Құрметті әріптестер!



жүктеу 5,74 Mb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата21.11.2018
өлшемі5,74 Mb.
#23014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

8

9

KAZ Minerals Инфо



      

№ 4 (24) тамыз 2018

Мамандығым мақтанышым

Бір үйде шахтер да, кен        байытушы да болса, олар не 

Қарашаш Тұргұмбаева – «Шығыстүсті-

мет» ЖШС Орлов ӨК кен байыту фаб-

рикасы бас корпусының шебері. Оның 

өз мамандығын құрметтеп, онымен 

ажырамай жүргеніне 30 жыл толды. 

Бұл мамандықтың мәні неде? Өзінің 

ойларын әріптесіміз KAZ Minerals 

Инфоға айтып берді.  

Жазып алған Татьяна Маер, ОӨК

М

ектепте оқып жүргеннің өзінде 



мен жоғарғы білім алып, кен бай- 

ытушы болғым, сосын тұрмыс-

қа шығып, ана атанғым келген. Анам 

екеуіміз отырғанда балаларымның есім-

дері қандай болатынын айтатынбыз. 

Жылдар өткен соң мен ойлағандай болды. 

Марат деген ұлым, Фарида есімді қызым 

бар, жарым Талғатпен бақытты өмір сүріп 

келе жатқанымызға 30 жыл толды, кен бай- 

ыту фабрикасында бас корпустың шебері 

болып жұмыс істеймін. 

Бұл мамандықты кездейсоқ таңдаған 

жоқпын. Біздің отбасымызда шахтерлар 

да, кен байытушылар да болды. Барлы-

ғы әкемнен басталды. Ол Шығыс Қазақ-

стан облысының Самар ауданындағы ал-

тын өндіретін артельде бригадир болып 

жұмыс істеді. ҰОС кезінде әкемді бронь-

ға сәйкес тылда қалдырды. Ол кезде фаб-

рика болмағандықтан алтынды драгада 

шаятын, аяқта резенке етік, тізеден су... 

Қажырлы еңбегі мен жұмыстағы жетістік-

тері үшін ол «Айбынды еңбегі үшін» ме-

далімен марапатталды. Әкемді мақтан 

тұтамын!

Бауырларым әкемнің жолын қуды. 

Олар Белогор КБК еңбек етті: біреуі – кен-

жаршы, біреуі – бастау-

шы, үшіншісі – кенді 

фабриканың қабыл-

дау бункерлеріне кенді 

жеткізетін электровоз-

дың машинисті. Төрт 

әпкем кен байыту фаб-

рикасында жұмыс іс-

теп, сол кеннен дайын 

концентрат өндіретін. 

Әпкем Қарлығайын 

Дәуенова шебер бо-

латын, кейін фабриканың бас инженері 

қызметіне дейін көтерілді. Қарлығайын 

әрдайым өзінің мамандығы жайлы, фаб-

рика туралы ілтипатпен айтып, мектеп-

те оқып жүрген маған кен байытушы ма-

мандығын игеруге кеңес берді. Ол өзі ең-

бек озаты – социалистік жарыстардың 

жеңімпазы. Сондықтан мен оған қарап 

бой түзейтінмін. Көбінесе отбасымыз бір-

ге жинала қалса, дауласып қалатынбыз. 

Шахтер-бауырларым кен байытушылар 

кендегі металды бөліп алмай, қалдық-

тарға жіберіп алады десе, кен байыту-

шы-әпкелерім кенді қазатын шахтерлар 

кенді бос тау жыныстарымен араласты-

рады дейтін. Мен бұл пікірсайысқа қызы-

ға қарап отырдым. Өзім де осылай жұмыс 

істеуді армандадым. 

Мектептен соң Ленино-

гор тау-кен-металлур-

гия техникумына құ-

жат тапсырдым. Анам 

таңдауымды құптады. 

Оқуды тәмамдадым, 

дипломды қолға алып

мамандығым бойынша 

жұмыс істеп жүргеніме 

30 жыл болды. Жұмы-

сымды жақсы көремін. 

Екі әпкем Қарлығайын мен Нәзира да 

кен байытушылар. Олар 1990 жылдардың 

басында Жезкент фабрикасында қызмет 

етті. Қазір зейнеткерлікте болса да, ма-

ған ақыл-кеңестерін айтып, қолдап оты-

рады үнемі. 

Күйеуім Талғат Тұрғұмбаев 1990 жыл-

дардан бастап Сүзгілеу және кептіру кор-

пусындағы тиеу машинасында машинист 

болып жұмыс істейді. Ұлым Марат та осы 

цехта кранның машинисті болып еңбек 

етеді. Қызым Фарида тұрмысқа шыққан. 

ЖОО-нын тәмамдаған соң Өскемен қала-

сында өзінің «сату жөніндегі менеджер» 

мамандығы бойынша жұмыс істеп жүр.  

Өзімнің еңбек жолымды Белая Гора 

кентіндегі кен байыту фабрикасында бас-

тадым. Ол Белогор КБК-не (ШҚО) қарас-

ты еді. Мен концентраторшы болып ең-

бек еттім. Мұндағы кен сирек кездесетін 

шикізат болатын. Осы сияқты фабрикалар 

бүкіл Кеңес аумағында бірнешеу ғана бол-

ды. Бұл фабрика гравитациялық бағыт-

та жұмыс істейтін, мұнда тантал, қалайы 

және слюда сияқты металдар өндірілетін. 

Бір жыл жұмыс істеген соң, 1988 жылы 

жаңа фабрика іске қосылайын деп жатқан 

Жезкентке шақырды. Жас маман ретін-

де маған бірден екі бөлмелі пәтер берді. 

Дайындық жұмыстары жүріп жатқан-

да біз фабриканың өндірістік алаңдарын 

жинастырумен болдық. Содан кейін төрт 

жас маманды, яғни мені, Татьяна Буднец-

каяны, Любовь Панкованы және Светла-

на Гальцованы Зырян кен байыту фабри-

касына бір айлық тәлімгерлікке жолдады. 

Мақсаты – фабрикамыздың іске қосылуы-

на дайындық. 

1989 жылы Жезкент КБК фабрика-

сы іске қосылды. Бұл кезде екі секциялы 

сұлба қолданылатын еді. Әр секцияның 

өзінің диірмендері бар. Бірінші секцияда 

22 өздігінен ұсақтайтын ылғалды диірмен 

және 34 кенді-жұмыр тасты шар диірмені 

жұмыс істейді. Екінші секцияда 23 ӨҰЫД 

мен 35 КЖШД бар. Мыс концентратын 

өндірген соң, флотацияның мыс қалдық-

тары мырыш флотациясына жіберіледі. 

Екінші секция тазалауынан өткен кон-

Бұл мамандықты кездей-

соқ таңдаған жоқпын. 

Біздің отбасымызда шах-

терлар да, кен байыту-

шылар да болды.



жайлы дауласады немесе        кен байытушының әңгімесі

Өзімнің еңбек жолым-

ды Белая Гора кентіндегі 

кен байыту фабрикасын-

да бастадым. Ол Белогор 

КБК-не (ШҚО) қарасты 

еді.

1989 жылы Жезкент КБК 



фабрикасы іске қосылды. 

Бұл кезде екі секциялы 

сұлба қолданылатын еді.



8

9

№ 4 (24) тамыз 2018



      

KAZ Minerals Инфо

Мамандығым мақтанышым

Бір үйде шахтер да, кен        байытушы да болса, олар не 

центрат келесі сатыға өтіп, бұл жерде мыс 

пен мырыш ажыратылады. Бұл концент-

раттың құрамындағы мысты барынша аз 

жоғалту үшін жасалып отырды. Бұл кезде 

Клавдия Рахманова технолог болып ең-

бек етті – ол әрдайым кеңес беруге дайын 

сауатты басшы еді. Ол үнемі флотация-

да, диірмендер мен сорғылардың жанын-

да жүретін. Себебі, көбінесе, флотация-

ның жұмысы пульпаның тығыздығы мен 

ұсақтығына байланысты. Ал 1996 жылы 

бас кен байытушы қызметіне Сәбит Иб-

раев келген соң көп нәрсе өзгерді: флота-

ция жаңғыртылды, екінші секциялы фло-

тация, мыстан тазарту алынып тасталды. 

Енді егер бір диірмен жұмыс істеп тұр-

са, екіншісі резервте тұратын. Кез-келген 

жағдайда, айталық, қандай да бір ақау-

лар болса, екінші диір-

менге ауысып, техноло-

гиялық процессті тоқ-

татпауға болады. 1996 

жылдан бастап басқа-

ру пультінің операторы 

болып жұмыс істедім

ал 2011 жылы ауысым 

шебері етіп тағайын-

дады. 

Кейін фабриканың 



бастығы Рашид Утеге-

новтың, қазір ол «Шы-

ғыстүстімет» ЖШС-нің бас кен байыту-

шысы, басшылығының арқасында фабри-

каның кәсіби мамандарының командасы 

жоғары өндірістік көрсеткіштерімен та-

нымал болды. Олардың арасында көп 

жылғы жұмыс өтілі мен тәжірибесі мол 

тәлімгерлеріміз – Зоя Федорищева, Қар-

лығайын Дәуенова, Бағжамал Бердіно-

валар бар. Қазір олар зейнеткерлікте. 

Олардың берген тәлім-тәрбиесі мақ-

тануға тұрарлықтай. Қазір олардың 

тәлімін алған шәкірттер өндірісіміз-

де лайықты жұмыс істеп жүр. Олардың 

арасында Татьяна Крихмеер, Дәмелі 

Дәуенова, Лариса Бабенко, Жанар Бе-

делбаева сияқты флотаторлар және тағы 

басқалар бар. 

Менің ұжымым, біздің ауысымы-

мыз, жалпы бүкіл фабриканың ұжымы 

тату-тәттіміз, әрдайым бір-бірімізге кө-

мектесуге дайынбыз! Біздің команда – 

жемісті жұмыстың іргетасы. Өндірістік 

көрсеткіштерге, жұмыс 

орнында жарақаттар-

дың болмауына тыры-

сатын команда. 

Қазір фабриканың 

басшылығында жас 

мамандар жұмыс істеп 

жүр - Абзал Теңізбаев, 

Мадина Шайханова, Ас-

қар Садырбаев, Наталья 

Милевская. Өндіріс-

те мамандардың буы-

ны ауысып, жаңару 

болғаны керемет. Солай болғаны дұрыс. 

Болашақ жастардың қолында. Біз, яғни 

өмірлік және өндірістік тәжірибесі бар аға 

буын өкілдері, жастарға мұқият болып, 

өзіміздің көрген-білгенімізді жеткізуіміз 

керек. 

Әрдайым жұмысқа бара жатқанда ой-



ланасың: біздің алдымыздағы ауысым қа-

лай жұмыс істеді екен? Процесс қалай бо-

лып жатыр, диірмендер қалай екен? Тоқ-

таусыз жұмыс істеуге кен жете ме екен? 

Ал жұмысқа келе сала, суда жүзген ба-

лықтай жұмысқа кірісіп кетесін. Жаныңа 

жақын жұмысты таңдаған өте маңызды. 

Кәсібіңе өміріңнің көп бөлігін арнаған-

дықтан, ол сүйікті іс болғаны дұрыс қой. 

Еш өкінбеу қажет. Сәтін салып, өмірім 

дәл осылай қалыптасты!

Ұжымыма, әріптестеріме жаңа еңбек 

жетістіктерін, мықты денсаулық, бақ-бе-

реке және бақыт тілеймін! Өмірлеріңіз 

шуақты күндей жарқын болсын, өмір-

леріңізде уайым-қайғы болмасын!



жайлы дауласады немесе        кен байытушының әңгімесі

Менің ұжымым, біздің 

ауысымымыз, жалпы 

бүкіл фабриканың ұжы-

мы тату-тәттіміз, әрда-

йым бір-бірімізге көмек-

тесуге дайынбыз!



жүктеу 5,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау