Құрметті активке қатысушылар!
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы жарияланды. Бұл – бұған дейін жүзеге асырылып келген стратегиялық құжаттардың заңды жалғасы. Және еліміздің, өңіріміздің дамуына тың серпін беретін Жолдау болды.
Елбасы Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. Біздің өңірде экономиканың барлық саласы бойынша жұмыс істейтін 60 мыңнан астам қызметкердің жалақысы орта есеппен 35 процентке өседі.
Уческелік медицина қызметкерлері үшін де жағымды жаңалық бар. 1 100-ден астам дәрігерлер мен медбикелердің айлықтарына 20 процент қосымша қаражат қосылатын болды.
Облысымыздағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 3 829 тәрбиешілері мен қызметкерлерінің жалақылары өседі.
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЭКСПОРТ
Жолдауда отандық өнімді арттырып, экспортқа көңіл бөлу тапсырылды. Өңіріміз ауылшаруашылығына қолайлы облыс болғандықтан ет экспорты бойынша жоспарлар артығымен орындалып келеді. Өткен жылы ет экспорты бойынша республикалық көрсеткіштің 40 процентін, яғни жартысына жуығын біздің өңір атқарды. 1300 тонна сиыр еті шет елдерге, атап айтқанда Ресей, Армения, Иран және Ауғанстан мемлекеттеріне шығарылды. Қой етін экспорттау бойынша жоспарымыз 2,5 есеге артық орындалды. 500 тоннаға жуық ет экспортталды. Бұнымен шектелмейміз. Себебі Жолдау қосымша мүмкіндіктер береді.
Елбасының тапсырмасына сәйкес өңірдегі ирригациялық құрылымдар жүйесін жаңарту жұмыстарының нәтижесінде жаңа мүмкіндіктер ашылды. 4 ірі жоба жүзеге асырлып, суармалы жерлер 70 мың гектарға дейін кеңейе түсті. Нәтижесінде малшаруашылығымен айналысатын қожалықтар көбейе бастады. Шаруа қожалықтарының саны 2017 жылғы көрсеткіш 5 мыңнан, биыл 6500-ден астам өсті.
Тоқтап тұрған жобаларға инвестор тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Кроун Батыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысын жандандыру мақсатында әлемдік нарықта орны бар шетелдік және отандық компаниялармен келісімге келдік. Сонымен қатар өңірімізде қосымша тағы 10 мың бас бордақыланатын алаңдар салуды жоспарладық.
Игерілмеген жерлерді қайтару қарқынды жүруде. Бүгінгі таңда 1 млн.га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның жартысы іскер азаматтарға қайта берілді. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасады. Қолынан іс келетін азаматтарға жер беріледі. Жерді қазірдің өзінде электронды түрде бөлу тәжірибеге енгізілді. Цифровизация аясында біз ашықтықты қамтамасыз етудеміз.
В Послании отмечена роль экспортоориентированной индустриализации и расширения линейки товаров народного потребления. У нас сегодня работают на экспорт такие предприятия как – Уральский трансформаторный завод, «Жайык Агро», «Пош Руно», «Квант», «Стекло Сервис» и другие. Все, что можно производить в Казахстане, должно быть сделано у нас. НПП «Атамекен» совместно с фондом «Даму» и другими институтами прорабатывают по координации производителей, чтобы они делали закуп сырья и комплектующих в стране.
Президент направит 500 млрд. тг. на поддержку обрабатывающей промышленности. В регионе реализуются 12 инвестпроектов, половина их них – с иностранным участием, иностранные инвестиции. Этому будет способствовать и Фонд прямых инвестиций, который будет соинвестировать проекты с зарубежными партнерами. Это также реальная помощь для наших бизнесменов. Особая роль отводится транспортно-логистическому центру у нас в регионе. Мы в регионе строим ТЛЦ «БАСК», эту работу активизируем.
Президент призвал в полной мере реализовать потенциал АПК. По современным агротехнологиям у нас работают «Кублей», «Жайык Агро», «Батыс Нык», «Желаевский КХП». Инвесторы из британской компании «Данбиа» готовы вложиться в наш регион (откормочный комплекс), чтобы выйти на международный уровень. Все эти усилия должны быть направлены на экспорт за рубеж, в т.ч., в Китай. («экономика простых вещей»)
БІЛІМ САЛАСЫ
«Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек», – деп Елбасы өз Жолдауында атап өтті.
Біздің өңірде жеке балабақшалардың саны 24-тен 52-ге дейін көбейіп, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту – 100 процентті құрады. Цифрландыру аясында қаладағы балабақша кезегі толықтай электронды кезек жүйесіне көшірілді. Аудандарға осы жүйеге көшіп, ашықтықты қамтамасыз ету керек. Жыл соңына дейін бұған барлық аудан орталықтары өтеді. Мемлекет басшысының тапсырғаны ендігі кезекте балабақшалардың ішкі контентін байытуымыз қажет. Балабақшаларды бейнекамералармен жабдықтап, кез келген ата-ана смартфон арқылы өз баласының тобындағы жағдайды трансляция арқылы көре алатын мүмкіндігі болуы қажет. Яғни ата-аналар тарапынан қоғамдық бақылауды күшейтеміз.
Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиістігі тағы да айтылды. Бұл жұмыстармен жүйелі түрде айналысып келеміз. Ендігі кезекте біздің беткеұстар жоғары оқу орындарымыз да Назарбаев университетінің білім беру жүйесіне бейімделе бастауы керек. Ол үшін университет ұстаздарын арнайы тағылымдамалардан өткізу жоспарлануда.
Ең бастысы ұстаздардың мерекесі қарсаңында мұғалімдердің мәртебесін көтеру туралы тапсырма бергенін барлығымыз да ықыласпен қабылдадық. Мұғалімдер ретсіз тексерістер мен қағазбастылықтан арылып, арнайы заңмен қорғалатын болды. Елбасымыз атап өткендей мұғалімнің негізгі міндеті – балаға білім беру болмақ.
Президент отметил роль Дорожной карты бизнеса (ежегодно выделяются 30 млрд. тг.). Она будет продолжена наравне с программами «Нурлы жол», «Нурлы жер», развития территорий до 2025-го года. Это позволит формировать стабильные источники роста бизнеса.
Этому способствуют озвученные Президентом меры по защите бизнеса с поднятием порога по налоговым нарушениям до 50 тыс. МРП и списанием пени и штрафов при оплате основного долга.
Будут корректироваться тарифы на услуги естественных монополий и ЖКХ. А также будут контролироваться инвестиционные обязательства монополистов.
Приоритеты бюджетных расходов будут направляться, как отметил Президент, на три основные сферы: 1. Социальная. 2. Безопасность. 3. Инфраструктура. К примеру, по безопасности мы запускаем ЦОУ ДВД, по опыту Астаны устанавливаем видеокамеры, будем использовать финские BIM-технологии.
Инфрақұрылымдар бойынша. Біздің өңірдің жол сапасын үнемі айтып келеміз. Қазір жыл сайын 500 шақырымға жуық жол жөнделуде. Республикалық маңызы бар жолдар Орал-Тасқала-РФ шекарасы биыл аяқталады. «Нұрлы жол» бағдарламасы қарқынды жүруде. Алдағы уақытта Орал-Орынбор тас жолы жасалатын болады. Өңірге мамыр айында келген Президенттің сапары қорытындысы бойынша, шалғай аудандарға жол тарту тапсырмасына сәйкес қаражат бөлінді, келесі жылы жұмысты бастайтын боламыз. Жолдауда өңірішілік жолдарға аса мән берілді. Сондықтан, қаладағы, аудандардағы жолдарды жөндеу қарқынын төмендетпейміз.
В здравоохранении Президент поставил задачу повысить качество медицинских услуг. Мы добились снижения показателей по ряду заболеваний. За 2017-18 годы отремонтировано 40 объектов здравоохранения, закуплено 270 единиц санавтотранспорта и медоборудования, в том числе и дорогостоящий магнитно-резонансный томограф (МРТ) по ГЧП. Будем закупать ангиограф, лучевой ускоритель, компьютерный томограф в районы. Перешли на безбумажное оформление документов, теперь нужно качественно повысить содержание, устранить бюрократию.
Президент поручил повысить доступность массового спорта и физкультуры. Мы сделали традицией ежегодные марафоны, велопробеги, проведение турниров между организациями. Мы активизируем эту работу. В райцентрах есть запрос на спорткомплексы. В городе необходимо выделять велодорожки. Использовать возможности школ как спортплощадок, чтобы взрослое население могло заниматься по выходным дням.
Следующий пункт касается создания комфортной среды проживания. В первую очередь строительство качественного и доступного жилья. По программе «7-20-25» уже сдали первый 9-ти этажный дом. В регионе будет продолжено строительство арендного жилья. Уделяться внимание созданию зон комфортного и безопасного проживания - благоустройству дворов, скверов, улиц и площадей. В городе ведется работа по созданию «безбарьерной среды» для лиц с ограниченными возможностями.
Согласно генплану развития Уральска мы приступили к закладке нового микрорайона «Акжайык» на площади 450 гектаров, в котором будет реализована концепция «Умного города».
В регионе продолжается работа по утвержденным Главой государства программам «Нұрлы жер» и «Нұрлы жол». В текущем году планируем сдать 3 тысячи квартир, в т.ч. по программе «7-20-25». В областном центре насчитывается 44 аварийных дома. По программе «7-20-25» за счет частных инвестиций будут строиться 17 домов взамен аварийных.
Елбасы Жолдауда ерекше атап өткен мәселенің бірі азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат қалыптастыру.
Кәсіби мемлекеттік аппарат әрбір қызметкердің кәсіби біліктілігі мен біліміне тікелей байланысты. Сондықтан қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғыртудан бастап, іскерлік қасиетке аса мән берілуде. Келесі жылдан бастап өңіріміздегі 2,5 мың мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өсетін болады.
Біз мемлекеттік органдардың ашық болуын басшылыққа алып келеміз. Жылына 4 мәрте «ашық әкімдік» шарасы өткізіледі. Тұрғындармен тікелей байланысты нығайтатын бұл шара тұрақты түрде жалғаса береді. Біз бұл жұмыстарды облыстық прокуратура, мемлекет қызмет департаментімен бірлесе ұйымдастырып келеміз. Облыстық сотпен бірге медиация жүйесінің нығаюына еңбек етіп етудеміз.
Сонымен қатар қала әкімдігінен ашылған «Ашық әкімдік» азаматтардың сұранысына бейімделіп, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етіп келеді. Қазірдің өзінде біздің өңірде тұрғындарға мемлекеттік қызмет түрлерінің 70 проценті электронды түрде көрсетіледі. 2019 жылы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында көрсетілетін қызметтердің 80 процентін электронды түрге көшіретін боламыз.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын облысымыздың зиялы қауымы бастап, жастары қолдап келеді. Облысымыздан қасиетті орындар тізіміне 7 ірі нысан енгізілді. Соның бірі «Бөкей Ордасы» тарихи-музей кешеніне туризмді дамыту мақсатында жол салу туралы Елбасымыздың өңірімізге сапары барысында берген тапсырмаларын өңір тұрғындары қуана қабылдады.
Облыста биыл 300-ге жуық шара өткізілді. «Атамекен» ішкі бағдарламасы шеңберінде 2018 жылдың қаңтар айынан бері меценаттар қаржысы есебінен 205 млн. теңге жұмсалып, 122 жоба жүзеге асырылды.
«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы шеңберінде сапалы білім беру, үштілділікті дамыту, цифрлық сауаттылық басымдықтарды қамтамасыз етуге жағдай жасау бағытында облыстың 250 мектебі заманауи робототехника кабинеттерімен жасақталды және 15 IT-сыныбы жаңа оқу жылынан бастап жұмыс істеуде.
ЖАСТАР ЖЫЛЫ
Елбасы келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. Бұл ұсынысты өңіріміздің жастары да қуана қабылдады. Бүгінде облысымызда бірнеше коворкинг орталығы жұмыс істейді. Ендігі кезекте шалғай аудандарда осындай орталықтар құрып, жастарға жағдай жасалуы қажет.
Жас отбасыларға арналған Ақжайық баспана бағдарламасын пысықтау қажет. Бизнес бастағысы келетін жастарға арнайы оқытулар, жеңілдікпен несие алу жағын қарастырамыз.
Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен білім гранттарын бөлуді одан әрі жалғастыратын боламыз.
Жастар жылы арзан флешмобтармен көмкерілмей, мазмұнды да мағыналы жыл ретінде аталып өту керек.
Құрметті бүгінгі жиынға қатысушылар!
Біздің алдымызға зор міндеттер қойылды. Атқаратын жұмыстарымыз өте ауқымды. Жолдаудан туындайтын міндеттерді атқаруда өңір тұрғындарымен бірлескен жұмыс жоспарларын құруымыз қажет.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, өршіл мақсаттарға жетелейтін жолда ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырамын.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |