4.3 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің нысандарында еңбекті қорғау және қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша жалпы талаптар
4.3.1 Сумен жабдықтау және суды бұрудың әрбір ұйымында Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің талаптарына сәйкес ГОСТ 12.2.003, ГОСТ 12.3.006 және ҚР ҚНжЕ 1.03-05 сәйкес осы құрылыстар үшін тән қауіпті және зиянды өндірістік факторларды ескере отырып. Еңбек қауіпсіздігі және қорғауды жақсарту бойынша шараларды жүйелі түрде әзірлеу және жүзеге асыру қажет.
4.3.2 Жекелеген агрегаттар мен технологиялық кешенді басқару органдары жалпы алғанда қарапайым пайдалану шарттарында, сондай-ақ апаттық жағдайларда өндірістік жабдықтарды тиімді басқаруды қамтамасыз етуі қажет.
4.3.3 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарында жұмыс жасайтын қызметкерлер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде, РҚ-02-02 және «Қауіпті өндірістік нысандардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқытуды ұйымдастыру ережелерінде» белгіленген тәртіпте еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытылады, нұсқамадан өткізіледі және білімі тексеріледі.
4.3.4 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарын пайдаланушы ұйымдарда сумен жабдықтау және суды бұру нысандарына қызмет көрсететін қызметкерлер құрамында, құрылыстардың технологиялық режимінің сақталуына жауапты қызметкерлермен қатар, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау күйі үшін, технологиялық жабдықтардың, электр жабдықтарының, көтеру-тасымалдау жабдықтарының, автоматизация құралдарының, бақылау-өлшеу аспаптарының техникалық пайдаланылуы, реагентті шаруашылық және өрт қауіпсіздігі үшін жауапты қызметкерлер тағайындалуы қажет.
4.3.5 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерін пайдалану бойынша ұйымның әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша міндеттері мен жауапкершілігі А-Қосымшасына сәйкес анықталады.
Сумен жабдықтау және суды бұру ұйымында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау күйі үшін жалпы жауапкершілікті жұмыс беруші көтереді.
4.3.6 Сумен жабдықтау және суды бұру ұйымында еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша лауазымды тұлғалар мен бөлімшелердің қызметін үйлестіру және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметі құрылуы тиіс.
Қызметкерлерді оқыту, нұсқамадан өткізу, еңбектің қауіпсіз әдістерін насихаттау және еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша білімін тексеру мақсатында сумен жабдықтау және суды бұру нысандарын пайдаланушы ұйым еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша кабинеттер мен бұрыштарды жасақтайды, оларды «Ұйымдардағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметі туралы типтік ереже» талаптарына сәйкес оқытудың техникалық құралдарымен, нормативті, техникалық және анықтама әдебиетімен жарақтандырады.
4.3.7 Сумен жабдықтау және суды бұру ұйымдарында құдықтарда, коллекторлар мен траншеяларда еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша тәжірибелік машықтарды жаттықтыру мақсатында оқу-жаттығу полигондары жабдықталады.
4.3.8 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкелетін оқиғалар, апаттар, ауыртпалықтар мен катастрофалардың себептерін, жазатайым оқиғалардың тексерілуі мен есепке алынуы «Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесiне» және «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкелген апаттар, ауыртпалықтар мен катастрофалардың себебін тексеру ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылуы қажет.
4.3.9 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарында хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде хлормен жұмыс жасау тәртібі «Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына» сәйкес реттеледі.
4.3.10 Оқыс оқиғалар, апаттар тән болатын сумен жабдықтау және суды бұру жүйелері мен құрылыстары үшін Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндіріс нысандарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заң талаптарына сәйкес, белгіленген тәртіпте келісілетін, апатқа қарсы шаралар әзірленуі және жүзеге асырылуы қажет.
4.3.11 Сумен жабдықтау және суды бұру ұйымдарында басшылықпен бекітілетін және нысандардағы техникалық қызмет көрсет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдарды жөндеу және қолдану тәртібін айқындаушы, сумен жабдықтау және суды бұру нысандарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі туралы ереже әзірленуі қажет.
4.3.12 Сумен жабдықтау және суды бұру ұйымдарында «Еңбек шарттары бойынша өндірістік нысандарды міндетті мерзімді аттестациялауды жүргізу ережелері» талаптарына сәйкес еңбек шарттары бойынша өндірістік нысандарды міндетті мерзімді аттестациялау жүргізілуі қажет.
4.3.13 Сумен жабдықтау және суды бұру ұйымдарындағы қызметкерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіздігі саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына қоғамдық бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы қажет.
4.3.14 Жұмыс беруші сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының ерекшеліктерін ескере отырып, осы Ережелерге қайшы келмейтін еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша қосымша шараларды қарастыра алады. Бұл шаралар еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша тиісті нұсқамаларға енгізіліп, жұмыс жасайтын қызметкерлердің қаперіне жеткізілуі қажет.
4.3.15 Өндірістік жайларда санитарлық бекеттер жабдықталуы қажет, қажетті дәрілер мен құралдар жинағымен, сондай-ақ оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтармен бірге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету дәрі қобдишаларымен жарақтандырылуы қажет.
Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек дәрі қобдишаларындағы дәрілік заттардың тізімі мен қажетті мөлшері өндіріс сипаты мен қызметкерлер санына сәйкес жергілікті денсаулық сақтау органдарымен келісіледі.
4.3.16 Дәрілік заттар мен құралдардың шығындалуы және (немесе) жарамдылық мерзімінің өту шамасына қарай жүйелі түрде толықтырылуы қажет.
4.3.17 Осы Ережелерге сәйкес әзірленетін еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтар талаптарға сай болуы және келесі бөлімдерден тұруы қажет:
- Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптары;
- Жұмыс алдындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары;
- Жұмыс барысындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары
- Апатты жағдайларда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары;
- Жұмыс аяқталғаннан кейінгі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары;
- өндірістік (технологиялық) процесстерге қойылатын талаптар;
- өндірістік жайларға қойылатын талаптар;
- өндірістік алаңдарға (өндірістік жайлардан тыс орындалатын процесстер үшін) қойылатын талаптар;
- бастапқы материалдарға, жасақтамалар мен жартылай фабрикаттарға қойылатын талаптар;
- өндірістік жабдықтарға қойылатын талаптар;
- өндірістік жабдықтарды орналастыру және жұмыс орындарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
- бастапқы материалдарды, жасақтамалар, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдер мен өндіріс қалдықтарын сақтау және тасымалдау әдістеріне қойылатын талаптар;
- өндірісте жұмыс жасайтын қызметкерлердің еңбек ету және демалу режимдері;
- қызметкерлердің кәсіби іріктелуіне және олардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша білімін тексеруге қойылатын талаптар
- қорғаныс құралдарын қолдануға қойылатын талаптар.
5 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың тізімі
5.1 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарының құрылыстары мен желістерін пайдалану кезінде қызметкердің науқастануына, оның еңбек қабілетінің төмендеуіне, еңбек қабілетін уақытша немесе тұрақты жоғалуына, еңбек жарақатына, кәсіби ауруға шалдығуына немесе қызметкердің қаза болуына әкелуі мүмкін келесі қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың болуы және олардың әсер ету мүмкіндігін ескеру қажет:
- жабдықтың қозғалмалы элементтері (сорғылық, күштік, механикаландырған торшалар, лебедка, қырғыштар, суарғыштар, механикалық араластырғыш және басқа да механизмдер);
- ұшатын заттар (торшалардан алынатын қалдықтарды ұсатқыштарда ұсату кезінде), ұшып кететін (сынақталатын құбырларда тығындарды ию кезінде; бетон құбырлар мен фасондық бұйымдарды және т.б. өңдеу және ою кезінде);
- құлайтын заттар мен құралдар (сумен жабдықтау және суды бұру жүйелеріндегі құдықтарда, тазалау құрылғылары мен желістерінде, орын-жайларда және т.б. жерлерде жұмыс жасау кезінде);
- газдардың жарылыс қауіпті қоспаларының түзілуі (құдықтарда, торлардағы камераларда, сорғы станцияларында, метантенктердің қызмет көрсету жайларында және басқа да жайлар мен құрылыстарда);
- түйісуі адам денесінен өтуі мүмкін электр тізбегіндегі кернеудің қауіпті деңгейі немесе электр тоғының әсер ету қауіпі;
- өндірістік жайлар мен құрылыстағы ауаның төмен температурасы;
- ауаның жоғары ылғалдығы (сорғы станцияларында, фильтрлер дайында, тұндырғыштарда және т.б.);
- ультракүлгін (бактерицидті қондырмалар) және инфрақызыл (дегельминтизаторлар) сәулеленудің жоғарғы деңгейі;
- жеке электронды-санақ машиналары мен бейнедисплейді терминалдарда жұмыс жасау кезіндегі зиянды факторлар;
- шу мен дірілдің жоғары деңгейі (сорғылық және ауа үрлеу станцияларының машина залдарында және технологиялық жабдық орнатылған басқа да жайлар мен құрылыстарда);
- жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтандырылуы (құдықтарда, камераларда, арналарда және т.б.);
- арна тазалау машиналарын қолданып, суды бұру желістерін тазалау кезінде жоғары қысымды су ағыны;
- құдықтардағы, камералардағы, арналардағы, тазарту құрылыстарындағы жалпы уытты және басқа да зиянды әсерлі газ тәрізді заттар (күкіртсутек, метан, бензиннің, эфирдің булары, көмірқышқыл газ, озон және т.б.);
- баллоннан, бөшкелерден, цистерналардан ағын нәтижесінде бөлінетін газдар (хлор және басқа да қысылған, сұйылтылған және ерітілген газдар);
- ағын суларға түскен жанғыш қоспалар (бензин, мұнай және т.б.), сондай-ақ суды бұру желістерінде және құрылыстарда жарылғыш қауіпті және уландыратын қоспалар түзуі мүмкін ерітілген газ тәрізді заттар;
- жұмыс аймағы ауасында шаң түзетін реагенттердің жоғары шаңдануы (күкірт қышқылды алюминий, хлорлы темір, сөндірілмеген және хлорлы әк, сода, ащы натр, белсендірілген көмір, құрамында фторы бар реагенттер және т.б.);
- сынап булары (сынап толтырылған аспаптармен жұмыс жасау кезінде);
- ағынды және табиғи сулардағы патогенді микроағзалар (бактериялар, вирустар, қарапайым);
- ағынды сулардағы гельминттер жұмыртқалары.
5.2 Санитарлық нормалар бойынша жұмыс орындарында асуына жол берілмейтін қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың концентрацияларының рауалы деңгейлері мен басқа да параметрлерін ГОСТ 12.1.001, ГОСТ 12.1.003, ГОСТ 12.1.005, ГОСТ 30852.2, ГОСТ 30852.5, МСН 2.04-03, ГОСТ 30852.11, ГОСТ 30852.19, ҚР ҚНжЕ 4.02-42, ҚР ҚНжЕ 3.02-09, ҚР ҚНжЕ 1.03-05 талаптарына сәйкес белгілеу қажет.
6 Өндірістік процесске қатысуға рұқсат етілген қызметкерлерге, жеке қорғаныс құралдарын қолдануға және еңбек, демалыс режимдеріне қойылатын талаптар
6.1 Өндірістік процесске қатысуға рұқсат етілген қызметкерлерге қойылатын талаптар
6.1.1 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарына қызмет көрсететін қызметкерлерге олардың жұмыс сипатының физиологиялық, психофизиологиялық, психологиялық және жекелеген жағдайларда антропометриялық ерекшеліктеріне сәйкестік талаптары қойылады.
6.1.2 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарын пайдалануға қатысы бар қызметкерлер алдын ала және мерзімді медициналық тексерулерден өтуі қажет. Қызметкерлер денсаулығының күйін бақылау мерзімділігі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес белгіленген тәртіпте қауіпті және зиянды өндірістік факторларға байланысты анықталуы қажет.
6.1.3 Хлорлы нысандарды пайдалануға байланысты жұмысқа қабылданатын қызметкерлер маманданған ұйымдармен жасалған және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген әдістемелер бойынша кәсіби жарамдылыққа тестіден өтуі қажет.
6.1.4 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарын пайдаланатын қызметкерлердің орындалатын жұмыстар сипатына сәйкес кәсіби дайындығы (соның ішінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша) болуы қажет.
6.1.5 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарын пайдалану және жөндеу кезінде әйелдер үшін «Әйелдер еңбегін қолдану тиым салынатын жұмыстардың, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеру және тасудың шекті нормаларының тізімі» талаптарына сәйкес ауыр заттарды көтеру және жылжыту кезінде шекті-рауалы ауыртпалықтардың нормалары сақталуы қажет.
6.1.6 «Жасы он сегізге толмаған жұмыскерлердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстар тізімі» талаптарына сәйкес, жасы 18 толмаған тұлғалардың еңбегін қолдануға тыйым салынған еңбектің ауыр және зиянды шарттары бар өндірістер, кәсіптер және жұмыстар тізімінде көрсетілген жұмыстарға жасы 18 толмаған тұлғалар жіберілмейді.
6.1.7 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарына қызмет көрсететін қызметкерлер еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша нұсқамадан өткен соң, еңбектің қауіпсіз әдістеріне үйретілген соң, тәжірибеден өткен соң және жазатайым болғандарға бірінші дәрігерлерге дейінгі көмек көрсетуді үйренген соң, орындалатын жұмысқа қатысты лауазымын, кәсібін ескере отырып, еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар мен осы Ережелерді білуін тексерген соң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, «Қауіпті өндірістік нысандардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқытуды ұйымдастыру ережелерінің», «Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқамадан өткізу және білімін тексеру ережелерінің» және «Жазатайым болғандарға алғашқы медициналық көмекті көрсету бойынша әдістемелік нұсқамалардың» талаптарына сәйкес белгіленген медициналық қарсы көрсетілімдер болмағанда жұмысқа жіберіледі.
6.1.8 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарына қызмет көрсететін қызметкерлер үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша оқыту, нұсқама беру және білімін тексеру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, «Қауіпті өндірістік нысандардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқытуды ұйымдастыру ережелерінің», ГОСТ 12.0.004 және осы Ережелер талаптарына сәйкес жүргізілуі қажет.
Кіріспе жәнет алғашқы нұсқамадан өткізудің негізгі сұрақтарының үлгілік тізімі Б-Қосымшасында берілген.
6.1.9 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелеріне қызмет көрсететін қызметкерлер ГОСТ 12.3.006 және ГОСТ 12.0.004 сәйкес еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша нұсқамалардың келесі түрлерінен өтуі тиіс:
- кіріспелік;
- жұмыс орнындағы алғашқы;
- қайталама;
- жоспарлан тыс;
- мақсатты.
6.1.10 Кіріспелік нұсқама:
6.1.10.1 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша кіріспе нұсқаманы біліміне, осы кәсіп бойынша немесе лауазымда жұмыс өтіліне тәуелсіз жұмысқа жаңа қабылданатын барлық қызметкерлерге, уақытша қызметкерлерге, іссапармен келген, мердігерлік ұйымдардың қызметкерлеріне, тәжірибе жинақтауға келген оқушылар мен студенттерге, экскурсанттарға жүргізеді.
6.1.10.2 «Олардың кезінде алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулер міндетті зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесіне» және «Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшыраған қызметкерлерді міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарауларды жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес өндірістер мен кәсіптер тізімімен қарастырылған мамандықтар үшін кіріспе нұсқамасы алдын ала медициналық тексеру нәтижелері туралы анықтама ұсынған соң жүргізіледі.
6.1.10.3 Кіріспе нұсқамасы нұсқамадан өтушілердің ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен, осы өндіріске тән ерекшеліктерімен, еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша негізгі талаптармен, сумен жабдықтау және суды бұру нысанындағы қауіптер мен зияндармен, өрт және өндірістік санитариямен танысуды қарастырады.
6.1.10.4 Кіріспе нұсқамасын сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының еңбекті қорғау және қауіпсіздік бөлімінің (қызметінің) қызметкерлері немесе бұйрықпен (жарлықпен) осы міндеттер артылған тұлғалар жүргізеді.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздіктің арнайы мәселелері бойынша кіріспе нұсқамасын орындау үшін сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының тиісті қызметтерінің мамандары тартылады.
6.1.10.5 Кіріспе нұсқамасын еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі кабинетте немесе оқытудың заманауи техникалық құралдары мен көрнекі оқу құралдарын (плакаттар, шынайы экспонаттар, макеттер, модельдер, бейнефильмдер және т.б.) қолдана отырып, арнайы жабдықталған жайларда жүргізеді.
6.1.10.6 Кіріспе нұсқаманы «Жұмыс берушінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтарды жасау және бекіту ережелеріне», тиісті құзырлы органдармен еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы нормативті құқықтық актілерді қабылдау ережелеріне, РҚ-02-02, «Қауіпті өндірістік нысандардағы лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқытуды ұйымдастыру ережелеріне» және «Ұйымда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі туралы типтік ережеге» сәйкес кәсіподақпен келісім бойынша және сумен жабдықтау және суды бұру ұйымындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметімен келісіп, еңбек қауіпсіздігі бойынша стандарттар, ережелер, нормалар мен еңбекті қорғау нұсқамалары жүйелерінің талаптарын, сондай-ақ сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының басшылығы бекіткен өндіріс ерекшеліктерін ескеріп, сумен жабдықтау және суды бұру ұйымында әзірленген бағдарлама бойынша жүргізеді.
Кіріспе нұсқамасын жасауға арналған негізгі сұрақтардың үлгілік тізімі Б-Қосымшасында ұсынылған.
6.1.10.7 Кіріспе нұсқамасын жүргізу сапасын арттыру және оны жүргізу уақытын қысқарту үшін кіріспе нұсқамасының типтік мәтінін жасап, оны бейне-магнитафонды таспаға жазып, оны бейнелі материалмен – бейнефильммен (диапозитивтермен) сүйемелдеу ұсынылады.
6.1.10.8 Кіріспе нұсқамасы қатысушы санына тәуелсіз толық көлемде жүргізіледі. Кіріспе нұсқамасының ұзақтығы сумен жабдықтау және суды бұру ұйымымен анықталады және ақпаратты меңгеру және құжаттаманы рәсімдеумен қоса, екі сағаттан кем болмауы тиіс.
6.1.10.9 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бөлімінің (қызметінің) қызметкері немесе бұйрықпен (жарлықпен) осы міндеттер артылған тұлға міндетті түрде нұсқамадан өтуші мен нұсқаманы өткізушінің қолдарын қойғызып, кіріспе нұсқамасын тіркеу журналында кіріспе нұсқамасын өткізу туралы жазбаны жасайды.
6.1.10.10 Кіріспе нұсқамасын жүргізу нұсқаманы тіркедің жеке карточкасында тіркеледі.
6.1.10.11 Кіріспе нұсқамасын жүргізу туралы белгісі бар нұсқаманы тіркеудің жеке карточкасын еңбекті қорғау және қауіпсіздік бөлімінің (қызметінің) қызметкері немесе бұйрықпен (жарлықпен) осы міндеттер артылған тұлға береді. Кіріспе нұсқамасынан өткен соң және тіркеудің жеке карточкасын алған соң қызметкер оны қызмет (цех, учаске, топ, бөлім) басшысына береді.
6.1.10.12 Қызметкер цехтан босатылғанға (ауыстырылғанға) дейін нұсқамадан өтуді тіркеу карточкасы цех (қызмет, учаске, топ, бөлім) шеберінде (бастығында) сақталады.
6.1.10.13 Қызметкер бір цехтан басқа цехқа ауыстырылғанда оның нұсқамадан өтуін тіркеудің жеке карточкасы тиісті цехтың бастығына беріледі. Кәсібі өзгертілген жағдайда, кіріспе нұсқамасы туралы жазба енгізіліп, нұсқамадан өтуді тіркеудің жаңа жеке карточкасы рәсімделеді.
6.1.10.14 Кіріспе нұсқамасын тіркеу журналы еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметінде немесе кіріспе нұсқаманы өткізген, арнайы тағайындалған қызметкерде сақталады.
ЕСКЕРТУ Жұмыс ерекшеліктері машиналарды, механизмдерді, электр тоғын, зиянды, жарылыс қауіпті заттарды қолданатын және жұмыстардың қауіпті тәсілдерін орындайтын жұмыстар басшылығымен байланысты емес қызметкерлер жұмысқа қабылдану кезінде тек кіріспе нұсқамадан өтеді және нұсқамалардың басқа түрлерінен, еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша арнайы білім беруден және білімін тексеруден босатылады. Мұндай мамандықтардың тізімі кәсіподақпен келісім бойынша сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының әкімшілігімен бекітіледі.
6.1.11 Өндірістік қызмет басталғанға дейін жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама:
6.1.11.1 Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаманың мақсаты – еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша талаптарға сәйкес әрбір жұмыскерді немесе қызметкерді жұмыстың дұрыс әдістеріне үйрету.
Нұсқамадан өткізу барысында нұсқамадан өтушіні жабдықпен, құрылғылармен, олардың сипаттамасы және конструктивті ерекшеліктермен, ықтимал қауіптерімен, еңбектің қауіпсіз әдістерімен, жұмыс орнын дайындау тәртібімен, қорғаныс құралдарын қолданумен және дәрігерге дейінгі көмекті көрсету ережелерімен таныстыру керек.
6.1.11.2 Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаманы (жұмыстардың тікелей басшысы) өндірістік қызмет басталғанға дейін:
- ұйымға жаңадан қабылданған, бiр бөлiмшеден екiншiсiне ауысқан қызметкерлердiң бәрiне;
- өздерi үшiн жаңа жұмыс орындап жатқан қызметкерлердiң, iссапарға келгендердiң, уақытша қызметкерлердiң бәрiне;
- жұмыс iстеп жатқан ұйымның аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзiп жатқан құрылысшыларға;
- жұмыстардың кез келген түрлерін орындау алдында, сондай-ақ оқу зертханаларында, класстарда, шеберханаларда, учаскелерде тәжірибелік сабақтарды жүргізу кезінде әрбір жаңа тақырыпты оқымас бұрын өндiрiстiк оқуға немесе тәжiрибеге келген оқушылар мен студенттерге жүргiзедi.
6.1.11.3 Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама «Жұмыс берушінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтарды жасау және бекіту ережелеріне», тиісті құзырлы органдармен еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы нормативті құқықтық актілерді қабылдау ережелеріне, РҚ-02-02, «Қауіпті өндірістік нысандардағы лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқытуды ұйымдастыру ережелеріне» және «Ұйымда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі туралы типтік ережеге» сәйкес сумен жабдықтау және суды бұру ұйымдарының өндірістік (құрылымдық) бөлімшелерінің басшылары бағдарламалар бойынша жүргiзiледi.
Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаманың негізгі сұрақтарының үлгілік тізімі Б-Қосымшасында ұсынылған.
6.1.11.4 Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарына сәйкес еңбектiң қауiпсiз тәсiлдерiн тәжірибе жүзiнде көрсете отырып, әрбiр жұмысшыға жеке жүргiзiледi.
Алғашқы нұсқама бiртектi жабдыққа қызмет көрсететiн қызметкерлер тобына бір мезетте және жалпы жұмыс орны шегiнде жүргiзiлуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ Электр қауіпсіздігі бойынша І біліктілік тобын беру бойынша нұсқама біліктілік тобы ІІІ төмен емес электр техникалық қызметкерлермен жүргізілуі тиіс.
6.1.11.5 Жұмыс орындағы алғашқы нұсқама жүргізу аяқталған соң жұмыстардың тікелей басшысы қызметкердің оның мазмұнын меңгергеніне көз жеткізеді және нұсқамадан өтуді тіркеудің жеке карточкасында тиісті жазбаны жасайды.
6.1.11.6 Іссапарға келген, сондай-ақ қызметі ауыстырылған немесе уақытша жұмысқа қабылданған қызметкерлердің, тәжірибеден өтуші және оқушылардың жұмыс орнындағы алғашқы нұсқамадан өтуі жұмыс орнындағы нұсқаманы тіркеу журналында жазуымен тіркеуге алынады.
6.1.12 Қызметкерлер жұмыс орнында алғашқы нұсқаманы өткен соң міндетті түрде сынақ тәжірибесінен өтуі қажет:
6.1.12.1 Сынақ тәжірибесінен жаңадан қабылданатын және басқа жұмысқа ауыстырылған (лауазымы, жұмыс орны) жұмыскерлер мен еңбек қауіпсіздігінің қосымша талаптары қойылатын жұмыстарға байланысты мамандар; колледж, жоғарғы оқу орындарының түлектері өтуі қажет.
Егер жұмыс сипаты мен жабдық типі өзгермесе, басқа жұмыс орнына ауыстырылған кезде жұмыскер құрылымдық бөлімше басшысының шешімі бойынша сынақ тәжірибесінен босатылуы мүмкін.
6.1.12.2 Бөлімше (учаске, цех) басшылары еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметімен келісім бойынша бір бөлімшеден (цехтан, учаскеден) басқаға ауысатын, мамандығы бойынша үш жылдан астам еңбек өтілі бар жұмыскерді, егер осы жұмыскер жұмыс жасаған жабдық типі мен оның жұмысының сипаты өзгермесе, сынақ тәжірибесінен босатуы мүмкін. Бұл жағдайда қабылдау немесе ауыстыру туралы бұйрықта «сынақ тәжірибесін өту міндеттілігісіз» жазбасы жазылады.
6.1.12.3 Сынақ тәжірибесінің мақсаты жұмыскерлердің жұмыс орнында қауіпсіз еңбектің тәжірибелік машықтарын меңгеру болып табылады. Сынақ тәжірибесі кезінде жұмыскер жұмысты тәжірибелі жұмыскер (ары қарай – сынақ тәжірибесінің басшысы) қадағалауымен орындайды.
6.1.12.4 Жұмыскерлердің сынақ тәжірибесін осы мамандық бойынша 3 жылдан астам тәжірибелік еңбек өтілі бар шеберлер, механиктер, инженерлер мен білікті жұмыскерлер басқара алады, ал мамандардың сынақ тәжірибесін жоғары білікті мамандар мен тәжірибелік еңбек өтілі 3 жылдан астам мамандар немесе өндірістік учаске, цехтер, ауысымдардың басшылары жүргізеді. Сынақ тәжірибесінің бір басшысына екіден астам адам бекітіле алмайды.
6.1.12.5 Жұмыскерлердің сынақ тәжірибелерінің басшыларын бөлімше (цех, учаске) басшысы, ал мамандардың сынақ тәжірибелерінің басшыларын – (бөлім, қызмет) басшысы анықтайды. Сынақ тәжірибесінің басшысының тағайындалуы бұйрықпен (жарлықпен) рәсімделеді. Сынақ тәжірибесінің басшысы және жұмыскер бұйрықпен (жарлықпен) танысады және қол қойып сынақ тәжірибесінің журналын жүргізеді.
6.1.12.6 Құрылымдық бөлімше басшылары жұмыс сипатына және жұмыскер біліктілігіне байланысты сынақ тәжірибесінің ұзақтығын егер құзырлы мемлекеттік органдарымен бекітілген тиісті ережелермен өзге мерзімдер белгіленбесе, 2-ден 14 дейін ауысым (жұмыс күндері) аралығында белгілейді. Жоғары қауіп аймақтарында жұмыс жасайтын жұмыскерлерге ұзақтығы 1 айдан кем болмайтын сынақ тәжірибесін тағайындалады.
6.1.12.7 Сынақ тәжірибесі жұмыс орнындағы алғашқы нұсқамадан соң, құрылымдық бөлімшелермен әзірленген, жаңадан жұмысқа алынған жұмыскерлерге арналған бекітілген оқыту бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
6.1.12.8 Қызметкерлер өздiк жұмысқа машықтанғаннан кейiн, теориялық бiлiмi тексерiлген және жұмыстың қауiпсiз дағдыларын меңгергеннен кейiн жiберiледi.
6.1.13 Қайталама нұсқама:
6.1.13.1 Қайталама нұсқамадан барлық жұмыскерлер қызметкерлер бiлiктiлiгi мен еңбек өтіліне тәуелсіз, толық көлемде жұмыс орнындағы нұсқама бағдарламасы бойынша тоқсанына бір реттен сиретпей қайта нұсқамадан өтуі қажет.
6.1.13.2 Қайталама нұсқаманы жұмыстың тікелей басшысы қажет болған жағдайда орын алған бұзушылықтарды талдап, еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша талаптарды жұмыскердің жақсы меңгеруі мақсатында жұмыс орнында жүргізеді.
6.1.13.3 Қайталама нұсқама бір типті жабдыққа қызмет көрсететін жұмыскерлер тобымен немесе жеке-жеке жүргізіледі. Нұсқама жұмыс орнында нұсқаманың бекітілген бағдарламалары бойынша толық көлемде, жалпы жұмыс орындары шегінде жүргізіледі.
6.1.13.4 Нәтижесі жұмыс орнында нұсқаманы тіркеу журналында белгіленеді.
Қандай да бір орынды себептермен (ауру, іссапар, демалыс және т.б.) қайта нұсқаманы жүргізу кезінде болмаған тұлғалар жұмыстарды орындауға кіріспес бұрын жұмысқа шыққан күні нұсқама алуы қажет.
6.1.13.5 Сумен жабдықтау және суды бұру ұйымдары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тиісті жергілікті мемлекеттік құзырлы органдармен келісім бойынша жұмыскерлердің белгілі бір санаттары үшін қайта нұсқаманы өткізудің ұзағырақ (1 жылға дейін) мерзімін белгілеуі мүмкін.
6.1.14 Жоспардан тыс нұсқаманы:
6.1.14.1 Қолданысқа еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша жаңа немесе өңделген стандарттар, ережелер, нұсқаулықтар, сондай-ақ оларға өзгерiстер енгiзiлген кезде;
6.1.14.2 Технологиялық үдерiс өзгерген, жабдықтарды, құрылғылар мен құралдарды, сыртқа шығарылатын шикiзат пен материалдарды және т.б. еңбек қауiпсiздiгiне әсер ететiн факторлар ауыстырылған немесе жаңартылған кезде;
6.1.14.3 Қызметкерлер жарақаттануға, апатқа, жарылыс пен өртке, улануға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн еңбек қауiпсiздiгiн бұзған кезде;
6.1.14.4 Бақылаушы қадағалау органының талабы бойынша жүргiзiледi.
6.1.14.5 Жұмыстағы үзіліс кезінде – еңбекті қорғау және қауіпсіздіктің қосымша жоғары талаптары қойылатын жұмыстар үшін 30 күнтізбелік күннен астам, ад қалған жұмыстар үшін – 60 күн.
6.1.14.6 Жоспардан тыс (кезектен тыс) нұсқаманы жұмыс орнында жұмыстардың тікелей басшысы жүргізеді.
6.1.14.7 Нәтижесі жұмыс орнында нұсқаманы тіркеу журналында белгіленеді.
6.1.14.8 Қандай да бір орынды себептермен (ауру, іссапар, демалыс және т.б.) жоспардан тыс (кезектен тыс) нұсқаманы жүргізу кезінде болмаған тұлғалар жұмыстарды орындауға кіріспес бұрын жұмысқа шыққан күні нұсқама алуы қажет.
6.1.14.9 Жоспардан тыс нұсқама жеке қызметкерге немесе бiр мамандықтағы қызметкерлер тобына жүргiзiледi. Нұсқаманың көлемi мен мазмұны оны жүргiзу қажеттiгiн тудырған себептер мен жағдайларға байланысты әрбiр нақты жағдайда айқындалады.
6.1.15 Мақсатты нұсқама мамандық бойынша мiндеттермен тiкелей байланысты емес бiржолғы жұмыстарды:
- жүк арту, түсiру, аумақты жинау, сумен жабдықтау және суды бұру ұйымынан тыс бiржолғы жұмыстар;
- оқыс оқиғалар, апаттар, табиғат зілзалалары мен катастрофалар салдарын жою;
- В-Қосымшасына сәйкес наряд-рұқсатнама рәсімделетін жұмыстарды орындаған кезде жүргiзiледi..
Наряд-рұқсатнама бойынша жұмыстарды жүргізетін жұмыскерлермен мақсатты нұсқама В-Қосымшасына сәйкес наряд-рұқсатнамаға сәйкес бекітіледі.
6.1.16 Жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс және мақсатты нұсқамаларды жұмысты тiкелей басқарушы (шебер, өндірістік оқыту инструкторы, ұстаз) жүргiзедi.
6.1.17 Жұмыс орнындағы нұсқамалар ауызша сұрау немесе оқытудың техникалық құралдарының көмегiмен тексерумен, сондай-ақ жұмыстың қауiпсiз тәсiлдерi бойынша меңгерген дағдысын тексерумен аяқталады.
Қызметкердiң бiлiмiн нұсқау жүргiзген қызметкер тексередi.
6.1.18 Қанағаттанғысыз бiлiм көрсеткен қызметкерлер өздiк жұмысқа немесе тәжірибелік сабақтарға жiберiлмейдi және нұсқаманы қайта өтуге және бір айдан кешіктірмей қайта білімін тексеруден өтуге тиiстi.
6.1.19 Нұсқаманың барлық түрлерін (мақсаттыдан басқа) жүргізу нәтижелері нұсқама берушінің тегін, атын, әкесінің атын, туылған жылын, мамандығын, лауазымын, нұсқама түрін (кіріспе, жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс), жоспардан тыс нұсқаманы жүргізу себептерін көрсете отырып тіркеу журналына жазылады, нұсқама беруші (лауазымын көрсетіп) мен нұсқамадан өтушінің қолы қойылады.
6.1.20 Жұмысқа жаңадан алынған қызметкерлерді еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша оқыту осы Ережелер мен типтік бағдарламаларға сәйкес оқу орталықтары немесе ұйымдармен әзірленген және бекітілген бағдарламалар бойынша тікелей сумен жабдықтау және суды бұру ұйымдарында немесе оқу орталықтарында жүргізіледі.
6.1.21 Қызметкерлерді еңбекті қорғау және жұмыстың қауіпсіз тәсілдері мәселелері бойынша оқыту жаңа қызметкерлерді дайындау кезінде, оқытудың курстық, топтық және жеке оқыту нысандары бойынша жүргізіледі.
Жұмыскерлердің оқу ұзақтығы 10 сағатты немесе 12 сағатты құрайды, ал қосымша (жоғары) талаптар қойылатын жұмыстар мен кәсіптер үшін – 24 сағатты құрайды.
Тәжірибелік сабақтарды оқыту үрдісінде оқу шеберханаларында немесе жұмыс орнында қажетті дайындықтан өткен және осындай сабақтарды өткізуге құқығы бар қызметкерлер өткізеді.
Оқытылатын жұмыскерді оны оқытатын қызметкерге оқыту мерзімін көрсете отырып бекіту сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының жарлығы немесе бұйрығымен рәсімделеді.
6.1.22 Өндірістік оқыту аяқталған соң жұмыскерлер осы Ережелер мен оқыту бағдарламаларының көлемінде сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының емтихан комиссиясында білімін тексеруден өтуі қажет және өздік жұмыс құқығына куәлік алуы қажет.
Біліктілік комиссиясы кемінде үш адамнан тұруы қажет. Оның құрамына сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының (цехтің, бөлімшенің) тікелей басшысы кіруі қажет, онда тексерілетін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметінің инженері (маманы), сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі инспекторы немесе жұмыскерлердің өкілі (кәсіподақ комитетінің төрағасы) жұмыс жасайды.
6.1.23 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша білімін тексеру жеке жүргізілуі қажет, нәтижесі білімді тексеру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасымен бекітіледі.
6.1.24 Кәсіпті біріктірген жағдайда, оқыту және білімді тексеру әрбір кәсіп бойынша жеке-жеке жүргізледі.
6.1.25 Білімді кезекті тексеру алдында сумен жабдықтау және суды бұру ұйымында еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша дәрістер, лекциялар, консультациялар жүргізілуі қажет.
6.1.26 Жұмысқа қабылданған басшылар мен мамандар кіріспе нұсқамадан өтеді.
Жұмысқа жаңа алынған басшылар мен мамандарды жоғары тұрған лауазымды тұлға кіріспе нұсқамасымен қатар олардың еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау бойынша лауазымдық міндетерімен, осы Ережелермен және еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша басқа да нормативті құқықтық актілермен таныстырады, оларды қамтамасыз ету және орындау осы жұмыскерлерге сенімделген жұмыс учаскесіндегі қызметтік міндеттіліктеріне кіреді.
Басшылар мен мамандардың білімін тексеру қызметке тағайындалған күнінен бастап бір айдан кешіктірмей, сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының басшысымен белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
6.1.27 Басшылар мен мамандардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша білім деңгейін тексеру оларды біліктілігін оқу комбинаттарында арттыру кезінде, басшылар мен мамандардың біліктілігін арттыру курстарында үш жылда бір реттен сиретпей жүргізіледі.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша білімін мерзімді тексеру үш жылда бір реттен сиретпей, ал еңбекті қорғау және қауіпсіздікға жоғары талап қойылатын жұмыстарды жүргізу кезінде – жыл сайын жүргізілуі қажет. Жүргізілген тексеру нәтижесі оң болған жағдайда, оларға белгіленген үлгідегі сертификат (куәлік) беріледі.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік сұрақтары бойынша білімін тексеруден өтпеген басшылар мен мамандар бір айдан кеш емес мерзімде білімін қайта тексеруден өтуі қажет.
Білімін қайта тексеруден өтпеген тұлғалар өздік жұмысқа жіберілмейді. еңбекті қорғау және қауіпсіздік сұрақтары бойынша білімін тексеруден өтпеген басшылар мен мамандардың атқаратын қызметіне сәйкестігі туралы мәселе еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес шешіледі.
6.1.28 Басшылар мен мамандардың білімін тексеру үшін сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының бұйрығы бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметімен, сондай-ақ сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті тұлғалармен келісім бойынша тұрақты қызмет ететін емтихан комиссиясы құрылады.
6.1.29 Комиссия құрамына еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері, сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша уәкілетті, бас мамандар (технолог, механик, энергетик және т.б.) кіреді.
Комиссия жұмысына еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша білімін тексеруден өткен сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының қызметкерлері қатысады.
Басшылар мен мамандардың білімін тексеру нәтижелері хаттамамен рәсімделеді.
6.1.30 Басшылар мен мамандардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша білімін кезектен тыс тексеру:
- еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша жаңа немесе өңделген нормативті құқықтық актілер (құжаттар) қолданысқа енгізілгенде;
- жаңа жабдық пайдалануға енгізілгенде немесе жаңа технологиялық процесстер енгізілгенде;
- басшы (маман) басқа жұмыс орнына ауысуы немесе оның еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша қосымша білімін талап ететін басқа қызметке ауысуы кезінде;
- құзыретті мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша;
- еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша қолданыстағы нормативтік актілердің (құжаттардың) бұзылушылығы анықталған кезде;
- жұмыста бір жылдан артық үзіліс болған кезде, жоғары талаптар қойылатын жұмыстарды жасау кезінде – 6 айдан артық үзіліс болған кезде;
- жазатайым жағдайға тексеру жүргізілген кезде жүргізіледі.
6.1.31 Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзырлы мемлекеттік органдар құзырындағы нысандарды пайдалану және жөндеуге байланысты қызметкерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша білімін тексеру РҚ-02-02 сәйкес жүргізілуі қажет.
Білімін тексеру нәтижесі бойынша емтихан комиссиясы хаттаманы жасайды және емтиханнан өтушілерге белгіленген нысандағы куәлік беріледі.
6.1.32 Еңбекті қорғау және қауіпсіздіктің жоғары талаптары қойылатын қондырмаларды, жабдықтарды және құрылыстарды пайдалануға байланысты (құдықтар, камералар, резервуарлар, жер асты коммуникациялар, сорғы станциялары және ауыр улану немесе жарақаттар орын алуы мүмкін т.б.) қызметкерлермен жүйелі түрде профилактикалық апатқа қарсы жаттығулар, ЖҚҚ қолдану бойынша сабақтар және Е-Қосымшасына сәйкес ұйымдастырылған оқу-жаттығу полигонында оқу жүргізілуі қажет.
Сабақтар нұсқамамен бірге үш айда кемінде бір рет, ал өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзырлы мемлекеттік органдар бақылауындағы нысандарда – айына бір реттен сирек емес мерзімділікте жүргізілуі тиіс.
6.1.33 Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзырлы мемлекеттік органдар бақылауындағы нысандарды пайдалануға байланысты басшылар, мамандар мен басқа да қызметкерлер РҚ-02-02 талаптарына сәйкес жұмысқа жіберіледі.
6.1.34 Еңбекті қорғау және қауіпсіздіктің жоғары талаптары қойылатын жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер Г-Қосымшасына сәйкес жыл сайын білімін мерзімді тексеруден өтеді. Жұмысқа жаңадан алынатын қызметкерлер білімін тексерген соң, осымен қоса жұмыс орнында ұзақтығы екі аптадан кем болмайтын сынақ тәжірибесінен өтуі қажет, осыдан соң сумен жабдықтау және суды бұру ұйымы (цех, қызмет) бойынша бұйрықпен (жарлықпен) өздік жұмысына жіберіледі.
6.1.35 Сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының қызметкерлері нысандарда, құрылыстарда және өндірістік жайларда жұмыстар орындау және әрекет ету ережелерін белгілейтін, еңбекті қорғау қауіпсіздігі бойынша нұсқаманы, сондай-ақ осы Ережелер талабын орындауға міндетті.
6.1.36 Қауіпті жұмыстар жүргізу үшін жұмыскерлерді жіберуге тек жұмыс орнында алдын ала нұсқама жүргізілген соң және В-Қосымшасына сәйкес рәсімделген наряд-рұқсатнама болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
6.1.37 Наряд-рұқсатнама жүйесі құрылыс, монтаждық, жөндеу және басқа жұмыстарға жұмыстарды ұйымдастыру жоспарларын әзірлеуді шегермейді.
6.1.38 Жоғары қауіпті жұмыстардың ерекше жағдайларында, мысалы:
- апаттың алдын алу;
- жұмыскерлер өміріне қауіпті жою;
- бастапқы кезеңінде табиғат апаттары мен апаттарды жою,
Наряд-рұқсатнаманы рәсімдеусіз бастала алады, алайда қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбегін қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін міндетті сақтай отырып, және жауапты лауазымды тұлғаның тікелей басшылығымен жүргізілуі қажет.
6.1.39 Егер бұл жұмыстар ұзаққа созылатын сипат алса, наряд-рұқсатнаманы рәсімдеу міндетті тәртіпте жүргізілуі қажет.
6.1.40 Қауіпі жоғары жұмыстарға жасы 18-ден асқан, медициналық куәландырудан өткен, арнайы бағдарлама бойынша білім алған және сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының тұрақты қызмет ететін емтихан комиссиясымен аттестацияланған тұлғалар ғана жіберіледі.
6.2 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйесінің қызметкерлерінің жеке қорғаныс құралдарын қолдануға қойылатын талаптар
6.2.1 Сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының ластануға, зиянды немесе қауіпті еңбек шарттарына байланысты жұмыстарда, сондай-ақ ерекше температура жағдайларында орындалатын жұмыстарда жұмыс жасайтын қызметкерлеріне ГОСТ 12.3.006, ГОСТ 12.4.011, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, «Олардың кезінде алдын ала және мерзімдік медициналық қараулар міндетті зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесіне» және «Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшыраған қызметкерлерді міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарауларды жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес тегін сертификатталған арнайы киім, арнайы аяқ киімі және типтік салалы нормалармен қарастырылған ЖҚҚ беріледі. Жұмыскерлерге арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімді және белгіленген нормалар бойынша басқа ЖҚҚ беру жұмыс берушінің қаражаттары есебінен жүргізіледі.
6.2.2 Қолданылатын ЖҚҚ қызметкерлерге:
- Р 2.2.755-99 сәйкес және санитарлық нормалармен белгіленген мөлшерге дейін зиянды факторлар деңгейін төмендетуді;
- қабылданған технологиялар мен жұмыс шарттарына тән қауіпті немесе зиянды өндірістік факторлар әсерінен қорғанысты;
- технологиялық процесстің бұзылуы кезінде туындайтын қауіпті немесе зиянды өндірістік факторлар әсерінен қорғанысты қамтамасыз етуі қажет.
Аталған талаптар сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының басшысымен бекітілетін сумен жабдықтау және суды бұру нысандарын пайдалану және онда жұмыстарды жүргізу бойынша нұсқаулыққа енгізілуі қажет.
6.2.3 Қажетті мөлшердегі арнайы киім мен ЖҚҚ белгіленген мерзімдерде берілуі, ГОСТ 12.4.103, техникалық эстетика мен эргономиканың талаптарына жауап беруі және сәйкестік сертификатына ие болуы, қорғаныс тиімділігін, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды және пайдалану кезіндегі қолайлылықты қамтамасыз етуі тиіс.
6.2.4 Техникалық құжаттамасы жоқ ЖҚҚ-ын қолдануға рұқсат етілмейді.
6.2.5 Қызметкерге берілетін арнайы киім, арнайы аяқ киім мен басқа да ЖҚҚ жұмыс сипаты мен шарттарына сәйкес келуі қажет және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.
6.2.6 Жұмыскерлер оларға берілген арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімді және басқа да ЖҚҚ дұрыс қолдануға міндетті.
6.2.7 Жұмыскерлерге ұжымдық және жеке қорғану құралдарын дұрыс таңдау және қамтамасыз ету үшін, олардың ақаусыздығы үшін сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының басшысы немесе басшы бұйрығымен тағайындалған мамандар жауапкершілік көтереді.
6.2.8 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарында келесі ЖҚҚ қолдану қажет:
- сумен жабдықтау және суды бұру жүйесінде жұмыс жасау кезінде: мықтылыққа тиісті сынақтаулардан өткен сақтандыру белдіктері, шлангты газқағарлар, оттекті оқшаулаушы газқағарлар, газанализаторлар мен газсигнализаторлары, аккумуляторлық шамдар, қоршаулар, қауіпсіздік белгілері, құдықтар люктерінің қақпақтарын ашуға арналған ілмектер мен сыналар, қорғаныс каскалары, құдықтардағы ысырмаларды ашуға арналған штанга-ашалар, тасымалданбалы сатылар;
- реагенттер қоймасында, хлораторлы және дозаторлы жайларда жұмыс жасау кезінде: «В» және «КД» маркалы кораптары бар газқағарлар, шлангілі газқағарлар, оттекті оқшаулаушы газқағарлар, газанализаторлар мен газсигнализаторлары, аккумуляторлық шамдар, химиялық көбікті өрт сөндіргіштер, дегазацияға арналған құралдар. Хлорды сақтау және қолдануға байланысты нысандарды апаттық құралдармен жарақтандыру табелі «Хлорды өндіру, сақтау және тасымалдау кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына» сәйкес келуі қажет;
- реагенттер дайындау бойынша жұмыстар кезінде: қорғаныс көзілдіріктері, респираторлар, газ қағарлар;
- бактерицидті, электролизді және озонаторлы қондырмаларға қызмет көрсету кезінде: қорғаныс көзілдіріктері, диэлектрлік қолғаптар, оттекті оқшаулаушы газқағарлар.
6.2.9 Жұмыс беруші арнайы киімді және басқа да ЖҚҚ дер кезінде беруді, жууды, химиялық тазартуды, жөндеуді, ал қауіпті және өндірістік факторлардың әсері мен елеулі шаңдануға байланысты жұмыстарға, сонымен қоса шаңсыздандыруды, залалсыздандыруды сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының қаражаты есебінен өндірістік шарттарды ескере отырып белгіленетін мерзімдерде аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметімен келісім бойынша жүргізеді.
6.2.10 ЖҚҚ жуу және химиялық тазарту, жөндеу, шаңсыздандыру, залалсыздандыру уақытында қызметкерлерге ауыстыру жинақтары берілуі тиіс.
6.2.11 Жалпы жағдайларда арнайы киімді жууды, әбден кірлеген кезде - 6 күнде бір рет, шамалы кірлеген кезде - 10 күнде бір рет жүргізу керек.
6.2.12 Арнайы киім мен арнайы аяқ киімді жуу, химиялық тазарту және жөндеу сумен жабдықтау және суды бұру ұйымында қарастырылуы қажет немесе арнайы маманданған ұйымдармен шарт бойынша жүргізілуі қажет.
6.2.13 Егер арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да ЖҚҚ жұмыскер кәнәсінен зақымдалмаса, жұмыс беруші арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің және басқа да ЖҚҚ басқаларының ақаусыз жинағын беруге міндеті.
6.2.14 Арнайы киімді еріткіштермен, бензинмен, керосинмен, эмульсиямен тазалауға болмайды.
6.2.15 ЖҚҚ-дарға техникалық шарттармен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде мерзімді бақылау тексерулерінен және сынақтарынан өткізілуі қажет.
6.2.16 Жұмыскер арнайы киімінің, арнайы аяқ киімінің және ЖҚҚ барлық байқаған ақаулықтары туралы өзінің тікелей басшысына немесе жұмыстарды жүргізу үшін жауапты маманға хабарлауы қажет.
6.2.17 Ластануға байланысты жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерге белгіленген нормалар бойынша «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт және емдеу-алдын-алу тағамдарын беру нормалары мен ережесі» және «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен құрылғылармен қамтамасыз ету ережесі» талаптарына сәйкес гигиена заттары мен жуу құралдары берілуі қажет.
6.2.18 Сумен жабдықтау және суды бұрудың тазалау құрылыстарына қызмет көрсететін қызметкерлер арнайы киімді жұмыс жасауы қажет.
Жұмыскерлердің арнайы киім киіп тазарту құрылыстарының аумағынан тыс әжетханалар мен қоғамдық пайдалану орындарына баруға тыйым салынады.
6.2.19 Жұмыскерлерде арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің және басқа да ЖҚҚ болуы, ақаусыздығы және оларды кию ережелерін орындауы үшін жауапкершілік сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының басшыларына жүктеледі.
6.2.20 Жұмыс беруші жұмыскерлерге нақты жұмыстарды орындау үшін қарастырылған тиісті ЖҚҚ қамтамасыз етпеу кезінде тапсырылған жұмысты орындаудан бас тарту құқығы туралы мәлімдеуге міндетті.
6.2.21 Жұмыскерлер жұмыс орындарында жеке гигиена ережелерін орындауы қажет:
- өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде орындалатын жұмыстар сипатына сай келетін ЖҚҚ қолдану қажет;
- ЖҚҚ, жеке киімдерін арнайы бөлінген орындар мен жайларда сақтау қажет;
- ас ішу алдында қолды сабынды жылы сумен мұқият жуу қажет;
- қолды эмульсиямен, керосинмен, маймен жууға болмайды және қолды металл жоңқаларымен ластанған шүберекпен сүртуге болмайды.
6.3 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйесі қызметкерлерінің еңбек және демалыс режимдері
6.3.1 Жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы, жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, түскі үзіліс ұзақтығы, ауысым ішілік үзіліс мерзімділігі мен ұзақтығы, түнгі уақыттағы жұмыс заңнамаға сәйкес және ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне сәйкес анықталады.
Сумен жабдықтау және суды бұру ұйымында ұжымдық еңбек шартына сәйкес сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының қызметкерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген ішкі еңбек тәртібінің ережелері жасалуы қажет.
6.3.2 Ұжымдық еңбек шартымен қарастырылған еңбек шарттары еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келуі қажет.
6.3.3 Сумен жабдықтау және суды бұру ұйымындағы жұмыстың үздіксіз циклі кезінде ұжымдық еңбек шартына сәйкес қаперіне жеткізілуі тиіс ауысымдылық кестесі жасалуы қажет.
7 Өндірістік процестерге қойылатын еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары
7.1 Жалпы талаптар
7.1.1 Сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының өндірістік (технологиялық( нысандарында жұмысты ұйымдастыру кезінде:
- Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңға сәйкес сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының нысандарында өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын жасауды жүргізу;
- жобалық құжаттама, техникалық құрылғылар, ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігінің сараптамасын жүргізу;
Жұмыскерлердің оларға зиянды әсер ететін өндіріс қалдықтары мен бастапқы материалдармен тікелей жанасуын болдырмау;
- қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың туындауына байланысты технологиялық процесстер мен операцияларды жетілдіру;
- Технологиялық процесстер мен құрылыстар конструкциясын жетілдіру, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар болған жағдайда механизация, автоматтандыру және қашықтықтан басқару деңгейін арттыру;
- технологиялық (өндірістік) жабдықтың тиісті герметизациясын қамтамасыз ету;
- Жұмыскерлердің ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын, бақылау жүйесін және жұмыскерлердің қорғанысын және жабдықтың апатты сөндірілуін қамтамасыз ететін, технологиялық процесстің басқарылуын қолдану;
- Жұмыскерлерге психофизиологиялық, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерін төмендету мақсатында демалыс пен еңбектің рационалды режимдерін қолдану;
- технологиялық процесстерді жекелеген технологиялық операциялар кезінде қауіпті әрі зиянды өндірістік факторлардың туындауы туралы дер кезіндегі ақпараттың алынуын қамтамасыз ететін құрылғылармен жарақтандыру;
- өрт және жарылыс қауіпсіздігі, қоршаған табиғат ортасын зиянды заттардың лақтырындыларын (түсуін) болдырмау бойынша шараларды жүзеге асыру;
- жұмыскерлерді жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға нұсқама беру және олардың дұрыс қолданылуына бақылауды жүзеге асыру;
- технологиялық құжаттамада мазмұндалған өндірістік (технологиялық) процесстерге қауіпсіздік талаптарын орындау;
- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың нормативті талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін жұмыстың техникалық құралдары мен әдістерін анықтайтын, еңбек қауіпсіздігі және қорғау бойынша нақты жобалық шешімдерді қамтитын, жоспарлы-ескерту жөндеуін жүргізу бойынша ұйымдастырушылық-технологиялық құжаттаманы әзірлеу қажет.
7.2 Сумен жабдықтау және суды бұру құрылыстары мен желістеріне қызмет көрсету кезінде еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға қойылатын талаптар
7.2.1 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарында адам өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайлар туындаған кезде, мысалы, құрылыс конструкцияларының, траншея қабырғаларының, қазандықтардың құлау, су басуы, зиянды газдардың бөлінуі және т.б. қауіптер туындағанда бұл жерлердегі жұмыстарды дереу тоқтату қажет.
Басшы (жауапты орындаушы) жұмыскерлерді қауіпті аймақтан шығаруы қажет. Жұмыстарды жалғастыру мүмкіндігі туралы шешімді қабылдау үшін наряд-рұқсатнама берген тұлғаға болған оқиға жөнінде хабарлау қажет.
Наряд-рұқсатнама В-Қосымшасына сәйкес нысанда рәсімделеді.
7.2.2 Сумен жабдықтау және суды бұру нысанының немесе тұрғынүй ықшам ауданының аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауды бастамас бұрын жұмыстарды орындау ұйымының басшысы мен бас мердігер санитарлық нормалар мен ережелер және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес наряд-рұқсатнаманы рәсімдеуге міндеті.
Наряд-рұқсатнамамен қарастырылған шаралардың сақталуы үшін жауапкершілікті сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының нысандарын пайдаланушы және жұмысқа қатысушы құрылыс ұйымдарының басшылары көтереді.
Жұмыс өндірісін ұйымдастыру кезінде алдыңғы операция кейінгі операцияларды орындау кезінде өндірістік қауіп көзі болмайтындай етіп, өндірістік операциялардың технологиялық кезектілігін қарастыру қажет.
7.2.3 Әрбір сумен жабдықтау және суды бұру ұйымында қауіпі жоғары жұмыстар түрлері мен орындарының ықтимал тізімін, жергілікті шарттар мен өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып, орындалуына наряд-рұқсатнама беру қажет етілетін жұмыстардың нақты түрлерінің және орындарының тізімі бекітіледі.
Рәсімделген наряд-рұқсатнама В-Қосымшасына сәйкес нысанда тиісті журналда тіркеледі.
7.2.4 Наряд-рұқсатнама жұмыстардың тапсырылған көлемін орындау үшін қажетті мерзімге беріледі. Жұмыстарды орындау процессінде наряд-рұқсатнамамен қарастырылмаған қауіпті өндірістік факторлар туындаса, жұмыстарды тоқтату, наряд-рұқсатнаманың күшін жою және тек жаңа наряд-рұқсатнама берілген соң ғана жұмысты қайта бастау қажет.
Наряд-рұқсатнаманы берген жұмыскер жұмыстарды жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша онда қарастырылған шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру қажет.
7.2.5 Су астындағы резервуарда және басқа сыйымдылықты құрылыстардағы жабдықты жөндеу олардан су босатылған соң және кенеттен толу мүмкіндігі жойылған соң ғана жүргізілуі қажет.
7.2.6 Құрылыстардан су немесе қалдық су сынамаларын жабдықталуы (қоршауы, жарықтандырылуы және т.б.) сынамаларды алу кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ететін жұмыс алаңдарынан немесе сынама іріктеу желістерінен жүргізілуі қажет.
7.2.7 Көлік құралдарынан (вагондардан, автомобильдерден) реагенттерді түсіру, оларды тасымалдау және жинау және ерітінділер дайындауға арналған құрылғыға тиеу механикаландырылуы тиіс. Бұл ретте реагенттердің төгілуін, олардың шаңдануы мен атмосфераға бөлінуіне жол бермейтін шараларды жүргізу қажет.
7.2.8 Вагондар мен автомобильдерді түсіруге және қоймалар мен өндірістік жайлардағы жабдықтар мен материалдардың тасымалына арналған механизмдерді пайдалану нормативті құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жүргізілуі қажет.
Барлық механизмдердің сынақтау мерзімдері көрсетілген техникалық паспорты болуы қажет.
7.2.9 Ағын суларды тазалауға арналған құрылыстарда жұмыс жасау кезінде жұмыскерлердің ағын сулармен тікелей жанасуын болдырмайтын шараларды қолдану қажет.
7.2.10 Құдықтар мен басқа да жер асты құрылыстарындағы, сорғы станциясының тырмалау жайларындағы, су бұрудың тазалау құрылғыларындағы және жарылыс қауіпті газдар жиналуы мүмкін басқа да орындарда жөндеу жұмыстарын жасау кезінде жарық беру үшін жарылыстан қорғалған орындауда тасымалданбалы шамдарды қолдану қажет.
7.2.11 Газ қауіпті жұмыстарды (құдықтарда, камераларда, сиымдылықты құрылыстарда, менантенктер жайларында) орындаушы жұмыскерлер болат тақалары мен шегелері жоқ аяқ киім киюі қажет.
7.2.12 Зиянды заттар бөлінуі ықтимал жөндеу және басқа да жұмыстарды жүргізуге арналған жайларда есепті ауа алмастырғышы бар ағынды-сорғыш және сорғыш желдеткіші жұмыс жасауы қажет.
7.2.13 Қауіпі жоғары жайларда жөндеу жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде және жұмыс жасау үшін қолайсыз жағдайлар болғанда жайлардың электрлік жарықтандырылуы «Қазақстан Республикасында электр қондырғыларын орнату ережелері» және РҚ 34 ҚР 20/03.501/202 талаптарына сай келуі қажет.
7.2.14 Тереңдетілген нысандарда жұмыс жасау кезінде апаттардың алдын алу және жою бойынша шаралар бекітілуі қажет, ал жұмыскерлер апатты жағдайда әрекет етуге үйретілген болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |