Республикасында



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет39/48
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16243
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48

 
92 
 
кездестіруі мүмкін? Олар мынадай: қаржылық қаражаттардың жетіспеуі, нақты 
бизнес-жоспардың болмауы, заң білмеу және нарықтық жағдайлар. 
Осыны ескере отырып, Еуропалық Қауымдастық барлық елдерінде белгілі 
бір  дәрежеде  меншік  ісі  бар  адамдарды  ынталандыратын  түрлі  бағдарламалар 
жүзеге асырылады. Оларға қаржылық, ақпараттық және кеңес берушілік көмек 
көрсетіліп,  оқыту  ұйымдастырылады.  Мысалы,  Дания  меншік  іс  ашуға 
талаптары  бар,  бірақ  жұмыссыз  отырғандарға  арналған  бастаушы 
кәсіпкерлердің  Сызбасын  өмірге  енгізген.  Мұндай  адамдар  меншік  іспен 
айналысу  барысында  өз  жәрдемақыларының  жартысын  алып  отырады, 
максималды төлем мерзімі  3,5 жыл. 
2.  Субподрядтар.  Сонымен  қатар,  тұтынушылар  мен  жабдықтаушылар 
арасындағы  неғұрлым  тұрақты  қатынастарды  қалыптастыру  қарқыны 
байқалады.  Олардың  көбісі  шағын  кәсіпорындар.  Субподряд  осылайша  ірі 
фирмалардың технологиялық және коммерциялық «ноу-хауына» жол ашылған 
шағын кәсіпорындарға тиімді. Жабдықтаушы ретінде әрекет ете отырып, шағын 
кәсіпорындар зор көлемдегі экономикалық дербестікке қол жеткізе отырып, өзі 
өндіретін соңғы өнім өндірісін жақсарта алады.  
Бірақ  бұл  салада  да  шағын  кәсіпкерлік  қатаң  халықаралық  бәсекелестік, 
нарықтық  коньюнектураның  жағдайы  және  өзгеруі  туралы  толық  ақпараттың 
болмауы  сияқты  проблемалармен  қақтығысады.  Сәйкесінше  осы  саладағы 
шағын  бизнесті  қолдаудың  негізгі  шаралары  ақпараттандыру  және  кеңес 
берумен байланысты.  
3.  Экспорт.  Соңғы  жылдары  тиімді  шекаралық  сауда-саттық  жолында 
тұрған  көптеген  тосқауылдардың  көбісі  ЕҚ-да  жойылды,  бұл,  әрине, 
экспорттың  кеңеюіне  ықпал  етеді.  Осында  туындайтын  мәселелер 
субподрядтық салада аталғандарға ұқсас. 
Ұлыбританиядағы  «Экспорттық  инициатива»  мемлекеттік  қолдауды 
жүзеге асырудың мысалы бола алады. Ол халықаралық саудадағы потенциалды 
экспортерлердің қызығушылығын арттыруға және олардың көлемін арттыруға 
бағдарланған. Экспорттық инициатива мыналарды қамтиды: 
-  жеке  сектормен  байланысты  және  тәжірибесі  жоқ  экспортерлерге 
мамандардың  кеңес  берушілік  қызметтерін  ұсынатын  сауда-саттық  пен 
өнеркәсіп бөлімі; 
-  «өзіндік  көмек  көрсетуді»  қамтамасыз  ететін  ақпараттық  орталық,  яғни 
фирма  үшін  нарықтарды  іздеумен  байланысты  ақпараттық  мүмкіндіктерді 
ұсыну; 
-  фирмамен  көрсетілген  өнімдер  және  нарықтар  бойынша  экспорттық 
ізденіс; 
- өнімге сұраныс, жергілікті бәсекелік жағдай, маркетингтік зерттеу өткізу 
жөнінде  кеңес  беру  және  ақпараттық  қызметтерді  ұсынатын  анықтамалар 
қызметі. 
4.  Қаржыландыру.  Еуропалық  Қауымдастық  барлық  елдері  шағын  және 
орта бизнеске түрлі тетіктерді қолдана отырып, қаржыландыру көздерін табуға 
қатысты  мәселелерді  шешуге  көмектеседі.  Кейбір  мемлекеттер  (Ұлыбритания, 


 
93 
 
Нидерланды және т.б) негізінен займ кепілдіктерін қамтамасыз ету жүйелеріне 
шоғырланады.  Ал  көптеген  елдер  субсидиялар,  инвестицияларға  фискалды 
жеңілдіктер,  жеңілдікті  займдар  немесе  дотациялар  арқылы  шағын  және  орта 
бизнесті қолдау үшін ерекше резервтерді құрады. Шағын және орта бизнестің 
негізгі  қорларына  қаражаттарды  инвестициялау  ерекше  ынталандырылады. 
Кейбір елдерде (Бельгия, Франция, Нидерланды және т.б.) тәуекелді капиталды 
шағын  және  орта  бизнеске  ұсыну  тәжірибесі  жүзеге  асырылады.  Жекелей 
алғанда,  аталмыш  елдердің  үкіметі  тәуекелді  қорлардың  мүмкін  болатын 
шығындарын компенсациялауға кепілдік береді. 
90  жылдардың  басында  Португалия  Еуропалық  Қауымдастық  арнайы 
құрылымдарын  пайдалана  отырып,  тікелей  қаржылық  қолдауға  ие  болды: 
өндірістік инвестициялар қоры (SIN EDIP); 
Сыйақылардың  жергілікті  жүйесі  (SIBR);  энергияны  тиімді пайдаланғаны 
үшін сыйақылар жүйесі (SIURE); 
Ақпараттық  технологияларда  шағын  инвестициялық  жобалар  (PPI)  мен 
инновацияларды  сыйақылау  жүйесі.  Алынған  қаражаттар  жалпыеуропалық 
деңгеймен  салыстырғанда  Португалияның  шағын  кәсіпорындарындағы 
қаржылық тапшылық пен технологиялық ара-қашықтықты жоюға ықпал етті.  
5.  Жұмысбастылық.  Шағын  және  орта  бизнес  еуропадағы  жұмыс 
орындарының  негізгі  қайнар  көзі  болып  табылады.  Аталмыш  саладағы  басты 
мәселе  –  білім  беру  жүйесі  мен  еңбек  нарығының  жеткілікті  түрде 
баланстанбауы,  сондай-ақ  кадрларды  дайындаудың  нашар  дамыған  ішкі 
жүйелері.  Осылайша,  мәселе  жұмысбастылықта  ғана  емес,  сондай-ақ 
Еуропалық  Қауымдастық  елдерінде  білім  беруге  қатысты  жұмысбастылық 
мәселелерінде болып отыр.  
Жұмысбастылық  саласындағы  мемлекеттік  қолдаудың  негізгі  шаралары 
қаржылық  көмек  (мысалы,  шағын  кәсіпорындарға  арнайы  субсидиялар), 
ақпараттау, кеңес беру және дайындау болып табылады.  
Грецияда жұмыс орындарын құрудың арнайы Бағдарламасы қабылданған, 
онда  жастар  мен  әйел  адамдарға  ерекше  назар  аударылған.  Еуропалық 
Қауымдастық  елдерінің  ішінде  бірінші  болып  Ирландия  60  жылдарда 
жұмыссыздықтың 
жоғары 
деңгейімен 
соқтығыса 
отырып, 
шағын 
кәсіпорындарға субсидия бере бастады.  
6.  Білім  беру  және  оқыту.  Кәсіпкерлікке  көмек  көрсету  тұрғысынан 
аталмыш  мәтінде  қарастырылған  білім  берудің  мақсаты  адамда  кәсіпкер 
қасиеттерін дамыту болып табылады. 
Мұнда білім берудің екі деңгейін бөліп көрсетуге болады. 
Біріншісі  –  кәсіпкерлік  іс-әрекет  үшін  қажетті  білім  мен  дағдының 
минималды көлемін беретін бастауыш білім беру. 
Екіншісі – қолданбалы сипатқа ие тереңдетілген білім беру. 
Оқыту  мемлекеттік  құрылымдармен  және  жеке  ұйымдармен  жүзеге 
асырылады. Ерекше бағдарламалар әйел адамдар үшін өңделеді. 
Осылайша,  Ирландияда  1992  жылдан  бастап  жұмысқа  үйрету 
бағдарламасы  әрекет  етеді,  ол  өнеркәсіптік  кәсіби  дайындықты  арттыру 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау