Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет40/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
79
қасымызды қырып тастайтын, қол-
аяғымызды байлап тастайтын...Бізге тіпті 
ұсақ-түйекке ақша бермейтін. Олар бір 
тиын тауып алса, бізді ұратын». (433, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 29 жас)
«Бізге сыртқа шығуға рұқсат етпейтін; олар 
бізге тамақты күніне бір рет қана беріп, 
тыңдамағанымыз үшін ұратын». (370, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 18 жас)
«Олар маған осымен айналыспасам, 
[жезөкшелікпен] мені өлтіретінін айтты!» 
(424, адам саудасының құрбаны, жынысы–
әйел, 19 жас)
«Біз бірнеше күн ұйықтай алмайтынбыз және 
бізге тамақ бермеді». (433, адам саудасының 
құрбаны, жынысы–әйел, 29 жас)
«Мамка» барлық ақшаны алып қоятын. 
Ол біздің киімдерімізді тексеретін, тіпті 
клиенттер бізге қосымша ақша берген 
де алып қоятын. Біз оған барлық ақшаны 
тапсырмасақ, олар бізді ұратын еді. Олар 
бізді терезесі жоқ бөлмелерге қамап қоятын 
және үшін жазалау жерқоймаға салып қамап 
қоятын. Олар бізді клиенттерге алып келіп, 
ал уақыт біткенде, қайтадан жерқоймаға 
қамап қоятын». (290, адам саудасының 
құрбаны, жынысы–әйел, 23 жас) 
«Мені секс қызметін көрсетуге мәжбүр етті, 
ал бас тартқан кезімде мені сутенер қатты 
ұрды, сондықтан мен келістім... Ол өте 
қатыгез адам еді, ал біз саунаға клиенттер-
ге барудан бас тартқанда, ол бізді аяусыз 
ұратын» (297, адам саудасының құрбаны, 
жынысы–әйел, 23 жас)
«Клиенттер тапсырыс бойынша бола-
тын және бізді клиенттерге өздері ілесіп 
жүріп апартын. Мен ақша үшін жыныстық 
қатынасқа түстім. Бізді күніне 18 сағат 
жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүр 
етті. Клиенттер бірінен соң бірі келетін. 
Мен осымен [секс] енді айналыса алмағанда 
және аяғымның бұлшық еті құрысып 
тартылғанда, мені «Мамка» да, «қожайын» 
да ұратын. Сосын мен клиенттерден арақ 
ұрлап алып, ішіп алатын болдым, себебі біз 
мас болсақ, олар бізді жұмыс істеуге апармай-
тын». (202, адам саудасының құрбаны, жыны-
сы–әйел, 18 жас)
«Қыздар бір-бірімен сөйлесе алмайды. Олар 
жылайды, «Үйге қайтқым келеді» дейді. 
Қожайындар қыздарды қатты ұратыны 
сонша, олар керуеттен тұра алмай қалады. 
Сол жерде бір қыз болды, олар оны жиі 
ұрғандықтан, оның психикасы бұзылған. 
Оған жақындап барсаңыз, ол айқайлап, 
тебіне бастайды. Ол адамдарды көрсе, 
күйгелектене бастайды. Дос қыздарыммен 
бірге оған көмектесіп жүрдік, онымен 
сөйлесіп, тамақ беріп жүрдік. Қожайын бізге 
«оған жақындамаңдар» деп айтты, бірақ біз 
бәрібір оған көмектесіп жүрдік. Көп ұзамай 
ол бізді танымайтын болды. Сосын оны 
психиатриялық ауруханаға алып кетті, 
бірақ бұл көмектеспеді. Ол бізді танымай-
тын болды, жай-күйі нашарлап кетті... Бір 
қыздың аяқтарының арасында бөртпе пай-
да болды. Бір клиент оған дәрі әкеліп берді. 
Біз оған түнде барып, көмектестік. Бір қазақ 
қызы бізге: «Сендер неге оған көмектесіп 
жүрсіңдер? Ол бәрібір өледі» деді». (433, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 29 жас)
Адам саудасының кейбір құрбандары адам 
саудагерлерінің/қанаушыларының сонымен 
бірге өз құрбандарын күніне 24 сағат бойы, 
соның ішінде олар клиентпен өткізген уақытта 
да қадағалау және бақылау үшін бөлмелерде 
және дәліздерде бейнекамераларды және жа-
сырын тыңдау құрылғыларын қолданатынын 
айтты. Бейнекамералар мен жасырын тыңдау 
құрылғылары құрбандарды қосымша қорқытып-
үркіту және психологиялық бақылау құралы бо-
лып табылады, себебі олар үнемі қанаушылардың 
қырағы назарында және жіті қадағалауында бо-
лады. Екінші әңгімеде адам саудасының құрбаны 
бөлмелерге қойылған бейнекамералар туралы 
полицияның білетінін және ғимаратты тексер-
генде бұзып кететінін айтып берген, алайда адам 
саудагерлері/қанаушылар жай ғана полиция 
кеткен соң, оларды жөндеуден өткізіп немесе 
ауыстырып қоятын болған. Бұл да полицияның 
адам саудагерлерімен/қанаушылармен, соны-
мен бірге адам саудасының құрбандарымен 
байланысқа түсетінін көрсетеді, алайда көптеген 
жағдайларда адам саудасының құрбандарын 
сондай деп анықтамайды және оларды 
құтқарумен және адам саудагерлерін қамауға 
алумен айналыспайды. 
«Клиенттер қыздарға қосымша ақы 
төлейтін, бірақ қожайындар біліп қойса, 
олар қыздарды өлтіріп тастауы мүмкін еді. 
Қонақүйдің әрбір бөлмесіне жасырын тыңдау 
құрылғысы қондырылған, ал дәліздерде ка-
мералар болды. Тіпті қожайын демалғанда, 
ол барлығын бір мезгілде естіп отыратын. 
Клиенттер бізден «Неге сендер осында 
жұмыс істейсіңдер?» деп сұрайтын, сонда біз 
сол жерге өз еркімізбен келгенімізді айтуымыз 


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
80
керек болды, себебі қожайын барлығын естіп 
отыратын». (435, адам саудасының құрбаны, 
жынысы–әйел, 21 жас)
«Екі қыз сөйлессе, ал басқа қыз бұл туралы 
қожайынға айтып қойса, сөйлескен қыздар 
таяқ жейтін, оларды бір-бірімен сөйлескені 
үшін және қожайынды тыңдамағаны үшін 
таяқпен ұратын және денесіне ыстық үтік 
қоятын... Кейде клиенттер: «Саған не бол-
ды? Неге бүкіл денең көгеріп кеткен?» деп 
сұрайтын. Біз «басқа қыздармен төбелесіп 
қалдық» деп айтуымыз керек болды. Әрбір 
бөлмеде камералар орнатылған еді... 
Полиция қызметкерлері кейде келіп, тексеріс 
жүргізетін, содан соң олар бөлмелердегі 
камераларды сындырып кететін, бірақ 
қожайындар олар кеткен бойдан камера-
ларды қайтадан орнататын. Және олар 
[қожайындар] бізді полиция көрмес үшін 
жертөлеге жасырып қоятын...Сол жерде 12-
40 жас аралығындағы шамамен 80 қыздар 
мен әйелдер болды». (433, адам саудасының 
құрбаны, жынысы–әйел, 29 жас) 
Сонымен бірге адам саудагерлері/қанаушылар 
өз құрбандарын бақылау және қадағалау үшін 
және олар қашып кетпес үшін күзетшілерді 
белсенді түрде қолданады. Көп жағдайларда адам 
саудасының құрбандары тәулігіне 24 сағат бойы 
бақылауда болады. Күзетшілер көп жағдайларда 
қыздарды қадағалауға жауап береді және 
физикалық зорлық-зомбылық көрсету арқылы 
қыздардың тәртіп сақтауына жауап береді және 
тіпті қыздардың бір-бірімен сөйлесуіне жол 
бермейді. Күзетшілер сонымен бірге қыздарды 
олар жыныстық қызмет көрсететін сауналарға, 
қонақүйлеріне және пәтерлерге және қайтадан 
тұратын жерлеріне тасымалдауға жауап береді. 
Әдетте күзетшілер жыныстық қызметке төленетін 
ақыны жинайтын болған, бұл құрбандардың 
ақшаға қолы жетпеуі үшін жасалған. Күзетшілердің 
ер адам да, әйелдер де болуы мүмкін екенін атап 
өту керек. Төменде берілген әңгімелерде адам 
саудасының кейбір құрбандары күзетшілердің 
атқарған қызметтері туралы айтқан. 
«Күзетшілер бізді қадағалап жүрді...
Біздің тіпті басқа қыздармен сөйлесуге 
де мүмкіндігіміз болмады». (433, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 29 жас)
«Қыздардың әрқайсысына күзетші 
тағайындалған, ол қызға тіпті дәретханаға 
барғанда да ілесіп жүреді. Қашып кету мүмкін 
болмады. Күзетші ақшаны алып кетуге және 
қыздардың қашып кетуіне жол бермеуге тиіс 
болды. Қашып кету мүмкін емес еді». (435, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 21 жас) 
«Сол екі еркек [оңбаған күзетшілер] бізді оның 
[«мамканың»], алдында денеміз көгергенше 
ұратын, сондықтан біз оларға қарсы 
тұрмайтынбыз». (196, адам саудасының 
құрбаны, жынысы–әйел, 18 жас)
«Біз шақыру бойынша жұмыс істедік... Біздің 
арамыздан бір қызға тапсырыс бергенде, 
оны екі қожайын әйел машинамен ілесіп алып 
баратын. Олар мені клиентпен екі сағатқа 
немесе түні бойы қалдыратын. Сосын мені 
тағы солай алып кететін... Маған істеген 
жұмысым үшін ақша төлемеді, тек ақшаның 
бір бөлігін беріп, қалғанын өздері алатын... 
Бізді қожайындар бақылауда ұстады, сыртқа 
шығуға мүмкіндік болмады». (202, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 18 жас)
«Олар мені «белгілі бір жерге» алып келіп, 
алып кететін және мені бақылауда ұстады. 
Мен биік дуалдың арғы жағында тұрдым, сол 
жерде күзетші үнемі қарап тұратын». (390, 
адам саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 17 
жас)
«Күзетші ылғи бізді ешқайда қашып кетпесін 
деп қадағалап жүрді. Олар бізге киім мен 
тамақ әкелетін...» (408, адам саудасының 
құрбаны, жынысы–әйел, 18 жас)
Сауалнама мәліметтері адам саудасының 
құрбандарының кейде секс-жұмыскерлердің 
иерархиялық сатысымен көтеріліп, кейіннен «бас 
жезөкше» болатынын және адам саудагерлеріне/
қанаушыларға адам саудасының басқа 
құрбандарын бақылауға көмектесетінін және 
жаңадан келгендірді үйрететінін көрсетеді. Адам 
саудагерлерінің талаптарына бағынып, осын-
дай құрбандар өздерінің сатымен жоғарылауы 
оларға өздерінің қанауға ұшыраған және адам 
саудагерлерінің алдында дәрменсіз болып отырған 
ортасында белгілі бір мәртебе, билік мен басқа 
құрбандарды бақылау мүмкіндігін беретінін айта-
ды. Адам саудасының бір құрбаны былай деді: 
«Мен ақша үшін жыныстық қатынасқа 
түсе бастағанда, менің жасым 22-де еді. 
Біз Астанаға келгенде, олар бізге осы-
ны қалай істеу керектігін көрсетті, со-
сын мен өзім бұның көп табыс беретінін 
түсіндім, көп ұзамай мен басқалардың [басқа 
жезөкшелердің] арасында бас жезөкшеге 
айналдым және оларды оральды секспен 
айналысуға мәжбүр еттім, оларға әртүрлі 
қалыпта жыныстық қатынас жасау 
тәсілдерін көрсеттім. Мен күніне 10 сағат 
жұмыс істедім... «Мамка» мен еркектер, олар 
тек ақша жайында ойлайтын». (329, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 22 жас)


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау