Республикасында



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/48
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

 

 
деп,  яғни  жалдама  еңбекті  пайдаланушы  капитал  иесі  мен  өндірісті 
ұйымдастырушы кәсіпкердің қызметтерін теңестірген. 
Кәсіпкерлік теориясын тұтас алып талдаған Иозеф Шумпетер - «Кәсіпкер – 
жаңашыл, ол экономикадағы барлық динамикалық өзгерістердің қайнар көзі» – 
деп көрсетті.  
Кәсіпкерлік  теориясының  дамуына  И.Тюнен  және  Ф.Найт  айтарлықтай 
үлес қосты. 
Монографияда  автормен  берілген  негізгі  қағидалар,  қорытындылар  және 
ұсыныстар  Қазақстан  кәсіпкерлерінің  іскерлік  белсенділігін  арттыру  үшін 
теориялық  негізге  алынып,  практикалық  нақты  істе  қолданылуы  мүмкін. 
Жұмыстың  теориялық  және  тәжірибелік  ұсыныстарын  республикамызда 
жеделдетілген  индустриалды-инновациялық  даму  стратегиясын  жүзеге 
асырудағы шағын және орта бизнесті дамытуда қолдануға болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 

 
1. 
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
1.1 
«Кәсіпкерлік қызмет» ұғымының  мәні және жүйесі 
 
 
Нарық  -  ертеден  келе  жатқан  шаруашылықты  жүргізу  құралы,  оның 
дамуының өзіндік бай тарихы бар. 
Нарыққа  бірнеше  анықтама  беруге  болады.  Нарық  –  тауар  өндірісі  және 
пайдалану  заңдарына  сай  ұйымдастарылған  тауар  айырбасы  қатынастарының 
жиынтығы.  Нарық  –  сатып  алушылар  мен  сатушылар  арасындағы  өзара 
байланысты  жүзеге  асыру  механизмі,  яғни  сұраныс  пен  ұсыныс  қатынасы 
болып  табылады.  Нарық  –  ел  ішінде  және  мемлекетаралық  айырбас  шеңбері, 
өнімді  өндірушілермен  тұтынушыларды  байланыстырады.  Осылай,  нарықты 
тауар айырбасы жиынтығы немесе тауар өндірісі мен пайдалану заңдарына сай 
ұйымдастырылған  тауар  айырбасы  ретінде  қарастырады.  Ф.  Котлердің 
еңбегінде  нарық  қазіргі  уақытта  бар  және  болуы  мүмкін  сатып  алушылардың 
жиынтығы деп айтылады. Ал, «Экономикс» кітабында нарық қандай да болсын 
өнім немесе қызмет түрінің сатушыларын және сатып алушыларын біріктіретін 
механизм деген анықтама беріледі. 
Нарық туралы өзіндік қызықты пікірлерін американ ғалымдары Р. Липси, 
П.  Стейнер,  Д.  Первис  айтқан.  Олар  нарық  деген  сахна,  мұнда  қойылатын 
қойылым  экономикалық  мәселелерді  шешетіндер  жиыны  қатысады: 
миллиондаған  тұтынушылар  қандай  тауарды,  кандай  мөлшерде  сатып  алуды 
шешеді; аса көп кәсіпкерлер нені және қалай өндіруге деген сұрақтарға жауап 
табады; өндіріс факторы иесі кімге жіне қалай осы таурларды сату мәселелерін 
қарастырады.  Нарық  экономикалық  дамудың  маңызды,  әрі  тиімді  жолдарын 
түсінуге  және  микро  және  макро  деңгейдегі  тиімділікті  арттыруға  арналған 
фундамент,  негіз  болады.  Оның  негізі  барлық  шаруашылық  етуші 
субьектілерінің,  адамдар  мен  жалпы  қоғамның  арасындағы  тауар  айырбасы 
қатынастарының жиынтығымен сипатталады. Экономисттердің нарық айырбас 
саласында  сатушы  мен  сатып  алушы  арасында  арнайы  экономикалық 
қатынастардың  жүйесін  құрайді  деген  пікірі  толығымен  расталған.  Нарықтың 
сатушы  мен  сатып  алушы  арасындағы  экономикалық  қатынастарға  тигізетін 
әсері  баға,  сұраныс  және  ұсыныс,  бәсекелестік,  табыс  және  шығын,  яғни 
«нарықтық  механизм»  ұғымына  кіретін  элементтердің  барлығын  қолдану 
арқылы  қамтамасыздандырылады.  Нарық  нақты  әлеуметтік-экономтикалық 
шарттармен  өмір  сүреді.  Ол  толығымен  меншік  институтына  тәуелді  болады. 
Нарық қоғамның жаңғыртылуының бүкіл кезеңдерінде - өндірісте, таратылуда, 
айырбас және тұтынуда аса маңызды рөлі бар.  
Нарықтың пайда болып, қалыптасуы екі объективті жағдайға байланысты: 
біріншісі - қоғамдық еңбек бөлінісі, ал екіншісі - жеке меншік негізіне сүйенген 
тауар  өндірушілердің  экономикалық  тұрғыдан  оқшаулануы.  Ал,  «нарық» 
туралы  әртүрлі  көзқарастар  бар.  Мәселен,  «Саяси  экономия»  оқулығында, 
нарық өндірістік қатынастар жүйесіне  кіретін, меншік қатынасын қамтамасыз 


 

 
ететін,  айырбас  категориясы  ретінде  сипатталады.  Ал,  «Экономикалық  теория 
негіздері»  [3]  курсында  нарық  -  сатып  алу  және  сату  жиынтығы  ретінде 
қарастырады.  «Экономиксте»  [4]  нарық  -  бұл  жеке  тауарлар  мен  қызмет 
көрсету  түрлерін  байланыстыратын,  сатып  алушылар  мен  сатушылардың 
институты немесе механизмі.  
Сонымен әртүрлі көзқарастарды еске ала отырып, қазіргі кезеңде былайша 
тұжырым жасауға болады: нарық - бұл тұтыну мен айырбас, бөлу және өндіріс 
үрдісінде  пайда  болатын,  адамдар  арасындағы  экономикалық  қатынастар 
жүйесі.  Олай  болса,  нарық  субъектілері  өндіріс  пен  тұтыну  сферасын 
жалғастырып, ұдайы өндіріс үрдісінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз 
етеді.  Бұған  қоса  нарық  ақпараттық  қызмет  атқарады:  тауарлар  бағасы  мен 
қызмет  ақыларының,  несие  және  банк салымдарының  үздіксіз  өзгеріп отыруы 
арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар 
мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығындары, қоғамдық 
қажетті сапа және ассортимент туралы объективті ақпарат беріп отырады. 
Сонымен бірге нарық мынадай қызметтерді де атқарады: бәсеке күресінің 
жәрдемімен  қоғамдық  өндірісті  тиімсіз  шаруашылық  бірліктерінен  тазартады 
және  керісінше  олардың  даму  болашағына  тиімді  жағдай  жасайды  және 
еңбектің,  тауардың  қоғам  үшін  маңыздылығы  осы  нарықта  анықталады, 
өндірістік шығындарды азайтуға ынталандырады. 
Осы  аталған  қызметтер  тұрғысынан  алсақ,  нарықты  әртүрлі  тауар 
өндірушілер  мен  тұтынушылар  арасында  болатын  экономикалық  байланыстар 
мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға әбден болады.  
Экономика  адаммен  бірге  пайда  болып  бірге  дамып  келеді.  Ол  адами 
тұлғаның,  ұжымның  және  қоғамның  қалыптасуы  мен  дамуына  тікелей  әсер 
ететін фактор.  
Экономика  –  өмір  сүру  қажеттіліктерін  алу  үшін  адамның  табиғатқа 
белсенді және саналы түрде әсер етуінің нәтижесі. Бұл тұрғыда экономиканы, 
өмірге  қажетті  игіліктер  алу  үшін  адам  мен  табиғаттың  өзара  әрекет  етуі 
түрінде  қарастыруға  болады.  Адамдар  өздерінің  экономикалық  әрекеттері 
процесінде  табиғи  және  жасанды  ортамен  байланысқа  түсіп,  пайдаланады. 
Адам өндіріс процесінде өзін қоршаған ортаға әсер етеді. 
Адамның  экономикалық  қажеттіліктерін,  атап  айтқанда,  тауарлар  мен 
қызметтерге  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  –  экономика  қызметінің  табиғи 
мақсаты  болып  татылады.  Адамзат  дамуының  бастапқы  кезеңінде  адамдар  өз 
қажеттіліктерін  табиғаттың  дайын  өнімдері  есебінен  қанағаттандырды. 
қажеттіліктердің  көпшілігі  тауарлар  мен  қызметтер  түрінде  өндірілген 
игіліктердің есебінен, яғни, еңбек, табиғи, ғылыми және басқа да экономикалық 
ресурстар  негізінде  шығарылған  өнімдердің  есебінен  қанағаттандыра бастады. 
Сонымен  қатар  қажеттіліктер  де  өсе  бастады.  Материалдық  қажеттіліктермен 
қатар,  экономикалық  ресурстарды  пайдалану  арқылы  қанағаттандырылатын 
рухани қажеттіліктер де өсіп отырады. Әрбір нақты тарихи кезеңде, қоғамның 
негізін құрайтын адамдар мен ұйымдар көптеген экономикалық қажеттіліктерді 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау