Иірімжіп өндірісінің технологияларын жетілдіру



Дата06.01.2020
өлшемі59 Kb.
#25957

ӘОЖ 677.485
ИІРІМЖІП ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
PhD доктор Г.Б.Демеуова

Берілген жұмыста тоқыма өнеркәсібі шаруашылықта кең қолда-нылатын бұйымдарды жасап шығарушы өнеркәсіп болып табылады. Мақалада мақтаны иіріп, одан жіп жасауда қолданылатын жаңа технологиялардың, процесстердің жұмысы қарастырылған.

Тоқыма өнеркәсібі шаруашылықта кең қолданылатын бұйымдарды (трикотаж, тігін жіптері, кілем және т.б.) жеткізіп берумен қатар бқйым жасау өнімдерін (кард жіптері, ұзату таспалары, изоляциялық материалдар және т.б.) жасап шығарушы өнеркәсіп болып табылады. Бұл өнімдер әскери, денсаулық сақтау, авиация, автомобиль, аяқ-киім сияқты салаларында да кеңінен қолданылады.

Жаңа фабрикаларды салуда және ескілерін қайта жабдықтауда жасап шығары-латын өнімдердің ассортименттерін нарық талабына сай кеңейту сапасын жақсарту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қол еңбегін азайту, фабрика цехтарында экологиялық жағдайды жақсарту, нарық талабына сәйкес әртүрлі өзгерістерге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету мәселелерін есте сақтаған жөн.

Қандай жағдай болмасын салынып жатқан және қайта жаңартылып отырған кәсіпорнынан алынатын табыстың жоғары болуын көздеу қажет. Жоғары техноло-гияда жасап шығарылатын жіптердің өзіндік құны арзан, еңбек шығыны кем болмауы талап етіледі. Бұл талаптарға жауап беруі үшін таңдалған машиналар жаңа қолданысқа қолайлы болуы, электр энергиясын үнемді пайдалануы, еңбекті аз талап етуі, технологиялық процесстер мен жіп иіру жоспарының дұрыс түзілуі, сыйымдылығы орамалардың арттыруы, машиналардың үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі, қоспадан көп жіп шығаруы, қалдықтар мен үзілулер мөлшерін кемітуі қажет. Шығарылатын өнім жіп және өнімдері барлық жағынан бәсекеге қабілетті болуы қажет.

Мақтаны иіру технологиялық процестерін ұйымдастыруда төмендегі негізгі техникалық - экономикалық талаптар қойылады:

1. Жоғары жылдамдықтағы машиналарды таңдау, пәндік және ғылыми тәжірибелер негізінде жасалған жаңа технологияны пайдалану нәтижесінде әр бір машинаның жоғары жұмыс өнімділігін және өнімнің сапасын қамтамасыз ету.

2. Машиналарды бір-бірімен агрегаттау және созу аспаптарының қуаттарын арттыру нәтижесінде технологиялық процестерді қысқарту.

3. Еңбекті ғылыми-тәжірибелер негізінде дұрыс ұйымдастыру.

4. Шикізатты үнемді пайдалану.

5. Өндірілетін жіптің өзіндік құнын төмендету мақсатында аз энергияны талап ететін кіші электрлік аспаптарды пайдаланып, шығын мөлшерін азайту.

6. Дүниежүзілік нарық талаптарына жауап беретін сапалы жіп иіріп, экспортқа жіберілетін дайын өнім және бұйымдар жасап шығару.

7. Дамыған техника мен технологияларды пайдалану.

8. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, цехтарда температура және ылғалдылық көрсеткіштерін қажетті мөлшерде сақтау және экологиялық тазалықты сақтау.

Мақтаны иіру технологиялық процестерін ұйымдастыру түрлі бағыттарда орындалуы мүмкін.

1. Кәсіпорынды немесе кейбір цехтарды қайта жабдықтау.

2. Жұмыс істеп жатқан фабрикаларда өнім мөлшерін арттыру және сапасын жақсарту.

3. Жаңа фабрикаларды жобалау.

Технологиялық процестерді жобалауға берілген тапсырмада төмендегі мәселе есте сақталуы қажет: жіп жасалған технология, қондырғылар және жасалған жұмыстар алынатын жіптің мөлшерін көбейтіп, сапасын жақсарту, жіптің өзіндік құнын төмендетуі тиіс. Жобаланып отырған кәсіпорынның барлық экономикалық көрсеткіштері басқа да кәсіпорындардан төмен болмауы тиіс.

Жіп иіру - бұл бірнеше технологиялық процесстердің жұмыс нәтижесі, онда түрлі ұзындықтағы және біртегіс, берік жіп алу жұмыстары орындалады.

Мақтаны иіріп, одан жіп жасауда қолданылатын жаңа технологияларды негізгі қызметіне қарай төмендегідей сипаттауға болады.

1.Түту - тазалау агрегаттарында аэродинамикалық тазалауға көп көңіл бөлінген. Түрлі ажыратқыштар - (детекторлар) сепараторлар қолданылуда. Өрттің алдын алу мақсатында сезімтал элементтер кең пайдаланылуда.

2. Қалпақтық тару машиналарының жұмыс өнімділігі 200кг/с.

3. Түту - тазалау - тарау агрегаттарын білтелеу машинасын біріктіріп білте алу жылдамдығы 1000м/мин. жеткізіледі. Ол үшін тарау машинасының сыйымдылығы 1,5 есе арттырылған. Нәтижесі таспалауға енетін өнім тарам қалыңдығының сызықтық тығыздығы асырылып, таспалау талаптары орындалған.

4. Таспалауда таспа алу жылдамдығын асыру мақсатында 4*3 немесе 5*4 созу аспаптары қолданылып, жоғары білікшелердің жүктелуі пневматикалық әдіспен жүзеге асырылуда.

5. Таспалауда ұршық жылдамдықтары арттырылып, таспа массасы 2,5 кг жетті. Толған орамаларды автоматты түрде шығарып алу және жинау, орнына жаңасын жіберу үшін арнайы конвейерлер қолдануда.

6. Қалқанды иіру машиналарында ұршықтың жылдамдығы 25000, жылдам-дығы 150000 мин.-ге жеткізіліп, өнімділігі арттырылды.

7. Қалқанды иіру машиналары қайта орау автоматтарымен біріктіріліп агрегат-танғаны үшін бір ғана ағым пайда болып, жіпті тоқуға дайындау процесстерінің бір бөлігі орындалып, бобиналарда дайын өнім ретінде шығарылуда.

Иіру кәсіпорындарында негізгі өнімі жіп болып табылады. Жіптің мынадай түрлері бар: жеке жіп, моножіп, боялған жіп, меланжды жіп, арқанды жіп, тоқылған жіп, ширатылған жіп. Олар қолданылуына қарай да бөлінеді: тоқыма, трикотаж, тігін жіптері, техникалық, аяқ-киімдік, кестелеу жіптері. Иірілген жіптердің негізгі бөлігі,яғни 75% мата тоқуда, 20-25 % трикотаж және 2,5% тігін жіптерін жасауда пайдаланылады. Жіптердің белгілі бір бөлігі астарлық және басқа бұйымдарды жасауға қолданылады.

Иірілген жіп қолданылуына қарай белгілі талаптарға жауап беруі керек, яғни берік, созылуға шыдамды, таза және біртегіс болуы қажет. Осы талаптарды есепке ала отырып жаңа жобаланып жатқан кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастыру керек. Ол үшін қазіргі заманғы иіру технологиялары мен қондырғыларды таңдап, кейін технологиялық процесстерді жоспарлауда оларды пайдалану керек.

Республикамыздағы тоқыма кәсіпорындарында негізінен Германия, Италия, Швейцария, Жапония, Қытай мемлекеттерінің жетекші фирмаларының иіру жабдық-тары кеңінен қолданылады. Төменде осы қондырғылар жайлы мәлімет беріледі.

Иіру процесінің бірінші сатысында тайланған талшықтардан түту, тазалау және араластыру процестері арқылы тарау машиналары үшін біртегіс өнім алынады. Бұл процесс бір технологиялық жүйеге біріктірілген (ТТА) түту тазалау агрегаттарында жабдықтарында жүзеге асырылады. Бұл агрегаттардың құрамы өңделіп жатқан талшықтың ластық дәрежесіне, ұзындығына, иірілген жіптің ассортиментіне байланысты таңдалады (жоспарланады немесе қабылданады).

Басқада мемлекеттердің тоқыма кәсіпорындарында қолданылатын ТТА классификациясы әр түрлі, оларды біріктіріп универсал түту тазалау агрегаты (УТТА) деп атауға болады.

УТТА - да төмендегі процесстер орындалады:


  • бастапқы тазалау;

  • араластыру;

  • негізгі тазалау;

  • соңғы тазалау.

Бұл агрегатта тазалау процесі 3 сатыда жүргізіледі, нәтижесінде талшықты өнімнің залалдануы және ұзын талшықтардың қалдықтарға қосылып шығып кетуі айтарлықтай дәрежеде кемітілген.

Агрегаттың құрамы, гарнитура түрлері, жұмысшы органдар саны талшықтың өнімнің ластану дәрежесіне, түріне және иірілген жіптің ассортименттеріне байланысты өзгертілуі мүмкін. Агрегат машиналары пневмоқұбырлар көмегімен біріктірілген. Пневмоқұбырлар негізгі және көмекші қалпында орнатылады да, жүйедегі машинаны технологиялық процестен шығарып қою мүмкіндігін береді. Негізгі тазалаудан соң соңғы тазалауда аэродинамикалық тазалағыштардың қолданылуы, талшықтардың зақымдалуымен бірге шиеленісуі де азаяды.

УТТА машиналарының параметрлері компьютер көмегімен басқарылады. Әдетте агрегаттардан қалдықтары сорып алу шаісыздану жүйесімен бірге қолданылады.

Мақта талшығы иіру кәсіпорындарында массасы 200-250 кг тең тайларда жеткізіледі. Жіп иіру технологиялық процесі түтуден басталады.

Түту әдістерінің сабап түту және түту әдістері, бір-бірінен ажыратылмаған күйде көп машиналарда қолданылады. Сондықтан сабап түтуде пышақты және осыған ұқсас бөлшектерімен қапталған барабанды түткіштер, ал іліп түтуде сырты ине, ара тістерімен қапталған, ілгерілмелі қозғалыстағы машиналар қолданылады. Олар инелі машиналар деп аталып, түту бастапқыда қолмен, кейін камера ішіндегі инелі торлармен орындалады. Автотүткіштерде түткіш органдар жоғарыдағыдай пышақтар, тістермен қапталған. Олардың көмегімен тайдан мақта талшығы түтіп алынады.

Қарапайым түткіштер әдетте төрт немесе бесеуден батареядан жинақталып, түту-тазалау агрегатының (ТТА) құрамына енеді және оны ТТА операторы басқарады.

Қазіргі таңда иіру кәсіпорындарында түрлі автотүткіштер кең қолданылады. Олар мақта ағымын ауадан бөліп алу тәсіліне қарай бір-бірінен ерекшеленеді (жоғарыдан, төменнен, жанынан). Мақтаны пышақты барабан немесе ара тісті дисктің, сондай-ақ, инемен қапталған жабдықтың көмегімен ажыратып алады.

Автотүткіштерде талшық тазалау жабдығы болуы да, болмауы да мүмкін. Автотүткіштердің алдына қойылған қатардағы тайлар саны кемінде 36, ең көбі 180 болуы мүмкін.

Шетелдік фирмалардың технологиялық қондырғылар қатарында түрлі құры-лымды түту жабдықтары орнатылған.

Автотүткіштер мақтаны өңдеу тәсіліне қарай былайша ерекшеленді:



  • түзу бағытта ілгерілмелі - қайтымды қозғалыстағы (Unifloc);

  • түзу және қисық бағытта ілгерілмелі - қайтымды қозғалыстағы (Blendomat);

  • айналмалы қозғалыстағы.

Автотүткіштердің құрылымы ұқсас болып келеді, олар комьютермен басқары-лады. Сондықтан олар жобаларда бір-бірінің орнына қолдана береді.

Иіру кәсіпорындарында негізінен сабап тазалау, илеп тазалау, және аэродина-микалық тазалау тәсілімен жұмыс істейтін тазалағыштар қолданылады.

Сабап тазалау түрлі пышақтармен қапталған бір барабанды, қос барабанды және алты барабанды тазалағыштарда іске асырылады. Сабап тазалау машиналары-ның жұмысшы органдары пышақтармен қапталғанда пышақтар дисктерге бекітіліп, пышақтың бірінші барабанында қолданылады.

Тазалаудан шығатын қалдық мөлшері тазалау нәтижесінің мөлшері тазалау нәтижесінің мөлшерімен белгіленеді, оған негізінен барабанның жылдамдығы, пышақтар мен барабан және колосниктер арасындағы саңылаудың өлшемі әсер етеді.

Көпқырлы араластыру тазалау машиналарын шикізатпен қамтамасыз етуде және сапалы қоспа дайындауда нәтижелі жұмыстар атқаруда. Түту, тазалау, араластыру процестерінде әр түрлі уақытта немесе бір мезгілде түту-тазалау агрегаттары құрамына кіретін машиналарда орындалады.

Түрлі фирмалардың түту, тазалау, араластыру қондырғылары тарау машинасы-мен жабдықталған, олардың ирілетін жіптің сызықтық тығыздығы мен материалына байланысты болады. Сондай-ақ түту, тазалау, тарау машиналары таспалау машинала-рымен бірге қолданылуда. Тарам қалыңдығын таспалау машинасының өнімінің қалыңдығына сәйкестендіру мақсатында қалпақты тару машинасының енін бір жарым есе үлкейткен. Тарау машинасын жалпы пайдалану мақсатында қоректендіру аймағы, қалпақ полотнасы, таспа түрлендіруші аймақтар тығыз орналастырғаны себепті жөндеуде басқасымен ауыстырылп қолданыла береді.

Сонымен, қондырғыларды арнайы жөндеуге жәберілмейді. Демек, агрегатты үнемді пайдалану шаралары қарастырылған.

Әдебиет
1. Мырхалыков Ж.Ү. Жіптерді орау процесінің теориялық негіздері. Шымкет, 2008ж.

2. Борзунов И.Г. и др. Прядение хлопка и химических волокон. Легпромиздат, 1986г.

3. Севостьянов А.Г. и др. Механическая технология текстильных материалов. Легпромиздат, 1989г.

4. Павлов Ю.В. и др. Теория процессов технология и оборудование прядения хлоп-ка и химических вололкон. Иваново, 2000г.



5. Прошков А.Ф. Исследование и проектирование мотальных механизмов. Машгиз, 1986г.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз

РАССМОТРЕНИЕ И СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ ТЕХНОЛОГИИ ПРЯДИЛЬНОГО ПРОИЗВОДСТВА
PhD доктор Г.Б.Демеуова
Текстильная промышленность является одной из важнейших отраслей народного хозяйства. В работе рассмотрены новые технологии и процессы прядения хлопка при получении пряжи.

CONSIDERATION AND IMPROVEMENT TECHNOLOGY

SPINNING PRODUCTION
PhD doctor G.B.Demeuova
Textile industry is one of the the most important branches public facilities. New technologies and processes of the spinning of the pat of the reception of the yarn are considered in work.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау