2-мәтін
Құстар
Орын ауыстыратын және қайтатын құстар күзге қарай ұйымшылдықпен топ болып бірігеді. Ұзақ сапарлар кезінде көптеген құстар теңіздердегі дауылдардан немесе таудағы борандардан және жыртқыштардан өлім-жетімге ұшырайды. Алыс сапарға ұшу кездерінде олардың тоқтаған жерлерінде көптеген құстарды адамдар аулап, атып алады.
Ұшу сапары кезінде тырналар мен қаздар тізіле ұшады. Тізіле ұшқанда әрбір құс белгілі дәрежеде басқаларын да қолдап отыратынын ғалымдар анықтады. Егер құстың бірі алға ұзап шықса, ол қарсы күштің артқанын дереу сезеді де, бұрынғы орнына орналасады.
Күзгі аспанда тырналар ұшып барады. Олардың жұмсақ үндерінен мұңды да сазды әуен естіледі. Ұшып кетер алдында қараторғайлар өздерінің ұяларына қайта оралып, «қоштасу әнін» сағаттап шырқайды. Қаздар кеш ұшады. «Қаз кетсе – қар келгені»,- дейді қалың ұшқан құс қаңқылын естіген халық.
Құстар ұшу кезінде толық тәртіп сақтай отырып, үйір-үйір болып ұшып кетеді.Тырналар үшбұрыш жасап, қаздар бұрыш жасай немесе доға түзеп ұшады. Кенет дабыл соғылса, құстар топтала қалады. Қауіп басылғанда, қатты дыбыс беріледі. Тырналар қайтадан сәнді үшбұрышқа жиналады да, өз орындарына орналасады. Сөйтіп, тырналар үйірі аспан көгінде алыстай отырып, алған бағытымен әрі қарай ұша береді.
Құстардың маусымдық ұшуы – табиғаттың тамаша құбылысы.
Туған ұяларына, өздерінің таныс қыстау орындарына жаңылмастан жол салуда құстар нені басшылыққа алады? Құстарда белгілі бір ерекше сезім бар екендігін, осының нәтижесінде олар белгілі бір жерді дәл анықтайтындықтарын өмір көрсетіп отыр.
Бөтен елдерде қыстау кезінде құстар өздерін қалай ұстайды? Үнемі үйірімен жүреді, ұя салмайды, ән шырқамайды. Жергілікті тұрғындар оларда қыстап шығатын бұлбұлдардың, бозторғайдың тамаша үнін ешқашан естімеген. Көктем жақындап келе жатқанын сезе салысымен, құстардың биязы күйі қайда кетеді десеңізші! Бірден тынышсызданып, әлемді жаңғырықтыра Отанына оралу үшін ыңғайлы соққан желді асыға күтеді.
Адамдардан айырмашылығы және құстардың ең басты қасиеттері: қандай жағдай болса да, Отанына қайтып келеді.
6. Мәтіннің тақырыбы.
А) Күз мезгілі.
В) Құстардың жылы жаққа ұшуы.
С) Құстардың достығы.
D) Құстардың өмір сүру ерекшіліктері.
Е) Қаздар ұшып барады.
7.Құстардың күзде айтатын «әні».
А) «Танысу әні».
В) «Қоштасу әні».
С) «Жақсы әні».
D) «Көңілді әні».
Е) «Әдемі»
8. Қаздың кеш ұшуымен байланыстыратын табиғат құбылысы.
А) Жаңбыр жауады.
В) Жел тұрады.
С) Қар жауады.
D) Тұман түседі.
Е) Боран болады.
9. Мәтін бойынша құстардың ең басты қасиеті.
А) Өз тамақтарын табулары.
В) Ұрпақтарын өсірулері.
С) Ән салулары.
D) Отанына қайтып келулері.
Е) Ұя басулары.
10. Мәтінге сәйкес келетін мақал-мәтел.
А) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
В) Ақылдыға жан қымбат, ақымаққа мал қымбат.
С) Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер.
D) Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі.
Е) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Достарыңызбен бөлісу: |