Республикасында



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет7/48
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48

 
17 
 

тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстар 
анықталды; 

бұл  байланыстардың  өзіндік  ерекшеліктері:  қайтарымдылықты,  тепе-
теңдікті объективті түрде алдын-ала анықтайтыны көрсетілді; 

мұндағы  байланыстардың  басымдылықта  болу  себебі  зерттеу 
нәтижесінде  дәлелденді,  демек,  байланыстарда  өзара  бәсекелестік  болуы 
нәтижесінде  кәсіпкерлік  қызмет  субъектілерінің  серпінді  жұмыс  негізі 
қаланады; 

нарықты  экономикада  кәсіпкерлік  орталық  орынға  ие  және  ол 
әлеуметтік-экономикалық  құбылыс  ретінде  кең  секторлы  қоғамдық  қарым-
қатынастарды қамтиды; 

бұған  қоса  қарастырылған  қатынастар  -  бұл  меншіктің,  өндіру,  бөлу, 
айырбастау  және  тұтыну  араларын  ұйымдастырып  жүргізу  үрдісіндегі 
ұйымдастырушы  әлеуметтік-экономикалық  байланыс.  Олай  болса,  бұл 
қатынастар  жүйесіндегі  кәсіпкерлік  қызмет  жалпы  қоғамның  жедел  дамуына 
елеулі әсер етеді.  
Сондықтан да кәсіпкерліктің қалыптасуын, даму эволюциясын талдау, бұл 
мәселе түсінігін кеңейте түседі. Осы мәселе келесі бөлімде қаралады.  
 
 
1.2   Кәсіпкерлік  теориясының қалыптасу эволюциясы 
 
 
Кәсіпкерлік  феномені  ерте  кезден  бері  әлеуметтік-экономикалық 
ғылымның назарын аударуда. Кәсіпкерлік, әртүрлі елдерде әртүрлі адамдармен 
800 жылдың көлемінде әрқалай түсіндірілді. Ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлік 
мәнінің  бірдей  түсінігінің  болмауы,  оның  экономистер,  философтар, 
социологтар және құқықтанушылармен әртүрлі талқылануда.  
Кәсіпкерлік – шаруашылық қызметті атқаратын келесі сипаттағы түсінікті 
қарастырамыз: 
1.  неғұрлым көп пайдаға ұмтылушылық;  
2.  тәуекелділікке баруға даяршылық; 
3.  жаңаға ұмтылушылық. 
Кәсіпкерлік – азаматтардың, жеке табыс пен пайданы игеру мақсатында өз 
мүмкіндігін  қоя  отырып,  өз  атынан  немесе  заңдық  жауапкершіліктегі  заңдық 
тұлға ретінде іске асыратын белсенді қызметі [8, б.5]. 
Кәсіпкер  –  заңмен  тиым  салынбаған  кез  келген  шаруашылықтық 
қызметпен  айналысады,  сату  –  сатып  алушылық,  кеңестік,  коммерциялық 
делдалдықты  енгізе  отырып,  құнды  қағаздармен  операциялар  жүргізеді. 
Кәсіпкер  өз  қызметінде  пайда  алу  мақсатында  қоғамдық  игі  істерді  атқара 
отырып,  жеке  даралық  табыстылықты  қамтамасыз  ету  комбинациясын  іске 
асырады. 
Экономикасы  нарықтық  бағыттағы  Қазақстан  үшін  шағын  кәсіпкерлікті 
дамыту  мәселесі  –  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Кәсіпкерліксіз 


 
18 
 
нарықтық экономиканың болуы мүмкін емес. Себебі, нарықтық экономиканың 
өзі – еркін кәсіпкерлік экономика болып саналады. Сондықтан да, кәсіпкерлік 
төңірегіндегі  көптеген  мәселелердің  көтеріліп  жатуы  да  оның  экономикадағы 
рөлінің маңыздылығын дәлелдейді.  
Экономиканың 
тұрақты 
болуы 
және 
бәсекелес 
сипатының 
қалыптастырудың  басты  күштерінің  бірі  кәсіпкерлікті  жетілдіру  болып 
табылады.  Жалпы  кәсіпкерлікті  дамыту  үшін  бірнеше  белгілі  шарттар 
орындалуы қажет: 
-  кәсіпкелік  субъектінің  белгілі  бір  дәрежеде  еркіндігі  мен  құқықтығы 
болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда 
бағдарламаларын  анықтау,  қаржы  көзін  таңдау,  өнімдерді  тасымалдау,  өнімге 
баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау; 
-  кәсіпкерлік  қабылданатын  шешімдерге,  одан  туындайтын  нәтижелерге 
тәуекелдікті  қажет  етеді.  Қабылданған  шешімдерге  деген  жауапкершілік 
болмайтын болса, онда кәсіпкерліктің де болмағаны; 
-  кәсіпкерлік  қызметтің  белгілі  коммерциалық  табысқа  жету  бағдарын 
ұстануы, экономикада қажетті нарықтық құрлым орнатумен байланысты. Яғни 
кәсіпкерліктің дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік – экономикалық 
шарттары қолдануы қажет. 
Төртінші  шарт  жоғарыда  аталған  шарттардан  туындайды.  Еркін 
кәсіпкерлік меншіктің әртүрлі формада, түрде, типте болуын қалайды. 
Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да бір белгілі 
стиль  және  тәртіптің  типі,  жинақтап  айтсақ:  үлкен  бастама,  дәстүрден    тыс 
шешімдерді  іздестіру,  тәуекелге  бару,  іскерлік  қызметтің  орын  алар  жері  ең 
алдымен кәсіпорын болып табылады.  
Сонымен,  кәсіпкерлік  бұл  меншік  формасына  тәуелсіз  жеке  және  заңды 
тұлғалардың  жеке  меншікке  (жеке  кәсіпкерлік)  немесе  мемлекеттік 
кәсіпорынның  шаруашылық  жүргізу  құқығына  (мемлекеттік  кәсіпкерлік) 
негізделген  тауарға  (жұмыс,  қызмет)  деген  сұранысты  қанағаттандыру 
жолымен  алынатын  жеке  табыс  немесе  пайдаға  бағытталған  инициативті 
қызмет.  
Кәсіпкерлікті  ұйымдастырудың  ең  қарапайым  формасы  –  ол  шағын  және 
жеке кәсіпкерлік. 
Шағын  кәсіпкерлік  –  бұл  мемлекеттік  органдар  және  басқа  да  өкілетті 
ұйымдар  көрсеткіштерімен,  заңмен  бекітілген  анықтама  негізінде  нарықтық 
экономика  субъектілерімен  жүзеге  асырылатын  кәсіпкерлік  қызмет.  Әлемдік 
және отандық тәжірибе көрсеткендей әртүрлі ұйымдық – құқықтық нысандағы 
кәсіпорындарды  (ұйымдар)  шағын  кәсіпкерліктің  субъектісі  ретінде 
анықтайтын  негізгі  критерилерге  бірінші  кезекте,  есепті  кезенде  кәсіпорында 
жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің орташа саны жатады.  
Бірқатар  ғылыми  еңбектерде  шағын  кәсіпкерлік  –  бір  меншік  иесімен 
басқарылатын  кәсіпорындағы  азғана  топтың  жұмыс  істеуі  деп  түсіндіріледі. 
Негізінде  шаруашылық  қызмет  субъектісін  шағын  кәсіпкерлік  субъектісіне 
жатқызу  кезіндегі  өте  маңызды  көрсеткіш  болып  персонал  саны  (жұмыспен 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау