Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет6/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124
АТТЕСТАЦИЯ - установление (подтверждение) соответствия физических и (или) юридических лиц статусу субъекта семеноводства (ст.1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)

АТТЕСТАТТАУ - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы субъектісінің мәртебесіне сәйкестігін анықтау (растау) («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 ҚРЗ 1-бап)

АТТЕСТАЦИЯ - определение Квалификационной комиссией по аттестации кандидатов в аудиторы квалификационного уровня кандидатов (ст.1 ЗРК «Об аудиторской деятельности» от 20 ноября 1998 года № 304)

АТТЕСТАТТАУ - аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының кандидаттардың біліктілік деңгейін анықтауы («Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы № 304 ҚРЗ 1-бап)

АТТЕСТАЦИЯ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ РАБОТНИКОВ - процедура, проводимая с целью определения соответствия уровня квалификации педагогического работника квалификационным требованиям (ст.1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ АТТЕСТАТТАУ - педагогикалық қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатымен жүргізілетін рәсім («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)

АТТЕСТАЦИЯ РАБОТНИКОВ ОРГАНИЗАЦИЙ КУЛЬТУРЫ - процедура, проводимая в целях определения соответствия уровня квалификации работников организаций культуры квалификационным требованиям (ст.1 ЗРК «О культуре» от 15 декабря 2006 года № 207)

МӘДЕНИЕТ ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН АТТЕСТАТТАУ - мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім («Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 ҚРЗ 1-бап)

АТТЕСТАЦИЯ ПРОИЗВОДСТВЕННЫХ ОБЪЕКТОВ ПО УСЛОВИЯМ ТРУДА- деятельность по оценке про-изводственных объектов, цехов, участков, рабочих мест в целях определения состояния безопасности, вредности, тяжести, напряженности выполняемых на них работ, гиҒгиены труда и определения соответствия условий произ- водственной среды нормативам в области безопасности и охраны труда (ст.1 Трудового кодекса РКот15 мая 2007 года № 251)

ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕРДІ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ БОЙЫНША АТТЕСТАТТАУ - өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)

АУДИРУЕМЫЙ СУБЪЕКТ- юридическое лицо, по финансовой отчетности и прочей информации которого осуществляется аудит (ст.1 ЗРК «Об аудиторской деятельности» от 20 ноября 1998 года № 304)

АУДИТТЕЛЕТІН СУБЪЕКТ - қаржылық есептілігі және өзге де ақпараты бойынша аудит жүзеге асырылатын заңды тұлға («Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы № 304 ҚРЗ 1-бап)

АУДИРУЕМЫЙ СУБЪЕКТ - юридическое лицо, заключившее с аудиторской организацией договор на проведение аудита (ст.1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности аудиторских организаций» от 13 июня 2003 года № 440)

АУДИТТЕУ СУБЪЕКТІСІ - аудитормен немесе аудиторлық ұйыммен аудит жүргізуге шарт жасасқан заңды тұлға («Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы № 440 ҚРЗ 1-бап)

АУДИОВИЗУАЛЬНОЕ ПРОИЗВЕДЕНИЕ - произведение, состоящее из зафиксированных серий, связанных между собой кадров или изображений (с сопровождением или без сопровождения их звуком), предназначенное для зрительного и слухового (в случае сопровождения звуком) восприятия с помощью соответствующих технических устройств. Аудиовизуальные произведения включают кинематографические произведения и все произведения, выраженные средствами, аналогичными кинематографическим (теле- и видеофильмы, диафильмы и слайдофильмы и
тому подобные произведения), независимо от способа их первоначальной или последующей фиксации (ст.2 ЗРК «Об авторском праве и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6)

ДЫБЫСТАУ-БЕЙНЕЛЕУ ТУЫНДЫСЫ - тиісті техникалық құрылғылардың көмегімен көріп және естіп (дыбыспен берілетін жағдайда) қабылдауға арналған өзара байланысты кадрлардың немесе бейнелердің тіркелген серияларынан құралатын (дыбыспен немесе дыбыссыз берілетін) туынды. Дыбыстау-бейнелеу туындылары кинематографиялық туындыларды және бастапқы немесе одан кейінгі түсірілу әдісіне қарамастан кинематография құралдарына ұқсас құралдармен бейнеленген туындылардың бәрін (теле- және бейнефильмдерді, диафильмдер мен слайдфильмдерді және сол сияқты туындыларды) қамтиды («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусым № 6-1 ҚРЗ 2-бап)

АУДИТ - проверка в целях выражения независимого мнения о составлении финансовой отчетности и прочей информации в соответствии с законодательством РК (ст.1 ЗРК «Об аудиторской деятельности» от 20 ноября 1998 года № 304)

АУДИТ - ҚР заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік жасау және өзге де ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру («Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы № 304 ҚРЗ 1-бап)
 

АУДИТ (В СФЕРЕ ПОДТВЕРЖДЕНИЯ СООТВЕТСТВИЯ) - систематический, независимый документированный анализ деятельности аккредитованных органов по подтверждению соответствия и (или) испытательных лабораторий (центров), а также проводимый по инициативе заявителя контроль соответствия сертифицированной продукции, услуги, процессов, систем менеджмента качества установленным требованиям (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)

АУДИТ (СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУ САЛАСЫНДАҒЫ) - сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың және (немесе) сынақ зертханаларының (орталыктарының) қызметін жүйелі, тәуелсіз құжатталған талдау, сондай-ақ өтінім берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің, сапа менеджменті жүйелерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап)

АУДИТ ИНФОРМАЦИОННЫХ СИСТЕМ - системный
процесс оценки текущего состояния
информационной системы, действий и событий, происходящих в ней, устанавливающий уровень их соответствия определенным критериям, техническим регламентам, стандартам, нормативно-технической документации и (или) требованиям заказчика (ст.1 ЗРК «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217)

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ АУДИТІ - ақпараттық жүйенің ағымдағы жай-күйін онда болып жатқан іс-әрекеттер мен оқиғаларды бағалаудың жүйелі процесі, олардың белгілі бір өлшемдерге, техникалық регламенттерге, стандарттарға, нормативтік-техникалық құжаттамаға және (немесе) тапсырыс берушінің талаптарына сәйкестік деңгейін белгілейді («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап)

АУДИТОР - физическое лицо, аттестованное Квалификационной комиссией, получившее квалификационное свидетельство о присвоении квалификации «аудитор» (ст.1 ЗРК «Об аудиторской деятельности» от 20 ноября 1998 года № 304)

АУДИТОР - Біліктілік комиссиясы аттестаттаған, «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға («Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы № 304 ҚРЗ 1-бап)

АУДИТОРСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ - предпринимательская деятельность по проведению аудита финансовой отчетности и прочей информации и предоставлению
иных услуг по профилю деятельности (ст.1 ЗРК «Об аудиторской деятельности» от 20 ноября 1998 года № 304)

АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ - қаржылық есептілігі мен басқа да ақпараттың аудитін жүргізу және қызмет бейіні бойынша өзге де қызметтер ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызмет («Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы № 304-І ҚРЗ 1-бап)

АУДИТОРСКАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - коммерческая организация, созданная для осуществления аудиторской деятельности (cт.1 ЗРК «Об аудиторской деятельности» от 20 ноября 1998 года № 304)

АУДИТОРЛЫҚ ҰЙЫМ - аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйым («Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы № 304 ҚРЗ 1-бап)

АУДИТОРСКИЙ ОТЧЕТ - письменный официальный документ, являющийся результатом проведенного аудита (ст.1 ЗРК «Об аудиторской деятельности» от 20 ноября 1998 года № 304)

АУДИТОРЛЫҚ ЕСЕП - жүргізілген аудиттің нәтижесі болып табылатын жазбаша ресми құжат («Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы № 304 ҚРЗ 1-бап)

АУЛ (СЕЛО)- населенный пункт с численностью не менее 50 человек, из которых работники, занятые в сельском, лесном и охотничьем хозяйстве, пчеловодстве, рыболовстве и рыбоводстве, члены их семей и специалисты здра-воохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта составляют не менее половины населения (ст. 3 ЗРК «Об административно-территориальном устройстве РК» от 8 декабря 1993 года № 2572)

АУЫЛ (СЕЛО) - саны кемінде 50 адам болатын, халқының кемінде жартысын ауыл, орман және аңшылық шаруашылығында, бал ара шаруашылығында, балық аулау мен балық өсіру шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері және денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары құрайтын елді мекен («ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572 ҚРЗ 3-бап)

АУТЕНТИЧНЫЙ ТЕКСТ МЕЖДУНАРОДНОГО ДОГОВОРА - текст международного договора, рассматриваемый участвующими в переговорах сторонами или договаривающимися сторонами в качестве подлинного (окончательного) (ст.1 ЗРК «О международных договорах РК» от 30 мая 2005 года № 54)

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТЫҢ ТЕҢ ТҮПНҰСҚА МӘТІНІ - келіссөздерге қатысушы тараптар немесе уағдаласушы тараптар түпнұсқа (түпкілікті нұсқа) ретінде қарайтын халықаралық шарт мәтіні («ҚР халықаралық шарттары туралы» ҚРЗ 2005 жылғы 30 мамырдағы № 54 1-бап)

АФФИЛИРОВАННОЕ ЛИЦО - организация, являющаяся дочерней по отношению к негосударственному юридическому лицу или признающаяся зависимым акционерным обществом (ст.12 ЗК РК от 20 июня 2003 года № 442)

АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒА - мемлекеттік емес заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын немесе тәуелді акционерлік қоғам деп танылатын ұйым (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ ҚРЖК 12-бап)

АФФИЛИРОВАННОЕ ЛИЦО СУБЪЕКТА ЕСТЕСТВЕННОЙ МОНОПОЛИИ - лицо (заисключением государственных органов, осуществляющих регулирование его деятельности в рамках предоставленных полномочий), которое имеет возможность прямо и (или) косвенно определять решения и (или) оказывать влияние на принимаемые субъектом естественной монополии решения, в том числе в силу договора, включая устный договор, или иной сделки, а также любое лицо, в отношении которого субъект естественной монополии имеет такое право (ст.3 ЗРК «О естественных монополиях» от 9 июля 1998 года № 272)

ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ СУБЪЕКТІСІНІҢ АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАСЫ - шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) табиғи монополия субъектісі қабылдаған шешімге, оның ішінде шарттың, ауызша шартты немесе өзге мәмілені қоса алғанда, күшіне орай әсер ету мүмкіндігі бар (берілген өкілеттіктер шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) тұлға, сондай-ақ оған қатысты табиғи монополия субъектісінің осындай құқығы бар кез келген тұлға («Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 272 ҚРЗ 3-бап)

АФФИЛИРОВАННОЕ ЛИЦО ПОТЕНЦИАЛЬНОГО ПОСТАВЩИКА - любое физическое или юридическое лицо, которое имеет право прямо и (или) косвенно определять решения и (или) оказывать влияние на принимаемые данным потенциальным поставщиком решения, в том числе в силу договора или иной сделки, а также любое физическое или юридическое лицо, в отношении которого данный потенциальный поставщик имеет такое право (ст.1 ЗРК «О государственных закупках» от 16 мая 2002 года № 321)

ЫҚТИМАЛ ӨНІМ БЕРУШІНІҢ АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАСЫ - осы ықтимал өнім беруші қабылдайтын шешімді анықтауға және (немесе) шешімге, оның ішінде шарттық немесе өзге де мәміленің күшіне қарай ықпал етуге тікелей және (немесе) жанама құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзі жөнінде сол ықтимал өнім берушінің осындай құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға («Мемлекеттік сатып алу туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы № 321-ІІ ҚРЗ 1-бап)

АФФИЛИРОВАННЫЕ ЛИЦА - физические или юридические лица (за исключением государственных органов, осуществляющих контрольные и надзорные функции в рамках предоставленных им полномочий), имеющие возможность прямо и (или) косвенно определять решения и (или) оказывать влияние на принимаемые друг другом (одним из лиц) решения, в том числе в силу заключенной сделки (ст.1 ЗРК «О секьюритизации» от 20 февраля 2006 года № 126)

АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАР - шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасасқан мәмілеге байланысты ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) («Секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы № 126 ҚРЗ 1-бап)

АФФИЛИРОВАННЫЕ ЛИЦА - физические или юридические лица (за исключением государственных органов, осуществляющих контрольные и надзорные функции в рамках предоставленных им полномочий), имеющие возможность прямо и (или) косвенно определять решения и (или) оказывать влияние на принимаемые друг другом (одним из лиц) решения, в том числе в силу заключенной сделки (ст.1ЗРК «О пенсионном обеспечении в РК» от 20 июня 1997 года № 136)

АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАР - тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірі) қабылдайтын шешімге ықпал етуге, соның ішінде жасалған мәмілеге орай, мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар («ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136 ҚРЗ 1-бап)

АФФИЛИРОВАННЫЕ ЛИЦА - физические или юридические лица (за исключением государственных органов, осуществляющих контрольные и надзорные функции в рамках предоставленных им полномочий), имеющие возможность прямо и (или) косвенно определять решения и (или) оказывать влияние на принимаемые друг другом (одним из лиц) решения, в том числе в силу заключенной сделки (ст.1 ЗРК «Об акционерных обществах» от 13 мая 2003 года № 415)

АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАР - тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірі) қабылдайтын шешімге ықпал етуге, соның ішінде жасалған мәмілеге орай, мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар («Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 ҚРЗ 1-бап)

АФФИЛИРОВАННЫЕ ЛИЦА - дочерние организации недропользователя и организации, обладающие пакетом акций или долей участия в уставном капитале организации, являющейся подрядчиком на проведение нефтяных операций в РК (ст.1 ЗРК «О нефти» от 28 июня 1995 года № 2350)

АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАР- жер қойнауын пайдаланушының еншілес ұйымдары және ҚР мұнай операцияларын жүргізуге мердігер болып табылатын ұйымның жарғылық капиталында акциялар пакеті немесе қатысу үлесі бар ұйымдар («Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 ҚРЗ 1-бап)

АФФИЛИРОВАННЫЕ ЛИЦА ОБЩЕСТВА- крупный акционер; физическое лицо, состоящее в близком родстве (родитель, брат, сестра, сын, дочь), браке, атакже свойстве (брат, сестра, родитель, сын или дочь супруга (супруги)) с физическим лицом, являющимся крупным акционером либо должностным лицом, за исключением независимого директора, общества; должностное лицо общества или юридического лица, указанного в подпунктах 1), 4)-9) пункта 1, заисключением независимого директора; юридическое лицо, которое контролируется лицом, являющимся крупным акционером либо должностным лицом общества; юридическое лицо, по отношению к которому лицу, являющееся крупным акционером либо должностным лицом общества, является крупным акционером либо имеет право на соответствующую долю в имуществе; юридическое лицо, по отношению к которому общество является крупным акционером или имеет право на соответствующую долю в имуществе; юридическое лицо, которое совместно с обществом находится под контролем третьего лица; лицо, связанное с обществом договором, в соответствии с которым оно вправе определять решения, принимаемые обществом; лицо, которое самостоятельно или совместно со своими аффилированными лицами владеет, пользуется, распоряжается десятью и более процентами голосующих акций общества либо юридических лиц, указанных в подпунктах 1), 4)-8) пункта 1; иное лицо, являющееся аффилированным лицом общества в соответствии с законодательными актами РК (ст.64 ЗРК «Об акционерных обществах» от 13 мая 2003 года № 415)

ҚОҒАМНЫҢ АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ - ірі акционер; қоғамның ірі акционері не, тәуелсіз директорды қоспағанда, лауазымды тұлғасы болып табылатын жеке адамның жақын туысы (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, үлы, қызы), некеде тұрған адамы, сондай-ақ жекжаты (жұбайының (зайыбының) аға-інісі, апа-сіңлісі, ата-анасы, ұлы немесе қызы) болып келетін жеке адам; қоғамның немесе, тәуелсіз директорды қоспағанда, осы тармақтың 1), 4)-9) тармақшаларында аталған заңды тұлғаның лауазымды адамы; қоғамның ірі акционері не лауазымды адамы болып табылатын тұлғаның бақылауындағы заңды тұлға; қоғамның ірі акционері не лауазымды адамы болып табылатын тұлға оған қатысты ірі акционер болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар болатын заңды тұлға; оған қатысты алғанда қоғам ірі акционер болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар болатын заңды тұлға; қоғаммен бірге үшінші тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға; 8) қоғаммен шарт арқылы байланысы бар, қоғам қабылдайтын шешімдерді сол шартқа сәйкес айқындауға құқылы тұлға; 9) дербес немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен бірлесіп қоғамның не осы тармақтың 1), 4)-8) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының он және одан да көп процентін иеленетін, пайдаланатын және оларға билік ететін тұлға;10) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылатын өзге де тұлға («Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ ҚРЗ 64-бап)

АЭРОДРОМ - земельный или водный участок, специально подготовленный и оборудованный для обеспечения взлета, посадки, руления, стоянки и обслуживания воздушных судов (ст.1 ЗРК «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697)

АЭРОДРОМ - әуе кемелерінің ұшып көтерілуін, қонуын, рульдеуін, аялдауын және оларға қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету үшін арнайы әзірленіп, жабдықталған жер немесе су учаскесі («ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚР 31-бап)

АЭРОНАВИГАЦИОННАЯ ОРГАНЮАЦИЯ - организация, осуществляющая обслуживание воздушного движения, обеспечивающая аэронавигационной и метеорологической информацией (cт.1 ЗРК «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697)

АЭРОНАВИГАЦИЯЛЫҚ ҰЙЫМ - әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, аэронавигациялық және метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ететін ұйым («ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚР3 1-бап)

АЭРОПОРТ - комплекс сооружений, предназначенный для приема и отправки воздушных судов, обслуживания воздушных перевозок и имеющий для этих целей аэродром, аэровокзал, другие сооружения, а также необходимое оборудование (ст.1 ЗРК «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697)

ӘУЕЖАЙ - әуе кемелерін қабылдау мен жөнелтуге, әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған және осы мақсаттар үшін аэродромы, аэровокзалы, басқадай ғимараттары, сондай-ақ қажетті жабдықтары бар құрылыс-тар кешені («ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚРЗ 1-бап)

АЭРОПОРТ МЕЖДУНАРОДНЫЙ - аэропорт, обеспечивающий международные воздушные перевозки, в котором организован таможенный, пограничный и санитарно-карантинный контроль (ст.1 ЗРК «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697)

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙ - ішінде кедендік, шекаралық және санитарлық-карантиндік бақылаулар ұйымдастырылып, халықаралық әуе тасымалдарын қамтамасыз ететін әуежай («ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚРЗ 1-бап)

АЭРОПОРТОВСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ - деятельность, осуществляемая физическими и юридическими лицами, связанная с обеспечением воздушных перевозок, авиационной безопасности и безопасности полетов в аэропортах (ст.1 ЗРК «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697)

ӘУЕЖАЙ ҚЫЗМЕТІ - жеке және заңды тұлғалар әуе тасымалдарын, әуежайларда авиациялық қауіпсіздік пен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жүзеге асыратын қызмет («ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚРЗ 1-бап)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау