АДМИНИСТРАТИВНЫЕ ПРОЦЕДУРЫ - порядок принятия и исполнения решений при осуществлении государственными органами и должностными лицами государственных функций и должностных полномочий и их оформление; процедура организации работы государственного аппарата; процедуры рассмотрения обращений граждан по реализа-ции их прав, атакже процедуры административной защиты прав и законных интересов граждан; основные начала процедур принятия решений в области экономики (ст.1 ЗРК «Об административных процедурах» от 27 ноября 2000 года № 107)
|
ӘКІМШІЛІК РӘСІМДЕР - мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарды мемлекеттік функциялармен лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде шешімдер қабылдау мен орындау тәртібі және оларды рәсімдеу; мемлекеттік ақпараттың жұмысын ұйымдастыру рәсімі; азаматтардың өз құқықтарын іске асыру жөніндегі өтініштерін қарау рәсімдері, сондай-ақ азаматтарды құқықтары мен заңды мүдделерін әкімшілік қорғау рәсімдері; экономика саласындағы шешімдер қабылдау рәсімдерінің негізгі бастаулары ұғынылады («Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 ҚР 31-бап)
|
АДМИНИСТРАТИВНЫЕ РАСХОДЫ - все расходы, связанные с инициированием и проведением процедур банкротства, реабилитационной процедуры, внесудебной процедуры ликвидации и внешнего наблюдения, включая затраты по оплате услуг привлекаемых и специализированных организаций, суммы вознаграждений реабилитационного и конкурсного управляющих, а также администратора внешнего наблюдения. К административным расходам приравниваются налоги и другие обязательные платежи в бюджет, обязательства по уплате которых возникли в ходе ликвидации должника (ст.1 ЗРК «О банкротстве» от 21 января 1997 года № 67)
|
ӘКІМШІЛІК ШЫҒЫСТАР - сырттан тартылатын және мамандандырылған ұйымдардың көрсететін қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды, оңалтуды және конкурстық басқарушылардың, сондай-ақ сырттай байқау әкімшісінің сыйақы сомасын қоса алғанда, банкроттық рәсімдеріне, оңалту рәсіміне, соттан тыс тарату рәсіміне және сырттай байқауға бастамашылық жасау мен оларды өткізуге байланысты барлық шығыстар. Борышкердің таратылуы барысында оларды төлеу жөнінде міндеттемелер пайда болған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер әкімшілік шығыстарға теңестіріледі («Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтар № 67 ҚРЗ 1-бап)
|
АДМИНИСТРАТИВНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ СЛУЖАЩИЙ - государственный служащий, входящий в состав политических государственных служащих, осуществляющий должностные полномочия на постоянной профессиональной основе в государственном органе (ст.1 ЗРК «О государственной службе» от 23 июля 1999 года № 453)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТШІ - мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші («Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 ҚР3 1-бап)
|
АДМИНИСТРАТИВНЫЙ ШТРАФ - денежное взыскание, налагаемое за административное правонарушение в случаях и пределах, предусмотренных в статьях особенной части настоящего раздела, в размере, соответствующем определенному количеству месячного расчетного показателя, устанавливаемого в соответствии с законодательным актом, действующим на момент наложения административного взыскания (ст. 48 КР КоАП от 30 января 2001 года № 155)
|
АЙЫППҰЛ - әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы бөлімнің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін көлемде салынатын ақшалай жаза (2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 ҚР ӘҚБтК 48-бап)
|
АДМИНИСТРАТОР БЮДЖЕТНЫХ ПРОГРАММ- государственный орган, ответственный за планирование, обоснование и реализацию бюджетных программ (ст.30 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ӘКІМШІСІ - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 30-бап)
|
АДМИНИСТРАТОР ВНЕШНЕГО НАБЛЮДЕНИЯ - лицо, назначенное в установленном порядке для проведения процедуры внешнего наблюдения (ст.1 ЗРК «О банкротстве» от 21 января 1997 года № 67)
|
СЫРТТАЙ БАЙҚАУ ӘКІМШІСІ - сырттай байқау рәсімін жүргізу үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған тұлға («Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67 ҚР 31-бап)
|
АДРЕСАТ - пользователь услуг оператора почты, которому адресовано почтовое отправление или почтовый перевод денег (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386)
|
АДРЕСАТ - өзіне почта жөнелтімі немесе почталық ақша аударымы арналған, почта операторының қызмет көрсетуін пайдаланушы («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386-II ҚРЗ 1-бап)
|
АДРЕСНОЕ СУБСИДИРОВАНИЕ - финансирование конкретных получателей субсидий на безвозмездной и невозвратной основе, осуществляемое за счет средств государственного бюджета (ст.1 ЗРК «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» от 8 июля 2005 года № 66)
|
АТАУЛЫ СУБСИДИЯЛАУ - мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 ҚРЗ 1-бап)
|
АДЪЮНКТУРА - форма подготовки научно-педагогических кадров высшей квалификации в военных учебных заведениях (ст.1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)
|
АДЪЮНКТУРА - әскери оқу орындарында біліктілігі жоғары ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)
|
АЗАРТНАЯ ИГРА - основанное нариске соглашение, заключенное участниками между собой либо с представителем игорного заведения, на исход события, предполагающий выигрыш, в котором они принимают участие (ст.1 ЗРК «Об игорном бизнесе» от 12 января 2007 года № 219)
|
ҚҰМАР ОЙЫН - қатысушылардың өз арасында не ойын мекемесінің өкілімен ұтыс көзделіп, олар қатысатын оқиғаның нәтижесіне жасалған, тәуекелге негізделген келісім («Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219 ҚР 31-бап)
|
АКАДЕМИЯ - высшее учебное заведение, реализующее образовательные программы высшего профессионального образования и послевузовского профессионального образования, осуществляяющее подготовку, переподготовку и (или) повышение квалификации специалистов с высшим профессиональным образованием для определенной области производственной, научной и научно-педагогической деятельности; выполняющее научные исследования преимущественно в одной из областей науки или культуры (ст.1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)
|
АКАДЕМИЯ - жоғары кәсіптік білім мен жоғары оқу орнынан кейін кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын; өндірістік, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметтің белгілі бір саласы үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандар даярлауды, қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын; ғылымның немесе мәдениеттің көбінесе бір саласында ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары оқу орны («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)
|
АКВАТОРИЯ - водное пространство, ограниченное естественными, искусственными или условными границами (ст.1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
АКВАТОРИЯ - табиғи, жасанды немесе шартты шекарамен шектелген су кеңістігі (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-ІІ ҚР Су кодексі 1-бап)
|
АКВАТОРИЯ ПОРТА - внутренние воды РК, ограниченные линией, проходящей через наиболее удаленные в сторону моря точки гидротехнических и других сооружений портов или определяемой в соответствии с международными договорами, ратифицированными РК (ст.1 ЗРК «О торговом мореплавании» от 17 января 2002 года № 284)
|
ПОРТ АЙДЫНЫ - портты гидротехникалық және басқа да құрылыстарының теңіз жағындағы ең алыс нүктесі арқылы өтетін сызықпен шектелген немесе ҚР бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес белгіленетін ҚР ішкі су-лары («Сауда мақсатындағы теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 284-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
АКИМ - представитель Президента и Правительства РК, возглавляющий местный исполнительный орган (в случае его создания) и обеспечивающий проведение государственной политики на соответствующей территории, согласованное функционирование всех территориальных подразделений центральных государственных органов РК, руководство исполнительными органами, финансируемыми из соответствующего бюджета, наделенный пол-номочиями государственного управления в соответствии с законодательством РК, ответственный за состояние социально-экономического развития соответствующей территории (cт.1 ЗРК «О местном государственном управлении в РК» от 23 января 2001 года № 148)
|
ӘКІМ - ҚР Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, ҚР орталық мемлекеттік органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, ҚР заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі («ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
АККРЕДИТАЦИЯ - официальное признание уполномоченным органом правомочий профессиональных аудиторских организаций, предусмотренных Законом РК «Об аудиторской деятельности» (ст.1 ЗРК «Об аудиторской деятельности» от 20 ноября 1998 года № 304)
|
АККРЕДИТТЕУ - уәкілетті органның «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР Заңда көзделген кәсіби аудиторлық ұйымдардың құқықтылығын ресми тануы («Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы № 304 ҚРЗ 1-бап)
|
АККРЕДИТАЦИЯ - признание уполномоченным органом правомочий профессиональных организаций бухгалтеров и организаций по профессиональной сертификации бухгалтеров, предусмотренных Законом РК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности», подтвержденных свидетельством по форме, установленной уполномоченным органом (ст.1 ЗРК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28 февраля 2007 года № 234)
|
АККРЕДИТТЕУ - уәкілетті органның бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңында көзделген, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша куәлікпен расталған, бухгалтерлерді кәсіби сертификату жөніндегі ұйымдардың құқықтылығын тануы («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 ҚРЗ 1-бап)
|
АККРЕДИТАЦИЯ - официальное признание уполномоченным государственным органом по стандартизации, метрологии и сертификации правомочий юридических лиц, соответствующих установленным квалификационным требованиям, осуществлять работу по оказанию услуг по определению племенной ценности племенной продукции (материала) (ст.1 ЗРК «О племенном животноводстве» от 9 июля 1998 года № 278)
|
АККРЕДИТАЦИЯЛАУ - белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғаларды асыл тұқымды өнімнің (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын анықтау бойынша қызмет көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға құқылы болуын стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ресми тануы («Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 278 ҚРЗ 1-бап)
|
АККРЕДИТАЦИЯ - процедура назначения журналиста и признание его полномочий государственным органом, общественным объединением и организацией (ст.1 ЗРК «О средствах массовой информации» от 23 июля 1999 года № 451-І)
|
АККРЕДИТАЦИЯ - журналистті тағайындау рәсімі және оның өкілеттігін мемлекеттік органның, қоғамдық бірлестіктің және ұйымның тануы («Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-1 ҚРЗ 1-бап)
|
АККРЕДИТАЦИЯ - официальное признание органом по аккредитации правомочий юридического лица осуществлять конкретные виды метрологических работ и услуг (ст.1 ЗРК «Об обеспечении единства измерений» от 7 июня 2000 года № 53-II)
|
АККРЕДИТТЕУ - аккредиттеу жөніндегі органның метрологиялық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің нақты түрлерін жүзеге асыруға заңды тұлғаның құқықтылығын ресми тануы («Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдаы № 53-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
АККРЕДИТАЦИЯ - официальное признание уполномоченным государственным органом правомочий негосударственной научной организации проводить работы в научной и научно-технической области за счет бюджетных средств в установленном законодательством РК порядке (ст.1 ЗРК «О науке» от 9 июля 2001 года № 225)
|
АККРЕДИТАЦИЯ - уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік емес ғылыми ұйымның бюджет қаражаты есебінен ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен ғылыми және ғылыми-техникалық салада жұмыстар жүргізу құқықтылығын ресми тануы («Ғылым туралы» 2001 жылғы 9 шілдедегі № 225 ҚР 31-бап)
|
АККРЕДИТАЦИЯ - процедура, посредством которой орган по аккредитации официально признает компетентность и правомочие юридического лица выполнять работы в определенной сфере по подтверждению соответствия объектов технического регулирования установленным требованиям (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)
|
АККРЕДИТТЕУ - аккредиттеу жөніндегі орган заңды тұлғаның белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзыреттілігін ресми танитын рәсім («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап
|
АККРЕДИТАЦИЯ - процедура признания особого статуса и правомочий физических и юридических лиц для осуществления медицинской и фармацевтической деятельности, а также для проведения независимой экспертной оценки деятельности субъектов здравоохранения в соответствии с установленными стандартами аккредитации (ст.1 ЗРК «О системе здравоохранения» от 4 июня 2003 года № 430)
|
АККРЕДИТТЕУ - аккредиттеудің белгіленген стандарттарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сарапшылық бағалау жүргізуге ерекше мәртебесі мен құқын тану рәсімі («Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430 ҚРЗ 1-бап)
|
АККРЕДИТАЦИЯ - официальное признание уполномоченным органом правомочий республиканского общественного объединения в области физической культуры и спорта быть участником соответствующих международных организаций от имени РК (ст.1 ЗРК «О физической культуре и спорте» от 20 декабря 1999 года № 490)
|
АККРЕДИТТЕУ - уәкілетті органның дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бірлестіктің ҚР атынан тиісті халықаралық ұйымдарға қатысуға құқықтық өкілеттігін ресми тануы («Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490 ҚР 31-бап)
|
АККРЕДИТАЦИЯ - официальное признание органом по аккредитации правомочий юридического лица осуществлять конкретные виды метрологических работ и услуг (ст.1 ЗРК «Об обеспечении единства измерений» от 7 июня 2000 года № 53)
|
АККРЕДИТТЕУ - аккредиттеу жөніндегі органның метрологиялық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің нақты түрлерін жүзеге асыруға заңды тұлғаның құқықтылығын ресми тануы («Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53 ҚРЗ 1-бап)
|
АККРЕДИТАЦИЯ ОБЪЕДИНЕНИЙ СУБЪЕКТОВ ЧАСТНОГО ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА - признание соответствующими государственными органами соответствия объединений субъектов частного предпринимательства установленным критериям на представление интересов субъектов частного предпринимательства в экспертных советах по вопросам предпринимательства (ст.1 ЗРК «О частном предпринимательстве» от 31 января 2006 года № 124)
|
ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БІРЛЕСТІКТЕРІН АККРЕДИТТЕУ - кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестерде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге белгіленген өлшемдерге жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің сәйкестігін тиісті мемлекеттік органдардың тануы («Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 ҚРЗ 1-бап)
|
АККРЕДИТАЦИЯ ОРГАНИЗАЦИЙ ОБРАЗОВАНИЯ - признание (подтверждение на очередной срок) государством статуса организаций, реализующих образовательные программы высшего профессионального и послевузовского профессионального образования, по типу (высшее учебное заведение) и виду (институт, академия, университет) с установлением перечня образовательных программ, по которым они имеют право выдавать выпускникам документы об образовании государственного образца (ст.1 ЗРК «Об образовании» 7 июня 1999 года № 389)
|
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН АККРЕДИТАЦИЯЛАУ - кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік жоғары білім берудің білім бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың мәртебесін білім бағдарламаларының тізбесін белгілей отырып, олардың үлгісі (жоғары оқу орны) мен түріне қарай (институт, академия, университет) мемлекеттің тануы (кезекті мерзімге растауы). Бұл ұйымдардың бітірушілерге аталған бағдарламалар бойынша білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар беруге құқығы бар («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)
|
АККРЕДИТОВАННАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ ПОПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ СЕРТИФИКАЦИИ БУХГАЛТЕРОВ - юридическое лицо, осуществляющее сертификацию кандидатов в профессиональные бухгалтеры, аккредитованное в порядке, установленном уполномоченным органом (ст.1 ЗРК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28 февраля 2007 года № 234)
|
БУХГАЛТЕРЛЕРДІ КӘСІБИ СЕРТИФИКАТТАУ ЖӨНІНДЕГІ АККРЕДИТТЕЛГЕН ҰЙЫМ - кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүзеге асыратын, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 ҚРЗ 1-бап)
|
АККРЕДИТОВАННАЯ ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ БУХГАЛТЕРОВ - некоммерческая организация, являющаяся объединением бухгалтеров и бухгалтерских организаций (ст.1 ЗРК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28 февраля 2007 года № 234)
|
БУХГАЛТЕРЛЕРДІҢ АККРЕДИТТЕЛГЕН КӘСІБИ ҰЙЫМЫ - бухгалтерлер мен бухгалтерлік ұйымдардың бірлестігі болып табылатын коммерциялық емес ұйым («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 ҚРЗ 1-бап)
|
АККРЕДИТОВАННАЯ ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ АУДИТОРСКАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - некоммерческая организация, являющаяся саморегулируемым объединением аудиторов и аудиторских организаций (ст.1 ЗРК «Об аудиторской деятельности» от 20 ноября 1998 года № 304)
|
АККРЕДИТТЕЛГЕН КӘСІБИ АУДИТОРЛЫҚ ҰЙЫМ - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың өзін-өзі реттейтін бірлестігі болып табылатын коммерциялық емес ұйым («Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы № 304-І ҚРЗ 1-бап)
|
АКТ САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКОГО ОБСЛЕДОВАНИЯ - документ, выдаваемый должностным лицом, осуществляющим государственный санитарно-
эпидемиологический надзор, по результатам проверки объекта на его соответствие требованиям законодательства РК в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения (cт.1 ЗРК «О санитарно-
эпидемиологическом благополучии населения» от 4 декабря 2002 года № 361)
|
САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУ АКТІСІ - объектінің халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ҚР заңдарының талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам беретін құжат («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 ҚРЗ 1-бап)
|
АКТ ТЕРРОРИЗМА - совершение или угроза совершения взрыва, поджога или иных действий, создающих опасность гибели людей, причишшя значительного имущественного ущерба либо наступления иных общественно опасных последствий, если эти действия совершены в целях нарушения общественной безопасности, устрашения населения либо оказания воздействия на принятие решений государственными органами РК, иностранными государствами или международными организациями, атакже посягательство на жизнь человека, совершенное в тех же целях, а равно посягательство на жизнь государственного или общественного деятеля, совершенное в целях прекращения его государственной или иной политической деятельности либо из мести за такую деятельность (ст.1 ЗРК «О борьбе с терроризмом» от 13 июля 1999 года № 416)
|
ТЕРРОРИЗМ АКТІСІ - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті зардаптар туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не ҚР мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өміріне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында қастандық жасау («Терроризме қарсы күрес туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416-І ҚРЗ 1-бап)
|
АКТ ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО ОБСЛЕДОВАНИЯ - документ, составляемый должностным лицом государственного органа или его территориальных подразделений по результатам проверки соответствия или несоответствия деятельности субъекта в сфере обращения лекарственных средств требованиям законодательства РК (ст.1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)
|
ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ АКТІСІ - дәрілік заттар айналымы саласындағы субъект қызметінің ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамы жасайтын құжат («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)
|
АКТИВЫ ГОСУДАРСТВА - имущественные и неимущественные блага и права, имеющие стоимостную оценку, полученные в государственную собственность в результате прошлых операций или событий (ст. 4 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|