Республикасында



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет4/48
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

 
11 
 
субъектісі-өндірушілер  мен  тұтынушылар  емес,  сатушылар  мен  сатып 
алушылар  деп  көрсетілуі.  Шын  мәнінде  тауар–ақша,  нарықтық  байланыстар  
сату сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналыс 
саласындағы  қатынастарға  емес,  өндірісте  болатын  қатынастарға  тиісті  болуы 
керек. Себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын 
сипаттайтын,  тауар-ақша  қатынастарын  қандай  нақты  нысындарда  болатынын 
көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады. 
Экономикалық  дамудың  объективті  жағдайы  нарықты  және  оның 
категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т.б ) өмірге әкелді. Көп уақыт бойы 
біздің  еліміздегі  басқарудың  әкімшілдік-әміршілдік  әдісі  үстем  етуі  нарықтың 
дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне көшу 
нарықтық  айырбасқа  жол  ашып  отыр.  Экономикалық  өмірде  шаруашылық 
қызметін  ұйымдастырудың  бұл  әдісі  батыстық  модельдерді  қайталау  емес. 
Бұрынғы  социалистік  нарықтық  қатынастардың  ұлғаюы  шаруашылық 
механизмін  қайта  құру  барысындағы  заңды  көрініс.  Мысалы,  Венгрияда  1988 
жылдың  өзінде  экономикалық  реформа  барысында  өндіріс  құрал-
жабдықтарына  көтерме  сауданы  енгізу  арқылы  нарықтық  тепе-теңдігі 
қалыптастырылды.  Әрбір  өндіріс  әдісіндегі  нарық  меншікке  байланысты 
өндіріс  қатынастарының  бүкіл  жүйесінде  әрекет  етеді.  Біздің  қоғамымызда  да 
нарықтық  өндірістің  тиімділігі  мен  халықтың  әлеуметтік-тұрмыс  дәрежесін 
жақсарту бағытында қызмет істей бастайды. 
Соңғы  уақытта  теориялық  дискуссияларда  нарық  пен  жоспар  бір-біріне 
орынсыз  қарсы  қойылып  жүр.  Шын  мәнінде  ұдайы  өндіріс  (жоспарлы 
ұйымдасқан  процесс)  нарықты,  оның  икемділігін,  экономикалық  тиімділігін 
арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан нарық ұдайы өндірісті 
үйлесімді  дамытудың  басты  тұтқасы.  Экономиканы  нарықтық  реттеу 
ұйымдасқан  жоспарлы  шаруашылық  механизмнің  құрамды  бөлігі,  онымен 
тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн. 
Ағылшын  экономисті  А.Смит  экономика  туралы  бір  ғана  еңбек 
жазғанымен,  оның  дербес  ғылымға  айналуының  негізін  қалаған  ғылым  деп 
саналады.  Оның  еңбегі  «Халық  байлығы»  1776  ж.  жарық  көрген.  А.Смиттің 
досы Давид Юм алғашында бұл ұғымға ауыр болғандықтан, оны оқып түсінетін 
оқырмандар саны көп болмас деген пікірде жүрді. Алайда Юм қателескен екен, 
аталған кітапты адамдар 200 жылдан астам уақыт бойы талмай оқып үйренуде. 
А.  Смиттің  ойынша,  ұлтың  басты  байлығы,  өзге  экономистердің 
түсінігінше, - алтын және күміс қорын жинауда емес, яғни байлық дегеніміз  – 
еңбек  түрін  атқаратын  және  ашық  нарықта  сауды  жасайтын  қарапайым 
адамдардың әрекеттерінің нәтижесі. 
Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде 
іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда. 
А.Смиттің нарық туралы ілімі Австрияның экономисі, Нобель силығының 
лауреаты  Фридрих  Фон  Хайектің  еңбектерінде  дамытылған.  Оның  ілімі 
бойынша,  нарық  деген  ұғым  –  ішкі  себептерден  пайда  болған  әлеуметтік 
тәртіптің  бір  формасы.  Хейктің  айтуынша,  нарық  жүйесінің  шегінде 


 
12 
 
бағалықтың  белгілі  бір  біркелкі  шкаласы  жоқ;  ол  тек  бәсекелестік  мақсатты 
жалғастырады;  солар  үшін  қызмет  атқарады,  бірақ  олардың  алдында  қоғам 
мақсаттарының қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді. 
А.Смиттің  ілімінен  шығатын  қорытынды  мынадай:  нарықтың  тиімділігі 
және  бәсекелестердің  әрі  олардың  әрқайсысы  өздерінің  экономикалық 
мақсаттарына жету жолындағы мүмкіндіктерін арттыра беретіндігі. 
Капиталистік  қоғамның  дамуы  деалектикасының  өзі  нарықтық 
экономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян.  
Нарықтық  қарым-қатынастың  қажеттілігі  қоғамдағы  еңбек  бөлінісін 
тудыратын  себептерден  туындайды.  Адамдардың  өндірістік  мүмкүндігі 
олардың қажеттілігіне қарағанда табиғи түрде шектеулі болады. Кейбір қабілет-
қарымы бар адамдар тек белгілі бір салада ғана жұмыс істеп, белгілі затты ғана 
өндіре  алады,  бірақ  олардың  қажеттілігі  миллиондаған  атауы  бар  әр  түрлі 
тұтұну игіліктері мен қызметтерін қамтиды. 
Экономикалық ресурстарға: жер, еңбек, техника, шикізат, ақпарат және т.б 
тән нәрсе – олардың сиректігі немесе шектеулігі. Экономикалық теорияда бұл 
феномен шамасы «ресурстар Заңы» деп аталады. Бұл жағдайда пайда табу мен 
молшылықты  қамтамасыз  ететін  тетік  әлде  кімнің  даналығы  немесе 
ақылдылығының  нәтижесі  емес,  ол-еңбек  бөлінісі  мен  нарыққа  байланысты 
көрініс береді. Мұны адамдардың өмірге қажетті әр түрлі ресурстар алу үшін өз 
еңбек  өнімдерін  бір-бірімен  айырбастауға  деген  табиғи  қажеттілігінен  және 
бейімділігінен  туындайтынын  көреміз.  Осыған  байланысты  А.  Смиттің 
зерттеген  «көрінбейтін»  қол  деген  теориясына  назар  аударайық.  Бұл  теория 
бойынша,  адамдардың  экономикалық  шаруашылық  субъектісі  ретіндегі 
біреулердің  әр  түрлі  еңбек  өніміне  деген  мұқтаждық  түсіндіріледі.  Әдетте  ол 
саналы  түрде  қоғамға  пайда  келтіруді  ойламайды,  тіпті  оған  қаншама  пайда 
келтіріп  отырғанын  сезбейді  де.  Ол  тек  қана  өз  мүддесін  ойлайды  және  оның 
басты  мақсаты  –  өзіне  ғана  пайда  түсіру,  сөйте  тұра,  әлдебір  көрінбейтін  қол 
оны  өзі  басшылыққа  алмаған  мақсатқа  қарай  бағыттап  отырады.  Сөйтіп,  ол 
жеке мүддесін көздей отырып, көп жағдайда қоғам мүдесіне де пайдалы әрекет 
жасайды. 
Алайда,  қандайда  бір  өнімді  тұтыну  үшін,  адамдар  оны  алдын-ала 
меншіктеп немесе иеленіп алуы керек. Меншіктеусіз өндіріс те жоқ. Кез-келген 
өндіріс,  К.Маркстың  ойынша  -  бұл  индивидуумның  (жеке  адамның)  табиғи 
заттарды белгілі бір  қоғамдық  түрдің шеңберінде  иеленуі.  Бұл  мағынада  жеке 
меншік  өндірістің  шарты  болып  табылады.  Сонымен  өндіріс  құралдарын 
иелену,  адамдар  арасындағы  ерекше  қоғамдық  қатынастарды  тудырады. 
Адамдардың  мұндай  қарым-қатынастары,  олардың  өндіріс  құралдары  мен 
еңбек  нәтижелерінің  өзінің  немесе  басқалардың  қатынасына  сәйкес  келуі  - 
меншіктік  қатынас  деп  аталады.  Көрсетілген  қатынастар  адамдардың 
қатысуымен  өнімдерді  тұтас  өндіру  мен  оларды  игілігіне  жаратудағы  қажетті 
шарт  болып  табылады.  Меншіктік  қатынас  әрдайым  заттармен,  басқаша 
айтқанда  амалдар  мен  еңбек  құралдары,  сондай-ақ  еңбек  нәтижесі  -  өнімімен 
байланысты.  Яғни,  меншіктік  қатынас  дегеніміз  -  зат  арқылы  адамның  басқа 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау