«моңғолдар барлық ұлы басшыларын,
қағанның ұрпақтарын үлкен Алтай тауының баурайына жерлеген. Шыңғыс хан қай
жерде өлсе де, бəрібір оның денесін сол Алтай тауына əкеліп қоюға тиіс»
дейді.
Осы үш өңірдің қатарына Қазақстанды да қосуға болатын сияқты. Себебі қаған
қайтыс болған кезде Аягөз маңында Бөрте бəйбіше жайлауда отырғанын, Шыңғыс ханның
осы маңда да көз жұмуы, оны бəйбішесіне алып келуі мүмкіндігі туралы айтқанбыз. Қай
халықтың да өлген адамды кешіктірмей қара жердің қойнауына беруі ертеден келе жатқан
салт-дəстүр. Қағанды туған жеріне жеткізудің қашықтығына жəне ауа-райының ыстығына
байланысты əрі қарай жүру қиын болғандықтан, үлкен ұлы Жошының сүйегінің Ұлытауда
жатқанын ескеріп, оның денесін сол маңға жерлеуі мүмкін. Ал, М.Қожырбайұлы
«бабамыздың моласы Ақмола облысы, Атбасар үйезінде, Бағаналы-Балталы деген
найман жайында, Қаракеңгір бойында сырлаған кірпіштен салған ескі екі бейіт бар:
Алаш жəне Жошы хан. Міне, осы Алаш хан мазары деп жүргендеріміз Шыңғыс хан
бабамыздікі»
дейді [2]. Сонда Ұлытаудағы Жошының қасына жерлеген болады ғой. Бұған
не айтамыз? Шыңғыс ханның моласын жоғарыда аталған екі өңірден де іздеу ақиқаттан
алыс кетпейді.
Шыңғыс ханның сүйегін табу үшін моңғолдармен қатар америка, жапон, француз,
орыс ғалымдары да біраз тер төккен. Іздеу-зерттеу жұмыстары əлі жалғасуда. Оның өмірін
20 жылдан бері зерттеп жүрген америкалық ғалым Клавдистің пікірінше, бұл жұмбақ
ұзаққа созылмайды.
«Ана тілі»
газетінде (2009 ж., 21, 22 сандары) филология ғылымдарының докторы,
халықаралық Шыңғыс хан академиясының академигі, түрколог Қ.Сартқожаұлының
«Шыңғыс хан мазары табылды»
деген мақаласы жарық көрді [4]. Мақаланың мазмұны
қысқаша мынаған саяды.
Ұлы
қағанның
мүрдесін
іздеген
жүздеген
экспедициялар
мен
жеке
саяхатшылардың ішінен бір ғана адам, ХХ ғ. басында (1903 ж.) Кентай жотасындағы
Бұрқан-Қалдұн тауына барып, тұрғын халықтармен етене араласып, ел аузындағы
аңыздарға сүйеніп, Шыңғыс ханның мазары осы таудың үстінде деген тұжырым жасап,
болашақта зерттеу үшін жолсапар белгілепті.
Осындай ел аузындағы аңыздар мен дəстүрлерге, басқа да деректерге молынан
хабардар болған жəне ұлы бабасының өсиеті мен тəрбиесін көрген, кішкентайынан
бабасының Шіветі-Қайрхан тауының басына ертіп апарып, тастан жасалған алып кешенді
көрсеткенін,
«бұны сырт адамға айтуға, көрсетуге болмайды, мұнда аса үлкен құпия
жатыр. Осы құпияны ашуға атсалыс»
, - деген тапсырмасын ұмытпай, ер жеткесін оны
165
«РОЛЬ ТРАНСПОРТНОЙ НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ В РЕАЛИЗАЦИИ ПЯТИ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫХ
РЕФОРМ», ПОСВЯЩЕННОЙ ПЛАНУ НАЦИИ «100 КОНКРЕТНЫХ ШАГОВ»
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
орындауда моңғол азаматы Нямаагийн Даваа хан мазарын табу үшін үлкен іске кіріседі.
Ең əуелі Шіветі-Қайрхан тауындағы кешенді қазу кезінде Білге қағанның мүсінін табады.
Одан кейін Моңғол үкіметінің рұқсатын алып, Бұрқан-Қалдұн тауының үстіндегі биіктігі -
12 метр, ұзындығы - 280 метр, көлденеңі - 190 метр кешенмен екі жыл бойы айналысып,
зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Георадиофизик, археолог, радиометр мен радиомагниттік
бақылау əдістемелері арқылы жүргізілген сараптамалардың нəтижесінде, таудың үстіндегі
кешеннің астында 30 метр тереңдікте бағалы металл жəне сүйек орналасқан табыттың
суретін шығарады. Осы Шыңғыс ханның мүрдесі деген қорытындыға келеді. Бұл жерде
мынаны ескерген жөн. Сол маңда Шыңғыс ханға дейін де, кейін де ұлы адамдардың
жерленуі мүмкін ғой. Оның мазарын қазып, сүйектің дəл қағандыкі екендігіне көз
жеткізбесе, бұл да сол аңыз күйінде қалып қояры хақ. Екіншіден, ол мазар Шыңғыс
хандыкі деп қазуға моңғол халқы рұқсат бермесе, автор айтқандай, əлі де мың жылдар
бойы құпиясын сақтап, аңыз болып қала берер дегенімен толықтай келісуге болады.
Зерттеуші ғалымдар қағанның мүрдесін іздегенде Бөртенің қайда жерленгені
туралы мүлдем ескермейтін сияқты. Бөрте Шыңғыс ханнан кейін қайтыс болса, оны
Қағанның қасына жерлеу ақиқатқа жақындау келмей ме?
Ұлы ханға байланысты көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын
айтқанбыз. Солардың бірі - Шыңғыс ханның суреті. Бұл туралы И.Қабышұлы
Достарыңызбен бөлісу: |