НОМИНАЛЬНАЯ СТОИМОСТЬ АКЦИИ - цена, по которой акции размещаются среди учредителей (оплачиваются единственным учредителем), единая для всех простых и привилегированных акций и определяемая в учредительном договоре (решении единственного учредителя) акционерного общества (ст. 1 ЗРК «Об акционерных обществах» от 13 мая 2003 года № 415)
|
АКЦИЯНЫҢ НАҚТЫЛЫ ҚҰНЫ - барлық жай және артықшылықты акцияларға арналған және акционерлік қоғамның құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) айқындалатын бірыңғай баға, осы баға бойынша акциялар құрылтайшылар арасында орналастырылады (жалғыз құрылтайшы төлейді) («Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 ҚРЗ 1-бап)
|
НОМИНАЛЬНАЯ СТОИМОСТЬ ОБЛИГАЦИИ - денежное выражение стоимости облигации, определенное при ее выпуске, на которую начисляется выраженное в процентах вознаграждение по купонной облигации, атакже сумма, подлежащая выплате держателю облигации при ее погашении (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)
|
ОБЛИГАЦИЯНЫҢ НАҚТЫЛЫ ҚҰНЫ - облигация құнының ол шығарылған кезде белгіленген, купондық облигация бойынша процентпен көрсетілген сыйақы есептелетін ақшалай көрінісі, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиісті сома («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461 ҚРЗ 1-бап)
|
НОМИНАЛЬНАЯ СТОИМОСТЬ ПАЯ - денежное выражение стоимости пая при первоначальном размещении паев паевого инвестиционного фонда (ст. 1 ЗРК «Об инвестиционных фондах» от 7 июля 2004 года № 576)
|
ПАЙДЫҢ НАҚТЫЛЫ ҚҰНЫ - инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезіндегі пай құнының ақшалай көрінісі («Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі № 576 ҚРЗ 1-бап)
|
НОМИНАЛЬНОЕ ДЕРЖАНИЕ ЦЕННЫХ БУМАГ - совершение от имени и за счет держателей ценных бумаг определенных юридических действий в соответствии с договором номинального держания либо в соответствии с Законом РК «О рынке ценных бумаг», а также учет и подтверждение прав по ценным бумагам и регистрация сделок с ценными бумагами таких держателей (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)
|
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ НАҚТЫЛЫ ҰСТАУ - нақтылы ұстау шартына не «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР Заңға сәйкес бағалы қағаздарда ұстаушылардың атынан және есебінен белгілі бір заңды іс-әрекеттерді жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерін тіркеу («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461 ҚРЗ 1-бап)
|
НОРМА ПРАВА (ПРАВОВАЯ НОРМА) - общеобязательное правило поведения, сформулированное в нормативном правовом акте, рассчитанное на многократное применение и распространяющееся на всех лиц в рамках нормативно регламентированной ситуации (ст. 1 ЗРК «О нормативных правовых актах» от 24 марта 1998 года № 213)
|
ҚҰҚЫҚ НОРМАСЫ (ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМА) - нормативтік құқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі («Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 ҚРЗ 1-бап)
|
НОРМАЛЬНАЯ СТОИМОСТЬ - цена, фактически оплаченная или подлежащая оплате в процессе обычных торговых операций в производящей и (или) экспортирующей стране, при продаже товара, подобного тому, который является предметом антидемпингового разбирательства (ст. 1 ЗРК «Об антидемпинговых мерах» от 13 июля 1999 года № 421)
|
ҚАЛЫПТЫ БАҒА - дағдылы сауда операциялары процесінде өндіруші және (немесе) экспорттаушы елге демпингке қарсы істі қарау нысанасы болып табылатын тауарға ұқсас тауарды сату кезінде нақты төленген немесе төленуге тиісті баға («Демпингке қарсы шаралар туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 421 ҚРЗ 1-бап)
|
НОРМАЛЬНОЕ НАСАЖДЕНИЕ - насаждения высокой и средней продуктивности, хорошего и среднего качества для определения лесорастительных условий (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)
|
ҚАЛЫПТЫ ЕКПЕ - өнімділігі жоғары және орташа, орман өсірудің белгілі бір жағдайында сапасы жақсы және орташа екпе (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477-ІІ ҚР ОК 4-бап)
|
НОРМАТИВ ЗАТРАТ - затраты по отдельным технологическим процессам, видам работ и статьям расходов в расчете на один гектар производства вида продукции растениеводства, выраженные в тенге (ст. 1 ЗРК «Об обязательном страховании в растениеводстве» от 10 марта 2004 года № 533)
|
ШЫҒЫНДАР НОРМАТИВІ - өсімдік шаруашылығының өнім түрі өндірісінің бір гектарына шаққанда жекелеген технологиялық процестер, жұмыс түрлері және шығыстар баптары бойынша теңгемен көрсетілген шығындар («Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы № 533 ҚРЗ 1-бап)
|
НОРМАТИВ ПОТРЕБЛЕНИЯ НАРКОТИЧЕСКИХ СРЕДСТВ, ПСИХОТРОПНЫХ ВЕЩЕСТВ И ПРЕКУРСОРОВ - количество определенных наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров, необходимое для потребления конкретным юридическим лицам, заявленное в уполномоченный государственный орган в сфере оборота наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров в соответствии с законодательством РК (ст. 1 ЗРК «О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими» от 10 июля 1998 года № 279)
|
ЕСІРТКІ, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР МЕН ПРЕКУРСОРЛАРДЫ ТҰТЫНУ НОРМАТИВІ - нақты заңды тұлғалардың тұтынуы үшін қажетті, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ҚР заңнамасына сәйкес мәлімделген белгілі бір есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны («Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 ҚРЗ 1-бап)
|
НОРМАТИВ РАСПРЕДЕЛЕНИЯ ДОХОДОВ - процентное соотношение распределения доходов между бюджетами разных уровней (ст. 4 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
КІРІСТЕРДІ БӨЛУ НОРМАТИВІ- кірістерді әртүрлі деңгейлердегі бюджеттердің арасында бөлудің проценттік арақатынасы (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 4-бап)
|
НОРМАТИВНО-ТЕХНИЧЕСКИЙ ДОКУМЕНТ - государственные стандарты, договора, строительные нормы и правила, государственная фармакопея и временные фармакопейные статьи на лекарственные средства, технические условия, технические описания, рецептура и другая документация, закрепляющая требования к продукции, которая подлежит реализации, работе, услугам (ст. 23 КССР «О защите прав потребителей» от 5 июня 1991года)
|
НОРМАТИВТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТ - мемлекеттік стандарттар, шарттар, құрылыс нормалары мен ережелері, мемлекеттік фармакопея және дәрі-дәрмектердің уақытша фармакопеялық жазбалары, техникалық шарттар, техникалық сипаттамалар, рецептура және өткізуге жататын өнімге, жұмысқа, қызметтерге қойылатын талаптарды бекітетін басқа да құжаттамалар («Тұтынушылардың праволарын қорғау туралы» 1991 жылғы 5 маусымдағы ҚазССРЗ 2-бап)
|
НОРМАТИВНЫЕ ДОКУМЕНТЫ - международные, межгосударственные, государственные стандарты, технические условия, санитарно-эпидемиологические правилаи нормы и гигиенические нормативы, ветеринарные (ветеринарно-санитарные) правила и фитосанитарные нормативы, устанавливающие требования к качеству и безопасности пищевых продуктов, материалов и изделий (ст. 1 ЗРК «О качестве и безопасности пищевых продуктов» от 8 апреля 2004 года № 543)
|
НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР - тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігінің талаптарын белгілейтін халықаралық, мемлекетаралық мемлекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар және гигиеналық нормативтер, ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелер мен фитосанитарлық нормативтер («Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 543 1-бап)
|
НОРМАТИВНЫЕ ДОКУМЕНТЫ ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ ЕДИНСТВА ИЗМЕРЕНИЙ - положения, инструкции и иные нормативные и методические документы, определяющие требования и порядок проведения работ по обеспечению единства измерений (cт. 1 ЗРК «Об обеспечении единства измерений» от 7 июня 2000 года № 53)
|
ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР - ережелер, нұсқаулар және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу талаптары мен тәртібін айқындайтын өзге де нормативтік және әдістемелік құжаттар («Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53 ҚРЗ 1-бап)
|
НОРМАТИВНЫЕ ПРАВОВЫЕ АКТЫ В ОБЛАСТИ ОЦЕНОЧНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ - акты, устанавливающие требования к проведению оценки, используемым подходам и методам, содержанию и форме отчетов об оценке (ст. 2 ЗРК «Об оценочной деятельности в РК» от 30 ноября 2000 года № 109)
|
БАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР - бағалау жүргізуге, бағалау туралы есептердің пайдаланылатын амалдары мен әдістеріне, мазмұны мен нысанына талаптар белгілейтін актілер («ҚР Бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы № 109 ҚРЗ 2-бап)
|
НОРМАТИВНЫЙ ДОКУМЕНТ ПО СТАНДАРТИЗАЦИИ - документ, устанавливающий нормы, правила, характеристики, принципы, касающиеся различных видов деятельности по стандартизации или ее результатов (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)
|
(СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТ - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжат («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап)
|
НОРМАТИВНЫЙ ПРАВОВОЙ АКТ - письменный официальный документ установленной формы, принятый на референдуме либо уполномоченным органом или должностным лицом государства, устанавливающий правовые нормы, изменяющий, прекращающий или приостанавливающий их действие (ст. 1 ЗРК «О нормативных правовых актах» от 24 марта 1998 года № 213)
|
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТ - референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат («Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 ҚРЗ 1-бап)
|
НОРМАТИВЫ В ОБЛАСТИ БЕЗОПАСНОСТИ И ОХРАНЫ ТРУДА- эргономические, санитарно-эпидемиологические, психофизиологические и иные требования, обеспечивающие нормальные условия труда (ст. 1 «Трудовой кодекс РК» от 15 мая 2007 года № 251)
|
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ НОРМАТИВТЕР - эргономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)
|
НОРМАТИВЫ КАЧЕСТВА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ - показатели, характеризующие благоприятное для жизни и здоровья человека состояние окружающей среды и природных ресурсов (ст. 1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)
|
ҚОРШАҒАН ОРТА САПАСЫНЫҢ НОРМАТИВТЕРІ - қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштер (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)
|
НОРМАТИВЫ ПРЕДЕЛЬНО ДОПУСТИМЫХ КОНЦЕНТРАЦИЙ ЗАГРЯЗНЯЮЩИХ ВЕЩЕСТВ - величины допустимого содержания загрязняющих веществ в водных объектах и воздействие физических факторов на водную среду, устанавливаемые в целях охраны здоровья человека и предотвращения вредного влияния на растительный и животный мир (ст. 1 Водный кодекс РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
ЛАСТАУШЫ ЗАТТАРДЫҢ ШОҒЫРЛАНУЫНЫҢ ЖОЛ БЕРІЛЕТІН ШЕКТІ НОРМАТИВТЕРІ - адамның денсаулығын қорғау және өсімдік пен жануарлар дүниесіне зиянды әсерін болғызбау мақсатында белгіленетін ластаушы заттардың су объектілерінде болуы мен табиғи факторлардың су ортасына әсер етуінің жол берілетін шамалары (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-ІІ ҚР Су кодексі 1-бап)
|
НОРМАТИВЫ ЭМИССИЙ - показатели допустимых эмиссий, при которых обеспечивается соблюдение нормативов качества окружающей среды (ст. 1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)
|
ЭМИССИЯЛАР НОРМАТИВТЕРІ - қоршаған орта сапасы нормативтерінің сақталуы қамтамасыз етілетін жол берілетін эмиссиялар көрсеткіштері (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)
|
НОРМИРОВАНИЕ ТРУДА - определение необходимых затрат труда (времени) на выполнение работы (изготовление единицы продукции) работниками в конкретных организационно-технических условиях и установление на этой основе норм труда (ст. 1 «Трудовой кодекс РК» от 15 мая 2007 года № 251)
|
ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУ - нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларында қызметкерлердің жұмысты орындауға (өнім бірлігін дайындауға) арналған қажетті еңбек (уақыт) шығындарын айқындау және осының негізінде еңбек нормаларын белгілеу (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)
|
НОРМЫ БЕЗОПАСНОСТИ - качественные и количественные показатели, характеризующие условия производства, производственный и трудовой процесс с точки зрения обеспечения организационных, технических, санитарно-гигиенических, биологических и иных норм, правил, процедур и критериев, направленных на сохранение жизни и здоровья работников в процессе их трудовой деятельности (ст. 1 «Трудовой кодекс РК» от 15 мая 2007 года № 251)
|
ҚАУІПСІЗДІК НОРМАЛАРЫ - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)
|
НОРМЫ ЛЕТНОЙ ГОДНОСТИ - требования к конструкции, параметрам и летным качествам воздушных судов и их компонентов, направленных на обеспечение безопасности полетов (ст. 1 ЗРК «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697)
|
ҰШУ ЖАРАМДЫЛЫҒЫНЫҢ НОРМАЛАРЫ - әуе кемелерінің конструкциясына, параметрлері мен ұшу сапасына және олардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған компоненттеріне қойылатын талаптар («ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚРЗ 1-бап)
|
НОРМЫ СНАБЖЕНИЯ - количество материальных средств, установленных к выдаче в мирное или военное время военнослужащим, подразделениям, воинским частям (кораблям) и соединениям (ст. 1 ЗРК «Об обороне и Вооруженных Силах РК» от 7 января 2005 года № 29)
|
ЖАБДЫҚТАУ НОРМАЛАРЫ - бейбіт кезде немесе соғыс уақытында әскери қызметшілерге, бөлімшелерге, әскери бөлімдерге (кемелерге) және құрамаларға беруге белгіленген материалдық құралдардың саны («ҚР қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29 ҚРЗ 1-бап)
|
НОСИТЕЛИ СВЕДЕНИЙ СОСТАВЛЯЮЩИХ ГОСУДАРСТВЕННЫЕ СЕКРЕТЫ - материальные объекты, в том числе физические поля, в которых сведения, составляющие государственные секреты, находят свое отображение в виде символов, образов, сигналов, технических решений и процессов (ст. 1 ЗРК «О государственных секретах» от 15 марта 1999 года № 349)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰПИЯЛАР БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН МӘЛІМЕТТЕР КӨЗДЕРІ - мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлімет нышандар, үлгілер, белгілер, техникалық шешімдер және процестер түрінде өз көрінісін табатын материалдық объектілер, оның ішінде физикалық өрістер («Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-І ҚРЗ 1-бап)
|
НОСТРИФИКАЦИЯ ДОКУМЕНТОВ ОБ ОБРАЗОВАНИИ - процедура, проводимая с целью определения эквивалентности документов, выданных гражданам, получившим образование в других государствах, в международных или иностранных учебных заведениях (их филиалах), созданных в РК (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)
|
БІЛІМ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАРДЫ НОСТРИФИКАЦИЯЛАУ - басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе ҚР құрылған шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған азаматтарға берілген құжаттардың баламалылығын анықтау мақсатымен жүргізілетін рәсім («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 1-бап)
|
НОТАРИАЛЬНАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ - совершение нотариусом и иными уполномоченными лицами нотариальных действий, предусмотренных Законом РК «О нотариате» (ст. 3 ЗРК «О нотариате» от 14 июля 1997 года № 155)
|
НОТАРИАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ - нотариустың және өзге де уәкілетті адамдардың «Нотариат туралы» ҚР Заңмен көзделген нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы («Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 ҚРЗ 3-бап)
|
НОТАРИАТ В РК - законодательно закрепленная система защиты прав и законных интересов физических и
юридических лиц путем совершения нотариальных действий, направленных на удостоверение прав и фактов, а также
на осуществление иных задач, предусмотренных Законом РК «О нотариате» (ст. 1 ЗРК «О нотариате» от 14 июля 1997 года № 155)
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НОТАРИАТ - құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ «Нотариат туралы» ҚР Заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңда мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі («Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 ҚРЗ 1-бап)
|
НОТАРИУС - нотариусом может быть гражданин РК, имеющий высшее юридическое образование, прошедший аттестацию в аттестационной комиссии юстиции,
стажировку у нотариуса сроком не менее одного года и получивший лицензию на право занятия нотариальной деятельностью (ст. 6 ЗРК «О нотариате» от 14 июля 1997 года № 155)
|
НОТАРИУС - жоғары заң білімі бар, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан, нотариуста кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған ҚР азаматы нотариус бола алады («Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 ҚРЗ 6-бап)
|
НОЧНОЕ ВРЕМЯ - промежуток времени с двадцати двух до шести часов по местному времени (ст. 7 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)
|
ТҮНГІ УАҚЫТ - жергілікті уақыт бойынша сағат жиырма екіден алтыға дейінгі уақыт аралығы (1997 жылғы 13 желтоқсандағы 206 ҚР ҚІЖК № 7-бап)
|