ӘОЖ 343.2/7
Сабырбаева Г.К. –
аға оқытушы, Тынышбаев атындағы Қазақ Көлік жəне
Коммуникациялар Академиясы (Қазақстан, Алматы қ.)
Нусқаубек Қ
. – студент, Тынышбаев атындағы Қазақ Көлік жəне Коммуникациялар
Академиясы (Қазақстан, Алматы қ.)
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ОЛАРДЫҢ
ЖІКТЕЛУІ
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 9-
тармағына сəйкес қылмыстық процеске қатысушылар деп, қылмыстық істерді тергеуге
жəне қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауы
мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын іс жүргізушілік кең
құқықтар берілген жеке жəне заңды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті
лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарда, қосалқы функциялар атқаратын адамдар
мен органдарды түсіну керек. Процеске қатысушыларға жататын адамдар түсінігінде
мынадай үш көзқарас барынша айқын байқалды. Бірінші көзқарасқа сəйкес, мүдденің
бар жоғына қарамастан іске белгілі бір қатысы бар кез келген адам процеске қатысушы
болып табылады. Бұл көзқарасты В.П. Божьев барынша дəйекті түрде жақтап келеді.
Барынша көп қолдау тапқан екінші көзқарас процеске қатысушылар деп, тек істе мүддені
білдіруші немесе қорғаушы адамдарды тануға негізделген[1].
Үшініші көзқарас қылмыстық сот ісін жүргізуде «процеске қатысушылар»
категориясының заңдылығын жалпы теріске шығарумен байланысты. Осы көзқарасты
жақтаушы С.А. Альперт процеске қатысушылардың бəріне түрлі құқықтар мен міндеттер
берілген, сондықтан да оларды «процеске қатысушылар» деген бір ұғыммен біріктіруге
болмайды деп санады. Сонымен, «процеске қатысушылар» терминін түсіну, ал екінші
жағынан – процеске қатысушылар категориясына жатқызылатын адамдар шеңберін
анықтау жөніндегі ғылыми көзқарастарда орын альп отырған алшақтықтарға объективті
негіз бар, оның мəні мынада:
1. «процеске қатысушылар» категориясының өзін қылмыстық іс жүргізу құқығы
ғылымының əр түрлі түсінуімен;
2. іс жүргізушілердің қылмыстық процестегі функциялар мəнін түрліше түсінуімен
байланысты.
Ғылымда процеске қатысушылар мəнінің сыртқы жағын түрліше түсіну
байқалып отыр. Атап өтер болсақ, М.М. Михеенко қылмыстық іс жүргізу қызметіне
белгілі бір дəрежеде қатынасатын адамдар процесс субъектілеріне жəне қатысушыларына
бөлінеді деп санайды. Субьектілер сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы лауазымды
адамдар мен органдар ғана; басқалардың бəрі – процеске қатысушылар. Л.Д.Кокоревтің
пікірінше, «субьектілер» жəне «қатысушылар» терминдері – мəн-маңызы бірдей
ұғымдар, бірақ қылмыстық процесс үшін«қатысушылар» термині лайықтылау, өйткені
«субъектілер» термині жалпылама сипатта болып кетеді. Процесс субъектілері мен
қатысушыларына бөлу біршама жасанды сипат алып отыр деп топшылауға негіз бар,
себебі құқық қатынастарына қатысушылардың кез келгенінде құқықтар да, міндеттер де
бар. Айырмашылық–сол құқықтар мен міндеттердің сипаты мен бағытында. Процеске
548
«РОЛЬ ТРАНСПОРТНОЙ НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ В РЕАЛИЗАЦИИ ПЯТИ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫХ
РЕФОРМ», ПОСВЯЩЕННОЙ ПЛАНУ НАЦИИ «100 КОНКРЕТНЫХ ШАГОВ»
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
қатысушылар мəнінің ішкі жағы да айтыс туғызуда. Процеске қатысушылар
категориясына жататын адамдар шеңберін анықтау проблемасына түрлі ғылыми
мектептер түрліше қарайды [2].
Соңғы кезде, əдебиетте процеске қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс
жүргізу функцияларымен байланыстыра қараудың тұрақты тенденциясы байқалып отыр.
Процеске қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара
байланыстыра шешу екі мақсатқа жетуге: сот ісін жүргізуге əрбір қатысушының статусын
белгілеуге; түрлі қатысушылардың өзара іс – қимыл жасау шектерін жекелеген
функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу арқылы анықтауға мүмкіндік
береді. Сонымен бірге процеске қатысушылардың бұл тізбесі мұнымен шектелмейді,
себебі функцияларды тікелей орындау процеске өзге де адамдардың тартылуын, оларға да
құқықтар мен міндеттер жүктелуін көздейді. Мемлекет
қылмыстық
процеске
қатысушыларды, атап айтқанда, судьяны, тергеушіні, прокурорды, анықтаушыны,
сарапшыны, маманды, қорғаушыны, сот приставын өз қорғауына алады. Сондай-ақ, осы
аталғандармен қоса олардың отбасы мүшелері жəне жақын туыстарын да өз қорғауына
алуы тиіс. Осы аталған адамдар үшін мемлекет заңда көзделген тəртіппен сотта
қылмыстық істерді немесе материалдарды қарауға, анықтау немесе алдын ала тергеу
жүргізуге байланысты олардың өміріне қауіп төнуден немесе күш қолданудан
қауіпсіздендіру шараларын қолдануды қамтамасыз етюді[3].
Қылмыстық іс жүргізуді жүргізуші орган, егер қаралып жатқан қылмыстық іс
бойынша сол істі жүргізуге байланысты оларға күш қолдануды немесе қылмыстық
заң бойынша тыйым салынған əрекеттерді жасаудың нақты қаупі болса,
жəбірленушінің, куəнің, айыпталушының қылмыстық процеске қатысушы басқа да
адамдардың сондай-ақ, олардың отбасы мүшелері мен жақын-туыстарының
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл жөнінде қылмыстық істі жүргізуші орган ауызша
немесе жазбаша мəлімдемесі негізінде аталған адамдардың қауіпсіздігінің қамтамасыз
ету жөнінде тиісті қаулы шығарады. Қатысушылардың жазбаша немесе ауызша
мəлімдемесі болып табылады. Мысалы, қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы
адамдардың, олардың отбасы мүшелерінің жəне жақын-туыстарының өздерінің
қауіпсіздігі шараларын қолдану туралы мəлімдемелерін қылмыстық процесті жүргізуші
орган алған сəттен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қарайды. Қабылдағаны
туралы қаулыны мəлімдеушіге дереу хабарланады. Сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз
ету туралы мəлімдеме қабылданбауы да мүмкін. Бұндай реттерде қылмыстық процеске
қатысушы немесе олардың жақын-туыстары, отбасы мүшелері прокурорға немесе
сотқа шағымдану құқығы беріледі. Қауіпсіздік шараларын қолданудан бас тарту,
егер бұрын берілген өтініштен көрініс таппаған, яғни өздеріне белгісіз мəн-жайлар
туындайтын болса, бұл туралы қайтадан мəлімдеме жасауға құқылы[4].
Ал куəгерлердің, сезіктінің, айыпталушының, қылмыстық сот жүргізуші басқа да
адамдардың жəне олардың жақындарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
тəртіптері заңмен айқындалады. Сондай-ақ, қылмыстық процесті жүргізуші органның
дəлелді қаулысымен қауіпсіздік шаралары тоқтатылады. Бұл туралы қорғалатын
адамға, оның қауіпсіздік шараларының тоқтатылуы туралы деректердің іс бойынша іс
жүргізуге қатысушы адамдарға ашылғандығы туралы дереу хабарланады.
Сот талқылауына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы соттың
қаулысын қылмыстық ізге түсуші органдарына сондай-ақ сот приставына жүктеледі.
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын
жағдайлар. Судья, прокурор,тергеуші, анықтаушы, қорғаушы жəбірленушінің, азаматтық
талапкердің, азаматтық жауапкердің өкілі, куəгер, сот отырысының хатшысы, сот
приставы, аудармашы, сарапшы, маман қаралып отырған қылмыстық іс бойынша іс
жүргізуге өздерінің қатысуын жоққа шығаратын мəн-жайлар болған кезде қылмыстық
іс бойынша іс жүргізуге қатысудан шеттетілуге міндетті немесе оларға қылмыстық
549
«РОЛЬ ТРАНСПОРТНОЙ НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ В РЕАЛИЗАЦИИ ПЯТИ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫХ
РЕФОРМ», ПОСВЯЩЕННОЙ ПЛАНУ НАЦИИ «100 КОНКРЕТНЫХ ШАГОВ»
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
процеске қатысушылар қарсылық білдіретіні туралы мəлімдеуі тиіс.Заң бойынша
қылмыстық процесті жүргізуге өкілетті орган қылмыстық істің кез келген сатысында іс
бойынша іс жүргізуден шеттету туралы мəлімделген қарсылық білдірулер мен өтініштерді
шешуге немесе бұл адамның қылмыстық процеске қатысуын жоққа шығаратын мəн-
жайлар анықталған кезде тиісті қаулы шығару арқылы өз бастамашылығы бойынша іс
жүргізуге қатысудан шеттетуге құқығы бар. Егер басқа процеске қатысушыларға
қатысты қарсылық білдірулерді шешуге уəкілетті адамға қарсылық білдірумен бір
уақытта процеске өзге де қатысушыларға қарсылық білдіру мəлімделсе, онда бірінші
кезекте осы адамға қарсылық білдіру туралы мəселе шешіледі. Сондай-ақ, қылмыстық
істі жүргізуге бір мезгілде бірнеше адамның қатысуы олардың туыстық қатынастарына
немесе байланысты жоққа шығарылатын қылмыстық іс бойынша іс жүргізуден
процеске қатысушы жағдайына басқалардан кейінірек ие болған адам шеттетілуі тиіс.
Іс бойынша туыстық немесе жеке байланыстың басқа да қатынастарымен байланысты
адам соттың құрамында болса, қылмыстық іс бойынша жүргізуден шеттетілуге төрағалық
етуші таңдаған адам жатады. Ал, сот отырысының хатшысы, сот приставы, аудармашы не
маман не сарапшыныңсұраулары бойынша олардың іс жүргізу функцияларын
орындауына кедергі келтіретін дəлелді себептерінің болуына орай мұндай қатысудан
қылмыстық процесті жүргізуші орган босатады [5].
Қарсылық білдіру сот тергеуі
басталғанға дейін мəлімделуі керек. Сот тергеуі басталып кеткеннен кейінгі мəлімдемеге
тек ол үшін негіз қарсылық білдіруді мəлімдеген тарапқа сот тергеуі басталғаннан кейін
белгілі болған жағдайда ғана жол беріледі. Ал, бірнеше судьяға немесе соттың бүкіл
құрамына қарсылық мəлімделсе, онда көпшілік дауыспен сот шешеді. Дауыстар тең
болған кезде судьяға қарсылық білдірілген болып саналады. Қарсылық білдіру туралы
мəлімдеме қанағаттандырылған жағдайда қылмыстық іс, шағым не өтінішті белгіленген
тəртіппен басқа судьяның іс жүргізуіне беріледі. Қарсылық білдіруді қабылдамай тастау
немесе қанағаттандыру туралы қаулы шағымдалуға немесе наразылық білдірілуге
жатпайды. Қаулыға келіспеушілік туралы дəлелдемелер апелляциялық немесе қадағалау
шағымына енгізіледі. Прокурорға қарсылық білдіру туралы мəселені жоғары тұрған
прокурор шешеді. Ал, қарсылық білдіру қылмыстық істі сотта қарау кезінде білдірілсе,
онда бұл мəселені сот шешеді. Қылмыстық процеске қатысушылар қылмыстық ізге түсуді
жүзеге асыратын органдарға қылмыстық іс бойынша маңызы бар мəн-жайларды анықтау
үшін өтініш жасай алады. Өтініш процестің кез келген сатысында беріле алады. Өтініш
білдірген адам қандай мəн-жайды анықтау үшін іс-əрекет жасауды немесе шешім
қабылдауды сұрайтындығын көрсетуі керек. Өтініш жазбаша немесе ауызша беріледі.
Өтініш жазбаша берілсе, онда өтініш қаралып отырған қылмыстық іске тігіледі, ал,
ауызша білдірілген өтінішті сот отырысының хаттамасына немесе тергеушінің
хаттамасына бұл туралы жазылуы тиіс. Тергеуші немесе сот өтінішті қанағаттандырмауы
да мүмкін. Мұндай жағдайда процеске қатысушы өтінішті басқа органға немесе
қылмыстық іс жүргізудің басқа сатыларында білдіре алады. Өтініш қабылданған ретте ол
тікелей шешуге жатады жəне өтініш бойынша шешім үш тəуліктен кешіктірілмей
қаралады. Сот немесе тергеуші өтінішті қабылдау туралы дəлелді қаулы шығарады.
Қаулының көшірмесі өтініш берушіге беріледі. Өтінішке шағым жасауға болады. Егер
жүргізілген іс жүргізу əрекеті өздерінің мүдделерін қозғайтын болса, процеске
қатысушылар, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдар анықтаушының, анықтау органының,
тергеушінің, прокурордың, соттың немесе судьяның іс-əрекеттеріне шағымдана алады.
Шағым қылмыстық іс бойынша іс жүргізу үшін жауапты органға немесе лауазымды
адамға жəне заңмен уəкілдік берген адамға беріледі. Шағымға қосымша материалдар қоса
тіркелуі мүмкін. Шағымданушы қылмыстық іс бойынша іс жүргізілетін тілді
білмейтін болса, өзі білетін тілде не ана тілінде бере алады. Берілген шағымды оны
берген адам қайтарып ала алады. Ұсталған немесе тұтқында отырған адамдардың
шағымын алдын ала қамауға алу орындарының əкімшілігі арқылы беріледі.
550
«РОЛЬ ТРАНСПОРТНОЙ НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ В РЕАЛИЗАЦИИ ПЯТИ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫХ
РЕФОРМ», ПОСВЯЩЕННОЙ ПЛАНУ НАЦИИ «100 КОНКРЕТНЫХ ШАГОВ»
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Əкімшілік қылмыстық процесті жүргізуші органға қылмыс жасады деген сезік
бойынша ұсталған немесе бұлтартпау шарасы ретінде тұтқында отырған адамдардың
шағымын дереу беруге міндетті. Ұсталған немесе тұтқында отырған адамдар, егер
тергеушінің, анықтаушының, анықтау органының іс əреттеріне шағым беретін болса, онда
ол шағымды қамауда ұстау орындарының əкімшілігі арқылы прокурорға беріледі. Ал,
прокурордың іс əрекеттері мен шешімдеріне шағымды жоғары тұрған прокурорға
береді. Шағымдарды қарау кезінде прокурор немесе судья онда жазылған дəлелдерді
жан-жақты тексеруге, қажет болған жағдайда қосымша материалдарды талап етуге,
тиісті лауазымды адамдардан, ұйымдардан жəне азаматтардан шағымдалған іс əрекеттер
мен шешімдерге қатысты түсініктеме алуға міндетті. Шағымды қараушы прокурор
немесе судья өз өкілеттіктері шегінде қылмыстық процеске қатысушылардың, немесе
өзге де азаматтардың немесе ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін
қалпына келтіруге дереу шаралар қолдануы тиіс. Іс жүргізу органдарының заңсыз іс
əрекеттері мен шешімдерінен адамға моральдық, мүліктік зиян келтірілсе, онда осы
зиян өтелуге немесе жойылуға тиіс. Жоғарыда атап өткеніміздей, яғни анықтаушының,
тергеушінің анықтау органының іс əрекеттері мен шешімдеріне келіп түскен шағым
бойынша, прокурор шағымды алғаннан кейін үш тəуліктің ішінде қарауға міндетті. Ал ,
егер шағымды қарау үшін қосымша материалдар қажет болса, онда бұл туралы
прокурор шағым берушіге хабардар етеді. Мұндай жағдайда шағымды қарау мерзімі
жеті тəулікке дейін созылады. Шағымды қараудың нəтижесінде шағым жасалған
шешімді тоқтату немесе өзгерту арқылы шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру
туралы не шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданады[6].
Прокурордың шешіміне қарсы болған шағымданушы ол туралы хабарды алған
күннен бастап бір айдың ішінде немесе оған жауап алынбаса шағым берілгеннен кейін
бір ай мерзім өткен күннен бастап прокуратураның орналасқан жері бойынша сотқа
қайтадан шағымдана алалы. Судья келіп түскен шағымды он тəуліктің ішінде соттың
жабық отырысында қарайды. Соттың отырысына шағымданушы мен прокурордың
келмеуі шағымды қарауға кедергі болмайды. Алайда сот олардың сот отырысына
міндетті түрде келуін талап ете алады. Шағым бойынша прокурор сотқа материалдарды
табыс етеді жəне шағым беруші мен қоса сотқа түсініктеме береді. Сондай-ақ, сезікті,
айыпталушы, олардың қорғаушысы, заңды өкілдері прокурордың қамауға жəне қамау
мерзімін ұзарту туралы берген санкциясына да сотқа шағымдана алады. Шағым сезіктіге
немесе айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы прокурордың
қаулысын өзгертпейді. Судья бұл жағдайда қылмыстық істі қараушы органнан осы іске
қатысты барлық материалдарды сұратып алып, жеке өзі прокурордың сезіктіге немесе
айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретінде қамауды қолдануға берген санкциясының
заңдылығы мен негізділігін тексереді. Судьяның жіберген сұрауын қылмыстық ізге түсу
органы алғаннан кейін үш тəуліктің ішінде орындауы тиіс[7].
Судья материалдармен танысып болғаннан кейін, сот отырысының күнін қатысушыларға
хабарландырады. Отырысқа қорғаушы, сезіктінің, айыпталушының заңды өкілдері,
сондай-ақ сот егер негізді деп тапса, отырысқа сезіктінің де, айыпталушының да қатысуы
мүмкін. Іске қатысушылардың дəлелсіз себептермен отырысқа келе алмаса, онда бұл
жағдай соттың қарауына кедергі бола алмайды. Судья тараптардың дəлелдерін тыңдап,
қылмыстық ізге түсу органдарынан талап етілген қылмыстық іс материалдарын қарай
келіп мынадай тоқтамға келеді: -шағымды қанағаттандырусыз қалдыру;-бұлтартпау
шараларын тоқтату немесе қатаң еместеуіне өзгерту жəне сезіктіні, айыпталушыны
қамаудан босату туралы дəлелді шешім қабылдайды. Судьяның шығарған қаулысына үш
тəуліктің ішінде аталған адамдар шағымдана алады. Шағым облыстық не оған
теңестірілген сотқа жолданады. Шағым бойынша облыстық немесе оған теңестірілген сот
судьясының қаулысы одан əрі қарай сот инстанцияларына шағымдануға немесе
наразылық келтіруге жатпайды. Бұл сот судьясының шешімі түпкілікті болып табылады.
551
«РОЛЬ ТРАНСПОРТНОЙ НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ В РЕАЛИЗАЦИИ ПЯТИ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫХ
РЕФОРМ», ПОСВЯЩЕННОЙ ПЛАНУ НАЦИИ «100 КОНКРЕТНЫХ ШАГОВ»
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ƏДЕБИЕТ
1.
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1995ж. 30 тамыз. 2-3 б.б.
2.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. 2016ж. 35-37 б.б.
3.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы. 2016ж. 10-11 б.б.
4.
«Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары туралы» ҚР 21 желтоқсандағы
№2709 Заңы. 2015 жыл. 9 тамызындағы №346-11, 2003ж. 10 шілдедегі №483-2 заңдарымен
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар. 76-78 б.б.
5.
Закон Республики Казахстан “Об оперативной-розыскной деятельности” от 15 сентября
1995г. №24. Вести Казахстана. 2001 г.19января. 56-58 б.б.
6.
Об адвокатской деятельности Закон Республики Казахстан от 5 декабря. Алматы 2000 г.
45-47 б.б.
7.
Комментарий к Уголовному Процессуальному кодексу. /ч.общая/. Жети-Жаргы. 2002г.
39-42 б.
б.
Достарыңызбен бөлісу: |