«Шыңғыс
хан суреттерінің сырына үңілсек»
деген мақаласында оның төрт суреті көрсетілген [5].
Солардың екеуіне зейін салайық.Үшінші суретті негізінен Еуропа мен орыс тарихшылары
қолданған болса,төртіншісі ислам дініндегі түркі елдерінің пайдаланып жүрген
тұрандықтар салған сурет.
Шыңғыс ханның суреті жайындағы құпия екі суретіне байланысты. Осы екеуін
мақаламызға енгізіп, басқа екеуіне қызығушылар И.Қабышұлының жоғарыда көрсетілген
мақаласынан не осы жолдар авторының
«Тұғыры биік тұлғалар»
кітабынан қарауына
болады [6] .
Біздің 1990 жылға дейін Шыңғыс хан суреті деп немересі Құбылай орнатқан Юан
ұлысын құртқан,қытай əскерінің қолбасшысы Го-цы-синнің суретіне табынып келіппіз,
яғни оның дұшпанын дəріптеппіз.
Қытайда əркез билеуші хандардың жəне ханшайымдардың суреттері сақталатын
мұражай болған. Оған кез-келген адам кіруге, көруге тиым салынған. Бірақ, əйгілі
француздың миссионері
А. Гюбрек
амалын тауып кіріп, мұндағы суреттердің дұрыс-
бұрыстығына мəн бермей, Қытайдың қылқалам шеберлерінің ең озық дүниесі деп 1-
суретті асыра мақтаған.
1968 жылы этнограф-зерттеуші Л.П. Сычев
«Шыңғыс хан жəне оның
мирасқорларының суреттері»
деген мақаласын
«Народы Азии и Африки»
журналына
жариялайды [7]. Бұл сурет Юан ұлысын талқандаған Қытайдың Мин патшалығының
қолбасшыларыныкі болып шығады. Кейін бұл суретті Чин ұлысының суретшісі Шангуан
Жоу
салады да, баспаханадан көбейтіп, əлемге таратады. Осылайша, Шыңғыс хан деп
сеніп келген сурет қытайлық Жу Юан Жан салған Го-цы-синнің суреті болып шығады.
Ал Юан ұлысының хандары мен ханшайымдары суреттерінің арасынан табылған
суретке (№2) зер салайық. Ғалымдардың пайымдауы бойынша, бұл суретті Шыңғыс
ханның немересі Құбылайхан Юан ұлысының дəуірлеп тұрған шағында Жалайыр Қара
Қасен дархан (моңғолда ұстаны -
«дархан»
деп қастерлеп
«дархан хун бурхан ухаантай»
-
ұста ұлықтардан да ұтқыр ойлы деген) салған болуы керек. Ол мəрт, жомарт, абыз,
ақылгөй ғұлама, ғажайып суретші адам болған. Оның салған суретінде Шыңғыс хан
басына айқара жапқан ақ құндыз тұмақ, үстіне қаусырмалы орама жағалы ақ шапан киген
кең маңдайлы, келіскен келбетіне ақ бурыл сақалы жарасқан, оң құлағының артында
сырғаға ұқсаған дөңгелене түйілген шашының шеті қылтиған, тұмақ астынан самайына
қарай қос кекілін жара тараған, терең ой үстінде отырған адам бейнеленген. Шыңғыс хан
166
«РОЛЬ ТРАНСПОРТНОЙ НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ В РЕАЛИЗАЦИИ ПЯТИ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫХ
РЕФОРМ», ПОСВЯЩЕННОЙ ПЛАНУ НАЦИИ «100 КОНКРЕТНЫХ ШАГОВ»
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
замандастары оны көбіне осылай бейнелейтін жəне
Достарыңызбен бөлісу: |