Республикасында



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет35/48
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16243
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48

 
83 
 
бағытталған  жеке  өзінің  бағалылығы  емес  коғамдық  приоритеттік  шекарасын 
күнделікті  кеңейте  бастауда.  Біздің  кәсіпкерлердің  этикалық  бағалауларында 
және  бабын  табуда  елеулі  өзгерістер  болып  жатыр,  олардың  бүгінгі  күнгі 
нарықтық  жағдайға  және  олардың  талаптарының  бірге  қосылу  процестері 
тездетіліп  бизнестің  өте  басқаша  этикасының  қалыптасуы  үшін  жаңа  негіздер 
шыға бастауда, ол біздің мемлекетіміздің келешектегі алға өркендеуінің кепілі 
болып саналады. 
Баршаға  белгілі,  бизнесмен,  ол  біріншіден  –  бастық.  Бизнес  этикасының 
приоритеттік  ерекше  маңызы,  ол  басқарушылықта  болады.  Кәсіпкерліктің 
экономикалық мақсаты – жалпы мақсатқа жету үшін, ұжымның интеграциясын 
қамтамасыз  ететін  және  өнегелілік  менеджмент  үшін  негіз  болып  саналатын 
мекеменің  әрбір  қызметкерінің  жеке  қызығуын  орталандыру.  Бугінгі  күндері 
көптеп  тиімді  басқару,  ол  адам  факторының  рөлін  жоғарылатуға  бағытталған. 
Адамға  немесе  жеке  тұлғаға  мақсатталынған  басқару  әрбір  қызметкердің 
бостандық жағдайда дамуын, оның жеке мүддесін, ойын, арманын қамтамасыз 
етеді,  ол  әрбір  ұжым  мүшесінің  шығармашылық  қабілеттілігін  және 
ынталылығын  ашып  көрсетеді.  Ондай  менеджмент  өнегелілік  деп  аталады. 
Оның себебі ол өнегеліліктің негізінде, жиынтықты ынталандыруға негізделген 
және де ол мәдениет, бостандық және адамның ынтасы негізіндегі адамгершілік 
қатынастың дамуына бағытталған. Әрбір компанияның басқарушылық этикасы 
және 
сәулелендіретін 
мәдениетінің 
деңгейін 
өзінің 
баскарушылық 
«философиясы»  калыптасады.  Егерде  бүгін  менеджменттің  орта  назарында 
адам тұрса, оның жеке артықшылығы, оның сіңірген еңбегін мойындау, ең көп 
түрде  оның  білгірлік  тәжірибесін  пайдалану,  ондай  жағдайда  басқару  –  ең 
жаңашыл өнегелілік, этикалық сыпайылылық деген сөз. 
Бизнес  этикасы  саласының  Дж.Сидерблом  және  Ч.Дж.Дохерти  сияқты 
американдық  мамандар  атап  көрсеткендей,  біз  әдетімізде,  тұрмыс 
жағдайларымызда  ешқашан  істеп  көрмеген  істерді  қызмет  үрдісінде  істеуге 
мәжбүр боламыз. Мәселен, біздің көпшілігіміз біреудің үйінен хат жазатын зат 
ұрлау  ойымызға  келген  емес.  Ал  кейбір  адамдар  осыған  барған  әрекетін 
білдірмеуге  тырысып  бағады,  қолға  түсіп  қалса  қатты  өкінеді.  Алайда  біз 
жұмыс  орнымыздан  түрлі  заттарды  үнемі  алып  шығамыз  да  жеке  шаруа-ызға 
пайдаланамыз  немесе  отбасымыздың  мүшелеріне,  достарға  береміз.  Кейбір 
адамдар бәскелестік іскерлік ортадағы жұмыста теріс қылықтар жасайды. Көп 
ретте  ұйымдағы  жұмыс,  әдеттеті  жағдайларда  біз  лайықсыз  санайтын, 
қылықтар  көрсетуге  мәжбүрлейді.  Мәселен,  бөтен  адамның  еңбек  нәтижесін 
сынға  алудың  аяғы  көптеген  өкпе-назға  душар  етеді,  әдетте  мұндайдан  сырт 
болғымыз келеді. Ал жұмыс жағдайында сынау, кемшіліктерді талдау  – бұлар 
қызмет міндетіне жатады. Ұйымдық және бәсекелестік факторларының үйлесуі 
көп  ретте  адамның  мінез  кұлқының  күмәнді  деп  аталуына  әкеліп  соғады.  Біз 
кандайда бір фактыны жасырып қалуға, сытылып кетуге, артықшылық іздеуге, 
залал  келтіруге  немесе  біреудің  залалын  елемеуге,  басқа  адамдар  жөнінде 
жасалған әрекеттерді көрсек те тіс жармауға мәжбүр боламыз. 


 
84 
 
Ұйымның  этикасын  Дж.Сидербломмен  және  Ч.Дж.Дохертимен  бірге 
талдап  көрейік.  Мәселен,  хат  жазуға  арналған  заттарды  ұрлау  дұрыс  болып 
көрінуі  мүмкін.  Өйткені  көптеген  ұйымдар  бюджеттерінің  ысырап  болуына 
қарағанда, ұрланатын нәрсенің кұндылығы мейлінше төмен ғой. Алайда бұлай 
жасалған  түйін  басқа  ұрлық  қарлықтарды  ақтау  үшін  пайдаланылуы  мүмкін. 
Міне,  сондықтан  осындай  кез  келген  әрекетті  сорақылық  деп  санаймыз. 
Осымен  қатар  жұмыс  орындарынан  арзан  заттарды  жымқыру  тәртіп  салтын 
көрсетеді.  Бұл  тәртіп  ұжымның  меншігі  мен  қорын  өздерінің  жеке 
мақсаттарына  пайдалануды  көздейтін  жұмыс  істеушілердің  бәрін  өзара 
байланыстырады. 
Ұсақ ұрлық дағдылы болып табылатын ұжымда қызметкерлердің қалыпты 
тәртібі  және  іскерлік  байланысы  үшін  телефонмен  жеке  сөйлесулер,  ұжым 
бюджеті  есебінен  қызметшілердің  жеке  сапарларда  болуы,  тағы  басқалар 
арасындағы  күмәнді  қылықтардың  жігін  айыру  қиын.  Сондыктан  да  ұсақ 
ұрлықтар, олармен күрес баршаға қолайсыз болып көрінеді. Бірақ осындай тәр-
тіп  баршаның  ортақ  әдетіне  айналған  болса,  онда  келтіретін  зиян  анағұрлым 
ауыр  қылықтармен  күрес  қиын  болады.  Күндер  өте  келе  қызметшілер 
қордардың зор шығынға ұшырауына қарсы тұра алмайтын жағдайда қалады. Ал 
бұл шығындар акционерлерге кіріс болар еді немесе ақшаларына жұмыс істеп 
тұрған  адамдарға  қайтарылар  еді.  Тәртіптің  тағы  бір  келеңсіз  мысалы 
шындықты жасыру. Әдетте, біз оны, жұмыстан тыс уақытта, дұрыс емес дейміз. 
Бизнесті  жүргізу  негізінен  тауар  сату  мен  сатып  алудан  біржаққа  пайда 
түсіру  дегенді  білдіреді.  Сатылатын  объект  туралы  жалған  акпарат  беру 
мүмкіндігі бола қалғанда, сатушы санкциядан кауіптеніп заңнамада көрсетілген 
мүмкіндікті  міндетті  түрде  пайдалануға  бармайды.  Алайда  бүкіл  шындықты, 
әсіресе  сатылатын  тауар  ерекшелігін  жасырғанда,  сатып  алушының  осындай 
тауарды  басқа  жерден  іздеуге  мәжбүр  болатыны  сауданың  «ойында»  тіпті 
ескерілмейді. Жоғарыда айтылғаннан шығатын қортынды: адамның жұмыстағы 
тәртіп ережелері әдеттегідей ерекше ситуация туғызады, олар қоғамда адамның 
кез-келтен басқа байланыстарда колданатын ережелерінен елеулі өзгешеленеді. 
Біз жұмыс орнынан сырт жерде кез-келген фактіні жасыра аламыз, оны дұрыс 
деп есептеуге болады. Мәселен, кез-келген фактіні танысымыздан, оның игілігі 
үшін – айталық қолайсыз ситуация қалдырмау үшін жасырамыз. Осыны өзіміз 
үшін  қандай  да  бір  мақсатка  жету  үшін  жасадық  десек,  өзімізді  ұятқа 
қалдырғандай  сезікте  жүрер  едік.  Бұдан  бір  өзгешілік  мынадай:  жоғарыдағы 
жағдайда  кез  келген  сатушы  ақаулары  мен  кемшіліктері  айтылмай,  ұсталған 
автокөлігін  мініп  кетіп  бара  жатқан  сатып  алушыны  көргенде  шаттыққа 
кенелгендей  сезінеді.  Бизнестің  ерекшелігі  –  басқа  адамдарға  тигізген  зиянға 
селқос  карайды.  Бұл  дағдылы  жағдай  да  жат  көрініс.  Нарықтық  экономика 
жағдайында кәсіпкерлер өндіріп, сататын өнімдер кейде адамдардың өмірі мен 
денсаулығына қатер төндіреді. Бірақ түрлі себептерге байланысты көпшілік сол 
өнімдерді сатып алуға туекел етеді. Ал өнімді өндірушілер мен сатушылар, егер 
заң  мәжбүр  етпесе,  қатер  бар  екенін  білсе,  тұтынушыларын  ескетпейді. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау