ЕГЕРЬ - работник егерской службы, осуществляющий охрану объектов животного мира на закрепленных охотничьих угодьях и рыбохозяйственных водоемах (участках) (ст. 1 ЗРК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года № 593)
|
ҚОРЫҚШЫ - бекітіліп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерінде) жануарлар дүниесі объектілерін қорғауды жүзеге асыратын қорықшы қызметінің қызметкері («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 ҚРЗ 1-бап)
|
ЕГЕРСКАЯ СЛУЖБА - структурное подразделение охотохозяйственной и рыбохозяйственной организации, осуществляющее функции охраны объектов животного мира на закрепленных охотничьих угодьях и рыбохозяйственных водоемах (участках) (ст. 1 ЗРК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года № 593)
|
ҚОРЫҚШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ - бекітіліп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерінде) жануарлар дүниесі объектілерін қорғау функцияларын жүзеге асыратын аңшылық шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 ҚРЗ 1-бап)
|
ЕДИНАЯ АВИАЦИОННАЯ ПОИСКОВО-СПАСАТЕЛЬНАЯ СЛУЖБА - авиационные службы поиска и спасения, аварийно-спасательные и парашютные службы министерств, ведомств и авиакомпаний, которым принадлежат воздушные судна (ст. 1 ЗРК «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697)
|
БІРТҰТАС АВИАЦИЯЛЫҚ ІЗДЕСТІРУ-ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ - иелігінде әуе кемелері бар министрліктердің, ведомстволар мен авиакомпаниялардың авиациялық іздестіру және құтқару қызметтері, авиациялық-құтқару және парашюттік қызметтері («ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚРЗ 1-бап)
|
ЕДИНАЯ БАЗА ДАННЫХ - электронная база данных по производству и обороту нефтепродуктов, формируемая на основе информации государственных органов, осуществляющих в пределах своей компетенции государственное регулирование производства и оборота нефтепродуктов (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов» от 7 апреля 2003 года № 402)
|
БІР ТҰТАС ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫ - мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ақпараты негізінде қалыптастырылатын мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі электрондық деректер базасы («Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 7 сәуірдегі № 402-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ЕДИНАЯ БЮДЖЕТНАЯ КЛАССИФИКАЦИЯ - является группировкой поступлений и расходов бюджета по функциональным, ведомственным и экономическим характеристикам с присвоением объектам классификации группировочных кодов. Единая бюджетная классификация обеспечивает сопоставимость показателей бюджетов всех уровней бюджетной системы (ст. 26 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
БІРЫҢҒАЙ БЮДЖЕТТІК СЫНЫПТАМА - бюджет түсімдері мен шығыстарын сыныптама объектілеріне топ-тамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттері көрсеткіштерінің алыстырымдылығын қамтамасыз етеді (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 26-бап)
|
ЕДИНАЯ СИСТЕМА ДИПЛОМАТИЧЕСКОЙ СЛУЖБЫ - министерство иностранных дел, его ведомства, загранучреждения, а также подведомственные организации, созданные для обеспечения деятельности Министерства иностранных дел, учебные заведения, находящиеся в ведении Министерства иностранных дел (ст. 4 ЗРК «О дипломатической службе РК» от 7 марта 2002 года № 299)
|
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІ - сыртқы істер министрлігі, оның ведомстволары, шет елдердегі мекемелер, сондай-ақ сыртқы істер министрлігінің қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған ведомстволық бағыныстағы ұйымдар, сыртқы істер министрлігінің қарауындағы оқу орындары («ҚР дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы № 299-ІІ ҚРЗ 4-бап)
|
ЕДИНАЯ ТРАНСПОРТНАЯ СРЕДА ГОСУДАРСТВЕННЫХ ОРГАНОВ - межведомственная информационно-коммуникационная сеть, предназначенная для обеспечения взаимодействия электронных информационных ресурсов и информационных систем «электронного правительства» (ст. 1 ЗРК «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ КӨЛІК ОРТАСЫ - «Электрондық үкіметтің» электрондық ақпараттық ресурстарының және ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған ведомствоаралық ақпараттық-коммуникациялық жүйе («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап)
|
ЕДИНАЯ ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИЧЕСКАЯ СИСТЕМА РК - совокупность электрических станций, линий электропередачи и подстанций, обеспечивающих надежное и качественное энергоснабжение потребителей РК (ст. 1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)
|
ҚР БІРТҰТАС ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ - ҚР тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілері мен шағын станциялардың жиынтығы («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)
|
ЕДИНИЦА ВЕЛИЧИНЫ - физическая величина фиксированного размера, которой условно присвоено числовое значение, равное 1 (ст. 1 ЗРК «Об обеспечении единства измерений» от 7 июня 2000 года № 53)
|
ШАМА БІРЛІГІ - 1-ге тең сандық мән шартты түрде берілген белгіленген мөлшердің физикалық шамасы («Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II ҚРЗ 1-бап)
|
ЕДИНОЕ НАЦИОНАЛЬНОЕ ТЕСТИРОВАНИЕ - одна из форм итоговой государственной аттестации обучающихся старшей ступени в средних общеобразовательных учебных заведениях, совмещенная со вступительными экзаменами в средние профессиональные и высшие профессиональные организации образования (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)
|
БІРЫҢҒАЙ ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ- кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарына қабылдау емтихандарымен біріктірілген жалпы орта білім беретін оқу орындарында жоғары сатыда білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау нысандарының бірі («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)
|
ЕДИНОЛИЧНАЯ РАСПОРЯДИТЕЛЬНАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ - деятельность, осуществляемая должностными лицами в государственных органах, заключающаяся в единоличном подписании уполномоченными должностными лицами правовых актов, даче указаний и поручений находящимся в подчинении работникам, единоличном принятии иных организационно-распорядительных мер по осуществлению государственных функций (ст. 10 ЗРК «Об административных процедурах» от 27 ноября 2000 года № 107)
|
ЖЕКЕ-ДАРА ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТ - лауазымды адамдардың мемлекеттік органдарда жүзеге асыратын уәкілетті лауазымды адамдардың құқықтық актілерге жеке-дара қол қоюын, бағынысты қызметкерлерге нұсқаулар мен тапсырмалар беруін, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру жөнінде өзге де ұйымдық-әкімшілік шараларын жеке-дара қабылдауын қамтитын қызметі («Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 ҚРЗ 10-бап)
|
ЕДИНСТВО ИЗМЕРЕНИЙ - состояние измерений, при котором их результаты выражены в узаконенных единицах величин и погрешности измерений находятся в установленных границах с заданной вероятностью (ст. 1 ЗРК «Об обеспечении единства измерений» от 7 июня 2000 года № 53-II)
|
ӨЛШЕМ БІРЛІГІ - нәтижелері заңдастырылған шама бірліктерінде көрсетілген және өлшем қателігі берілген ықтималдықпен белгіленген шектегі өлшемнің жай-күйі («Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II ҚРЗ 1-бап)
|
ЕДИНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР ЗЕМЕЛЬ - итоговый документ учета земельных участков в составе государственного земельного кадастра, содержащий правовые, идентификационные, экономические и другие характеристики (ст. 12 ЗКРК от 20 июня 2003 года № 442)
|
БІРЫҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕР ТІЗІЛІМІ - құқықтық сәйкестендіру, экономикалық және басқа да сипаттамаларды қамтитын, мемлекеттік жер кадастры құрамындағы жер учаскелерін есепке алудың қорытынды құжаты (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ ҚР ЭК 12-бап)
|
ЕДИНЫЙ КАЗНАЧЕЙСКИЙ СЧЕТ - счет, открываемый в Национальном Банке РК для централизованного осуществления переводных операций и ведения их учета (ст. 88 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
БІРЫҢҒАЙ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ШОТ - аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін ҚР Ұлттық Банкінде ашылатын шот (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 88-бап)
|
ЕДИНЫЙ СПИСОК КАНДИДАТОВ В ПРИСЯЖНЫЕ ЗАСЕДАТЕЛИ - основной список кандидатов в присяжные заседатели от области (города республиканского значения, столицы), содержащий число граждан, определяемое председателем соответствующего областного и приравненного к нему суда (ст.1 ЗРК «О присяжных заседателях» oт 16 января 2006 года № 121)
|
АЛҚАБИГЕ КАНДИДАТТАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ТІЗІМІ - азаматтардың тиісті облыстық және оған теңестірілген сот төрағасы айқындайтын санын қамтитын, облыстан (республикалық маңызы бар қаладан, астанадан) алқабиге кандидаттардың негізгі тізімі («Алқабилер туралы» 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 121 ҚРЗ 1-бап)
|
ЕДИНЫЙ ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ ПРОЦЕСС - совокупность технологически взаимосвязанных и последовательных действий (работ), выполняемых в процессе производства в рамках одного лицензируемого вида деятельности (ст. 3 ЗРК «О лицензировании» от 11 января 2007 года № 214)
|
БІРЫҢҒАЙ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС - лицензияланатын бір қызмет түрінің шеңберінде өндіріс процесінде орындалатын технологиялық өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы («Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 214 ҚРЗ 3-бап)
|
ЕСТЕСТВЕННАЯ МОНОПОЛИЯ - состояние рынка услуг (товаров, работ), при котором создание конкурентных условий для удовлетворения спроса на определенный вид услуг (товаров, работ) невозможно или экономически нецелесообразно в силу технологических особенностей производства и предоставления данного вида услуг (товаров, работ) (ст. 3 ЗРК «О естественных монополиях» от 9 июля 1998 года № 272)
|
ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ - қызметтердің белгілі бір түрін (тауарлардың, жұмыстардың) өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) осы түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдай жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын қызметтер көрсету (тауарлар, жұмыстар) рыногының жай-күйі («Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 272 ҚРЗ 3-бап)
|
ЕСТЕСТВЕННЫЙ РАДИАЦИОННЫЙ ФОН - доза излучения, создаваемая космическим излучением и излучением природных радионуклидов, естественно распределенных в земле, воде, воздухе, других элементах биосферы, пищевых продуктах и организме человека (ст. 1 ЗРК «О радиационной безопасности населения» от 23 апреля 1998 года № 219)
|
ТАБИҒИ РАДИАЦИЯЛЫҚ АЯ - ғарыш сәулесі және жерде, суда, ауада, биосфераның басқа элементтерінде, тамақ өнімдері мен адам организмінде өздігінен бөлінген табиғи радионуклидтердің сәулесі шығаратын сәулелендіру мөлшері («Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі № 219 ҚРЗ 1-бап)
|