ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
158
орталықтарында тұратын кәмелетке толмағандар үшін «Бала еңбегінің әлеуметтік-психологиялық
моделі» атты тренинг-практимумы өтті.
Іс-шараның ұйымдастырушылары ШҚО Білім басқармасы, Балалар құқықтарын қорғау департаменті
мен «Феникс» даму және бейімдеу орталығы» БҚ болды. Тренинг-практитумның қатысушылары
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында тұратын 16 жасөспірім болды, жас тобы 6-16
жас. Секциялық сабақтар барысында мынадай тақырыптар қаралды: бала еңбегі деген не, бала
еңбегінің ең нашар түрі, Қазақстан Республикасындағы 21 ғасырдағы БЕЕНТ; қараусыз қалу және
қаңғыбастау – БЕЕНТ тап болудың салдары ретінде, 12 маусым – Бүкіләлемдік бала еңбегіне қарсы
күрес күні.
Тренинг соңында буклеттер, үнпарақтар, брошюралар сияқты ақпараттық материалдарды таратумен
бірге «Бала еңбегін қанауға жол жоқ!» ақпараттық науқаны өтті.
Өскемен қаласында Отбасы мен баланы қолдау орталығында, «Феникс» БҚ және облыс аймақтарында
сенім телефондары жұмыс істейді. Өскемен қаласы бойынша барлығы 25 жасөспірім үндеу салды, олар
сенім телефоны арқылы консультация алды. Негізінен жазғы уақытта жұмыспен қамту мәселелері
көтерілді. Балаларды қанау және кәмелетке толмағандарды жыныстық қанаушылыққа және олардың
саудасына, сондай-ақ бала еңбегінің ең нашар түрлеріне заңсыз тарту туралы мәліметтер түспеді. Бұл
қаланың жасөспірімдері сенім телефондарына үндеу салу мүмкіндігі туралы білетінін көрсетеді.
5 маусымда Семей қ. Отбасылық үлгідегі «№ 8 Балалар үйі» ММ «Бала еңбегінің ең нашар
түрлеріне қызыл карточка» тренинг-семинары өтті, бұл іс-шараны «Исток» балалар мен жастардың
шығармашылық орталығы» БҚ волонтерлермен жұмысы бойынша үйлестіруші, Қазақ гуманитарлық
заң инновациялық университетінің студенті Вагиз Есілканов өткізді. Іс-шараға балалар үйінің 20
тәрбиеленушісі қатысты.
7 маусымда Өскемен қ. Балалар ауылының тәрбиеленушілері Сол жағалаулық полиция бөлімінің
өкілдерімен кездесуі өтті. Сол жағалаулық ПБ Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар
Р. Дүйсенов пен А.Д. Бапаев балаларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы туралы, ұлттық
заңнамада бала еңбегін реттеудің басты аспектілері туралы айтты. Кездесу барысында балалар Сол
жағалаулық ПБ инспекторларына өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, өмірде кездесетін мы-
салдарымен қоса түсіндірме жауаптар алды.
Осындай іс-шаралар облыстың басқа да жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған мекемерінде ұйымдастырылды.
Семей қ. «Көлік колледжі» КМҚК облыстық жоспарына сәйкес, қалада және шет аймақта оқитындарды
жұмыспен қамту, бала еңбегінің қауіпсіздігі, жазғы демалыс уақытында жұмысқа орналасуда көмек
көрсету мәселелері жөнінде 1-2 курс оқушыларымен «Қауіпсіз жұмыспен қамту» атты дөңгелек үстелі өтті.
Бала еңбегінің ең нашар түрлерін пайдалану, кәмелетке толмағандарды жыныстық қанаушылық
және олармен сауданы насихаттау жөніндегі іс-шаралар облыстың бүкіл қалалары мен аудандарында
ұйымдастырылды.
Өскемен қаласында 262-313 сенім телефоны мен сенім электронды поштасының тәулік бойы жұмыс
істейтін қызметін популяризациялау бойынша науқан өтті. Науқан қаланың 45 мектептерде өткізілді,
1-12 маусымда – қала саяжайларында, балалар дәмханаларында жасөспірімдер мен жастардың көп
шоғырланған орындарында өтті. Ауқымы 2560 жас өскемендік болды.
3000 балаға арналған 37 жазғы мектеп жанындағы лагерлерде «Көңілді және қауіпсіз өмір сүр»
ЮНИСЕФ бағдарламасы бойынша сабақтар өтті. Олардың барысында балалар қалада қауіпсіз тәртіп
ережелерін, негізінен бала еңбегін пайдалану профилактикасының негіздері болып табылатын бейта-
ныс адамдармен қарым-қатынасына үйретілді.
«Қазақстан, біз сенің балаларыңбыз! Біз жаңа әлемде тұрамыз» науқаны шеңберінде Отбасы мен ба-
ланы қолдау орталығы 24 балаға арналған Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында көшпелі
қоғамдық қабылдаудың отырысын өткізді. Кездесу барысында балалар Қазақстан Республикасының
заңнамасында бекітілген кәмелетке толмағандардың барлық құқықтары қолжетімді түрінде жазылған
«Бала құқығы» атаулы кітапшаларын сый ретінде алды.
2011 жылғы 3 маусымда Семей қ. мектеп жанындағы лагерлерде «Біз – бақытты балалық үшін!»
тақырыбында асфальтқа суреттер салу конкурсы өтті. Балалар өздерінің суреттерінде бала еңбегін
пайдалануға деген қарым-қатынасын білдірді және бақытты балалықты қорғауға шақырды.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
159
2011 жылғы 6 маусымда көптеген Глубокий ауданының мектептері «Рақым» науқанын өткізді, бұл күні
мектептерде мерекелік концерттер өтті, жетім балаларға мектеп құралдары түрінде көмек көрсетілді.
Мереке салтанатты ас ішумен аяқталды.
Зыряновск ауданының білім беру мекемелерінің оқушылары бала еңбегін пайдалану туралы
үнпарақтарын желімдеді.
Ү.ж. 11 маусымда Ұлан ауданының барлық білім беру мекемелерінде «Жұлдыздар бала еңбегін
пайдалануға қарсы» ұранымен би кеші ұйымдастырылды.
Қатон-Қарағай ауданында ата-аналармен «Ата-аналардың балалардың еңбегін пайдаланған кез-
де оларға қатысты жауапкершілігі», «Бала еңбегін пайлалануға қарсы күрес» тақырыптарына
әңгімелесулер өткізілді. Ата-аналар өздерінің көзқарастарымен бөлісті.
Күршім ауданында алаңқайда ұйымдастырылған ата-аналар мен балалармен кездесуінде «Үйдегі
және мектептегі бала еңбегі» тақырыбына әңгімелесу өткізілді. Балалар үйде қалай еңбек ететіні, үйде
қандай жұмыс істейтіні туралы өздерінің пікірлерімен бөлісті. Пікірталас барысында «Мектепте, үйде
еңбек ету қажет пе? Неге?» сұрағы талқыланды. Балалар мен ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, еңбек
қажет екен, еңбек адамды қадірлете түседі деген қорытындыға келді.
ҰАН бойы облыстық телеарнада екі тілде «Қауіпті жұмыстардағы балалар!» бейне ролигі көрсетілді.
Халықты хабардар ету мақсатында білім беру бөлімінің сайтында кәмелетке толмағандар үшін еңбектің
тыйым салынған түрлері және жұмысқа қабылдаудың ережелері туралы ақпарат орналастырылды.
2011 жылғы 13 маусымда «Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық Ақпараттық
Науқанының аяқталуына орай Ұлттық баспасөз клубында баспасөз конференциясы өтті.
2011 жылғы 4 маусымдағы № 62 санындағы «Рудный Алтай» облыстық газетте 2011 жылғы 1 ма-
усымда «Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық Ақпараттық Науқаны басталғаны
туралы «Бала еңбегі –заң шеңберінде» мақаласы жарияланды.
2011 жылғы 9 маусымдағы № 23 санындағы «Мой город» қалалық газетте еңбекке деген құқықтары
туралы кәмелетке толмағандарға арналған ақпараттық сипаттағы «Балаларға арналған жұмыс» атты
мақала жарияланды.
Сондай-ақ, 2011 жылғы 9 маусымдағы № 22 санындағы «Усть-Каменогорск» қалалық газеттегі
«Мектеп жанындағы алаң» атты мақалада жазғы еңбек тәжірибесі мәселелері жария етілді.
Жария етілген мақалалар мемлекеттік атқару және құқық қорғау органдарының өзара әрекет етуінің
жемісі болып табылады.
Бала еңбегін пайдалануды алдын алу және оның ең нашар түрлері мәселесі 12 күннің шеңберінде ғана
емес, тұрақты бақылауда да.
Адам саудасы, бала жезөкшелігі, бала порнографиясына қатысты фактілер анықталмады. Сондай-
ақ, қалалар мен аудандардың білім беру бөлімшелерінде «сенім» телефондары жұмыс істейді, олар
арқылы балалар мен ересектердің өтініштері мен ұсыныстары қабылданады, алайда балаларға
көрсетілетін зорлық-зомбылыққа қатысты қоңыраулар тіркелмеді.
Жазғы уақытта көптеген оқушылардың, әсіресе аз қамтылған отбасылардағы балалардың ата-
аналарына көмектесу үшін ақша табуға дейтін құштарлығы болды. Осы мақсатпен білім беру
мекемелері Риддер қаласы, Аягөз, Бесқарағай, Зайсан, Зыряновск аудандарының Жұмыспен қамту
орталықтарымен келісім-шартқа отырды. Бұл арқылы жұмыс берушілер «Бала құқықтары тура-
лы» заңды сақтай отыра, кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдап жатыр. Осылайша, 2011
жылдың жазғы уақытында 135 кәмелетке толмаған жұмыс берушілермен келісім –шартқа отырып,
кәсіпорындарда жұмыспен қамтылды.
Аталған бағыт бойынша өткізілген зерттеу нәтижелері алдағы уақытта да Шығыс Қазақстан
облысының білім беру ұйымдарының жұмысында қолданылатын болады.
Білім беру басқармасы бастығының міндетін атқарушы
Д. Арынғазин
Достарыңызбен бөлісу: |