85
Жарнама көп жағдайда қауыпті өнімді пайдаланған кезде қаупсідік сезімін
туғызу үшін пайдаланылады.
Басқа
адамдарға
зиян
жасалғанына
бос
қараушылық
ұйым
қызметкердерімен араласқан кезде жиі байқалады. Жұмыстан шығарылатын,
қызметі төмендетілетін немесе жалақысы кемітілетін адам жөнінде атқарушы
кісі тарапынан жаны ашу рұхсат етілмейтін қателік. Кейбір жағдайларда
мұндай іс қимыл талас тұғызбайтын сенімді көңілмен, әрі басымдылықпен
орындалады, түсінік сұралмайды, басшының беделінің өзі
бағынышты адамның
келісуден басқа амалын қалдырмайды. Мүмкін, заң бойынша осының өзі
жеткілікті шығар. Бірақ бұл басқа ойлармен қарағанда заң толық жетілген
болып табылмайды. Моральдық көзқарас бойынша басқа адамдарға келтірілген
зиянды елемеу тәртіптегі осалдық, әдеттегі жағдайларда мұны дұрыс емес деп
атаймыз. Біз жұмыстан шығарылған адам туралы: «оған көмектескім келер еді,
бірақ бизнестің аты бизнес» деген пікірді де айтамыз.
Жұмыс жағдайларында жарамсақтық пен шағыстыру қылығы «адамдармен
жұмыс істей білу» деп есептелуі мүмкін. Әдеттегі жағдайларда егер сізге
басқалар жарамсақтанып жүрсе, кейін оларды мақсатыңызға жетуге
пайдаланбақ болсаңыз немесе сіз бір адамды екінші біреуге айдап салу үшін
жасырын одақ ұйымдастырсаңыз, онда басқалар сізге арам немесе безбүрек
адам деп қарайтын болады. Бірақ жұмыста мұндай сөзтоптамасы кұбылып
тұрады. Адамды жарамсақ деп атаудың орнына, оны «сапырылыстыруға
шебер» деп, «безбүйректігін» жұмсартып «іскер» адам деп аталады.
Бизнес әлемінде осындай құбылыстардың бар екеніне таласатын ешкім
жоқ. Алайда мұндай құбылыстар «кіріс жасайтын бизнес» әлемінде (көбінесе
бұл іскер адамдар әлемі деп аталады) ғана болып отырған жоқ. Олар белгілі бір
деңгейде кез келген ұйымнан байқалады. Егер біз оқу орындары немесе емдеу
мекемелері сияқты қоғамдық сектор ұйымдарын қарастыратын болсақ, олардан
адамдарға
ықыласпен
қарауды
немесе
жеке
бизнес
саласының
кәсіпорындарына карағанда, жауапкершілікпен қызмет көрсетілгенін көрген
емеспіз. Кесірдін тамыры сонда: өндірісті ұйымдастыру қызметі өз формасын
өзгертіп, адам қылықтарының көпшілігінің моральдық жаңа мазмұнын
қалыптастырады.
Жұмыс орнындағы этикалық стандарттар өмірде жалпыға ортақ
стандарттардан өзгешелігі бар екені, бизнес жетекшілерінен бірнеше рет
сауалдарға жауап алынғаннан кейін, айқын көрінеді де, калың жұрттың
игілігіне айналады. 1977ж. Наrward Вusihess Review басылымы сұрау
өткізгенен кейін 1000-нан астам жетекшілердің әрбір жетеуінің төртеуі олардан
тиімді жұмыс істеушілерді, басшылардың кіріс жасауына қамқоршыларды
сондай-ақ этикашыл адамдар ретінде көргісі келетіндермен іштей қақтығыста
болатынын айтқан. Олар қызмет міндетін атқару кезінде бөтен қылық жасау
жалпыға ортақ болып табыла ма деген сауалға жауап қайтарғанда үштен екісі,
бұл этикаға жатпайды деп есептейтінін нық айтқан. Мыналар еске алынады:
керек адамға «сыйлық» беру, бағаны жоғары белгілеу, шырқатып сату,
тұтынушыларды алдау, жұмысқа қабылдаудағы әділетсіздік және өздеріне