Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет28/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   124
ДОГОВОР О ЖИЛИЩНЫХ СТРОИТЕЛЬНЫХ СБЕРЕЖЕНИЯХ - двусторонний договор между вкладчиком и жилищным строительным сберегательным банком, в том числе заключаемый через агента (агентов) банка в соответствии с Законом РК «О жилищных строительных сбережениях в РК» и иными нормативными правовыми актами РК (ст. 2 ЗРК «О жилищных строительных сбережениях в РК» от 7 декабря 2000 года № 110)

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖИНАҚ АҚШАСЫ ТУРАЛЫ ШАРТ - осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес салымшы мен тұрғын үй құрылысы жинақ банкі арасындағы, оның ішінде банктің агенті (агенттері) арқылы жасалатын екі жақты шарт («ҚР тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 110 ҚРЗ 2-бап)

ДОГОВОР О ПЕНСИОННОМ ОБЕСПЕЧЕНИИ - договор, заключаемый накопительным пенсионным фондом, с одной стороны, и вкладчиком и (или) получателем, с другой стороны, об установлении, изменении или прекращении правоотношений, связанных с пенсионными взносами, накоплениями и получением выплат (ст. 1 ЗРК «О пенсионном обеспечении в РК» от 20 июня 1997 года № 136)

ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ТУРАЛЫ ШАРТ - зейнетақы жарналарымен, жинақталған қаражаттарымен және төлемдер алумен байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы, бір жағынан жинақтаушы зейнетақы қоры және екінші жағынан салымшы және (немесе) алушы жасасатын шарт («ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136 ҚРЗ 1-бап)

ДОГОВОР ПОДНАЙМА ЖИЛИЩА - договор сторон, в соответствии с которым нанимателем предоставляется постоянное или временное право владения и пользования жилищем либо частью его поднанимателю (ст. 2 ЗРК «О жилищных отношениях» от 16 апреля 1997 года № 94)

ТҰРҒЫН ҮЙДІ ҚОСЫМША ЖАЛДАУ ШАРТЫ - тараптардың шарты, оған сәйкес жалдаушы қосымша жалдаушыға тұрғын үйді не оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын береді («Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 ҚРЗ 2-бап)

ДОГОВОР НАЙМА (АРЕНДЫ) ЖИЛИЩА - договор, в соответствии с которым наймодателем (арендодателем) предоставляется постоянное или временное право владения и пользования жилищем либо частью его нанимателю (арендатору) (ст. 2 ЗРК «О жилищных отношениях» от 16 апреля 1997 года № 94)

ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖАЛДАУ (ЖАЛҒА БЕРУ) ШАРТЫ - (жалға беруші) тұрғын үйді не оның бір бөлігін жалдаушыға (жалға алушыға) тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын осы шартқа сәйкес береді («Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 ҚРЗ 2-бап)

ДОГОВОР СУРРОГАТНОГО МАТЕРИНСТВА - соглашение между лицами, желающими иметь ребенка, и женщиной, давшей свое согласие на примашие метода искусственного оплодотворения или имплантации эмбриона (ст. 1 ЗРК «О браке и семье» от 17 декабря 1998 года № 321)

СУРРОГАТ AHA ШАРТЫ - балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға келісімін берген әйелдің арасындағы келісім («Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321 ҚРЗ 1-бап)

ДОГОВОР УЧАСТИЯ - договор участия в системе гарантирования страховых выплат, заключенный между Фондом гарантирования страховых выплат и страховой организацией в порядке и на условиях, определенных Законом РК «О Фонде гарантирования страховых выплат» (cт.1 ЗРК «О Фонде гарантирования страховых выплат» от 3 июня 2003 года № 423)

ҚАТЫСУ ШАРТЫ - сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мен сақтандыру ұйымының арасында «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» ҚР Заңда белгіленген тәртіппен және шарттармен жасалған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шарты («Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы № 423 ҚРЗ 1-бап)

ДОГОВОР ОБЯЗАТЕЛЬНОГО ЭКОЛОГИЧЕСКОГО СТРАХОВАНИЯ - договор, заключаемый между страховщиком и страхователем на условиях, определяемых Законом РК «Об обязательном экологическом страховании» (cт.1 ЗРК «Об обязательном экологическом страховании» от 13 декабря 2005 года № 93)

МІНДЕТТІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ - сақтандырушы мен сақтанушының арасында «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» ҚР Заңда белгіленген талаптармен жасалатын шарт («Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 93 ҚРЗ 1-бап)

ДОГОВОРНАЯ СУММА - сумма денег, необходимая вкладчику для проведения мероприятий по улучшению жилищных условий, состоящая из жилищных строительных сбережений и жилищного займа (ст. 2 ЗРК «О жилищных строительных сбережениях в РК» от 7 декабря 2000 года № 110)

ШАРТТЫҚ СОМА - салымшыға тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін қажет, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасынан және тұрғын үй заемынан тұратын ақша сомасы («ҚР тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 110 ҚРЗ 2-бап)

ДОГОВОРНЫЙ РЕЖИМ ИМУЩЕСТВА - режим собственности супругов и детей, рожденных ими в этом браке, установленный брачным договором (ст. 1 ЗРК «О браке и семье» от 17 декабря 1998 года № 321)

МҮЛІКТІК ШАРТТЫҚ РЕЖИМІ - ерлі-зайыптылардың және олардың осы некеден туған балаларының неке шартымен белгіленген меншігінің режимі («Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321-І ҚРЗ 1-бап)

ДОЗНАНИЕ - процессуальная форма досудебной деятельности органов дознания в пределах установленных Уголовно-процессуальным кодексом полномочий по выявлению, установлению и закреплению совокупности обстоятельств дела и привлечению лиц, совершивших преступление, к уголовной ответственности (ст. 7 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)

АНЫҚТАУ - анықтау органдарының Қылмыстық іс жүргізу кодекспен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 7-бап)

ДОКАЗАТЕЛЬСТВА - любые фактические данные, на основе которых в установленном кодексом об административных правонарушениях порядке, судья или орган (должностное лицо), в производстве которого находится дело об административном правонарушении, устанавливает наличие или отсутствие события административного правонарушения, виновность физического лица, привлекаемого к административной ответственности, атакже иные обстоятельства, имеющие значение для правильного разрешения дела (ст. 604 КР КоАП от 30 января 2001 года № 155)

ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР - әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізіп жатқан судья немесе орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасының болғанын немесе болмағанын, әкімшілік жауапқа тартылатын жеке адамның кінәлілігін анықтайтын кез келген нақты деректер, сондай-ақ істің дұрыс шешілуі үшін мәні бар өзге де мән-жайлар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша дәлелдемелер болып табылады ( 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 ҚР ӘҚБтК 604-бап)

ДОКАЗАТЕЛЬСТВА - законно полученные фактические данные, на основе которых в определенном Уголовно-процессуальным кодексом порядке дознаватель, следователь, прокурор, суд устанавливают наличие или отсутствие деяния, предусмотренного Уголовным кодексом РК, совершение или несовершение этого деяния обвиняемым и виновность либо невиновность обвиняемого, а также иные обстоятельства, имеющие значение для правильного разрешения дела (ст. 115 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)

ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР - оның негізінде анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот Қылмыстық іс жүргізу кодексін-де белгіленген тәртіппен ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 115-бап)

ДОКАЗАТЕЛЬСТВА - полученные законным способом фактические данные, на основе которых в предусмотренном законом порядке суд устанавливает наличие или отсутствие обстоятельств, обосновывающих требования и возражения сторон, а также иных обстоятельств, имеющих значение для правильного разрешения дела (ст. 64 ГПК РК от 13 июля 1999 года № 411)

ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР - заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер (1999 жылғы 13 шілдедегі № 411 ҚР АІЖК 64-бап )

ДОКАЗАТЕЛЬСТВА ПО УГОЛОВНОМУ ДЕЛУ- законно полученные фактические данные, на основе которых в определенном Уголовным кодексом РК порядке дознаватель, следователь, прокурор, суд устанавливают наличие или отсутствие деяния, предусмотренного Уголовным кодексом РК, совершение или несовершение этого деяния обвиняемым и виновность либо невиновность обвиняемого, а также иные обстоятельства, имеющие значение для правильного разрешения дела (ст. 115 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР - оның негізінде анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот Қылмыстық кодексте белгіленген тәртіппен ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 115-бап)

ДОКЛИНИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ - химические, физические, биологические, микробиологические, фармакологические, токсикологические и другие экспериментальные научные исследования или серия исследований по изучению испытываемого вещества в целях изучения специфического действия и (или) безопасности для здоровья человека (ст. 1 ЗРК «Об охране здоровья граждан» от 7 июля 2006 года № 170)

КЛИНИКАҒА ДЕЙІНГІ ЗЕРТТЕУЛЕР - адамның денсаулығы үшін ерекше әсер етуін және (немесе) қауіпсіздігін зерттеу мақсатында сыналатын затты зерттеу жөніндегі химиялық, физикалық, биологиялық, микробиологиялық, фармакологиялық, токсикологиялық және басқа эксперименттік ғылыми зерттеулер немесе зерттеулер сериясы («Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 170 ҚРЗ 1-бап)

ДОКТОР НАУК - ученая степень, присуждаемая государственным органом аттестации РК на основании ходатайства диссертационного совета, принятого после публичной защиты диссертации соискателем, имеющим ученую степень кандидата наук. Ученая степень доктора наук присуждается за разработку фундаментальных и решение крупных и первостепенных теоретических и прикладных проблем в области естественных, гуманитарных и технических наук, а также за научное обоснование техничес-ких, экономических и технологических решений, внедрение которых внесет значительный вклад в ускорение научно-технического прогресса общества (ст.1 ЗРК «О науке» от 9 июля 2001 года № 225)

ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ - ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар ізденуші көпшілік алдында диссертация қорғағаннан кейін, диссертациялық кеңестің жасаған ұсынысы негізінде ҚР мемлекеттік аттестаттау органы беретін ғылыми дәреже. Ғылым докторы ғылыми дәрежесі жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдар саласында іргелі проблемаларды әзірлегені, ірі және аса маңызды теориялық және қолданбалы проблемаларды шешкені үшін, сондай-ақ енгізілуі қоғамның ғылыми-техникалық прогресін жеделдетуге елеулі үлес қосатын техникалық, экономикалық және технологиялық шешімдерді ғылыми негіздегені үшін беріледі («Ғылым туралы» 2001 жылғы 9 шілдедегі № 225 ҚРЗ 1-бап)

ДОКУМЕНТ В СФЕРЕ ПОДТВЕРЖДЕНИЯ СООТВЕТСТВИЯ - сертификат соответствия или декларация о соответствии, выданные в установленном законодательством РК порядке аккредитованным органом по подтверждению соответствия (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)

СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЖАТ - ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап)

ДОКУМЕНТ С ИДЕНТИФИКАЦИОННЫМ НОМЕРОМ - документ, выдаваемый регистрирующим органом, подтверждающий наличие идентификационного номера (ст. 1 ЗРК «О национальных реестрах идентификационных номеров» от 12 января 2007 года № 223)

СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІ БАР ҚҰЖАТ - тіркеу органы беретін, сәйкестендіру нөмірінің бар екендігін растайтын құжат («Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 ҚРЗ 1-бап)

ДОКУМЕНТАРНЫЕ ЦЕННЫЕ БУМАГИ - ценные бумаги, выпущенные в документарной форме (на бумажном или ином материальном носителе с возможностью непосредственного чтения содержания ценной бумаги без использования специальных технических средств) (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

ҚҰЖАТТЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР - құжатты нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ бағалы қағаздың мазмұнын тікелей оқуға болатын өзге де материалдық берілім көзіндегі) бағалы қағаздар («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ДОКУМЕНТИРОВАННАЯ ИНФОРМАЦИЯ - сведения о лицах, предметах, фактах, событиях, обстоятельствах и других правовых явлениях и процессах, происходящих в уголовно-правовой, гражданско-правовой, административно-правовой сферах, независимо от формы их представления, зафиксированные в информационном учетном документе (ст. 1 ЗРК «О государственной правовой статистике и специальных учетах» от 22 декабря 2003 года № 510)

ҚҰЖАТТАЛҒАН АҚПАРАТ - ұсынылған нысанына қарамастан, ақпараттық есепке алу құжатында жазылған қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық салалардағы тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, мән-жайлар және басқа да құқықтық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтер («Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 510 ҚРЗ 1-бап)

ДОКУМЕНТИРОВАННАЯ ИНФОРМАЦИЯ - информация, зафиксированная на материальном носителе, имеющая реквизиты, позволяющие ее идентифицировать (ст. 1 ЗРК «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217)

ҚҰЖАТТАЛҒАН АҚПАРАТ - материалдық тасымалдағышта тіркелген, өзін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін реквизиттері бар ақпарат («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап)

ДОКУМЕНТЫ ПО ЛИЧНОМУ СОСТАВУ - комплекс документов, подтверждающих трудовую деятельность работников и сведения об отчислении денег на их пенсионное обеспечение (ст. 1 ЗРК «О Национальном архивном фонде и архивах» от 22 декабря 1998 года № 326)

АДАМ ҚҰРАМЫ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЖАТТАР - қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттар кешені және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаның аударылуы туралы мәліметтер («Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-І ҚРЗ 1-бап)

ДОЛГОВЫЕ ЦЕННЫЕ БУМАГИ - финансовые инструменты, удостоверяющие отношения займа. К долговым ценным бумагам относятся государственные ценные бумаги, облигации и другие ценные бумаги, признанные долговыми ценными бумагами в соответствии с законодательством РК (cт 10 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)

БОРЫШТЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР - заем қатынастарын куәландыратын қаржы құралдары. Борыштық бағалы қағаздарға мемлекеттік бағалы қағаздар, облигациялар және ҚР заңдарына сәйкес борыштық бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II ҚР СК 10-бап)

ДОЛГОСРОЧНЫЙ ПЕРИОД - временной интервал более пяти лет (ст. 3 ЗРК «О естественных монополиях» от 9 июля 1998 года № 272)

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ КЕЗЕҢ - бес жылдан астам уақыт аралығы («Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 272 ҚРЗ 3-бап)

ДОЛЕВОЕ УЧАСТИЕ В ЖИЛИЩНОМ СТРОИТЕЛЬСТВЕ - отношения сторон договора о долевом участии в жилищном строительстве по привлечению (застройщиком) и предоставлению (дольщиком) денег в целях строительства жилых зданий (ст. 1 «О долевом участии в жилищном строительстве» от 7 июля 2006 года № 180)

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт тараптарының тұрғын жайларды салу мақсатында ақша тарту (құрылыс салушы) және беру (үлескер) жөніндегі қатынастары («Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 180 ҚРЗ 1-бап)

ДОЛЖНИК - юридическое лицо, неплатежеспособность или несостоятельность которого является основанием применения к нему процедур внешнего наблюдения, банкротства или внесудебной процедуры ликвидации в порядке, предусмотренном законодательством (ст. 1 ЗКР «О банкротстве» от 21 января 1997 года № 67)

БОРЫШКЕР - заңдарда көзделген тәртіппен өзіне сырттай байқау, банкроттық рәсімдерінің немесе соттан тыс тарату рәсімінің қолданылуына төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі негіз болып табылатын заңды тұлға («Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67 ҚРЗ 1-бап)

ДОЛЖНОСТНОЕ ЛИЦО - руководитель (заместитель руководителя) юридического лица - несостоятельного должника, а также иное лицо, входящее в коллегиальный исполнительный орган юридического лица, осуществляющее функции управления юридическим лицом (ст. 1 ЗКР «О банкротстве» от 21 января 1997 года № 67)

ЛАУАЗЫМДЫ АДАМ - дәрменсіз борышкер-заңды тұлғаның басшысы (басшысының орынбасары), сондай-ақ заңды тұлғаның басқару функциясын жүзеге асыратын, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органына кіретін өзге адам («Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67 ҚРЗ 1-бап)

ДОЛЖНОСТНОЕ ЛИЦО - лицо, постоянно, временно или по специальному полномочию осуществляющее функции представителя власти либо выполняющее организационно-распорядительные или административно-хозяйственные функции в государственных органах (ст. 1 ЗРК «О государственной службе» от 23 июля 1999 года № 453)

ЛАУАЗЫМДЫ АДАМ - ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінің міндеттерін жүйеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім берушілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындайтын адам («Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 ҚРЗ 1-бап)

ДОЛЖНОСТНОЕ ЛИЦО - член совета директоров акционерного общества, его исполнительного органа или лицо, единолично осуществляющее функции исполнительного органа акционерного общества (ст. 1 ЗРК «Об акционерных обществах» от 13 мая 2003 года № 415)

ЛАУАЗЫМДЫ АДАМ - акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің, оның атқарушы органының мүшесі немесе акционерлік қоғамның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адам («Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 ҚРЗ 1-бап)

ДОЛЖНОСТНЫЕ ЛИЦА - под должностными лицами в Законе «Об административных процедурах» понимаются лица, постоянно, временно или по специальному полномочию осуществляющие государственные функции (функции представителя власти) либо выполняющие организационно-
распорядительные или административно-
хозяйственные функции в государственных органах. В силу требований Конституции, законов и иных нормативных правовых актов должностные лица могут осуществлять возложенные на них функции: от имени конкретного должностного лица государства в порядке единоличного распорядительства; от имени конкретного государственного органа и его структурных подразделений в порядке единоличного распорядительства либо в коллегиальном порядке в зависимости от предусмотренного законодательством порядка принятия решений в конкретном государственном органе (ст. 1 ЗРК «Об административных процедурах» от 27 ноября 2000 года № 107-II)

ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАР - «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңда мемлекеттік функцияларды (өкімет өкілінің функцияларын) тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларын орындайтын адамдар ұғынылады. Конституцияның, заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына байланысты лауазымды адамдар өздеріне жүктелген функцияларды: жеке-дара өкім жүргізу тәртібімен мемлекеттің нақты лауазымды адамының атынан; нақты мемлекеттік органда шешімдер қабылдаудың заңдарда көзделген тәртібіне байланысты жеке-дара өкім жүргізу тәртібімен не алқалық тәртіппен нақты мемлекеттік органның және оның құрылымдық бөлімшелерінің атынан жүзеге асыра алады («Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107-II ҚРЗ 1-бап)

ДОЛЖНОСТНЫЕ ЛИЦА - лица, постоянно, временно или по специальному полномочию осуществляющие функции представителя власти либо выполняющие организационно-распорядительные или административно-хозяйственные функции в государственных органах, органах местного самоуправления, а также в Вооруженных Силах РК, других войсках и воинских формированиях РК (ст. 2 ЗРК «О борьбе с коррупцией» от 2 июля 1998 года № 267)

ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАР - тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінде, ҚР басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында өкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық-билік етушілік немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерін атқаратын адамдар («Сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 ҚРЗ 2-бап)

ДОЛЖНОСТНЫЕ ПОЛНОМОЧИЯ - полномочия, предусмотренные конкретной государственной должностью, отвечающей целям и задачам, стоящими перед государственными органами, в которых осуществляют свою деятельность государственные служащие, обладающие правами и основными обязанностями, установленными законодательством (ст. 1 ЗРК «О государственной службе» от 23 июля 1999 года № 453)

ЛАУАЗЫМДЫҚ ӨКІЛЕТТІК - заңдарда белгіленген құқықтары мен негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретінің нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттік («Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 ҚРЗ 1-бап)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау