ҚҰрылыс нормалары және ережелер


-кесте - Бөлініп шығатын сутектің үлестік көлемінің мәні



жүктеу 8,54 Mb.
бет49/58
Дата14.05.2018
өлшемі8,54 Mb.
#12222
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58

9.33-кесте - Бөлініп шығатын сутектің үлестік көлемінің мәні


Технологиялық параметр

Құрамында майлардың болуы, г/м3


2000

2500

3000

3500

4000

4500

5000

5500

6000

8000

10 000

qcur, Асағ/м3

180

225

270

315

360

405

430

495

540

720

860

qAl, г/м3

60

75

92

106

121

136

151

166

182

242

302

qH, л/м3

85

95

113

132

151

170

184

208

227

303

368

9.10.3.5 Пластинкалы электродтарды блок түрінде жинау керек. Электрокоагулятор су бөлу құрылғысымен, көпірікті өнімді жоюға арналған аспаппен, тазартылған су және шламды шығаруға арналған құрылғылармен, су көлемін бақылауға арналған құралмен, токты реверстеуге арналған құрылғымен жабдықталуы қажет.


ЕСКЕРТУ  Электрокоагулятор тек тұрақты ток көзінде токты реверстеуге арналған құрылғы болмаған жағдайда ғана осы құрылғымен жабдықталады.
9.10.3.6 Электродты материал ретінде алюминийді немесе оның құрамында мыс болмайтын қоспаларын қолдану қажет.

9.10.3.7 Сорып желдету жүйесінің өнімділігін бөлініп шыққан сутектің мөлшеріне қарай есептеу керек, бұл кезде желдеткіштің өнімділігін qfan, м3/сағ, мына формула бойынша есептеу керек:


(9.87)
мұнда qH – бөлініп шыққан сутектің үлестік көлемін, л/м3, 9.33-кестеден алуға рұқсат етіледі.
9.10.4 Болат электродты электрокоагуляторлар

9.10.4.1 Болат электродты электрокоагуляторларды алтывалентті хром және басқа да металдармен жұмыс жасайтын өнеркәсіптің әртүрлі саласындағы мекемелердің тоспа суларын тазарту үшін қолданған жөн, тоспа сулардың шығыны 50 м3/сағ аспаған кезде, түсті металдар (мырыш, мыс, никель, кадмий, үшвалентті хром) иондарының бастапқы жалпы мөлшері 100 мг/л дейін болғанда, алтывалентті хром концентрациясы 100 мг/л дейін болады, металдардың әр ионының концентрациясы 30 мг/л дейін, тоспа судың құрамындағы тұздың минимальды мөлшері 300 мг/л болған кезде, өлшенген заттардың концентрациясы 50 мг/л дейін болады.

9.10.4.2 Тоспа сулардың құрамында төменде келтірілген заттар бір мезгілде болған кездегі тоспа судың рН шамасы:

а) алтывалентті хром, мыс және мырыш иондары:

- хром концентрациясы 50-100 мг/л болғанда, 4-6 шамасында;

- хром концентрациясы 20-50 мг/л болғанда, 5-6 шамасында;

- хром концентрациясы 20 мг/л төмен болғанда, 6-7 шамасында;

б) алтывалентті хром, никель және кадмий:

- хром концентрациясы 50 мг/л артық болғанда, 5-6 шамасында;

- хром концентрациясы 50 мг/л кем болғанда, 6-7 шамасында;

в) мыс, мырыш және кадмий иондары (алтывалентті хром болмаған кезде):

- 4,5 мг/л артық;

г)  никель иондары (алтывалентті хром болмаған кезде):

- 7 мг/л артық.


9.10.4.3  Электрокоагулятордың корпусы іш жағынан қышқылға тұрақты қорғанышпен қорғалып тұру керек және желдеткіш құрылғымен жабдықталуы тиіс.

9.10.4.4 Электрокоагуляторды жобалау кезінде қабылдау керек:

- токтың анодты тығыздығы 150 - 250 А/м2;

- тоспа сулардың электрокоагуляторда болу уақыты 3 минутқа дейін;

- көрші электродтардың қашықтығы 5 - 10 мм;

- электрод аралық кеңістікте тоспа сулардың ағу жылдамдығы 0,03 м/с кем емес;

- тоспа судың құрамында Cr6+, Zn2+, Ni2+, Cd2+, Cu2+ әр бірінің 1 г мөлшерін жою үшін кететін үлестік шығын сәйкесінше - 3,1 А/сағ; 2 - 2,5 А/сағ; 4,5 - 5 А/сағ; 6 - 6,5 А/сағ және 3 - 3,5 Асағ;

- тоспа сулардан 1 г алтывалентті хлорды жоюға кететін металл темірдің үлестік шығыны 2,0-2,5 г; 1 г никель, мырыш, мыс, кадмийді жоюға кететін металл темірдің үлестік шығыны – сәйкесінше 5,5 - 6,0 г; 2,5 - 3,0 г; 3,0 - 3,5г және 4,0 - 4,5 г.



9.10.4.5 Тоспа суларда бір компонент болған кезде, ток шамасын, Icur, А, мына формула бойынша анықтау керек:
(9.88)

жүктеу 8,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау