21
әсерін қарастыру арқылы кәсіпорындардың «шағын», «орта», «ірі» мөлшерін
анықтау мүмкіндігі жасалады. Мысал ретінде Голландия экономисті Ван
Хорннің анықтамасын қарастыруға болады. Шағын фирмалардың стратегиялық
болжау ерекшеліктерін талдағанда ол шағын фирмаларға тән 5 қасиетті атап
көрсетеді:
- өндірілетін өнімнің қатысты саны аз (технология, қызмет, «ноу-хау»);
- салыстырмалы шектелген рессурстар мен қуат (капитал, адамдар және
тағы басқалары);
- компанияның стратегиялық жағдайын болжау және бақылау үшін қажетті
басқарудың, әкімшілік процедуралардың, технологияның дамыған жүйесі;
- менеджменттің жүйесіздігі, тренингтік және оқыту бағдарламаларына
формалды емес қатынас;
- басты басқару орындары мен акцияның көбісі кәсіпорындардың негізін
салушылармен және туыстарымен ұсталады.
Осы критерийлер негізінде Ван Хорн Нидерландыда орта кәсіпорын деп
50-ден 500-ге дейін жұмыскері бар және 1 миллионнан 33 миллион фунт
стерлинг айналымы бар кәсіпорынды атауды ұсынады.
Батыс елдерде фирма өсімінің кезеңдік теориясы да кең таралған, ол
«ұйымдық тәртіп» аумағындағы зерттеу нәтижесінде туып, фирма дамуының
кезеңдік сипаттарын ерекшелеу негізінде фирма өлшемін сапалық анықтаудың
кеңеюіне жол берді. Фирма өсімі теориясының бір нұсқасы кәсіпорын
мөлшерін анықтаумен тікелей байланысты болмаса да, бекітудің сапалы
нұсқасын дамыту үшін қолданады.
Осы теорияның бір нұсқасы кәсіпорын өсімі кезеңінің индикаторы ретінде
өнімді дамыту стратегиясына көзделді. Көптеген авторлар компанияларды бір
өнімді өндіруге бағытталған шағын фирмадан бастап, өнімнің үлкен өндірісі
бойынша қызмет диверсификациясына бағытталған ірі кәсіпорындар –
конгломерат–компания түрінде қарастырады (технология, қызмет, «ноу-хау»).
өнім дамуының кезеңін сипаттау үшін фирманың жылдық табысының оның
өндіріске кеткен барлық шығындарының қатынасына тең «мамандандыру
коэффиценті» қолданылады.
Сапалық көзқарастың артықшылығы – теориялық негіздеменің белгілі бір
дәрежедегі жетістігі және түрлі кәсіпорындарға «менеджмент жүйесі» т.б.
сияқты сапалық критерийлер тән кең спектр есебі. Бұл тұжырымның
кемшіліктері – түрлі сипаттамалар қатарын анықтау үшін фирмаішілік
ақпаратқа ену қиындығы мен тәжірибені қолдау күрделігі (мысалы,
«менеджмент жүйесі») және критерийлердің неғұрлым кең спектрі.
Шағын фирманың таза сапалық анықтамасын оның өмір сүру және даму
ерекшіліктерін бөлу арқылы қалыптастыруға болады. Бұл көзқарас шағын
фирманың қызметі ретінде қарастырады: айқындылықсыздың жоғарғы деңгейі,
инновация енгізуге жоғары мүмкінділік (кең мағынада); тұрақты дамуды және
өзгерістерге тез бейімделуі.
Комбинациялы көзқарас бертінде ғана қолданыла бастады. Оның мысалы
болып 1971 жылы Бостон комитеті (Ұлыбритания) баяндамасында ұсынылған
22
шағын фирма анықтамасы табылады. Бұл шағын бизнесті дамыту мәселесін
алғаш қарастыру мысалы. Ол әртүрлі елдердегі шағын фирмалар дамуының
кейбір аспектілерін салыстырмалы талдау нәтижелері келтірілген.
Сандық көзқарастың кемшіліктерін жою мақсатында, Бостон комитеті
шағын фирманың «экономикалық» және «статистикалық» анықтамаларын
ұсынды. Экономикалық анықтамаға сәйкес шағын фирмаға келесі шарттарды
қанағаттандыратын фирмалар жатады:
- фирманың нарықтық кеңістікке қатысты кішкене үлесі бар;
- фирманы оның иемденушісі басқарады;
- фирма тәуелсіз деп саналады (ірі кәсіпорынның бір бөлігін көрсетпейді).
Статистикалық анықтама шағын бизнес кәсіпорынының жұмысбастылық
мәселесін шешуге, жиынтық ұлттық өнімге, экспорттық қызмет, инновациялық
даму, т.б. мәселелерді шешуге және уақыт бойынша көрсеткіштер өзгерісін
талдау үшін, халықаралық деңгейде салыстыру жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз
етудегі салымдарын көрсету үшін қолдануды болжайды. Бостондық комитет
әдістемесі бойынша шағын фирманың статистикалық анықтамасы қызметтің
түрлі салалары үшін, «азшылық критерийін» түрлі салалары мен варияциялары
үшін әр түрлі анықтамаларды қолдануды көрсетеді.
Кейіннен бостондық анықтама «экономикалық» және «статистикалық»
құраушы бөлігінде сынға алынды. Батыс елдегі мамандардың шағын бизнес
анықтамасы мәселесі бойынша дебаттар аяқталмаған [10].
Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да бір белгілі
стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс
шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері ең
алдымен кәсіпорын. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы –
ол жеке іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде өздігінен іс-қимыл
жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің
мұндай формасында мекеме құру құқығы кез келген азаматта бар. Бұл үшін ол
жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алуы керек.
Кәсiпкерлiк – меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды
тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру
арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не
мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк
кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң
атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге
асырылады. Мемлекет кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны
қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi [11].
Кәсіпкерлер әрқашанда анықталмаған жағдайда қызмет етеді. Әр нәрсе, әр
тенденция мәңгі болмайтындықтан, нарық субъектілерінің мінез – құлқы
әрқашанда өзгермелі. Егер кәсіпкер экономикалық, саяси технологиялық,
әлеуметтік ортаға бейімделе алмаса, онда оның орнын басқа кәсіпкер басады.
Кәсіпкер әрқашанда күтпеген жағдайларға дайын болуы керек, оларды болжай
алуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |