4
5
KAZ Minerals Инфо
№ 4 (24) тамыз 2018
Үлгі болар жағдай
Дер кезінде келген көмек
20 маусым Орлов шахтасының №3
жерасты өндірістік учаскесінде жұмыс
істейтін жарушы үшін екінші туған күнін-
дей болатын сияқты. Бекзат Әубәкіров
шахтада жамбас сүйегін сындырып
алды.
Татьяна Маер, ОӨК
А
лғашқылардың бірі болып оған «KAZ
Minerals Service» ЖШС Жезкент алаңы-
ның жабдықтарды жөндеу мен қызмет көр-
сету жөніндегі слесарі Виктор Юрченко мен
«НВК-Прогресс» ЖШС-нің электрслесарі
Сергей Кузнецов көмекке келді.
«Бұл күн әдеттегідей өтіп жатты. Ауы-
сымға келіп, наряд-тапсырмамды алып,
нұсқаулықтан өттім. Өзіміздің учаскемізге
түсіп, тапсырыстарды орындауға кірістік.
Ауысым аяқталуға жақын қалғанда үшінші
учаскенің жөндеу орнында жүріп, кенжар-
дан зардап шеккен жігітті алып шыққанын
көрдім. Мен жағдайды саралап, жарақат
орнын анықтауға тырыстым. Таңғыш са-
лу керектігін бірден түсіндім. «KAZ Minerals
Service» ЖШС-де жұмыс істейтін әріптесім
екеуіміз жақын
жерде тұрған ұзын
орындықты сын-
дыра бастадық.
Оның өлшемі біз-
ге керегіндей бол-
ды. Содан кейін
үйренгеніміздей
таңғышты тарт-
тық. Негізі алғаш-
қы медициналық
көмекті көрсету-
дегі білімдерімді іс
жүзінде бірінші рет
қолданып көрдім,
– дейді Сергей Кузнецов. – Жасыратыны
жоқ, кейде қауіпсіздік техникасы саласын-
да бізге қойылатын талаптарға, жүйелі тек-
серіс сынақтарына, ҚТ және ӨҚ бойынша
емтихандарға, алғашқы медициналық кө-
мек көрсету жөніндегі лекцияларға қатыс-
ты ренжіп, күңкілдейтініміз бар. Алайда,
бұның бәрі бекер жасалмайтыны рас. Әри-
не, мұндай жағдайлардың аз, тіпті, мүлдем
болмағаны жақсы ғой. Дегенмен алғаш-
қы медициналық көмек көрсете білгеніміз
жақсы. Барлығымыз аман-есен болайық-
шы».
Жарақаттанған аяқты дұрыс бекітудің
арқасында қызметкерлер зардап шеккеннің
ауырсыну синдромын айтарлықтай азайтқан.
«Виктор Юрченко және Сергей Кузне-
цов қажетті шараларды өте дұрыс атқарға-
нын атап өткіміз келеді. Олар іс жүзінде ал-
ғашқы медициналық көмек көрсету білім-
дерін көрсете білді және төтенше жағдайда
дағдыларын пайдаланды», – дейді Анар
Теңізбаева, Орлов
ӨК денсаулық сақ-
тау пунктінің мең-
герушісі.
Бүгінгі күні
Бекзат Әубәкіров
үйінде, отбасының
жанында. Сауығып
келеді. Қазір өзі тұ-
рып, пәтердің ішін-
де балдақпен қоз-
ғалып жүр.
«Жер астында
жұмыс істеп жүр-
геніме 15 жылдан
асты. Өзімнің кәсіби ішкі түйсігіме сенімді
едім. Ал жағдай осылай болып қалды...
Қауіп-қатер болатынын ойлаған да жоқ-
пын. Күтпеген жерден орын алды. Аяғым
сынғанын түсінбей қалдым. Тұрайын деп
әрекеттеніп едім, болмады. Содан кейін
қауіпті аймақтан әрірек еңбектеп кеттім.
Содан кейін бірге істейтін жігіттер мені
байқап, жөндеу камерасына қарай алып
келді. Ол жерде Сергей мен Виктор мені қа-
былдап алды. Ал менің звеномдағы жігіттер
жұмыс орнына қайтты. Себебі, өндірістік
жоспарды орындау керек қой. Мердігерлік
компаниядағы әріптестер мені қолдарына
алып, екі жүз метрдей көтеріп апарды. Бей-
не бір соғыстағыдай. Мен де осылай жасай-
тын едім деп ойлаймын. Шахтер-бауырлар
осындай. Біз ешкімді тастамаймыз. Сергей
мен Виктор мені бір минутқа да қалдырма-
ды, жарақаттанған аяғымды таңып, ауруха-
наға жеткенше көмектесті. Оларға алғысым
шексіз. Оларға және барлық әріптестеріме
қауіпсіз жұмыс тілегім келеді. Әрдайым мұ-
қият болыңыздар. Үйде туған-туыстары-
ңыз күтіп отырғанын ұмытпағайсыздар», –
дейді Бекзат.
Басшылық құтқарушыларды сыйақы-
мен марапаттады.
Тақырыпты
жалғасақ
Орлов ӨК-де Жезкент ӘТҚО-ның
нұсқаушысы қауіпсіздікке арналған
бес минуттық жиналыс өткізуде -
ол алғашқы медициналық көмек
көрсетуге арналып отыр.
Б
ағдарламаны Орлов ӨК-нің ӨҚ және
ЕҚ бөлімінің оқытуды ұйымдастыру
жөніндегі маманы Ирина Лигус жасаған.
«Күнделікті ІІІ ауысымға барарда сағат
14.30-да Орлов шахтасының қызметкер-
лері мен мердігерлік ұйымдардың өкіл-
деріне арналған нұсқаулық өткізіледі.
Оның аясында электр тоғынан зардап
шеккендерге, қан кеткен жағдайда, газ-
дармен улану кезінде, зардап шеккен-
дерді тасымалдау кезіндегі алғашқы ме-
дициналық көмек туралы айтылады», –
дейді Ирина.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік және ең-
бекті қорғау бөлімінің бастығы Ербол
Сәукімбаев былай деп толықтырды:
«Шахтердың жұмысы қауіпті екені жа-
сырын емес. Ауысым сайын 800 метр
тереңдікке түрлі жастағы және түрлі
мамандықты игерген түрлі ұлт өкілдері
түседі. Әркімнің өндірістік міндеті әр-
түрлі, бірақ мақсаты бір – жұмысты ла-
йықты деңгейде және қауіпсіз атқару.
Ең бастыны бәрі түсінеді – аман-есен
көтеріліп, үйге жету. Барлығымызға
қатер төнуі мүмкін. Біреуге көбірек,
біреуге азырақ. Біздің сала ең қауіпті-
лердің қатарында. Біз компаниямызға,
елімізге қажетті кенді өндіреміз. Біз-
ге тәуелді отбасымыз, балаларымыз
бар. Оларды асырауымыз керек. Бізде
жастар көп. Олар да өмірлерін жайлы
еткісі келіп, еңбекақысы жақсы, бірақ
қауіпі жоғары жерде жұмыс істейді, үй-
де аналары күтіп отырғаннын жақсы
біледі. Бұл өте маңызды».
«Шахтерлар қанша рет шахтаға түс-
се, сонша рет өздері көтерілсін» деген
тілекті осындайда түсінесің...
Шахтер күні – бұл жерасты кеніш-
тері мен карьерлердің қызметкерлері-
мен қатар, KAZ Minerals Тобы кен ба-
йыту фабрикаларының өкілдері үшін
де меншікті кәсіби мерекеге айнал-
ды. Себебі, ресми түрде Кен байытушы
күні әлі бекітілген жоқ.
KAZ Minerals Тобындағы шахталар
мен карьерлерде 4300 адамға жуық жә-
не кен байыту фабрикаларында 3300
таяу адам жұмыс істейді. Сөйтіп, 7,5
мың адам, яғни Топ қызметкерлерінің
көп бөлігі тамыздың соңғы жек-
сенбісінде өздерінің кәсіби мерекесін
атап өтеді деген сөз!
«KAZ Minerals Инфо» редакциясы
сіздерге жолданған көптеген ізгі тілек-
терге қосылады. Сіздер біздің мұқаба
бетті сәнге айналдырдыңыздар!
Виктор Юрченко
Сергей Кузнецов
Бекзат Әубәкіров қыздарымен бірге