Сумен жабдықтау және су тарту ұйымдарында құдықтар мен траншеяларда жүргізілетін жұмыстарға дағдыланатын оқу-жаттығу полигоны туралы
ереже
Е.1 Жалпы ережелер
Е.1.1 Оқу-жаттығу полигондары әр сумен жабдықтау және су тарту ұйымында құрылады.
Е.1.2 Полигонның негізгі арнауы:
- сумен жабдықтау және су тарту ұйымының жұмыскерлері мен мамандарына жұмысқа орналасқан кезде және жұмыс барысында қауіпсіз жұмыс әдістеріне тәжірибе жүзінде үйрету және ол бойынша нұсқама беру;
- жұмыстарды жүргізу және жабдықтарды пайдалану кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерінің орындалуы бойынша білім мен тәжірибелік дағдыларды тексеру;
- жазатайым жағдайлар кезінде алғашқы көмек көрсетуге үйрету;
Е.1.3 Сабақтар жергілікті шарттардың ескерілуімен сумен жабдықтау және су тарту ұйымының жетекшісі (бас инженер) бекіткен бағдарлама бойынша жүргізіледі.
Е.1.4 Жаттығулар бойынша жүргізілген сабақтар туралы нысаны Ж.4 келтірілген журналға белгі қойылады.
Е.2 Полигонда өндірістік жабдықтар мен стендтердің орналастырылуына қойылатын талаптар
Е.2.1 Полигон – көлемі 12 м × 10 м (немесе одан үлкен) жоспарланған және жан-жағы қоршалған алаң. Алаң автожолдың көлік жүретін жолына ұқсастырылуы керек.
Е.2.2 Жол белгілеуі тұрған аймаққа жүретін ирек тұтқалармен және болат немесе алынбалы сатымен жабдықталған тереңдігі 3 м кем болмайтын екі құдық жасалады.
Құдықтардың конструкциясы ҚР ҚНжЕ 4.01-02 талаптарына сәйкес әртүрлі материалдан жасалуы мүмкін.
- Бірінші құдық – екі ысырмасы мен диаметрі 200 мм құбыры бар су құбырлы;
- Екінші құдық – лотокпен жабдықталған су тарту жүйелері.
Е.2.3 Полигонда:
- сақтандыратын белдіктерді, жіптерді және алынбалы (орны ауыстырылатын) сатыларды сынайтын құрылғылар;
- құжаттама мен көрнекі құралдар (еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулар мен плакаттар, толтырылған наряд-рұқсатнама) бар стендтер;
- үйретілетін жұмыскерлердің тәжірибе жүзіндегі іс-қимылдарын бақылап отыруға арналған құдықтың нобайы;
- бекітпелер жинағы мен құбыр бар көлемі 1,5 м × 2 м, тереңдігі 2,5 м траншея учаскесі. Траншеяның қабырғалары бетондалуы, түбі кәдімгі топырақ болуы тиіс. Траншея қабырғалардың бекітпелерін қолдану амалдарына, құбырдағы жұмысқа үйрету үшін пайдаланылады.
- зардап шеккен адамды білдіретін салмағы 85 кг манекен;
- алынбалы сатыларды сынау үшін қолданылатын салмағы 100 кг және 120 кг жүк;
- сайман (құдықтардың люктарын ашатын ілмектер, құдықтағы ысырмаларды ашатын аша-штангалар);
- алынбалы жол белгілері;
- қорғап тұратын қоршаулар;
- ЖҚҚ (жібі бар сақтандыратын белдік, сарғылт түсті күртешелер, каска, газ қағарлар және т.б.);
- газанализаторлар, газсигнализаторлар, аккумуляторлық шамдар, желдеткіштер болуы тиіс.
Е.2.4 Полигон жұмыскерлерді оқыту учаскелеріне бөлінеді:
- траншеяларда, қазандықтар мен құдықтарда;
- құдықтың нобайында апатты-қалпына келтіру жұмыстарына;
- сақтандыратын белдіктерді, жіптерді және алынбалы сатыларды қарап шығу және сынау бойынша.
Е.3 Жаттығулар өткізу
Е.3.1 Полигонда әр топпен жеке жүргізілетін жаттығулар бағдарламаның негізінде жасалған жоспар-кесте бойынша жүргізіледі. Жаттығу бағдарламасы жергілікті шарттардың ескерілуімен құрылып, оны сумен жабдықтау және су тарту ұйымының жетекшісі бекітеді.
Е.3.2 Құдықтарда жұмыс істеген кезде зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуге тәжірибе жүзінде үйретудің үлгі бағдарламасын медициналық жұмыскерлер жасайды.
Е.3.3 Жұмыскерлерді жаттықтырудың үлгі бағдарламалары Ж.5 келтірілген.
Е.4 Оқу-жаттығу полигонында өткізілетін жаттығулардың есебі жүргізілетін журналдың нысаны
ЖУРНАЛ
Жаттығулардың есебі жүргізілетін ___________________________________________
|
__________________________________________________________________________
|
(сумен жабдықтау және су тарту ұйымының атауы)
|
|
Басталды ___________________________
|
|
Аяқталды _________________________
|
РӘСІМДЕУ
№ р/б
|
Тегі, инициалдары
|
Жаттықтырылатын жұмыс істейтін цехтің, учаскенің атауы, үйретілетін тұлғаның лауазымы
|
Жаттығу тақырыбының қысқаша мазмұны
|
Өткізілетін күні
|
Бағасы
|
Қолы
|
жетекшінің
|
жаттықтырылатын тұлғаның
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1-ЕСКЕРТУ Жаттығу сабақтарын білімі тексерілген және еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша білімінің тексерілгені туралы куәлігі бар мамандар өткізеді.
2-ЕСКЕРТУ Жаттығу сабақтарына қатысатын топтар мамандықтар бойынша құрылады.
|
Е.5 «Сумен жабдықтау және су тарту нысандарында жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіз орындалуын ұйымдастыру» және «Жер жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастыру» тақырыптары бойынша жұмыскерлерді тәжірибе жүзінде оқытудың үлгі бағдарламалары
Е.5.1 «Сумен жабдықтау және су тарту нысандарында жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіз орындалуын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша жұмыскерлерді тәжірибе жүзінде оқытудың үлгі бағдарламасы
Е.5.1.1 Құдықтарда жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге бағытталған ұйымдастыру іс-шаралары:
- нұсқама беру тәртібі, наряд-рұқсатнама беру, барлық қажетті саймандармен және ЖҚҚ қамтамасыз ету нормалары;
- сақтандыратын белдікті, жіпті таңдау, тиісті өлшемге келтіру тәртібі және оларды сынау мерзімі, олардың дұрыс пайдаланылу жолдарына машықтану және қолдану алдында тексеру;
- көлік жүретін жолда жұмыстар ұйымдастыру (апатты машинаны орналастыру, жол белгілерін, жолдың көлік жүретін жеріне қоршаулар орнату, саймандарды орналастыру).
Е.5.1.2 Құдықтарда жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне бағытталған техникалық іс-шаралар:
- люкты ілмекпен ашу амалдарына машықтану, люк пен сайманды жайластыру;
- құдықтардың газдалуын тексеру амалдарына машықтану;
- құдықтағы жүретін қапсырмалардың болуын және олардың беріктілігін тексеру;
- құдықтың ішінде жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру, саймандар мен ауыр жүкті әперу;
-құдықтардың іші газдалған жағдайда жұмыстарды ұйымдастыру;
- газдалған құдықтың ішінен зардап шеккен адамды тез арада шығару амалдарына машықтану.
Е.5.2 «Жер жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша жұмыскерлерді тәжірибе жүзінде үйретудің үлгі бағдарламасы
Е.5.2 1 Жер жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша ұйымдастыру іс-шаралары:
- жұмыстарды жүргізуге рұқсаттың келісілу тәртібі;
- жер жұмыстарын жерасты коммуникациялары өтетін жерде жүргізілуін ұйымдастыру;
- нұсқама беру тәртібі, наряд-рұқсатнама беру, жұмыстарды жүргізу кезіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік шаралары;
- топырақ қазылатын жерлерге күндізгі және түнгі уақытта қорғап тұратын қоршауларды орнату тәртібі;
- траншеялар мен қазандықтарды қолмен және механизмдермен қазу тәртібі;
- траншеяларды қатқан топырақта қазу тәртібі;
- траншеяларды әртүрлі топырақта қазу тәртібі;
- тік қабырғалары бекітілмеген орларды және қиябеттері бар орларды қазу кезіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік шаралары;
- траншеядан алынған топырақты жинау.
Е.5.2.2 Жер жұмыстарының қауіпсіз жүргізілуіне бағытталған техникалық шаралар:
- топырақ қазылған жерлерге бекітпелердің орнатылуы;
- топырақ қазылған жерлерге машиналар мен механизмдердің орналастырылуы;
- жұмыстарды жүргізу кезінде сайман мен материалдың орналастырылуы;
- траншеялардың өзінде жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру, бекітпелерді орналастыру, сайман мен ауыр жүк әперу;
- сайман мен ауыр жүк көтеру амалдарына машықтану;
- траншеялар мен қорғап тұратын қоршаулардан бекітпелерді алуға машықтану.
Е.6 Сақтандыратын белдіктерді, жіптерді, алынбалы сатылар мен басқыштарды сынау
Е.6.1 Сақтандыратын белдіктер мен жіпті сынау
Е.6.1.1 Сақтандыратын белдіктерге мерзімдік (пайдалану) сынақтар белгіленген.
Белдіктер полигонның тиісті учаскесінде мерзімдік сыналып тұрады (статикалық жүктемемен механикалық беріктілікпен).
Сыналатын белдіктер алдымен тексеріліп қаралады. Тексеру нәтижесінде белдік матасына зақым келмегені (кесілген, күйген және т.б. жерлері), қыстыратын бірігуінде саңылаудың жоғы, белдіктің тігісі сөгілмегені, капрон арқанның үзілген жіптерінің жоғы, тізбек пен сақиналардың дәнекерленген жерлерінің тегіс және қабыршақтанған жерлерінің жоғы, карабиннің сыртқы құлпы істеп тұрғаны, беті жазық, сырылған, ұрылған жерлері және басқа да ақаулары жоғы анықталуы тиіс.
Е.6.1.2 Белдіктерді сынаудың неғұрлым маңызды түрлері – белгілі бір уақыт аралығында (5 мин) және олардың динамикалық жүктемесі бұзылғанға дейін статикалық жүктемені сынау.
Қатты тіреуге бекітілген белдікке 5 мин аралығында салмағы 225 кг статикалық жүктеме (конструкциясына байланысты) басылады. Үзілу күшін жүкті іліп не (пайдалану сынақтары) месе үзілу машинасында алуға болады. Егер тексеру кезінде қандай да бір зақымдалу анықталмаса және карабин қалыпты жұмыс істесе, белдік сынақтан өткен болып саналады.
Е.6.1.3 Белдіктер динамикалық жүктемемен арнайы тік стендтерде сыналады. Белдік құм салынған қапшыққа немесе манекенге киіледі. Манекеннің (жүктің) салмағы көп жағдайда 85 кг құрайды. Әдетте, манекен жүк көтеретін арқанның ұзындығына тең келетін белгіленген биіктікке көтеріліп, босататын құрылғының көмегімен қатты тіреуден ажыратылады, манекен құлайды. Тензодинамометрмен құлаған кезде адам денесіне әсер ететін күш өлшенеді. Күш осциллографтың немесе басқа бір аспаптың көмегімен тіркеледі. Егер белдіктің бірде-бір бөлшегі бүтіндігінен айырылмаса, ал серпіліс кезінде амплитудалық күш стандарттармен белгіленген шамадан аспаса, белдік сынақтан өткен болып саналады.
Е.6.1.4 Пайдалану сынақтары кезінде карабинді тағуға арналған бос жартылай сақина мен сақтандыратын қанат бекітілетін сақина да механикалық беріктілікке 5 мин аралығында 225 кг статикалық жүктемемен дәл осылай тексеріледі. Сынақтар аяқталғаннан кейін белдік пен оның бөлшектерінде зақымдалу белгілері болмауы тиіс, карабин құлыпы қиықтарына дұрыс әрі берік кіруі тиіс. Сынақтар 6 айда 1 рет жүргізіледі.
Сақтандыратын қанаттар мен иыққа ілетін белдіктер сақтандыратын белдіктер сияқты сыналады. Жүргізілетін сынақтардың параметрдері Ж.1 кестесінде көрсетілген.
Жүргізілген сынақ нәтижелері еркін нысандағы актпен рәсімделеді.
Белдіктер мен қанаттарға тапсырма орындалған күн мен нөмір және келесі сынақ жүргізілетін күн көрсетілуі тиіс биркалар ілінеді.
Е.1 кестесі - Қорғайтын құралдарды механикалық сынау нормалары мен мерзімі
Қорғайтын құралдардың атауы
|
Пайдалану сынақтары
|
сынақ түрі
|
күш, кг
|
жалғасуы, мин
|
мерзімдіклігі
|
Сақтандыратын белдіктер
|
үзілуге статикалық
|
225
|
5
|
6 айда 1 рет
|
Сақтандыру канаттары
|
солай
|
225
|
5
|
6 айда 1 рет
|
Е.6.2 Алынбалы ағаш сатылар мен басқыштарды сынау
Е.6.2.1 Алынбалы ағаш сатылар мен басқыштар дайындалудан және күрделі жөндеуден кейін, сондай-ақ пайдаланылу барысында 6 айда 1 рет мерзімдік түрде статикалық жүктемемен сыналуы тиіс.
Статикалық сынау кезінде алынбалы және ысырмалы ағаш сатылар қатты негізге орнатылып, 75° бұрышпен қабырғаға немесе конструкцияға тіреліп қойылады, үш тағанды сатылар толығымен ашылуы тиіс.
Сатылар мен басқыштар баспалдақтар мен тетивтерге статикалық жүк ілу арқылы сыналады. Әр сынақ 2 минутқа созылады.
Ысырмалы сатының баспалдақтарын беріктілікке сынау үшін төменгі тағанның күшейтілмеген баспалдағының ортасына салмағы 200 кг жүк ілінеді.
Тетивтер екі әдіспен сыналады. Алдымен әр тетивке ортасынан салмағы 100 кг жүк қойылады. Сатының барлық тағандары кезек-кезек сыналады. Жүк алынғаннан кейін ортағы тағанның орта тұсынан тетивтің екеуіне де салмағы 200 кг жүк қойылады. Жүк ортаңғы баспалдаққа іліне алады. Сатыларды өз бетінше жинауға болмайды.
Е.6.2.2 Сатының арасы ашылатын тағандары сыналып болғаннан кейін емін-еркін түсіріліп, көтерілуі тиіс.
Алынбалы саты сыналған уақытта күшейтілмеген баспалдақтың біреуіне өткелдің ортасына салмағы 120 кг жүк ілінеді. Баспалдақтар мен олардың тетивке жалғанған жерлеріндегі жүк алынғаннан кейін зақымдалған жерлер пайда болмауы тиіс. Тексеріп қараған кезде жағдайы күмән туғызатын баспалдақтар оларға жүк ілу арқылы қосымша сыналуы тиіс. Сынау барысында сатылардың бойынан анықталған жөнсіздіктер ретке келтіріліп, барлық сынақтар қайта жүргізіледі. Дәл осылай қойылған алынбалы саты сыналады.
Е.6.2.3 Басқыштар сыналатын кезде беті тегіс алаңқайға жұмыс күйіне келтіріліп орнатылады. Сатының орта тұсынан күшейтілмеген баспалдаққа салмағы 120 кг жүк ілінеді. Егер баспалдақтар басқыштың шектес екі тағанында бар болса, бірінші таған сыналғаннан кейін екіншісі де дәл солай сыналады. Ал егер де екінші таған жұмыс күйінде болмаса және тек тіреу қызметін атқарса, ол тағанның орта тұсындағы әр тетивке тікелей ілінген салмағы 100 кг жүкпен сыналады.
Ж-қосымшасы
(ақпараттық)
Хлор сақтау және қолдану өндірісімен байланысты нысандар мен
баллондар мен контейнерлерде сұйық хлор таситын автомобиль көлігін
апатты құралдарымен
ЖАРАҚТАНДЫРУ ТАБЕЛІ
Ж.1 Апатты жұмыстарды жүргізуге қажетті жеке қорғаныс құралдарымен жарақтандыру табелі (апатты жоюға қатысатын қатысушылардың саны бойынша жинақтама саны)
Ж.1.1 Оқшаулайтын тыныс алу аппараттары (соның ішінде өзін-өзі құтқарғыштар).
Ж.1.2 100 % газ тәріздес хлор мен белгілі бір жерге төгілген сұйық хлордан қорғалуға арналған оқшаулайтын герметик костюмдер.
Ж.1.3 Хлордың ағылғаны туралы белгі беретін алынбалы немесе тағылатын (жеке) дабылқаққыштар.
Ж.1.4 Құтқаратын белдік.
Ж.1.5 Ұзындығы 20 м капрон қанат.
Ж.2 Хлордың ағылуын оқшаулау және жою үшін қолданылатын құрылғылар, керек-жарақтар және саймандар жинақтамасы
Ж.2.1 Қорғайтын су бүркеніш құруға арналған алынбалы құрылғы (кемінде 5 дана).
Ж.2.2 Баллоннан хлордың ағылуын болдырмайтын «А» жинақтамасы:
- апатты баллонға арналған футляр;
- баллон арматурасына жабылатын герметиктеуші қақпақ;
- баллон корпусынан хлордың ағылуын тоқтатын тез жөнделетін құрылғы.
Ж.2.3 Контейнерден хлордың ағылуын тоқтататын «Б» жинақтамасы:
- контейнер арматурасына жабылатын герметиктеуші қақпақ (қолданылатын ыдыстың әр түріне арналған немесе әмбебап);
- контейнер корпусынан хлордың ағылуын тоқтататын тез жөнделетін құрылғы.
Ж.2.4 Темір жол (автомобиль) цистернасы мен танктен хлордың ағылуын тоқтатын «В» жинақтамасы:
- цистерна арматурасына жабылатын герметиктеуші қақпақ;
- цистернаның сақтандыратын клапанынан хлордың ағылуын тоқтататын герметиктеуші қақпақ;
- танк корпусынан хлордың ағылуын тоқтатын тез жөнделетін құрылғы;
- барлық диаметрлердегі хлор ағатын құбырларына келетін тез жөнделетін қамыттар;
- барлық диаметрлердегі құбырлардың фланецті бірігулеріне келетін болат тұмшалауыштар (паронит төсемелермен);
- 5мм бастап, 20 мм дейінгі саңылауларды жабуға арналған конусты қорғасын тығындардың жинағы;
- сомын кілттері жинағы (бекіткіш бірігулердің барлық көлеміне арналған);
- № 1 және № 2 газ кілттері;
- слесарлық сайман (балға, кескіш, қосымша төсемдері бар қол ара, бұрғы жинағы бар дрель, егеулер, монтаждау пышағы);
- көлемі 500 мм х 500 мм қалыңдығы 3 мм бастап, 5 мм дейінгі паронит беті;
- көлемі 200 мм х 200 мм қалыңдығы 5 мм қорғасын беті;
- бекіткіш бірігулердің барлық түрлеріне арналған болттар мен сомындар жинағы;
- көлемі 300 мм х400 мм қалыңдығы 3 мм бастап, 5 мм дейінгі резеңке бет;
- диаметрі 3 мм бастап, 5 мм (15 м) дейінгі болат (күйдірілген) сымтемір;
- бұрандаларға арналған тығыздама толтырғышы (сызылған асбест);
- жарылыстан қорғалған аккумуляторлық шам.
ЕСКЕРТУ Жинақтың түрі нысанда хлор тұратын жабдық пен ыдыстың нақты бір түрлерінің болуына қарай анықталады.
Ж.2 Баллондар мен контейнерлерде сұйық хлор таситын автомобиль көлігін жарақтандыру табелі
Ж.2.1 Баллондар мен контейнерлерде сұйық хлор таситын автомобиль көлігі төмендегілермен жарақталады:
- көлік құралы мен ыдысты жөндеуге арналған саймандар жинағы;
- жүруге қарсы таяныш;
- апатты тоқтау белгісі немесе қызыл түсті лыпылдайтын шам;
- екі «кіруге болмайды» белгісі;
- баллондарды немесе контейнерлерді автокөліктің шанағына бекітуге арналған құрылғылар мен керек-жарақтар;
- буксирлеу тросы;
- хлордың ағылуын ескертетін алынбалы немесе жеке дабылқаққыш;
- медициналық қобдиша;
- арнайы конструкциядағы екі алынбалы бүріккіш құрылғы;
- «А» немесе «Б» жинағы (Ж қосымшасының Ж.2 бөлімі);
- мобилді шұғыл байланыс құралдары кіреді.
Ж.2.2 Хлор құйылған контейнерлерді таситын автомобилдердің контейнерлерді бірге жинайтын қосымша арнайы көмкергіші болуы тиіс.
Ж.2.3 Лық толған сұйық хлор тасымалдайтын тұлғалар тыныс алу органдары мен теріні қорғайтын келесідей ЖҚҚ жинағымен қамтамасыз етілуі тиіс: сүзгілейтін газ қағарлар, оқшаулайтын тыныс алу аппараттары, оқшаулайтын костюмдер.
ӘӨЖ МСЖ
Негізгі сөздер: ағын сулар, апат, ауаны ластау, басқарма, еңбек қауіпсіздігі, еңбек міндеттері, еңбек тәртібі, еңбек шарты, еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, еңбекті қорғау және қауіпсіздік шарттары, еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары, еңбек қауіпсіздігі, жазатайым жағдайы, жеке қорғаныс құралдары, жөндеу, жұмыс орны, жұмыс уақыты, залал, зиянды (аса зиянды) еңбек жағдайлары, қауіпсіз еңбек жағдайлары, қауіпсіздік белгісі (плакат), қауіпті еңбек жағдайлары, қауіпті өндіріс нысандарының өнеркәсіптік қауіпсіздігі, қауіпті өндіріс факторы, наряд-рұқсатнама (наряд), өндіріс жабдығы, өндіріс нысандарын еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау, өндірістік жарақат, өндірістік санитария, сәйкессіздік, су құбыр желісі, су тарту желісі, тәртіптік жаза, тәртіптік теріс әрекет, төтенше жағдайлардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік, уәкілетті орган, ұжымдық қорғау құралдары, ұйымдардағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік жұмыстарын сертификаттау,
Достарыңызбен бөлісу: |