99
6-тарау
ТӘуЕКЕЛДі МіНЕЗ-ҚҰЛЫҚ
Осы тарауда әлеуметтік осал балалардың, адам саудасының құрбандарының, секс-
жұмыскерлердің тәуекелді мінез-құлықтары сипатталады. Тәуекелді мінез-құлыққа
алкогольді ішімдіктерді қолдану/асыра қолдану, есірткі заттарды қолдану/асыра
қолдану, зинақорлық, қорғаныссыз жыныстық қатынас және жыныстық қатынас
арқылы таралатын ауруларды жұқтыру, өзіне-өзі зақым келтіруге және өзіне-өзі қол
жұмсауға бағытталған іс-әрекеттер жатады. Осы тарауда көптеген адам саудагерлері
және қанаушылар өздерінің құрбандарын тәуекелді мінез-құлық түрлеріне, мысалы
алкогольді ішімдіктерді қолдану/асыра қолдануға, есірткі заттарын қолдану/асыра
қолдануға, зинақорлыққа, қорғаныссыз жыныстық қатынасқа, жыныстық қатынас
арқылы таралатын ауруларды жұқтыруға мәжбүр еткені көрінеді.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
100
АЛКОГОЛьДі іШіМДіКТЕрДі
ҚОЛДАНу/АСЫрА ҚОЛДАНу
6.1-кестеден сауалнама жүргізілген топтың
53,8% алкогольді ішімдік қолданатыны туралы
айтқаны және 43,8% алкогольді ішімдіктерді өз
еркімен қолданатыны туралы айтқаны көрінеді.
Алкогольді ішімдіктерді қолданатындардың ең
көп үлесі секс-жұмыскерлердің арасында (70,8%),
олардың көпшілігі алкогольді ішімдіктерді өз
еркімен қолданады (63,2%). Салыстыра келе, адам
саудасының құрбандарының 60,2% алкогольді
ішімдіктерді қолданатыны туралы айтқан және
тек 39,8% алкогольді ішімдіктерді өз еркімен
қолданғанын айтқан. Негізінен адам саудасының
құрбандарын алкогольді ішімдіктерді қолдануға
итермелеген немесе мәжбүр еткен (20,4%).
Әлеуметтік жағынан осал балалардың арасын-
да 44,4% алкогольді ішімдіктерді қолданатынын
айтқан және 37,5% алкогольді ішімдіктерді өз
еркімен қолданатынын айтқан.
Сауалнамаға жауап берушілерден сонымен бірге
олардың алкогольді ішімдіктерді қолдану жиілігін
сұраған. Кейбір секс-жұмыскерлер және адам
саудасының құрбандары алкогольді ішімдіктерді
күнделікті қолданатынын айтқан, алайда
негізінен олар алкогольді ішімдіктерді аптасына
бір рет немесе аптасына бірнеше рет қолданатын
болған. Салыстыра келе, әлеуметтік жағынан
осал балалардың арасында, олардың айтуы
бойынша, алкогольді ішімдіктерді қолданудың
көбірек кездесетін жиілігі – айына бірнеше рет.
Сауалнаманың мәліметтері адам саудасының
құрбандарының арасындағы алкогольді
ішімдіктерді қолдану мәселесін толығырақ
көрсетеді. 6.1-кестеден адам саудасының
құрбандарының әрбір бесіншісінің өздерін
алкогольді ішімдіктерді қолдануға әлдекім
итермелегенін немесе мәжбүр еткенін айтқанын
көруге болады. Сауалнама мәліметтері кли-
енттер мен сутенерлердің адам саудасының
құрбандарын алкогольді ішімдіктерді қолдануға,
негізінен, оларды өздерін бос ұстап, клиенттерге
жыныстық қызметтер көрсетуге дайын болуы
үшін мәжбүр еткенін көрсетеді. Секс саудасының
бес құрбаны былай деп баяндаған:
«Менің сутенерім мені ішуге мәжбүр етті,
себебі мас әйелдер өздерін бос ұстайды» (424,
адам саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 19
жас).
«Мен ештеңе сезбес үшін ішуге мәжбүр бол-
дым. Сутенер әйел маған осыны істеуге
[алкогольді ішімдіктер ішуге] кеңес берді»
(408, адам саудасының құрбаны, жынысы-
әйел, 18 жас).
«Кейде клиенттер бізді алкогольді ішімдіктер
ішуге мәжбүр етті, ал кейде тіпті оны біздің
үстімізге төкті. Мен іштім, себебі осылай-
ша жұмыс істеу оңайырақ болды» (444, адам
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 17 жас).
«Мен клубта жұмыс істеген кезімде мен
ішуге және клиенттерден маған ішімдік және
тамақ сатып алып беруін сұрауға мәжбүр
болдым» (306, адам саудасының құрбаны,
жынысы-әйел, 23 жас).
«Әжей» [оның сутенері] клиенттер бізбен
бірге ішсін деп бізді алкогольді ішімдіктер
ішуге мәжбүр етті. Бұл клиенттерді
қоздырады. Қазір мен ішпеймін, себебі бұның
соңы неге апарып соғатынын білемін.…
Қазір мен ішпеймін, бірақ бұрын күн сайын
6.1-кесте. Алкогольді ішімдіктерді қолдану /асыра қолдану
Жауап
берушілердің
барлығы
Саны=468
Әлеуметтік
жағынан осал
балалар
Саны=259
Адам
саудасының
құрбандары
Саны=103
Секс-
жұмыскерлер
Саны=106
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Алкогольді ішімдіктерді қолдану
252
53,8
115
44,4
62
60,2
75
70,8
Алкогольді ішімдіктерді өз еркімен
қолдану
205
43,8
97
37,5
41
39,8
67
63,2
Алкогольді ішімдіктерді қолдануға
әлдекім итермелеген/мәжбүр еткен
47
10,0
18
6,9
21
20,4
8
7,5
Алкогольді ішімдіктерді қолдану жиілігі
Күн сайын
26
5,6
6
2,3
10
9,7
10
9,4
Аптасына бірнеше рет
91
19,4
29
11,2
28
27,2
34
32,1
Айына бірнеше рет
135
28,8
80
30,9
24
23,3
31
29,2
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
101
ішетінмін» (295, адам саудасының құрбаны,
жынысы-әйел, 23 жас).
Адам саудасының барлығын да алкогольді
ішімдіктер ішуге итермелемеген немесе мәжбүр
етпеген, іс жүзінде, 6.1-кесте адам саудасының
қүрбандарының 38,5%-ының алкогольді
ішімдіктер ішудің өз қалауы болғанын айтқанын
көрсетеді. Алайда сауалнаманың мәліметтері
бойынша адам саудасының құрбандарының
алкогольді ішімдіктерді өздерінің бастарына
түскен шарасыздықтан арылу үшін, өздерінің
сезініп жүрген эмоционалды және физикалық
ауырсынуды басу үшін қолданғанын көруге бо-
лады. Адам саудасының құрбандары туралы
мәліметтер көрсеткендей:
«Ішімдіксіз бұнымен айналысу
(жезөкшелікпен); қиын, әуелі – арақ, сосын –
жыныстық қатынас». (46, адам саудасының
құрбнадары, жынысы–әйел, 22 жас).
Адам саудасының басқа төрт құрбаны былай деді:
«Ішіп алғанда ештеңе сезбейсің, көбірек
клиенттерге қызмет көрсете аласың.
Саунадағы қыздар маған ішуге кеңес берді»
(423, адам саудасының құрбаны, жынысы-
әйел, 19 жас).
«Міне екі жыл болды, мен ішпеймін, шылым
тартпаймын. Бірақ шарасыздықтан ішкен
және шылым шеккен кездерім болды... Ешкім
мені мәжбүр еткен жоқ. Біз бүкіл денеміздегі
ауырсынуды сезбес үшін өзіміз ішетінбіз…
Бұрын мен күн сайын ішетінмін» (433, адам
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 29 жас).
«Мен көп ішімдік ішетінмін....Ешкім мені
мәжбүр еткен жоқ, проблемаларым болған
соң өзім үшін іштім...Міне бір жыл болды,
осы жерде ішіп жүрген жоқпын» (435, адам
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 21 жас).
«Әуелі мен жиіркеніш сезінбес үшін алкогольді
ішімдіктерді әдейі ішіп жүрдім. Қазір мен
ішкеннен ләззат аламын» (244, адам
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 19 жас).
Секс-жұмыскерлер алкогольді ішімдіктер
қолданатынын көбірек айтқан, бірақ, негізінен,
олар алкогольді ішімдіктерді қолдану өздерінің
қалауы болғанын көбірек айтқан. Сауалнама
мәліметтері секс-жұмыскерлердің алкогольді
ішімдіктерді жұмыс кезінде жиі қолданатынын
көрсетті, себебі алкогольді ішімдіктерді ішкен
кезде оларға ер адамдарға жыныстық қызметтер
көрсету оңайырақ тиеді. Бес секс-жұмыскер бы-
лай деген:
«Мені ішуге ешкім мәжбүр еткен жоқ, мен ер-
кекпен жыныстық қатынасқа түскен кезде
ішемін» (206, секс-жұмыскер, жынысы–әйел,
18 жас).
«Мен алкогольді ішімдіктерді әрбір
жыныстық қатынас алдында ішемін. Осылай
оңайырақ» (207, секс-жұмыскер, жынысы–
әйел, 19 жас).
«Осылайша бірнеше клиенттерге бір
уақытта қызмет көрсету оңай» (390, секс-
жұмыскер, жынысы–әйел, 17 жас).
«Мен өзім ішкім келмесе де, біздің жұмыс
осыны талап етеді, мен алкогольді аз
ішімдіктерді қалаймын» (123, секс-жұмыскер,
жынысы–әйел, 19 жас).
«Кейде мен көп ішемін, бұл көмектеседі» (188,
секс-жұмыскер, жынысы–әйел, 21 жас).
Бір секс-жұмыскер клиенттердің өзіне алкогольді
ішімдіктерді ішкізгенін айтқан. Ол былай деді:
«Мен ішімдікті ұнатпаймын, бірақ кейбір кли-
енттер мені ішуге мәжбүр етеді» (246, секс-
жұмыскер, жынысы–әйел, 18 жас).
Адам саудасының құрбандары мен секс-
жұмыскерлермен салыстырғанда, әлеуметтік
жағынан осал балалар алкогольді ішімдіктерді
қолдануды басқаша сипаттаған. Жалпы алғанда,
төменде берілген әңгімелер әлеуметтік жағынан
осал балалардың айтып берген алкогольді
ішімдіктерді қолдану жолдарын бейнелейді.
«Менің жасым 4-те болғанда, менің
көршілерім маған шарап ішкізді, олар менен
үлкен болатын. Сосын мен өзім іше баста-
дым, көбінесе шарап іштім. Арақты жиі ішкен
емеспін... Жасым 9-да болғанда мен алкогольді
ішімдікті сатып алмайтынмын, әлдебір жер-
ден тауып алуға тырысатынмын» (345,
әлеуметтік жағынан осал бала, жынысы–ер,
16 жас).
«Мен достарыммен сыра ішемін, кейде арақ
ішеміз» (115, әлеуметтік жағынан осал бала,
жынысы–ер, 15 жас).
Бір әлеуметтік жағынан осал қыз өзін өз үйінен
алып кетіп, балалар үйіне орналастырғаннан
кейін көп іше бастағаны туралы айтқан. Оның
ата-анасының да алкогольді ішімдіктерді асыра
қолдану проблемасы болған, олар осы қыздың
қараусыз қалуына, оған физикалық зорлық-
зомбылық жасалуына әкелген және оны өз үйінен
алып кетудің себебі болған. Оны балалар үйіне
орналастырғаннан кейін оның анасы қайтыс
Достарыңызбен бөлісу: |