Республики казахстан национальный центр тестирования итоговая аттестация



жүктеу 0,59 Mb.
бет2/20
Дата09.12.2023
өлшемі0,59 Mb.
#44634
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
2af5375edb8a4c43861fbd1658e10066

ЛЕКСИКО-ГРАМАТИЧЕСКИЙ БЛОК
1. Синонимдік жұпты анықтаңыз.
A) Күшті – қорқақ.
B) Сый – сыйлау.
C) Әсем – көркем.
D) Ұзын – қысқа.
E) Жасыл – қара.

2. Еңбек туралы мақал-мәтелді белгілеңіз.
A) Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
B) Кітап – ғылым, тілсіз мұғалім.
C) Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.
D) Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
E) Ғылым – теңіз, білім – қайық.

3. Үш буынды сөзді белгілеңіз.
A) орамжапырақ
B) арзан
C) мемлекеттік
D) қала
E) қозғалыс

4. Сөздері үнді дауыссыздан басталған сөйлемді табыңыз.
A) Ағам жоғарғы оқу орнында оқиды.
B) Елімізде ақылды балалар көп.
C) Мен нағыз маман Ләззатқа ризамын.
D) Вокзалға қандай автобуспен баруға болады?
E) Сыныпқа жаңа оқушы келді.

5. Негізгі түбірді анықтаңыз.
A) Атамекен.
B) Ата-ана.
C) Дос.
D) Ағалық.
E) Мұражай.

6. Негізгі зат есімді табыңыз.
A) Білімді.
B) Білекті.
C) Білгіш.
D) Сүзгіш.
E) Салмақ.

7. Құрамында бұйрық райлы етістігі бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Әдептілік – әр адамның бет-бейнесі.
B) Адамды іс-әрекетіне қарап бағалау керек.
C) Арыңды жасыңнан сақта.
D) Жылтырағанның бәрі алтын емес.
E) Сенің адал өмір сүруің – ата-анаң үшін айтып жеткізгісіз зор бақыт.

8. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз.
A) Менің.
B) Кім.
C) Өзінің.
D) Барлығы.
E) Анау.

9. Хабарлы сөйлемді табыңыз.
A) Мерекеңізбен құттықтаймын
B) Раушан гүлдің бағасы қанша
C) Сәуле төмен қарады
D) Үйді жайлы ететін не
E) Сен не сыйлайсың

10. «Адай», «Кішкентай» күйлерінің авторын белгілеңіз.
A) Абай Құнанбайұлы.
B) Құрманғазы Сағырбайұлы.
C) Дина Нұрпейісова.
D) Тәттімбет Қазанғапұлы.
E) Шәмші Қалдаяқов.

11. Көп нүктенің орнына мақалдың тиісті сөзін белгілеңіз.
Жақсымен жолдас болсаң, ... бітер, жаманмен жолдас болсаң, басың кетер.
A) ісім
B) ісіміз
C) ісіңіз
D) ісі
E) ісің

12. Сөйлемдегі жуан дауысты біріккен зат есімді анықтаңыз.
Тайқазанды 1399 жылы Әмір Темір жасатып, Қожа Ахметтің мазарына сыйлаған.
A) Тайқазан.
B) Мазарына.
C) Қожа Ахмет.
D) 1399 жылы.
E) Әмір Темір.

13. Қазақ тілінің сөз құрамы неден тұратынын белгілеңіз.
A) Тек түбірден.
B) Жұрнақ пен жалғаудан.
C) Тек түбір мен жалғаудан.
D) Түбір мен қосымшадан.
E) Тек жұрнақ пен түбірден.

14. Жіктік жалғауы бар зат есімді көрсетіңіз.
A) Оқушының.
B) Оқушыны.
C) Оқушымын.
D) Оқушынікі.
E) Оқушымен.

15. Септеулік шылауды анықтаңыз.
A) Қанағатшылдық жайында көп білгенің дұрыс.
B) Қанағат – әдептіліктің басты белгісі және негізі.
C) Өйткені ол адамшылық жолдан тайдырмайды.
D) Қанағатшыл кісі қарапайым болады.
E) Ол – адамның іс-қимылындағы жақсы әдет.

16. «Не, немесе, я, яки, әлде» жалғаулықтары арқылы қандай салалас құрмалас жасалатынын анықтаңыз.
A) Себеп-салдар салалас құрмалас.
B) Қарсылықты салалас құрмалас.
C) Кезектес салалас құрмалас.
D) Ыңғайлас салалас құрмалас.
E) Талғаулы салалас құрмалас.

17. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін табыңыз.
A) Талғаулы.
B) Мезгіл.
C) Түсіндірмелі.
D) Кезектес.
E) Ыңғайлас.

18. Септеулік шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Әлиханның ойы мен көңіл күйі бүгін өзгерді.
B) Бұл кездесуде оқушылармен бірге ата-аналар да отырды.
C) Тыста қоңыр күздің сызы білініп тұр.
D) Көңілі бір жадырап шайдай ашылды-мыс.
E) Мұнай қоры мол мемлекеттердің біріміз.

19. Ой тәртібін білдіретін қыстырма сөздерді белгілеңіз.
A) Шынында, бәсе.
B) Біріншіден, қорыта айтқанда.
C) Сөз жоқ, әлбетте.
D) Сірә, мүмкін.
E) Бақытына қарай, амал қанша.

20. Мақалдың екінші бөлімін табыңыз.
«Жақсымен жолдас болсаң – ісің бітер, ...».
A) Досы азбен сырлас.
B) Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа.
C) Күлме досыңа – келер басыңа.
D) Достың ескісі жақсы.
E) Жаманмен жолдас болсаң, басың кетер.



жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау