Құрметті әріптестер!



жүктеу 5,74 Mb.
Pdf просмотр
бет9/10
Дата21.11.2018
өлшемі5,74 Mb.
#23014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

14

15

№ 4 (24) тамыз 2018



      

KAZ Minerals Инфо

Фоторепортаж

Бозшакөл         карьерінің тұлғалары

Азамат Сүлейменов, учаскенің 

жолдар және үйінділер шебері:

- Біздің ауысым учаске мен өндірістік 

қызмет басшыларының бізге наряд – ауы-

сымдағы жұмыстың жоспарын таратуы-

нан басталады. Содан кейін біз өзіміздің 

машинистерге наряд таратамыз, кім, қай 

жерде және қандай техникада қандай жұ-

мыс атқаратындығын айтамыз. Содан 

кейін қауіпсіздік техникасына сәйкес жұ-

мыс барысында қандай қауіп-қатер не-

месе қандай оқиғалар орын алуы мүмкін 

екендігін айтамыз. Сосын адамдарды жұ-

мыс орындарына таратамыз. Ауысым ба-

рысында учаскелерді аралап, жұмыс ба-

рысында керекті түзетулер енгіземін. 

Учаскенің жолдар және үйінділер ше-

бері үнемі әріптестерімен қарым-қаты-

наста болуы қажет. Айуынша, олай жаса-

масаң, түсініспеушіліктер болуы мүмкін. 

Бірақ Азамат барлығымен тіл табысуға 

тырысады. «Барлығымыз адамбыз ғой. 

Мінезіміз де әртүрлі. Біреуге қаттырақ ай-

тасың, біреуге керісінше жеңілдік жасай-

сың. Бұл жерде аздап психолог болуға ту-

ра келеді», - дейді ол.

Азамат Сүлейменов тау-кен өндірісі 

саласында 12 жыл жұмыс істеп келеді. 

Оның 4 жылы Бозшакөлде өтті: «Мұнда-

ғы жұмыс жағдайы басқалардан өзгеше. 

Біз үйреніп қалдық. Барлық жерде жағдай 

Бозшакөлде сияқты көрінеді». 

Азамат Шахтер күніне орай әріптес-

теріне ең алдымен қауіпсіз жұмыс, табыс, 

жұмыстағы жоспарлардың орындалуын 

және отбасы мен үйлеріне бақ-береке ті-

лейді.


Павел Подрезов, CAT-785c жүк 

көлігінің операторы

 - Маған ұнайтыны – осы жерде қа-

зылған тастың бір бөлшегі болашақта, 

мысалы, көліктің бір бөлшегіне айнала-

ды. Бұл маңызды істе менің де үлесім бар 

екенін білемін. Әрине, жұмысымыз оңай 

емес. Таңертен жүк көлігін от алдыра-

мыз да, кешке дейін тоқтамаймыз. Егер 

бір экскаватор тоқтап қалса, басқасы-

на жолдайды. Егер ол тоқтаса, үшіншісі-

не кетеміз. Себебі, Leica жүйесі барлы-

ғын көріп, реттеп, бағыттап отырады. Бір 

күнде жұмыс орнымыз 2-3 рет ауысуы 

мүмкін. 


Фоторепортажды түсіру кезінде Па-

вел Подрезов өзінің жүк көлігінде емес, 

су себу машинасында жүр екен. Ол бы-

лай түсіндірді: «Қазір жолдарға су ша-

шып жүрмін. Ал негізгі жұмысым СAT-

785c көлігінде. Мына жұмыс үшін маған 

қосымша ақы төлейді. Мен сияқтыларды 

мультиоператор дейді. Мүмкіндік болса, 

жолдарға су шашамын. Түсте өзімнің ірі 

жүк көлігіме отырамын». 

Павел Қазақстанның бірнеше кенішін-

де жұмыс істеген. Қазір Павел Подрезов 

64 жаста. Дегенмен, айтуынша зейнет жа-

сы жұмысқа кедергі емес. 

Жұмыстан кейін қызметкерлерге шар-

шауды жеңуге спорт және Бозшакөлдің 

вахталық қалашығындағы өзге ойын-

сауық түрлері көмектеседі. «Тренажер-

лар да, бильярд та, теннис те бар. Кино-

залдарда 3 үлкен теледидар тұр. Жақында 

Футболдан әлем чемпионаты өтті. Біз де 

қызыға қарадық. Ойындар кезінде залда 

толып отырдық», – дейді Павел.

Светлана Поддубная, тау-кен инже-

нері- диспетчер:

- Диспетчерлік қызмет кез-келген 

өндірісті, шахтаны болсын, карьерді бол-

сын жедел басқаруды көздейді. Диспет-

черлік бөлім кәсіпорынның миы сияқ-

ты. Біз іштегі және сырттағы өзгерістерге 

көңіл бөлеміз, бағыттаймыз, басқарамыз. 

Мен мұнда 2015 жылғы 2 ақпанда келдім. 

Оқыту, индакшн – барлығы симулятор-

ларда, тренажерларда өтті. Диспетчерлік 

қызметтің жұмысын көктем келгенде бас-

тадық. Карьер ерігесін суды шығара баста-

дық. Мамыр айында өзіміздің тікелей мін-

деттерімізге кірістік. Қазақстанда мұндай 

болмағандықтан, диспетчерлеудің жаңа, 

замануи Leica жүйесін игеру үшін күрделі 

үйренуге тура келді. Моңғолияда, Австра-

лияда, Чилиде бар, ал Қазақстан үшін бұл 

алғашқы тәжірибе еді. Бастапқыда сасқа-

лақтағанымыз рас, бірақ үйреніп кеттік. 

Адамдар барлығына үйренеді ғой.  

Диспетчерлік қызметтің де, жал-

пы карьердің ұжымында ер адамдар ба-

сым. Алайда Светлана бұған қаймықпай-

ды. Керісінше, ер адамдар жұмыс істеген 

жеңілрек дейді. 

Жұмысы және әріптестері туралы айт-

қанда ол жылы сөздері мен сезімдерін жа-

сырмайды. Leica жүйесінің артықшлықтары 

мен қызметтерін айтқанда көздері жанып 

тұрады. Ірі, ауыр жүкті тасымалдай алатын 

көліктерді «самосвальчики» деп атайды. 

Светлана Шахтер күнін өзінің кәсіби 

мерекесі ретінде атап жүргеніне көп жыл 

болды. Кен орындарды игеруге қатысы бар 

әрбір жан бұл мерекені өз мерекесі ретінде 

атап өте алады деп есептейді: «Біз бір шын-

жырдың шығырықтары сияқты бір-біріміз-

бен байланысқанбыз. Бір шығырық істен 

шықса, шынжыр үзіледі. Біз техникаға қыз-

мет көрсететін механиктерсіз, экскаватор-

лар жұмыс істеу үшін карьерді электр қуа-

тымен қамтамасыз ететін электриктерсіз 

қызмет ете алмаймыз. Тіпті бізге билеттер 

сатып әперетін тревел-мамандарынсыз да 

жұмыс істей алмаймыз. Мен жұмысқа кел-

генде, үйге қайтқанда купе вагонындағы 

төменгі орын болатынына сенімдімін…».



Фоторепортаждың толық нұсқасын 

www.kazminerals.info сайтынан 

оқи аласыз.


16

17

KAZ Minerals Инфо



      

№ 4 (24) тамыз 2018

Оқыту

Ақтоғайға тағылымгерлер келді

Ақтоғайда 40-қа таяу тағылымгер өздерінің алғашқы вахталарын аяқтады. 

Жақында ғана техникалық университетті тәмамдаған жастар енді KAZ Minerals 

Тобының өркендеу жобасындағы жұмыстың толыққанды мүшесі. Оған қол 

жеткізу үшін олар өздері сияқты металлургия мен кен байыту саласында білім 

алған жас мамандар арасында өткен қатаң іріктеуге қатысты. 

«Б

ағдарламаның мақсаты – кәсіп-



орынымызды жас, әрі білікті 

кадрлармен қамтамасыз ету. Бағ-

дарлама жас мамандарға еңбекақы төлей 

отырып, бір жыл бойы оларды оқытып, та-

ғылымдамадан өткізуді көздейді. Оқыту екі 

ай бойы жүреді. Оның аясында қауіпсіздік 

техникасы мен өндірістік оқытуға ден қой-

ылады. Одан кейін тағылымдамадан өтіп 

жатқан жас мамандар өндірістік учаске-

лерге барып, практика-

лық сабақтардан өтеді, 

жұмысын бастайды. Әр 

жас маманға тәлімгер 

көмектесетін болады», 

– дейді Бауыржан Абыл-

қасымұлы, Ақтоғай КБК 

Қызметкерлермен жұ-

мыс істеу басқармасы-

ның басшысы.

Бағдарлама туралы 

бастама көтерген мамандардың айтуы бой- 

ынша тағылымдама туралы шешім 2017 

жылы қабылданған екен. Сол кезде дайын-

дық жұмыстары басталды – КБК-нің ма-

мандары өндірістік бөлімшелердің бас-

шыларымен ақылдасты, бейінді универси-

теттермен және колледждермен  кездесіп, 

келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде флота-

торлар, металлургтер, механиктер және та-

ғы басқалар сияқты 12 техникалық маман-

дықты қамту туралы шешім қабылданды.  

Шығыс Қазақстан мемлекеттік тех-

никалық университетіне, Аягөз политех-

никалық колледжіне және ШҚО-ның өзге 

колледждеріне басымдық берілді. Соны-

мен қатар, Сәтпаев атындағы Қазақ ұлт-

тық техникалық университетінің және 

Қазақстан-Британ техникалық универси-

тетінің студенттеріне де мүмкіндік жа-

салды. 


«Біздің университетке KAZ Minerals-

тан студенттерді тәжірибеден өткізу-

ге тапсырыс келді. Конкурсқа қатысқы-

сы келгендер екі кезеңді тестілеуден өтті. 

Содан кейін сұхбаттасу болды. Іріктеуден 

өткен соң бізді осында 

шақырды, еңбек шар-

тына қол қойылды. 

Біздің топтан бес адам 

өтініш беріп, олардың 

арасынан іріктеуден 

мен ғана өттім. Сондай-

ақ, кен байытушылар 

тобынан және метал-

лургиядағы қазақ то-

бынан өткендер бар», – 

дейді Карина Зикирова, Серікбаев атын-

дағы ШҚМТУ түлегі.

Тағылымдамаға келген әрбір маман 

үшін жеке дамыту жоспары жасалады. 

Қазірдің өзінде жастар іс-қызметіне сәй-

кес топтарға жіктелді. Әр топтың өзіндік 

өндірістік оқыту ерекшеліктері бар. 

«Ең алдымен бізге қауіпсіздік техни-

касын, өрт қауіпсіздігі ережелерін жә-

не алғашқы медициналық көмек көрсету 

негіздерін үйретті. Бізге қауіпсіздік тех-

никасы ең басты дүние екенін күнделікті 

қайталап, айтады. Бұл қағида бәріміздің 

санамызға жазылып қалған сияқты. Ма-

ған ұстаздар құрамы өте ұнайды, өте 

сауатты адамдар. Бізге студенттерге емес, 

қатарлас әріптестеріне сияқты қарайды. 

Әрине, қазіргі оқыту университеттегі тео-

риялық білім алудан ерекшеленеді. Уни-

верситетте оқып жүренде біз реагенттерді 

мүлдем қарастырмағанбыз. Ал мұнда 

қандай реагент қай жерге, қандай мөл-

шерде қосылуы керектігін егжей-тегжейлі 

үйретеді. Оның бәрін іс жүзінде көріп 

жүрміз», – дейді Карина.

Әр жас маманға Ақтоғай КБК-нің тәж-

рибелі қызметкерлерінің қатарынан тәлім-

герлер бекітілген. Тәлімгерлерді ынталан-

дыру үшін оларға арнайы қосымша ақы 

да көзделіп отыр. 

«Себебі, қазір олардың жауапкершілігі 

екі еселенді – олар өздеріне және өзінің 

тағылымгеріне жауапты. Жалпы біз жас-

тарды дұрыс таңдадық деген ой қалып-

тасты. Олар бірден өздерінің болашақ 

басшыларына, кураторларына жақын-

дап, сұрақ қойып, тағылымдама шартта-

рына және өндірістік учаскелердегі жұ-

мыс жағдайларына қызығушылық таны-

тып жатты. Тағылымдама кезінде өздерін 

жақсы көрсете білген мамандармен біз 

тұрақты еңбек шартын жасауға дайын 

екендігімізді айтқым келеді. Тағылым-

герлер тек қана еңбекақы алып қоймай, 

біздің сыйақы бағдарламамыздың қаты-

сушылары болып табылады. Яғни, енді 

олар біздің командамыздың бір бөлігі», – 

дейді Бауыржан Абылқасымұлы. 

Тағылымдамаға келген 

әрбір маман үшін жеке 

дамыту жоспары жаса-

лады.



жүктеу 5,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау