Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
12-қосымша
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Жалпы ережелер
1. «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
2) көрсетілетін қызметті беруші;
3) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) ХҚО-ға, көрсетілетін қызметті берушіге, порталға жүгінген кезде – құжаттары топтамасын тіркеген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
ХҚО-ға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзіміне кірмейді;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут, ХҚО-ға және порталға жүгінген кезде – 15 минут.
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут, ХҚО-ға және порталға жүгінген кезде – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: қағаз немесе электрондық түрде жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою туралы хабарлама.
Порталда жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою туралы хабарлама, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
көрсетілетін қызметті берушіде – www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде орналастырылған;
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;
3) ХҚО-да – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады.
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО-ға:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі), оралмандар үшін – оралман куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін).
ХҚО жүгінген кезде белгіленген нысандағы көрсетілетін қызмет алушымен жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қоюға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініші (бұдан әрі – өтініш).
Порталда:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші толтырылады.
Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті алушының дербес деректері автоматтандырылған ақпараттық жүйеге жауапты адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында толтырылады;
2) ХҚО-да:
1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні:
2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі;
3) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.
ХҚО қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚО басшысының атына беріледі. ХҚО кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды ХҚО қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің – www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету статусы туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91.
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
Нысан
Жұмыссыз азаматты тіркеу
және есепке қоюға өтініш
______________________________________
Астана және Алматы қалаларының,
аудандардың және облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы органы
Өтініш беруші туралы ақпарат:
Өтініш берушінің
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде): ________________________________;
ЖСН: ______________________________;
Отбасылық жағдайы: _________________________________________________;
Туған күні: _______ жылғы «____» ______________
Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: _____________________________
Сериясы: __________ құжат нөмірі: _____________ кім берген: _____________
Берілген күні: ______ жылғы «____» _____________
Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы: ________________________________
облыс __________________________________________________
қала (аудан) _______________________ ауыл: ________________________
көше (шағынаудан) ____________________ ______________үй ________ пәтер
отбасылық жағдайы ___________________________________________________
Білімі туралы мәліметтер:
Білім деңгейі: _____________________________________________;
Оқу орынының
толық атауы: ______________________________________________;
Мамандық атауы: __________________________________________________;
ОО түсу күні: __________ жылғы «___» _____________;
ОО аяқтау күні: __________ жылғы «___» _______________;
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Кәсібі, лауазымы: ___________________________________________;
Ұйым атауы: ____________________________________________________;
Саласы: ________________________________________________________;
Орналасқан күні: __________ жылғы «___» ______________;
Жұмыстан шыққан күні: __________ жылғы «___» ______________;
Кәсібі, лауазымы: ___________________________________________;
Ұйымның атауы: ____________________________________________________;
Саласы: ________________________________________________________;
Орналасқан күні: __________ жылғы «___» ______________;
Жұмыстан шыққан күні: __________ жылғы «___» ______________
Кәсібі, лауазымы: ___________________________________________;
Ұйымның атауы: ____________________________________________________;
Саласы: ________________________________________________________;
Орналасқан күні: __________ жылғы «___» ______________;
Жұмыстан шыққан күні: __________ жылғы «___» ______________
Қосымша мәліметтер:
Тілді білуі: ______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________;
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________;
Кәмілеттік жасқа толмаған балаларының бар-жоғы туралы мәліметтер:
Баланың тегі: ______________________________________________;
Аты: __________________________________________________________;
Әкесінің аты: ______________________________________________________;
ЖСН: ______________________________;
Туған күні: __________ жылғы «___» _____________;
АХАЖ атауы: __________________________________________________________;
жазба №: ____________________________________________________________________;
Тіркеу күні: __________ жылғы «___» _____________;
Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қоюды сұраймын.
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
телефоны____________ ұялы телефоны__________ Е-маil _______________
20___жылғы «____» _____________. Өтініш берушінің қолы_______________
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
(қию сызығы)
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ___________________________________________ өтініші қоса берілген құжаттармен қабылданды, өтінішті тіркеген күн: 20___жылғы «____» _____________, көрсетілетін қызметті алу күн: 20___жылғы «____» ______________.
«Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Достарыңызбен бөлісу: |