7.8 Сумен жабдықтаудың тазалайтын құрылыстарын пайдалану кезінде қойылатын еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары
7.8.1 Сумен жабдықтау және су тарту жүйелерінің тазалайтын құрылыстарына қызмет көрсететін жұмыскерлер құрамында құрылыстардың технологиялық режимінің сақталуына жауапты жұмыскерлермен қатар еңбекті қорғау, қауіпсіздік жағдайына, электр жабдығының, жүк көтеретін механизмдердің, автоматтандырылу құралдарының, бақылау-өлшеу аспаптарының, реагент шаруашылығының және өрт қауіпсіздігінің техникалық пайдаланылуына жауапты жұмыскерлер тағайындалуы тиіс.
7.8.2 Тазалайтын құрылыстарға қызмет көрсететін жұмыскерлер жүйелі түрде дезинфекцияланып тұратын арнайы киіммен жұмыс істеуі тиіс. Жұмыскерлерге арнайы киіммен құрылыстардың аумағынан тыс жердегі дәретхана мен қоғамдық пайдалану орындарына баруға рұқсат берілмейді.
7.8.3 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымының реагенттер сақталатын қоймаларда осы Ереженің 8-бөлімінің талаптарына сәйкес сақталады.
7.8.4 Реагенттермен жүргізілетін барлық жұмыстар нормалармен белгіленген арнайы киіммен, аяқ киіммен ғана, ал жұмыс аймағының ауасына шаң немесе зиянды газдар бөлінген уақытта газ қағарлармен немесе тыныс алу жолдарын қорғайтын басқа да жеке қорғаныс құралдарымен және қорғайтын көзілдірікпен жүргізілуі тиіс.
7.8.5 Реагенттерді дайындау шарттары ҚР ҚНжЕ 4.01-02 талаптарына сай келуі тиіс. Құрамында фтор, күкіртті газ бен оның ерітінділері бар реагенттер улы заттар болып табылады және олармен жұмыс істеген уақытта ӘКУЗ қойылатын талаптарды сақтау қажет.
7.8.6 Жұмыскерлер реагенттермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолдарын жуып, глицерин жағуы, көздерін дистилденген суға матырылған мақта тампонмен сүртуі, ал қажет болған жағдайда душ қабылдауы тиіс.
7.8.7 Салыстырмалы ылғалдылығы 90% жоғары тазалайтын құрылыс жайларындағы электр жабдық ылғалдан қорғалған орындалымда болуы тиіс.
7.8.8 Ыдыс құрылыстардың ішінде жүргізілетін жөндеу жұмыстарын құрамы кем дегенде үш адамнан тұратын бригада жүргізуі тиіс. Жұмыскерлер болса, газ қағарлармен және ұзындығы люктан есептелетін аралықтан құрылыстың ішіндегі анағұрлым қашық нүктесіне дейін 2 м артық белдікпен және жіппен қамтамасыз етілуі тиіс. Құрылыстың бетінде сақтық үшін және құрылыстың ішінде жұмыс істеп жатқан жұмысшыларға материалдар мен сайманды әперу үшін кем дегенде екі адам қалуы тиіс.
7.8.9 Жабық ыдыс құрылыстарына түспей тұрып, ауа ортасының жағдайын зиянды және жарылу қауіп бар газдардың болуына және жеткілікті мөлшердегі оттегінің болуына тексеру қажет. Аталған ыдыс құрылыстарының ішіне төмен түспей тұрып, олардың іші жасанды жолмен желдетіліп алынуы тиіс. Жұмыс барысында люктар ашық тұруы тиіс. 7.9 Ағын суларды тазалайтын және тұнбаны өңдейтін құрылыстарды пайдалану кезінде қойылатын еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары
7.9.1 Ағын суларды тазалайтын құрылыстарды пайдалану кезінде қойылатын еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары
7.9.1.1 Ағын суларды тазалайтын құрылыстардың пайдаланылуы осы Ереженің тиісті бөлімдерінде айтылған ұқсас құрылыстар мен жабдықтарға қойылатын еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
7.9.1.2 Ағын суға немесе қалдықтарға қол тигізетін жұмыскерлердің арнайы киімі мен арнайы аяқ киімі аптасына кемінде бір рет жуылып, дезинфекциялануы тиіс. Станцияларда киім кептіретін жайлар болуы тиіс. Арнайы киімнің жуылуы және дезинфекциялануы сумен жабдықтау және су тарту ұйымында ұйымдастырылуы немесе бұл жұмысты шарт бойынша арнайы ұйым жасауы тиіс.
7.9.1.3 Механикалық торларды тазалаған уақытта тырмада тұрып қалған қалдықтарды қолмен алуға тыйым салынады. Механикалық тырмалардағы қалдықтарды тырма толығымен тоқтағаннан кейін барып, тазалауға болады. Бұл жұмысты орындаған уақытта қолғап пен респиратор пайдалану қажет.
Қалдықтар санэпидқадағалау органдарымен келісілген жерге дейін апарылғанша қақпақтары жабылған контейнерлерде сақталып, ЖҚҚ пайдаланылуымен күн сайын хлорлы әктас себіледі.
Контейнерлер жылына кемінде бір рет тексерілуі тиіс. Олардың бойында инвентарлық нөмір, жүк көтергіштігі мен сыналу мерзімі көрсетілген тақтайшадағы жазулар болуы тиіс.
7.9.1.4 Каналдардағы торларды тазалау жұмыстарын аға жұмыскердің тағайындалуымен және жұмыс орнында жергілікті жағдайлардың ескерілуімен еңбекті қорғау және қауіпсіздік шарлары туралы нұсқаманың алынуымен үш адамнан құралған бригада жүргізуі тиіс.
7.9.1.5 Беті ашық құрылыстардағы су жан-жағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарына сәйкес қоршалатын жұмыс алаңдарынан іріктеледі.
7.9.1.6 Тұндырғылардың лай қармағыштарының айналмалы бөліктері қоршалуы тиіс.
7.9.1.7 Тұндырғылардың лай қармағыштар, лай сорғыштары арбасы жүретін жолды механизмнің тура келе жатқан фермасы (көпірі) алдында қолмен тазалауға тыйым салынады.
7.9.1.8 Биосүзгілердің қоқысталып қалған айналмалы және стационарлы суарғыштары тек өшіп тұрған уақытта ғана тазалануы тиіс.
Биосүзгілердің тиелетін материалы механизмдердің көмегімен ауыстырылады, жұмыскерлер арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен жұмыс істеуі тиіс.
7.9.1.9 Сүзгі алаңдарына қызмет көрсететін жұмыскерлерге душ, арнайы киімді кептіретін, демалатын және тамақтанатын орындар ұйымдастырылады.
Сүзгі алаңының әр 75 га бастап, 100 га дейінгі жерінде жұмыскерлер жылынатын будкалар болуы тиіс.
7.9.1.10 Сүзгі алаңдары каналдарының тарату желісі, қоршайтын валкалар, жолдар, көпірлер және басқа да құрылыстар таза тұруы және уақытылы жөнделіп тұрылуы тиіс. Түнгі уақытта қауіпті аймақтарда қызыл түсті сигнал шамдар жанып тұруы қажет.
7.9.2 Тұнбаны өңдеу құрылыстарын пайдалану кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары мен еңбекті қорғау талаптары
7.9.2.1 Ағын сулардың тұнбасын өңдейтін құрылыс пен жабдық ҚНжЕ 2.04.03, ҚНжЕ 3.05.04 талаптарына сай келуі тиіс,
7.9.2.2 Қызмет көрсететін жайлар мен метантенктер жабдығы «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламентіне, «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережесіне» және «Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентіне сәйкес жарылыс пен өртке қарсы талаптарға сай келуі тиіс.
7.9.2.3 Қажетінше ауа алмастырып тұратын желдеткіштердің тоқтамай жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету үшін электр техникалық жабдықтың, метантенктерге қызмет көрсету жайларының резервтік электр қоректенуі болуы тиіс.
Желдеткіш жұмыс істемей тұрған уақытта жұмыскерлердің метантенктер тұрған жайларға кіруіне және бұл жерде қандай да бір жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
7.9.2.4 Метантенктерге қызмет көрсететін жайлардағы электр жарығы, электр қозғалтқыштары, іске қосу және тоқ қоректендіретін құрылғылар мен аппаратура жарылыстан қорғалып орындалуы тиіс. Электр құрылғылары мен электр жабдығының жермелеуі болуы тиіс.
Метантенктер тұрған жайларда:
- өртке қарсы құрал-саймандар;
- резеңке қолғап пен электр агрегаттарды басқару қалқандарының жанында төселген кілемшелер;
- газ анализаторлары немесе газ сигнализаторлары;
- жеке қорғаныс құралдары;
- жарылысқа қауіпсіз аккумуляторлық шамдар;
- дәрігерлік көмек көрсетілгенге дейін алғашқы көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмектер салынған қобдиша болу қажет.
Қауіпті жерлерге қауіпсіздік белгілері ілінуі тиіс.
7.9.2.5 Метантенктерден газ тарту газгольдерлер мен метантенктердің газ желісі «Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес орнатылып, пайдаланылуы тиіс.
7.9.2.6 Әр метантенктің газ желісінде магистральдық құбырды өшіретін арматура болуы тиіс.
7.9.2.7 Газ желісі мен газ құрылғыларын бақылау үшін міндеттемесіне желі мен жабдықтарды күнделікті тексеріп қарау, сондай-ақ өртке қарсы құрал-саймандардың жағдайын қадағалау кіретін арнайы жұмыскер бөлінуі тиіс.
7.9.2.8 Метантенктер тұрған алаңда жүргізілетін жұмыстардың реті «Қазақстан Республикасында электр қондырғыларын орнату ережелері», ҚР РД 34 20/03.501/202 және «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережесі» талаптарына сәйкес әзірленген нұсқаулықпен айқындалады. Нұсқаулықты сумен жабдықтау және су тарту ұйымының басшысы бекітуі тиіс.
7.9.2.9 Метантенктер коммуникацияларының құбырлары «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» Техникалық регламентінің және ҚР СТ ГОСТ Р 12.4.026 талаптарына сәйкес түске боялады.
Бояудың шартты белгілері көрсетілген жазулар көрінетін жерге ілінеді.
7.9.2.10 Метантенктерге қызмет көрсететін жұмыскерлер мен онымен байланысты газ шаруашылығы:
- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша арнайы оқытудан өтуге, нұсқау алуға және білімі тексерілуі;
- газанализаторлардың көмегімен метантенктер орналасқан жайлардағы ауаның (газдар концентрациясын) ластану дәрежесін бақылап отыруға;
- газдың ағылуына және ауаның ластануына жол бермеуге міндетті.
7.9.2.11 Метантенктердің газ жүйелеріндегі газ қысымы үнемі қадағаланып тұруы қажет.
Газ жүйелеріндегі қысым қалыпты көрсеткіштен жоғары болғандай және тегеурінді газ құбырында апатты жағдай орын алғанда газды бірден атмосфераға немесе сақтандыратын құрылғылар арқылы шығару қажет.
7.9.2.12 Дәнекерленген жерлердегі, муфталы бірігулердегі және газ жүйесі құбырларындағы басқа да бірігулердегі герметиктелудің жоғалғандығы газ ағылған жерден көбік шығатын сабын ерітіндісінің көмегімен анықталады. Газдың ағылуын тексерген уақытта газ құбырлары мен газ құрылғыларының үстіне ашық от көзін апаруға қатаң тыйым салынады.
7.9.2.13 Газ ағылған жайлар анықталғанда дереу газды кетіру шаралары қолға алыну қажет. Ағылған газ «Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентінің талаптары негізінде сумен жабдықтау және су тарту ұйымдары қолға алатын іс-шаралар жоспарына сәйкес кетіріледі.
7.9.2.14 Жарылу қаупі бар жайларда жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде соғылған кезде ұшқын шықпайтын түсті металдардан (мыс, бронза, алюминий қорытпасы) жасалған слесарлық саймандар қолданылады.
Көп жағдайда мыспен қапталған саймандарды қолдануға жол беріледі. Егер мыспен қапталған болса, ерекше жағдайларда металл соғатын саймандар немесе кілтке қалыңдап солидол, тавот немесе техникалық вазелин жағылуы тиіс. Жұмыстар жүргізілетін жердегі еденге резеңке кілемшелер төселеді.
7.9.2.15 Дәнекерлеу жұмыстары немесе ашық от қолданылып жүргізілетін жұмыстар метантенктер мен оларға қызмет көрсетілетін жайларда «Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентінің талаптарының ескерілуімен ерекше сақтық шараларының сақталуымен жүргізіледі. Мұндай жұмыстарды жүргізуге наряд-рұқсатнама алынады. Жұмыстарды желдеткіш істеп тұрғанда және жайлардағы ауа ортасының құрамы ұдайы бақыланып тұрғанда жүргізуге болады.
7.9.2.16 Жайдың іші газдалған уақытта тек газ қағармен ғана кіру керек.
7.9.2.17 Газ құбырларындағы қатып қалған конденсатты дәнекерлейтін шамдармен жылытуға немесе ол үшін электр жылытқышты қолдануға тыйым салынады. Құбырлардың қатып қалған жерлерін ыстық сумен, бумен немесе ыстық құммен жылыту қажет.
7.9.2.18 Метантенктердің ішіне жұмыскерлерді түсіру арқылы жүргізілетін жұмыстар тек наряд-рұқсатнама арқылы ғана жүргізіле алады. Бригада құрамында кем дегенде үш адам болуы тиіс. Жұмысшылар метантенктердің ішіне белдеріне сақтандырғыш жібі бар сақтандыратын белдікті тағып барып ғана түсуі тиіс. Метантенктердің ішіне шлангысы бар оқшауландырғыш газ қағармен ғана түсуге болады.
Метантенктегі ауа өрт пен жарылыс шығу қаупі бар газ концентрациясының жоғына тексерілуі тиіс.
7.9.2.19 Метантенк күмбезінің астында 15 мин артық жұмыс істеуге болмайды, кейіннен кем дегенде 30 мин кідіріс жасау қажет.
7.9.2.20 Тұнбаны құрғататын лай жиналатын құрылыстар қызмет көрсететін жұмыскерлердің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін ыңғайлы жолдары мен қоршаулары болуы тиіс.
Лай жиналатын алаңдарды тазалау құрылыстарының аумағынан басқа жерге орналастырған уақытта қызмет көрсететін жұмыскерлер үшін қызметтік және тұрмыстық жайларды, қойма мен телефон байланысын қамтамасыз ету қажет.
Лай жиналатын және дренажды құдықтардағы жұмыстар су тарту жүйесінің құдықтарына қатысы бар осы Ереженің талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.
7.9.2.21 Лай жиналатын алаңдардан алынған құрғаған тұнбаны механикалық жолмен алып тастау қажет. Механикалық жинау жұмыстарын жүргізуге, тұнбаны тиеуге және тасуға қажетті жолдар автокөлік пен механизация құралдары үшін құламалармен жасалады. Жолдар, өтпе жолдар, көпірлер, құдықтарға баратын жолдар үнемі тазартылып, уақытылы жөнделіп тұруы тиіс.
7.9.2.22 Құдықтарды механикалық жолмен босататын және тұнбаларға термикалық өңдеу жүргізетін жабдыққа қызмет көрсететін жұмыскерлер жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша арнайы оқытылып, нұсқама алулары керек.
7.9.2.23 Механикалық сусыздандыруға және тұнбаларды термикалық өңдеуге арналған жай көтеру-тасымалдау механизмдерімен жабдықталуы тиіс.
7.9.2.24 Механикалық сусыздандыруға және тұнбаларды термикалық кептіруге арналған жабдық дайындаушы кәсіпорынның нұсқаулықтарына сәйкес пайдаланылуы тиіс.
7.9.2.25 Тұнбаларды (хлорлы темір, қайнатылған әктас, флокулянттар) өңдейтін реагенттерді сақтаған, дайындаған және дозалаған уақытта ҚНжЕ 2.04.03, ҚР ҚНжЕ 4.01-02 талаптары сақталуы тиіс.
7.10 Айналымды сумен жабдықтаудың суытатын жүйелерін пайдаланған уақытта қауіпсіздік пен еңбектің қорғалуына қойылатын талаптар
7.10.1 Айналымды сумен жабдықтау жүйелеріндегі тазартылған ағын судың жұмсалуы аумақтық уәкілетті мемлекеттік санитарлық және эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісілуі тиіс.
7.10.2 Суытатын суды өңдеу кезінде өңдеген кезде мыс купоросының қолданылуы аумақтық уәкілетті мемлекеттік санитарлық және эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісілуі тиіс.
7.10.3 Суытатын айналымды сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланған уақытта дайындаушы зауыттардың жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарын, сондай-ақ осы Ереженің тиісті бөлімдеріндегі талаптарды ескеру қажет.
7.10.4 Ингибиторларды қолданған уақытта градирнялардағы атмосфералық ауадағы ШЖК аспауға тиіс хром концентрациясын қадағалап тұру қажет.
7.10.5 Градирнялар мен су шашу бассейндеріндегі су жинайтын резервуарлардың айналасында градирнялар мен су шашу бассейндеріндегі терезелерден желмен шығатын су ағып кету үшін құрылыстан еңкіш тұратын ені кемінде 2,5 м су өткізбейтін жабын болуы тиіс.
7.11 Суды зарарсыздандыру жүйелерін пайдалану кезінде қойылатын еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары
7.11.1 Табиғи және ағын суларды зарарсыздандыратын жүйелерге:
- суды зарарсыздандыру кезінде пайдаланылатын реагенттерді сақтайтын құрылғы;
- сұйық хлорды буландыратын, оның есебі мен шығымын қадағалайтын құрылғы;
- хлоргазды суды мөлшерлейтін қондырғылар;
- хлорлы әктас ерітіндісін дайындап, мөлшерлейтін қондырғылар;
- натрий гипохлоритін алатын және мөлшерлейтін қондырғылар;
- суды ультракүлгін сәулеленумен зарарсыздандыратын қондырғылар (бактерицидті қондырғылар);
- суды озонмен зарарсыздандыратын жабдықтар мен құрылыстар кешені;
- ілеспе құрылыстар (қоймалар және т.б.);
- зарарсыздандыратын реагенттер төгілетін (құйылатын) орындар;
- зарарсыздандыратын реагенттер тасымалданатын құбырлар кіреді.
7.11.2 Суды хлормен және хлор реагенттермен зарарсыздандыратын жүйелерге қойылатын арнайы талаптар «Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары» сәйкес орындалуы тиіс.
7.11.3 Суды зарарсыздандыру нысандарында жүргізілетін жұмыстарға жасы 18 толған, оқу орталықтарында, арнайы курстарда арнайы оқытылған, лицензиясы бар және тиісті куәлік алған тұлғалар жіберіледі.
Тиісті білім 3 жылда кем дегенде 1 рет тексерілуі тиіс. Мұндай нысандарда жұмыс істейтін жұмыскерлер «Алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден өту міндетті болатын зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі» мен «Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне
ұшыраған қызметкерлерді міндетті алдын ала және мерзімдікк медициналық
қарауларды жүргізу жөніндегі нұсқаулық» және Д-қосымшасына сәйкес қарастырылған тәртіппен алдын ала және жүйелі түрде медициналық тексеруден өтіп тұруы тиіс.
7.11.4 Хлордың сақталуына және пайдалануына қатысы бар нысандар апатты ЖҚҚ (жеке қорғаныс құралдары), құрылғылар жиынтығымен, керек-жарақтар мен құрал-саймандармен «Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары» сәйкес жасақталу табеліне сай жабдықталуы тиіс.
Зарарасыздандыру жүйелеріне кіретін өзге нысандар табелді құралдармен жабдықтар мен қондырғыларды (озонаторларды, ультракүлгін сәулелену қондырғыларды және т.б.) дайындаушы кәсіпорындардың нұсқамаларының ескерілуімен жинақталады.
7.11.5 Жарақтандыру табелімен қарастырылған қорғайтын құралдарды кезекші отыратын жайларға қойылған арнайы шкафтарда немесе хлоратор тұратын жерге кіреберісте сақтау қажет. Шкафтың есігіне ішінде сақталып тұрған құралдардың тізбесі ілінуі тиіс.
7.11.6 Хлор бөлінуі мүмкін жайларға «Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары» сәйкес апатты желдеткіш пен дауысы диспетчерлік пункттен шығатын дауысты дабыл орнатылған хош иістендірілген газанализаторлар орнатылуы керек.
7.11.7 Кезекші жұмыскерлер хлор сақталатын қоймаларға, сондай-ақ дозатор тұратын жерге кірмей тұрып, желдеткіштің жұмыс істеп тұрғанына және жайлардың ішіне газдардың таралмағанына көз жеткізу қажет. Хлор бөлінуі мүмкін жайлардың ішіне тек тиісті маркалы жеке газ қағар киіп қана кіруге болады.
Тыныс алу жолдарын хлордан қорғау үшін өнеркәсіптік газ қағарларды («В» сүзгісі бар) ауадағы хлор концентрациясының көлемі 0,5% аспаса ғана қолдануға жол беріледі. Хлор концентрациясы бұл көрсеткіштен жоғары болған уақытта оқшаулайтын тыныс алу аппараттарын, өзін-өзі құтқарушылар мен оқшаулайтын костюмдер кию керек.
7.11.8 Ішінде хлор бар контейнерлер мен баллондарды ауыстыру, қақпақтарды, крандардың сермерлерін, пайдаланылып болған баллондардың түтіктерін алу, жаңа ыдыстарды қосу жұмыстарын және газ ағылуы мүмкін басқа да жағдайларда газ қағарлар кию қажет.
7.11.9 Газ қағарлармен дайындаушы кәсіпорындардың нұсқаулықтарына сәйкес жұмыс істеп, осы нұсқаулықтарға сәйкес қорғайтын әсерін тексеру, сондай-ақ сақтау қажет. Газ қағар жұмыскердің әрқайсысында болуы тиіс және олар паспортқа сәйкес жүйелі түрде тексеріліп тұруы қажет.
7.11.10 Хлорлы әктасты өлшеген кезде және әктас ерітіндісін дайындаған кезде газ қағар, арнайы киім мен арнайы аяқ киім кию қажет.
7.11.11 Сұйық хлор, озон пайдаланатын сумен жабдықтайтын және (немесе) су тартатын ұйымдардың әрқайсысында «Қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына және «Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары» сәйкес әзірленіп, бекітілген сумен жабдықтайтын және су тартатын ұйымдар оқытқан газдан құтқару қызметі ұйымдастырылуы тиіс.
7.11.12 Хлор (аммиак) тұратын нысандарда апаттың болғаны анықталған жағдайда және хлордың ағылғаны анықталған жағдайда бұл туралы «Қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына және «Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары» сәйкес айналадағылардың бәріне және уәкілетті аумақтық мемлекеттік органдардың кезекші қызметтеріне хабарлау қажет.
7.11.13 Контейнерден немесе баллоннан аздап газ ағылғанда (ақырын пышылдағанда, газтәріздес хлор баяу шыққанда немесе иіс шыққанда) қызмет көрсететін жұмыскерлер сумен жабдықтау және су тарту ұйымдарының жетекшілері әзірлеп, бекіткен «Хлор (аммиак) шаруашылығын пайдалану жөніндегі нұсқаулық» және «Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары» сәйкес газдың ағылуын алдын алу шараларын қолға алулары қажет.
7.11.14 Ішінен газ ағыны болып ағып, баллон немесе контейнер герметиктелуден босаған уақытта хлор, аммиак шаруашылығы мен газдан құтқару қызметінің жұмыскерлеріне қатысы бар сумен жабдықтау және су тарту ұйымдарының нысандарына дабыл қағып, газдың ағылуын тоқтату қажет.
7.11.15 Ішінде хлор бар контейнер немесе баллон жарылған уақытта бәріне ортақ дабыл қағу қажет. Апат пен оның салдарын жою бойынша бәріне ортақ дабыл қағылған уақытта жұмыстар «Қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына және «Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары» сәйкес азаматтық қорғаныс күштерінің, қаланың (елді мекеннің) өрт сөндіру және медицина қызметтерінің қатысуымен бірлескен іс-қимылдар жоспары бойынша жүргізіледі.
Апатты жою кезінде ауысымды өткізуге және қабылдауға тыйым салынады. Мұндайда ауысым тек цех бастығының немесе сумен жабдықтау және су тарту ұйымдары басшыларының нұсқауымен ғана қабылданып, өткізіле алады.
7.11.16 Хлор (аммиак) шаруашылығындағы апатты жою жұмыстарына жұмылдырылмаған жұмыскерлер дабыл жарияланған уақытта немесе хлордың өткір иісі сезілген кезде ЖҚҚ киіп, хлордың иісі сезілген жайдан дереу шығып, сумен жабдықтау және су тарту ұйымының диспетчерлік қызметі хабарлаған бағытқа қарай бет алулары қажет. Газ қағар болмаған жағдайда ауыз бен мұрынды мүмкіндігінше, дымқыл шүберекпен (беторамал, мойынорағыш және т.с.с.) жауып, хлорың иісі тараған жайдан асықпай, тынысты ұстап шығу керек.
Апат орын алған жерде жұмыс істейтін жұмыскерлер ЖҚҚ қолданып, жоспарларға (осы Ереженің 7.11.13 тармақшасы) сәйкес апатты оқшаулау және жою шараларын қолданады.
Хлордың (аммиактың) әсеріне ұшыраған өзге өндіріс учаскелеріндегі жұмыскерлер газ қағар киіп, нұсқаулыққа сәйкес әрекеттенеді.
7.11.17 Бас ауруға, жүрек айнуға, жөтелге, кеудедегі ауырсынуға немесе кеуде қуысының қысуына әкелмей, хлордың әсерінен жеңіл зардап шеккен зақым шеккен адам ауасы ластанған жайдан таза ауаға шығарылып, сумен жабдықтау және су тарту ұйымының денсаулық сақтау пунктіне немесе жақын маңдағы емханаға жіберілуі тиіс.
7.11.18 Хлормен қатты уланған адамды ауасы зақымдалған жайдан дереу, мүмкіндігінше, зембілмен таза ауаға шығару немесе үстіне жылы киім жабу; кеудесін көтеру қажет. Зардап шегушіге медицина жұмыскерін шақырту керек, ал ол келгенше өтпе желге шығармауға, қозғалтуға болмайды. Мұндай адамды тыныш қалдырып, спирт буымен тыныс алдыру, көзін, ауыз-мұрнын ішетін соданың 2% ерітіндісімен жуу керек. Зардап шеккен адамға жылы сүт, шай немесе кофе (ас сода (бір стаканға 1 шай қасық) мен бірнеше тамшы аммиак (нашатыр спирті) қосып) беру, жөтелген жағдайда қыша қағаз, банка қою ұсынылады. Тынысы тоқтағанда оттегі жастығымен өкпесіне оттегі жіберу ұсынылады. Қолдан тыныс алдыруға тыйым салынады.
7.11.19 Озонатор жабдығымен жұмыс істеген уақытта ГОСТ 12.1.004, ГОСТ 12.3.002 талаптары мен дайындаушы ұйымдардың нұсқаулықтарының орындалуын қамтамасыз ету қажет.
7.11.20 Озон ағылған, жабдықтың жұмысында жөнсіздіктер пайда болғанда және басқа да апатты жағдайларда озонатор қондырғысын пайдалануды бірден тоқтату қажет. Цех басшысы бұл туралы сумен жабдықтау және су тарту ұйымына хабарлауы тиіс.
7.11.21 Озонатор жабдығымен жасалатын жұмысқа бекітілген бағдарлама бойынша оқытылған және 1000 В жоғары кернеумен жұмыс істейтін электр қондырғыларына қызмет көрсетуге жіберілген жұмыскерлер жіберіле алады.
7.11.22 Озон шығару және озондау станциясында атмосфераға шығарылатын шығарындыларды бейтараптандыру жүйелері қарастырылуы тиіс. Жұмыстар жүргізілетін жайлардың ауасындағы озон концентрациясын аспаптар бақылап тұруы тиіс.
7.11.23 Аспаптар мен қалқандар басқарылатын жайлардағы жарық 200 лк төмен болмауы тиіс.
7.11.24 Озонатор қондырғысындағы жылыту жүйесіндегі ауа температурасы 16°С төмен болмауы тиіс.
7.11.25 Электролиз қондырғылары тұратын жайларда электролизерлерден тартылатын жергілікті сорғылары бар ауа тарту-жіберу желдеткіші қарастырылуы тиіс. Шырақтар жарылыстан қорғалып орындалған, ал олардың сөндіргіштері электролиз тұрған жайдың сыртында болу қажет. Электролиз тұрған жайдағы жабдықтардың барлығы жермеленуі тиіс.
7.11.26 Еденде диэлектрик кілемшелер болмаса, түзеткіш агрегат пен электролизерге қызмет көрсетуге тыйым салынады. Электродтарды тоқ кернеуі өшіріліп тұрғанда ғана қайта полюстеуге болады.
7.11.27 Бактерицидті қондырғылардың орналасуы мен оған қызмет көрсетілуі қондырғылардың дайындаушы ұйымдарының талаптарына сай келуі тиіс. Бактерицидті шамдарды пайдаланған уақытта көзге зақым келтірмеу үшін көзге қорғайтын көзілдірік кию керек.
7.11.28 Шамдарды ауыстырған уақытта тоқ соқпау үшін конденсаторларды арнайы разрядтаушымен разрядтау қажет.
7.11.29 Бактерицидті қондырғының шеткі қабырғаларындағы қорғап тұратын қақпақтарды қондырғы сөндірілгеннен кейін 15 мин өткен соң барып қана ашу қажет.
Бактерицидті қондырғының камераларын, басқару пульттары мен қоректенуді жермелеу қажет.
7.11.30 Натрий гипохлоритін электролитті дайындаған уақытта электролиз қондырғылары жылытылатын құрғақ жайда тұруы тиіс.
Электролизді қондырғыларды басқа жабдықпен бірге бір жайға қоюға рұқсат беріледі. Натрий гипохлоритінің жинағыш-багы іші желдетілетін бөлек жайда тұруы тиіс.
7.11.31 Ас тұзын арнайы сақтау қоймасында сақтаған жөн. Құрғақтай сақтау қоймаларын қолдануға жол беріледі. Мұндайда тұздың қалыңдығы 2,0 м аспауы тиіс.
7.11.32 Натрий гипохлоритін қолданған уақытта еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары ГОСТ 11086 талаптарына сай келуі тиіс.
7.11.33 Суды зарарсыздандыру жүйесіне қызмет көрсететін жұмыскерлер арнайы киіммен қамтамасыз етіліп, тиісті ЖҚҚ болуы тиіс.
7.11.34 Натрий гипохлоритін органикалық өнімдермен, жанатын материалдармен және қышқылдармен бірге сақтауға жол берілмейді.
7.11.35 Натрий гипохлориті теріге тиген кезде тиген жерді 10 мин бастап, 12 мин дейін ағып тұрған судың астында әбден жуу қажет. Өнім көзге шашырап кеткенде көзді бірден суымен жақсылап жуып, зардап шеккен адамды денсаулық сақтау пунктіне немесе жақын маңдағы емханаға жіберу керек.
7.11.36 Натрий гипохлориті жанған кезде оны құммен, көмірқышқылды өрт сөндіргішпен сөндіру керек.
7.11.37 Төгілген натрий гипохлоритін сумен жуып тастау керек.
7.11.38 Натрий гипохлориті үстінен құйылатын гуммирленген арнайы темір жол цистерналарына, гуммирленген болат, полиэтилен немесе сыйымдылығы 0,50 м3 бастап, 2,0 м3 дейінгі әйнекпластик контейнерлер мен полиэтилен бөшкелерге құйылады.
7.11.39 Цистерналар, контейнерлер мен бөшкелер 90% толтырылуы тиіс.
7.11.40 Натрий гипохлориті «Автомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері», «Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өту ережесi және қауіпті жүктердi тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлік құралдарына қойылатын бiлiктiлік талаптар» талаптарына сәйкес контейнерлер мен бөшкелерде автомобиль көлігімен тасымалданады.
Натрий гипохлориті «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және «Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережелері» талаптарына сәйкес темір жолмен цистерналармен тасымалданады.
7.11.41 Ішінде өнім бар полиэтилен бөшкелер автомобиль шанағына арасына тақтай қойылып, бір-бірінің үстіне екі қатардан асырмай аузы жоғары қаратылып тізіліп, бекітіледі.
7.11.42 Натрий гипохлориті күн сәулесінен қорғалған арнайы немесе тот басуға төзімде материалмен қапталған ыдыстарда сақталады.
Ішінде өнім бар полиэтилен бөшкелер жылытылмайтын жабық қоймаларда сақталады.
7.11.43 Ауыз су дайындау, ағын суларды зарарсыздандыру барысында УК-сәулелену қондырғыларын пайдаланатын қызметкерлердің қауіпсіздігі мен еңбектің қорғалуы тиісті әдістемелік нұсқаулармен реттеледі.
7.12 Зертханаларда жұмыс істеген уақытта қойылатын еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары
7.12.1 Химия-бактериологиялық зертханалардың құрамы мен алаңы ҚНжЕ 3.05.04, ҚР ҚНжЕ 4.01-02, ҚНжЕ 2.04.03 талаптарына және «Химиялық зертханаларда өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы салалық талаптары» сай келуі тиіс.
7.12.2 Зертхана жұмыскерлері арнайы бөлінген жерлерде, яғни, тамақтанатын бөлмеде ұйымдастырылуы тиіс. Тамақты жұмыс халатымен ішуге жол берілмейді; тамақ өнімдерін, оның ішінде сумен жабдықтау және су тарту ұйымында берілетін сүтті химиялық заттар сақтайтын тоңазытқыштарда сақтауға жол берілмейді.
7.12.3 Зертхана жұмыскерлері «Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша әдістемелік нұсқамалар» сәйкес қышқылдарға, сілтілерге күйген кезде, улы заттармен немесе газдармен улану кезінде дәрігерлік көмекке дейінгі алғашқы көмекті көрсетуге үйретілуі және мұндай көмекті іс жүзінде көрсете білуі тиіс.
7.12.4 Реактивтер сақталатын зертханалық ыдыстарға ішінде сақталып тұрған заттардың атауы көрінетіндей әрі түсінікті етіп жазылған заттаңба жапсырылуы тиіс. Күйдіретін заттар ауасы сорылатын шкафтарда және 5 күндік қордан асырылмай сақталуы тиіс. Улы заттар аузы жабылатын бөлек шкафтарда сақталады. Шкафтардың кілті зертхана меңгерушісінде немесе улы заттардың сақталуына және берілуіне жауапты болатын жұмыскерде болуы тиіс. Улы заттар олармен жұмыс істейтін адамдарға бір ауысымға қажетті мөлшерден асырылмай беріледі және мұндай улы заттардың қатаң есебі жүргізіледі.
Заттаңбалардағы жазуларды түзетуге, ыдысқа тез жуылып кететін жазуларды жазуға және заттаңбасы жоқ немесе жазуы анық емес реактивтерді пайдалануға жол берілмейді.
7.12.5 Автоклавтарды пайдаланатын зертхана жұмыскерлеріне «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентіне сәйкес қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану тәртібі мен автоклавтарды пайдалану тәртібі үйретілуі тиіс.
7.12.6 Зертханадағы электр жабдық «Қазақстан Республикасында электр қондырғыларын орнату ережелері» сәйкес жермеленуі тиіс.
Жұмыс істеп тұрған электр жабдық пен электр аспаптарды қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
7.12.7 Химиялық реактивтердің, органикалық еріткіштердің, химиялық заттардың су ерітінділерін шұңғылшаларға төгуге жол берілмейді.
7.12.8 Суды патогенді микроағзалардың болуына бақылау патогенділіктің тиісті тобының қоздырғыштарымен жұмыс істеуге рұқсаты мен осы жұмыстарды жүргізуге лицензиясы бар зертханаларда жүргізіледі.
7.12.9 Жұмыскерлер сынама алуға инфекция көздерімен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік пен еңбектің қорғау жөнінде нұсқамалық алғаннан кейін жіберіледі
7.12.10 Патогенділігі III және IV топтарға жататын микроағзалармен және гельминтамдармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік пен еңбектің қорғалуына қойылатын талаптар тиісті санитарлық нормаларда жазылған.
7.12.11 Зертханаларда «Қазақстан Республикасында электр қондырғыларын орнату ережелері» Р 2.2.755-99 және осы Ережеге сәйкес қауіпсіздік, еңбекті қорғау. Өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптары сақталуы қажет.
7.13 Сынап толтырылған аспаптарды пайдалану кезінде қауіпсіздік пен еңбектің қорғалуына қойылатын талаптар
7.13.1 Сынап толтырылған аспаптардың пайдаланылуы мен жөнделуі ГОСТ 12.3.031 талаптарына сай келуі тиіс.
7.13.2 Сынап толтырылған аспаптармен жүргізілетін жұмыстарға жіберілетін жұмыскерлер ГОСТ 12.0.004 талаптарына сәйкес алдын ала медициналық тексеруден өтіп, арнайы оқытылуы, нұсқамалық алуы және кәсіби дайындығы (соның ішінде – еңбекті қорғау және қауіпсіздік) бойынша білімі тексерілуі тиіс.
7.13.3 Сумен жабдықтау және су тарту ұйымында осы Ереже мен сынап толтырылған аспаптар пайдаланылатын нысандардағы еңбек жағдайының ерекшеліктерінің ескерілуімен арнайы нұсқаулық әзірленіп, бұл нұсқаулықты сумен жабдықтау және су тарту ұйымының басшысы бекітуі тиіс.
Нұсқаулық еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметімен, (кәсіподақ) жұмыскерлерінің өкілдерімен келісіліп, бұл нұсқаулықты сумен жабдықтау және су тарту ұйымының басшылығы бекітуі тиіс.
7.13.4 Сынап толтырылған аспаптар есіктің алдына, жүретін жолға, оңтүстікке немесе оңтүстік батысқа қараған терезелердің қасына, жылыту аспаптары мен беті қызатын аспаптардың қасында тұрмауы қажет.
7.13.5 Аспаптардың барлық крандарда, сондай-ақ әйнек түтіктер жалғанған жерлерде жол берілетін ең жоғары қысымнан 10% бастап, 15% дейін асатын қысымға есептелген арнайы қатты өткізбелері мен бекітпелері болуы тиіс.
7.13.6 Сынап толтырылған аспаптар олардың пайдалануымен жүргізілетін жұмыс циклы аяқталғаннан кейін немесе оларды жөндеу керек болған уақытта химиялық жолмен (концентратты азот қышқылы) өңделіп, артынан сумен және йод пен йодты калий ерітіндісімен шайылады.
7.13.7 Пайдаланылған уақытта жерге сынап түсуі мүмкін өндірістік жайлар гидрожуу құрылғыларымен жабдықталуы тиіс. Жайдан шыққан жердегі науаларға сынапты ұстап қалатын қармауыштар орналастырылады.
7.13.8 Өндірістік жайлардың ішіндегі сынап төгілуі мүмкін еден, өндіріс алаңдары, жабдықтардың астыңғы жағы вакуумның немесе гидрожуудың көмегімен күніне аз дегенде екі рет тазалануы тиіс.
7.13.9 Сынап төгілген жағдайда оны дереу жинап алу қажет. Сынап еденге сіңбеу және бүкіл жайға тарамау үшін сынап тамшылары кірлеген жердің шетінен бастап, ортасына қарай жиналады. Төгілген сынап тамшыларын алдымен эмалденген темір қалақпен түгел жинап алып, алдын ала калий перманганатының ерітіндісі толтырылған ұрылмайтын әйнек қабылдағышқа немесе қалың әйнек ыдысқа салу қажет.
Сынаптың бөлек-бөлек болып түскен тамшыларын:
- 1:2 ара-қатынастағы пиролюзит пен тұз қышқылының 5% ерітіндісінің қоспасы – пастаның көмегімен. Паста өңделген бетке қалыңдап жағылып, 20-30 мин кейін эмалденген металл пластинкамен жабысқан сынап тамшыларымен бірге алынады. Тасшылар сынап қабылдағышқа қағып салынады;
- эмульсияның - сазбалшық пастаның (дәл солай);
- резеңке грушаның көмегімен жинау керек.
Сынап осы аталған әдістердің бірімен жиналғаннан кейін кірлеген жерге:
- калий перманганатының 0,2% ерітіндісін;
- немесе хлорлы темірдің 20% ерітіндісін құю керек.
7.13.10 Сынапқа кірлеген қалдықтар (қатты және сұйық) механикалық, химиялық, термикалық және басқа да әсерлерге төзімді герметиктелген ыдыстарда сақталу, тасымалдану қажет.
7.13.11 Сынаппен жұмыс істеген уақытта ГОСТ 12.4.034 және ГОСТ 12.4.103 талаптарына сай келетін ЖҚҚ пен киім қолдану қажет.
7.13.12 Сынаппен жұмыс істейтін жұмыскерлер қолданатын ЖҚҚ жүйелі түрде нормативтік-техникалық құжаттамамен белгіленген тәртіп пен мерзімде тексеріп, сынап және сынаптан тазалап (демеркуризация) тұру қажет.
7.13.13 Арнайы киім сынаппен, оның қосылыстарымен және сынап толтырылған аспаптармен жұмыс істеуге арналған өндірістік және зертханалық жайларды жобалау, пайдалану және ұстау нормаларына сәйкес санитарлық өңделіп, демеркуризациялануы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |