Республикасында



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет15/48
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16243
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48

 
34 
 
қызметті  жоғарғы  тиімділікте  жеткізеді.  Ол  басқадан  нарықты  жақсырақ 
анықтай алады, өндіріс құралдарын бәрінен тиімдірек сатып алады және қандай 
өнімді,  қай  уақытта  және  нарықтың  қай  сегментінде  неғұрлым  төлем  қабілеті 
бар сұранымды дәл болжай алады. Соның нәтижесінде әдеттегі бизнесмендерге 
қарағанда  ол,  көбірек  пайда  алуға  қол  жеткізеді.  Онымен  қатар  кәсіпкер 
әрқашанда  тәуекелділік  жасайды.  Ол  тәуекелділік  жасаудан  қашпайды,  оған 
саналы түрде, көп табыс алу үшін барады. 
ҚР  АК-нің  10-б.  1-т.-на  сәйкес  «Кәсiпкерлiк  –  меншiк  түрлерiне 
қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) 
сұранымды  қанағаттандыру  арқылы  таза  табыс  табуға  бағытталған,  жеке 
меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару 
құқығына  (мемлекеттiк  кәсiпкерлiк)  негiзделген  ынталы  қызметi.  Кәсiпкерлiк 
қызмет  кәсiпкердiң  атынан,  оның  тәуекел  етуiмен  және  мүлiктiк 
жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады». Бұл анықтама толық емес шығар, бірақ 
оны талдауы кәсіпкерліктің төмендегідей белгілерін атауға мүмкіндік береді: 
1.  Дербестік.  Кәсіпкердің  мүліктік  және  ұйымдық  дербестігін  шартты 
түрде  бөліп  көрсетуге  болады.  Қызметтің  экономикалық  базасы  сияқты 
мүліктік  дербестік  кәсіпкерде  айрықша  өзіндік  мүліктің  бар  болуымен 
анықталады.  Мүліктік  дербестік  көлемі  негізінде  осы  мүліктік  субъекті 
жататын  заңдық  атағына  байланысты  болады.  Мүліктің  меншік  иесінің 
дербестігі анағұрлым басым. Шаруашылық жүргізу құқығында жұмыс істейтін 
кәсіпорындардың  да  айтарлықтай  мүліктік,  бірақ  заңмен  шектелген  дербестігі 
бар.  Ұйымдық  дербестік  –  кәсіпкерлік  қызмет  барысында  дербес  шешімдерді 
қабылдау  мүмкіншілігі.  Осындай  қызметпен  шұғылдану  туралы  шешім 
қабылдау,  қызметтің  түрін,  ұйымдық-құқықтық  нысанын,  құрылтайшылардың 
шеңберін таңдау – мұның бәрі - ұйымдық дербестіктің көрінуі. 
2.  Тәуекел.  Кәсіпкерлік  қызмет  тәуекелге  ұшырайды.  Осы  арқылы  ол 
шаруашылық  жүргізудің  нашар  нәтижелері  кезінде  мемлекетке  жүгінуге 
мүмкіндігі  болған  зиянды  кәсіпорындардың  біле  тұра  жол  берген  әкімшілік  - 
жоспарлы  экономика  кезеңінің  шаруашылық  қызметінен  түпкілікті  түрде 
ерекшеленеді. Кәсіпкерлік тәуекел - табысты жұмысқа қуатты ынта. 
3. Кәсіпкерлік қызмет әрқашан табысты жүйелі түрде алуға бағытталған. 
4.  Жоғарыда  келтірілген  кәсіпкерлік  анықтамасына  сәйкес  субъектілер 
табысты тауарды сатудан, жұмыстарды орындаудан немесе қызмет көрсетуден 
алады. Бірақ бұл тұжырым түзетуді талап етеді. Істің мәні мынада, кәсіпкерлік 
қызмет  көп  қырлы  және  оның  бағыттарын  көрсетілген  тізім  арқылы  ұсынуға 
болмайды.  Осылайша,  субъект  табысты  мүлікті  иелену  құқығын  іске  асыру 
барысында  ала  алады  (мысалы,  оны  жалға  беру  кезінде.  Жалдау  -  иелік  ету 
және пайдалану, бірақ иелену емес). Патент иесі табысты жүйелі түрде алады, 
басқа  адамдарға  өзінің  зияткерлік  қызметі  нәтижесін  пайдалануына  құқығын 
беріп, лицензиялық шарттар жасасады. 
5.  Кәсіпкерлік  қызметті  заңмен  анықталған  ретте  кәсіпкерлер  ретінде 
заңмен белгілеген тәртіппен тіркелген адамдар жүзеге асырады. 


 
35 
 
Енді кәсіпкерліктің негізгі құқықтық принциптеріне қысқаша тоқталайық. 
Оларға мыналар жатады: 
1.  Кәсіпкерлік  қызметің  еркіндік  принципі.  Бұл  негізгі  принцип.  Ол  ҚР 
Конституциясында:  «Әркімнің  кәсіпкерлік  қызмет  еркіндігіне,  өз  мүлкін  кез 
келген  заңды  кәсіпкерлік  қызмет  үшін  еркін  пайдалануға  құқығы  бар»  деп 
бекітілген. 
Одан әрі бұл принципті ҚР АК-де заңнамалық актілерінде таба аламыз. Ол 
кәсіпкердің  мүліктің  кез  келген  түрін  қолдана  (айналымнан  шығарылмаған) 
отырып және кәсіпкерліктің кез келген саласында, заңмен көзделген кез келген 
нысанында өз ісін бастауға және жүргізуге құқығын білдіреді. 
Бірақ  Қазақстан  заңнамасымен  кәсіпкерлік  қызмет  еркіндігі  қоғам 
мүддесіне  орай  конституциялық  құрылыс  негіздерін,  басқа  адамдардың 
адамгершілігін,  денсаулығын,  заңды  мүдделерін  қорғау,  елдің  қорғанысы  мен 
мемлекет  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мақсатына  қажетті  шамада  шектелуі 
мүмкін. 
Сонымен 
қатар, 
ол 
шаруашылық 
қызметтің 
кейбір 
түрлерін 
лицензиялаудың кең тәжірибесімен жарым-жартылай шектелуі мүмкін. 
2. Меншіктің алуан түрін танудың, меншік құқықтарына заңдық теңдік пен 
олардың  бірдей  қорғалуының  конституциялық  принципі.  Ол  Конституцияның 
6-б.-да  бекітілген:  «Қазақстан  Республикасында  мемлекеттік  меншік  пен  жеке 
меншік  танылады  және  бірдей  қорғалады».  Осыған  сәйкес  заңнамамен 
кәсіпкерлік  қызметтің  республикалық,  коммуналдық  немесе  жеке  меншіктегі 
мүлік  қолданып,  жүргізетін  субъектілер  үшін  меншіктің  белгілі  бір  түріне 
қандай да болмасын артықшылықтар немесе шектеулерді белгілеуге болмайды. 
3.  Бәсекелестікті  ұстап  тұру  мен  монополизациялауға  және  жосықсыз 
бәсекеге  бағытталған  (Конституцияның  26-б-ы)  экономикалық  қызметке  жол 
бермеу  принципі.  Бұл  принципті  сақтау  –  нарықтық  экономиканы  дамытудың 
және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың қажетті шарты. Мұнда ҚР 2001 ж. 
19-қаңтардағы  «Бәсекелесу  және  монополистік  қызметті  шектеу  туралы» 
заңына маңызды рөл беріледі. 
4.  Кәсіпкерлік  қызметті  мемлекеттік  реттеу  принципі.  Ең  бастысы, 
кәсіпкерлік  қызметті  мемлекеттік  реттеу  барысында  -  кәсіпкерлердің  және 
мемлекеттің  жұрт  алдындағы  және  жалпы  қоғамның  мүдделерінің  сақталуына 
қол жеткізілуі тиіс. 
5.  Заңдылық  принципі  [15].  Ол  өте  маңызды  және  оның  іске  асырылуы  - 
құқықтық  мемлекетті  құрудың  негізі.  Біріншіден,  кәсіпкерлік  қызмет  заңнама 
талаптары  қатал  сақталған  кезде  жүзеге  асырылуы  тиіс.  Екіншіден, 
маңыздырағы,  мемлекет  құқықтық  актілердің  заңдылығын  мемлекеттік  билік 
және  кәсіпкерлікті  реттейтін  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарының 
қызметін қамтамасыз етуі тиіс. 
6.  Кәсіпкерлердің,  сондай-ақ  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғауды 
кәсіпкерлік  принциптерінің  қатарына  жатқызуға  болады.  Бұл  принцип  түпкі 
мақсатты  -  тұтынушылардың  мүдделерін  толық  қанағаттандыру  жолымен 
кәсіпкерлікті  дамытуды  көздейді.  Екінші  жағынан,  кәсіпкерлердің  өздері  өз 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау