Механика жӘне технология процесстерін үлгілеу
МЕХАНИКА И МОДЕЛИРОВАНИЕ ПРОЦЕССОВ
ТЕХНОЛОГИИ, 2010, №1, с.99-105
УДК 631.862
Б.А.Қойайдаров, М.А.Бейсекова,
А.Б. Умеркулов, Т.М. Жүнісбеков
Органикалық қалдықтың биогаз шығымын бір камералық әдіспен тәжірибелік зерттеудің әдістемесі
Түрлі органикалық қалдықтарды биоқондырғыларда анаэробты өңдеу арқылы биогаз және сапалы органикалық тыңайтқыш өндіріледі [1-5]. Биогазды жағу арқылы жылу және электр энергиялары өндіріледі. Бір куб биогаздың жылу беру қабілеті 0,6 м3 табиғи газдың, 0,7 л мазуттың, 0,4 л бензиннің жылу беруіне тең болады екен. Өндірілген органикалық тыңайтқышта ауру тудыратын микробтар және арам шөптердің тұқымдары болмайды. Бір тонна органикалық тыңайтқыш 60 тонна мал тезегінің құнарлығын береді екен.
Қазіргі кезде әлемде қарапайым, тұрмыстық және өнеркәсіптік биогаз қондырғылары қолданыста [1-5]. Оларда органикалық қалдықтан дайындалған биомасса бір немесе көп камералы әдістермен өңделеді.
Алайда, биогаз қондырғыларының кең таралғанына қарамай, әзірге оларды тиімді етіп жобалаудың ғылыми негізі толықтай құрылмаған. Атап айтқанда, түрлі органикалық қалдықтар беретін биогаз шығымы жүйелі түрде зерттелмеген, ақпарат көздерінде біріне бірі сәйкес келмейтін түрлі деректер кездеседі. Сонымен бірге биогаз шығымына әсер ететін факторлардың да әрекеті толықтай зерттелмеген.
Осы мәселелер шешілмей биогаз қондырғысын шаруашылықтардың мүмкіндіктеріне бейімдеп, тиімді етіп жобалау қиын. Бұл мәселелерді тек аналитикалық жолмен шешу өте күрделі болғандықтан, тәжірибелік зерттеулердің маңыздылығы айқын.
Биогаз қондырғылары жіберу және пайдалану режимдерінде жұмыс жасайды. Жіберу режимінде қондырғыға жаңа биомасса берілмейді, бастапқы биомассамен жұмыс жасайды. Қарапайым жерді қазып жасалған биогаз қондырғылары осы режимде жұмыс жасайды.
Пайдалану режимінде үздіксіз әрекетті биогаз қондырғылары жұмыс жасайды. Бұл режимде қондырғыдағы биомасса өңделудің әртүрлі кезеңдерінде болады.
Осы жұмыстың мақсаты органикалық қалдықтан болатын биогаз шығымын бір камералы әдіспен жіберу режимінде тәжірибелік зерттеудің әдістемесін құру.
Биомассадан бөлінетін биогаздың көлемі оның құрамындағы құрғақ органикалық қалдық заттың мөлшеріне тәуелді болады, судан биогаз шықпайды.
Биомассадағы органикалық қалдық заттан болатын үлестік биогаз шығымы
, м3/кг (1)
мұнда: -биомассадан бөлінген биогаздың көлемі, м3.
М0 -биомассадағы құрғақ органикалық заттың массасы, кг.
Достарыңызбен бөлісу: |