Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет42/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
83
Төмендегі әңгімеде жеті жасар қыз өзінің 
қайыр сұрап тұрғанда әйел-«бейтаныс 
адам саудагерімен» автобус аялдамасын-
да танысқанын айтып берген. Әйел баланы 
«көше баласы-қайыршы» деп ойлап, машинаға 
тамақ беремін деп, қызықтырып отырғызған. 
Қыз машинаға отырғаннан кейін «бейтаныс 
адам саудагері» бір үйге алып келген, онда оны 
қамауда ұстап, бақылауда ұстаған, оны еркімен 
тыс негізінен үй қызметшісі ретінде жұмыс 
істеуге мәжбүр еткен. Бұл – Қазақстандағы ішкі 
адам саудасының мысалы. 
«Мен әпкеммен бірге вокзалдың ішінде жүріп, 
автобустарда қайыр сұрап жүрдік... Бір бала-
сы бар әйел менің қасыма келіп, менің атым-
ды сұрады, сосын маған тамақ бермекші 
болды. Мен оның ізінен бардым, оның ма-
шинасына отырдым, сосын машина жүріп 
кетті. Әйел менің қолымнан ұстап, бір үйге 
кіргізді. Сол үйде басқа да әйелдер болды, 
бірақ мен олардың тілдерін түсінбедім. Олар 
есікті кілтпен жауып қойды, сондықтан 
мен сыртқа шыға алмадым. Мен жыладым, 
анамды айқайлап шақырдым. Сосын бір ер-
кек келді, ал ол киім, аяқ киім және орамал 
алып келді. Ол мені басқа үйге алып барды. 
Сол жерде маған тамақ берді. Содан соң олар 
маған шелек пен шүберек берді де, үйді та-
залауды бұйырды...Мен үйді ретке келтіріп, 
еденді жудым, картоп, пияз және сәбіз таза-
ладым. Әйел мені қадағалап жүрді. Олар маған 
ақша берген жоқ. Сол жерде жұмыс істейтін 
әйел бізге тамақ, әкеліп жүрді. Ол ылғи да 
қасымда тұрып, менің нені жууым керектігін 
айтып тұратын...Мен сол үйде ұзақ уақыт 
бойы болдым, бір ай шығар. Дәл айта алмай-
мын. Үй үлкен еді. Мен бөлмеде тұрдым, ал 
есікті құлыптап қойып жүрді». (449, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 7 жас)
«ЖҰМЫС БЕруШі АДАМ САуДАГЕріНің» 
АЛДАуЫ  
Адам саудасының құрбандарының көпшілігі 
өздерін «жұмыс беруші-адам саудагерінің» 
алдағанын айтып берген. Төменде берілген үш 
әңгімеде адам саудасының үш құрбаны өздерін 
«жұмыс беруші адам-саудагерлерінің» қалай 
алдағанын, өздерін еркінен тыс бірнеше айдан 
бірнеше жылға дейін құл еткенін айтқан. 
«Мен пойызбен менің қожайыныммен және 
құжаттарыммен Мәскеуге баруға бел бай-
ладым. Олар билеттерді сатып алды, бізге 
тамақ алып берді және жолдағы барлық 
мәселелерімізді өздері шешті. Бізге ілесіп 
жүрген дүкеннің қожайыны біздің онда ба-
руымызды ұйымдастырды, билет сатып 
алды. Менің қаламнан келген жігіт менімен 
бірге барды. Дүкеннің қожайыны бізді 
жұмыс орнымызға ертіп келді. Мен сол жер-
де жұмыс істеуім керек екенін түсіндім, 
сосын олар менің құжаттарымды алып 
қойды. Мен сол жерге еріксіз келген барлық 
жұмысшыларды көрдім... Алғашқы екі күні 
мен үй қызметшісі болып жұмыс істедім, 
сосын әр түрлі жұмыстарды атқаратын 
жұмысшы болдым, себебі орыс тілінде нашар 
сөйлесемін. Мен барлық лас жұмыстарды 
істеуге тиісті болдым – еденді жудым, ауыр 
жүк түсірдім...Маған ақша берген жоқ, біз 
ақысыз жұмыс істедік. Ешкім бізге жеке 
қажеттілігімізге ақша бермеді... Дүкенде ка-
мера қойылған еді, бір-бірімізбен және кли-
енттермен сөйлесуге рұқсат бермейтін. 
Біз туыстарымызбен сөйлескенде, 
күзетшілердің бірі қасымызда тұрып, бізге 
жағымсыз нәрселерді айтқызбайтын. Біз 
туыстарымыз ештеңе білмеуі үшін оларға 
барлығы жақсы деп айтуға мәжбүр болдық. 
Барлығымызды қатаң бақылауда ұстады. 
Біз ауыр жұмыстарды орындадық және ауыр 
жүк тасыдық, ал біреу жұмыс істеуден бас 
тартса, олар бізді аямай ұратын. Сол жер-
де мен сияқты 10- 12 басқа адамдар жұмыс 
істеді, олардың жастары 18 –ден 32-ге 
дейін...Мен оларға не болғанын білмеймін. Мен 
өзімнің әпкеммен сөйлесе алмайтынмын, ол 
әлі сол жерде жұмыс істейді. Мен сол жерде 
жыл болдым [ол адам саудасының құрбанына 
айналғанда, оның жасы 15-те болды, ал қазір 
оның жасы 19-да].” (304, адам саудасының 
құрбаны, жынысы–әйел, 19 жас).
«Мен үйден кеткенде менің жасым 22-де бол-
ды. Менің туыс әпкем маған Мәскеуге жұмыс 
істеуді ұсынды, сонда ақша табасың деді...
Мен өзімнің ағаммен вокзалға бардым. Біз бір 
әйелді кездестірдік, ол маған киім мен ақша 
керегі жоқ деді. Ол мені пойызға отырғызып 
жіберді...Мені билетсіз салып жіберді, себебі 
олар жолсерікпен менің Мәскеуге баруым 
жайында келісті...Мәскеуге мені дүкеннің 
қожайынының қызы күтіп алды, мен сол 
дүкенде жұмыс істеуім керек болды. Мені 
дүкен қожайынының қызы күтіп алып, 
біз дүкенге бардық, ал мені бірден жұмыс 
істеуге қоймаға жіберді. Менің сөмкемде 
Құран болған, сол құранның арасына мен 
жеке куәлігімді салып қойғанмын. Кешке мен 
келгенде оны ұрлап кеткенін білдім. Сосын 
олар мені администратор болып жұмыс 
істейтін әйелмен таныстырды, ол біздің 
жұмысымызды және бізді бақылап жүрді. 
Мен өзімнің ағамды көріп жүрдім, біз бір-
бірімізбен амандасып жүрдік, бірақ сөйлесе 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау