«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы жаднама |
1 | |
«Аршалы ауданының кәсіпкерлік және өнерсәсәп бөлімі» ММ
9.00-18.00, prom7@list.ru
|
2 | Өтінішті қабылдауды жүргізетін және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін беретін ұйымдар туралы ақпарат |
1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;
2) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының кеңсесі (бұдан әрі – қаржы агенттігі);
3) 180 миллион (бұдан әрі – млн.) теңгеден артық емес кредиттер бойынша www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
|
3 | «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу әдісі туралы ақпарат | Веб-портал арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» уәкілетті органның электрондық цифрлы қол таңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған электрондық құжат нысанында жіберіледі. |
4 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі | 1) 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша – қаржы агенттігі екінші деңгейдегі банктен/Даму банкінен (бұдан әрі – Банк) құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Ұсынылған құжаттарға қатысты ескертулер және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулер және/немесе ақпаратты беру туралы сұратуды көрсетілетін қызмет беруші оларды жою үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
2) 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша - қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
Егер көрсетілетін қызметті алушы мен қаржы агенттігінің кепілдігімен алынған кредиттер бойынша онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың жиынтық берешегі 180 млн. теңгеден асатын болса, онда бұдан кейінгі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
– веб-портал қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алғаннан кейін – 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде.
Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулерді және/немесе ақпарат беру туралы сұратуды қаржы агенттігі жою және/немесе ақпарат ұсыну үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Банкке жолдайды. Бұл ретте, қаржы агенттігінің құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.
Банк қаржы агенттігіне көрсетілетін қызметті алушыдан «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық өтінім алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, қаржы агенттігі көрсетілетін қызметті алушыға кепілдік беру туралы мәселені қараудан бас тартады.
|
5 | Мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі | 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтініш;
2) кәсіпкердің кепілдік сомасы есептелген кредит алу мүмкіндігі туралы Банктің оң шешімі бар хаты;
3) көрсетілетін қызметті алушының кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға келісімі (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша);
4) көрсетілетін қызметті алушының қаржы агенттігімен жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісімі (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);
5) кепілдікті тарту туралы шешім қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының шешімі.
180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес, қатысуға арналған өтініш;
2) кәсіпкер-заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгендігі/қайта тіркелгендігі туралы куәлік немесе анықтама/жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат (кәсіпкердің (кәсіпкердің-заңды тұлғаның уәкілетті тұлғасының) мөрімен (бар болса) және қолтаңбасымен расталған көшірмесі);
3) кәсіпкер қаржы агенттігіне жүгінген күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын берілген, бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің бар/жоғы туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;
4) салық декларациясының көшірмесін және/немесе интернет-ресурстарда орналастырылған қаржылық жағдай туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпаратты, бірінші басшысы (заңды тұлғалар үшін) куәландырған дебиторлық және кредиторлық берешектердің таратылып жазылуларымен қоса бере отырып, кәсіпкердің – орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің соңғы үш қаржы жылындағы қаржылық есептерінің көшірмелері (оның ішінде, берешектің пайда болған сомалары, күндері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің атауы) (кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті үш жылдан аз жүзеге асырған жағдайда, ақпарат кәсіпкерлік қызмет нақты жүзеге асырылған кезеңге ұсынылады);
5) кәсіпкердің кепілдік сомасы есептелген кредит алу мүмкіндігі туралы банктің оң шешімі бар хаты;
6) қаржы агенттігінің кәсіпкерді кепілдендіру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының көшірмесі (банктің мөрімен куәландырылған);
7) 180 млн. теңгеден астам кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жеке қаражат жобасын (ақша қаражаты, жылжымалы/жылжымайтын мүлік), оның ішінде жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-нан төмен деңгейде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен іске асыруға, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде кәсіпкерлердің – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша кәсіпкердің жобасын іске асыруға қатысуды қамтамасыз ету мерзімдерін қамтитын кәсіпкердің жобасын іске асыру бизнес-жоспары – кірісті өсіруге қол жеткізу, жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту және ӨҮК шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін бюджетке төленетін салықтардың көлемін 10%-ға өсіру кезеңдері;
8) кірістің өсімі және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20%-ға өсуі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесін қоса бере отырып, кәсіпкердің – орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің қаржылық есептерінің көшірмесі (Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);
Веб-порталға:
180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша
1) кәсіпкердің ЭСҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш;
2) кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға электрондық нысандағы келісімі;
3) оның жеке деректерін жинауға және өңдеуге электрондық нысандағы келісімі;
4) кепілдік сомасы есептелген кредит алу мүмкіндігі туралы Банктің оң |
6 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі | 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша – қаржы агенттігінің алдын ала кепілдік хаты не қаржы агенттігінің уәкілетті органының теріс шешімінің себептері көрсетіле отырып, бас тарту туралы хабарламасы;
180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша – Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме.
|
7 | Қосымша ақпарат (Бірыңғай байланыс нөмері – мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша орталық, басқа да қызметтің егер олар болса анықтама телефондары) |
Бірыңғай байланыс орталығының «1414»,
«Аршалы ауданының кәсіпкерлік және өнерсәсәп бөлімі» ММ
8-(71644) 2-25-56
|