қолданылатын техникалық құралдарға байланысты талдаулық (аналитикалық) және аспаптық болып бөлінеді.
Фототриангуляция жалпы 3 түрге бөлінеді:
1) Талдаулық фототриангуляция
2) Аспаптық фототриангуляция
3) Жазықтықтық фототриангуляция.
Талдаулық фототриангуляция
Талдаулық фототриангуляция дербес екі процеске ажырайды: фототриангуляция торабына енгізілген стереокомпаратордың көмегімен нүктелердің фотограмметриялық координаталары мен параллакстарын өлшейді, содан соң өлшеулер нәтижелері бойынша ЭЕМ-де осы нүктелердің геодезиялық координаталарын фотограмметриялық және геодезиялық координаталар арасындағы талдаулық байланыстардың формулаларын пайдаланып есептейді. Талдаулық фототриангуляцияның нәтижесі торапқа еңгізілген нүктелердің тік бұрышты координаталарының және биіктіктерінің тізімі болады.
Аспаптық фототриангуляция
Аспаптық фототриангуляция әмбебап фотограмметриялық аспаптарда (стереопроектор, стереограф, мультиплекс) орындалады. Аспаптармен стереоскопиялық модель құрылады, өлшеуіш марканы анықталатын нүктелерге көздейді және координатографтың немесе пантографтың жәрдемімен осы нүктелер планшетке салынады; нүктелердің биіктіктері аспаптың биіктікті есептеуішімен анықталады. Аспаптық фототриангуляция нәтижесі тораптың нүктелері түсірілген планшет және олардың биіктіктерінің тізімі болады.
Жазықтықтық фототриангуляция
Жазықтықтық фототриангуляция пландық аэрофотосуреттер бойынша көбінесе графикалық әдіспен орындалады, өйткені аэрофотосуреттердің шамалы ғана салыстырмалы биі қайырымы бар аудандардағы орталық бұрыштарының жергілікті жердегі сәйкес бұрыштардан айырмашылығы аз болады. Торапқа еңгізілген нүктелердің пландық орны шектес аэрофотосуреттердің бастапқы бағыттары беттестірілген кезде тура және кері графикалық қиылыстырулармен анықталады. Бұрыштар аэрофотосуреттерден планшетке мөлдір қағаздың көмегімен көшіріледі. Жазықтықтық фототриангуляция, негізінен, фотопланды әзірлеу кезінде аэрофотосуреттерді өзгертіп, тірек нүктелерін алу мақсатымен жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|