Республикасында


    КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ІСКЕРЛІК



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет7/17
Дата04.01.2022
өлшемі1,49 Mb.
#31443
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
кәсіпкерлоік оқулық


 
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ІСКЕРЛІК 
БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ   
 
2.1 Кәсіпкерлік субъектілердің іскерлік белсенділігінің құрылымы мен 
даму жағдайы  
 
 
2009  жылы  шағын  кәсіпкерліктегі  тіркелген  субъектілер  саны  берілген 
мемлекеттік статистикалық есеп бойынша 1 084 170 бірлікке жеткен (кесте 4). 
Оның ішінде заңды тұлғалар - 213 454 бірлік, жеке кәсіпкерлер - 676 736 бірлік, 
шаруа (фермерлік) қожалықтар - 193 980 бірлік.  
 
Кесте 4 
2009 жылы шағын кәсіпкерліктегі тіркелген субъектілер саны 
бірлік 
 
Барлығы 
соның ішінде 
заңды 
тұлғалар 
жеке 
кәсіпкерлер 
шаруа 
(фермерлік) 
қожалықтар 
Қазақстан 
Республикасы 
1 084 170 
213 454 
676 736 
193 980 
Ақмола 
47 097 
6 314 
35 997 
4 786 
Ақтөбе 
41 534 
8 494 
28 343 
4 697 
Алматы 
113 389 
9 418 
51 778 
52 193 
Атырау 
38 886 
6 012 
30 815 
2 059 
Батыс Қазақстан 
35 104 
4 238 
26 386 
4 480 
Жамбыл 
49 965 
5 533 
28 173 
16 259 
Қарағанды 
69 764 
13 401 
49 588 
6 775 
Қостанай  
56 260 
7 395 
42 778 
6 087 
Қызылорда 
28 508 
3 867 
21 952 
2 689 
Маңғыстау 
44 620 
6 533 
36 892 
1 195 
Оңтүстік Қазақстан 
164 068 
18 383 
76 664 
69 021 
Павлодар 
37 486 
9 073 
24 756 
3 657 
Солтүстік Қазақстан 
30 455 
4 578 
22 264 
3 613 
Шығыс Қазақстан 
94 990 
12 006 
66 597 
16 387 
Астана қ. 
73 299 
24 335 
48 948 
16 
Алматы қ. 
158 745 
73 874 
84 805 
66 
Ескерту – ҚР статистика жөніндегі агенттігінің деректері. www.stat.kz 
 
Шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  және  дамытудың  2009-2011  жылға  арналған 
кезекті бағдарламасы өңделді. Бұл бағдарламаның алдыңғы бағдарламаларынан 
өзгешелігі  мұнда  акцент  тек  нарықтық  инфрақұрылымның  жаңа  бірліктерін 
(бизнес-орталықтарын, 
бизнес-инкубаторлар, 
үнемі 
жұмыс 
жасайтын 
семинарлар,  оқу  курстары  және  басқалары)  құру  ғана  емес,  сонымен  бірге 


 
45 
 
жұмыс жасайтындардың қызметінің сапасын көтеруге, координацияға, сондай-
ақ шағын кәсіпкерлікті дамытудың ресурстық орталықтарын құруға қойылады. 
Нарықтық  инфрақұрылым  субъектілерінің  қызметін  жүйелеу  мен 
үйлестіру  туралы  айтқанда,  әңгіме  кәсіпкерліктің  қаржылық  және 
экономикалық  тұрақтылығын  қалыптастыру  мәселелерін  шешуде  облыстың 
шағын  кәсіпкерлігіне  тиімді  көмек  көрсету  үшін  нарық  субъектілерінің  күшін 
біріктіру мүмкіндігі мен қажеттілігі туралы болып отыр. 
2009  жылы  жалпы  ішкі  өнімнің  (ЖІӨ)  нақты  көлем  индексі  (НКИ)  өткен 
жылмен  салыстырғанда  101,2%  құрады.  ЖІӨ  құрылымында  тауар  өндірісінің 
үлесі 44,1%, қызметтер – 54,7% құрайды (кесте 5). 
 
Кесте 5 
ЖІӨ-нің атаулы мәні және құрылымы 
 
 
ЖҚҚ 
млн. теңге 
Құрылымы,  
%-бен 
өткен жылға, %-бен 
НКИ 
дефлятор 
Жалпы ішкі өнім 
16 100 315,0  100,0 
101,2 
99,1 
Тауар өндірісі 
7 060 004,6 
44,1 
102,1 
94,6 

 
Ауыл шар-ғы, 
аңшылық, орман шар-ғы; 
балық аулау, балық өсіру 
 
 
1 002 593,8 
 
 
6,3 
 
 
113,2 
 
 
103,8 

 
Өнеркәсіп 
4 765 344,8 
29,8 
102,0 
90,5 

 
Құрылыс 
1 292 066,0 
8,0 
95,1 
104,6 
Қызметтер өндірісі 
8 836 714,6 
54,7 
99,6 
106,1 
Қаржы делдалдығының 
жанама өлшенетін 
қызметтері 
- 541 984,4 
-3,4 
89,3 
80,8 
Жалпы қосылған құн 
15 354 734,8  95,4 
101,3 
101,5 
Өнімдер мен импортқа 
салынған таза салықтар 
745 580,2 
4,6 
99,7 
66,5 
Ескерту – ҚР статистика жөніндегі агенттігінің деректері. www.stat.kz 
 
Шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  мен  қолдау  мәселерін  талдау  неғұрлым  кең 
тұрғыдағы  жағдайларды  талдаусыз,  дамудың  стратегиялық  бағдарын 
белгілеусіз орынды болмақ емес. 
Соңғы  жылдардағы,  негізінде,  табиғи  ресурстарды  өндіру  мен  өткізу 
көлемінің ұлғаюы арқылы Қазақстандағы қаржылық-экономикалық жағдайдың 
жақсаруын  экономиканың  жүйелі  түрде  технологиялық  қайта  жарақтану 
әлемдік  тенденциясына  қосылу  мүмкіндігі  ретінде  қарастырған  жөн.  Әзірше 
пайдалы  қазбалардың  мол  қоры  болғанымен  шикізатты  қайта  өңдеуде 
технологиялық артта қалушылық мемлекетті экономикалық тұрғыда әлсіз етеді. 
Тиісінше экономиканың қайта өңдеу секторын дамытуға, бірақ бәрінен бұрын 
интеллектуалдық өндірістің бәсекелі жүйесін, әсіресе ғылым мен білім берудің 
тиісті  секторларын,  басқару  және  кәсіпкерлік  консалтингті  дамытуға  жағдай 


 
46 
 
туғызуды жеделдетуді талап етеді. Ғылым мен білім беруді дамытуға басымдық 
беру  нәтижесінде  бір  кездері  әлсіз  дамыған  елдер  аз  уақыттың  ішінде 
әлеуметтік – экономикалық дамудың жоғарғы деңгейіне жете алды. 
Екінші  жағынан,  нарықтық  түрленудің  қарқыны  олармен  байланысты  екі 
аса маңызды қызмет субъектілері арқылы айқындалып отыр. Олар кәсіпкерлер 
мен мемлекеттік қызметкерлер. 
Мемлекеттік экономиканы дамытудың жүйе жасаушы ядросы кәсіпкерлер 
екені  анық,  олар  қызметтің  әртүрлі  салалары  –  денсаулық  сақтау,  білім  беру, 
ғылым, материалдық өндіріс, сауда және т.б. жаңашыл болуы керек. 
Бәсекелес  кәсіпкерліктің  қалыптасуында  мемлекеттік  қызметкерлердің 
жетекші рөл атқаратыны да белгілі жағдай.  
Олар  әртүрлі  субъектілер  –  аймақтық  маңызы  бар  қызмет  жобаларын 
жүзеге асыруда әлеуетті серіктестер арасында конструктивті келісім мен өзара 
қарым-қатынасының нарықтық механизмін құруы тиіс. 
Жекелей  алғанда,  қоғамдық  ұйымдар,  бизнес-бірліктер,  мемлекеттік 
басқару  органдары,  ғылыми,  білім  беру,  консалтингтік  және  басқа 
құрылымдардың  өзара  қатынас  механизмін  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  етуі 
қажет. 
Кесте 6 
2009 жылғы кәсіпкерлік субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштері 
өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен 
 
ШОК белсенді 
субъектілерінің 
саны 
Жұмыспен 
қамтылғандар 
саны 
Өнім  (тауарлар, 
қызмет 
көрсетулер) 
шығарылымы 
Қазақстан 
Республикасы 
105,7 
103,5 
101,5 
Ақмола 
104,7 
104,1 
100,6 
Ақтөбе 
107,8 
106,9 
103,5 
Алматы 
105,3 
103,0 
101,2 
Атырау 
102,7 
100,5 
102,4 
БҚО 
106,3 
100,1 
101,3 
Жамбыл 
102,8 
101,3 
101,0 
Қарағанды 
101,8 
104,8 
101,2 
Қостанай  
102,3 
102,6 
100,8 
Қызылорда 
109,2 
104,6 
101,8 
Маңғыстау 
107,9 
108,8 
103,2 
ОҚО 
106,7 
106,2 
103,3 
Павлодар 
101,1 
106,9 
102,6 
СҚО 
103,9 
100,1 
100,2 
ШҚО 
102,8 
100,1 
101,1 
Астана қ. 
111,2 
105,6 
101,4 
Алматы қ. 
112,6 
103,0 
101,0 
Ескерту – ҚР статистика жөніндегі агенттігінің деректері. www.stat.kz 


 
47 
 
Кәсіпкерлік  қызмет  теориясына  сәйкес  бәсекеге  қабілетті  мемлекет, 
өркениетті  бизнеске  жету  жолы  оқыту  алаңдарында  өзін-өзі  талдау,  өзін-өзі 
реттеу,  өзін-өзі  ұйымдастыру,  өзін-өзі  басқарудың  бәсекелі  басқару  және 
кәсіпкерлік қабілеттерін қалыптастыру арқылы болады. Бәсекелі басқару және 
кәсіпкерлік 
қабілеттіліктер 
ғана 
соңында 
тауар 
мен 
қызметтің, 
кәсіпорындардың,  аймақтың,  мемлекеттің  бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз 
ете  алады.  Осыған  сәйкес  бәсекеге  қабілеттіліктің  әлемдік  табелі  бойынша 
еліміз  алғашқы  орындардан  көрінбесе,  мемлекеттік  қызметкерлер  мен 
кәсіпкерлердің  кәсібилігі  мен  қабілеттіліктеріне  жауап  беретін  отандақ  білім 
беру жүйесіне баса көңіл бөліну керек.  
Шағын  бизнес  субъектілерінің  санын  арттырып,  оларға  көмек  көрсете 
отырып,  мемлекет  экономикалық,  әлеуметтік,  әсіресе  жұмыспен  қамту 
мәселесін  шешеді.  Әдетте,  шағын  бизнестің  дамуынан  келесі  мәселелер 
шешімін табады: 
-  қоғамдық  қажеттілікті  толық  қанағаттандыратын  бәсекелестік  және 
нарықтық қатынастардың дамуы; 
-  тауар  ассортиментінің  кеңеюі,  қызмет  көрсетуді  жетілдіру,  оның 
сапасының жоғарылауы; 
- экономиканы құрылымдық қайта құруға ықпалы; 
- өндіріс пен қызмет көрсетудің нақты тұтынушыларға бейімделуі; 
- жеке қаражаттың өндірісті дамытуға жұмсалуы; 
-  қосымша  жұмыс  орындарының  пайда  болуы,  жұмыссыздық  деңгейінің 
төмендеуі; 
- адамның шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану; 
- еңбекке қоғамның жекелеген кейбір топтарын тарту; 
- жерді, шикізат қорын және ірі өндіріс қалдықтарын пайдалану; 
-  мемлекеттен  тиімділігі  және  табысы  аз  кәсіпорындарды  сатып  алуы 
немесе қолға алуы. 
Шағын  бизнестің  күрделі  проблемаларының  бірі  несиелік  ресурстарды 
алудың қиындығы. 
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидалары: 
- шағын бизнесті дамытудың басымдылығы; 
- шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі; 
-  инфрақұрылымды  дамытуда  және  шағын  бизнестің  ұйымдастырушылық 
формаларын таңдауда жағдай туғызу; 
- алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені қолдану. 
Отандық  шағын  бизнестің  дамуындағы  18  жылға  жуық  уақытта 
Казақстанда  кәсіпкерлік  жеткілікті  түрде  дамыған  жоқ,  оның  алдында  5  жыл 
бойы  кооперативтік  қозғалысты  дамыту  жылдары  өтті.  Кәсіпкерліктің  басым 
бөлігі  өз  стратегиясын  нақты  өндіріске  көшуге  мүлдем  бағыттамастан,  өз 
бизнесін  сауда-делдалдық  салада  құруды  жалғастыруда.  Шағын  бизнес 
кәсіпорындарының үлес салмағы елдің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің 
жалпы  санының  басым  бөлігін  алып  отыр.  Шағын  бизнесті  дамытуда 
мәселелерді шешу үшін үш факторлық жағдайды ескеру қажет. Олар: 


 
48 
 
1) кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау; 
2) тексеруші органдардың санын азайту; 
3) рұқсат беруші құжаттардың санын азайту. 
Көптеген  кәсіпкерлер,  бір  жағынан,  өндірісті  жүргізудегі  қиындықтарға, 
шенеуніктік  прессинкке,  өте  жоғары  салыққа  шағым  айтуда.  Ал  екінші 
жағынан,  өндірісті  жаңғыртумен,  маркетингтік  зерттеулермен,  жаңа  өнім 
түрлерін  әзірлеумен,  оның  жарнамасымен  мүлдем  айналысып  жатқан  жоқ, 
кәсіпорынның  стратегиялық  міндеттерін  қалыптастыра  білмейді,  өндірістің 
тиімділігін арттыру жөнінде сындарлы шаралар ұсына алмайды.  
Он  сегіз  жыл  бойғы  белсенді  мемлекеттік  қолдау  отандық  кәсіпкерліктің 
сандық іргетасын қалауға мүмкіндік берді, бірақ бизнестің толыққанды сапалы 
дамуына  ықпал  ете  алған  жоқ,  кәсіпкерліктің  прогрессивті  рухын 
қалыптастыруға  ынталандыра  алмады.  Кәсіпкерлік  –  сатып  алу-сату  емес, 
өндірісті дамытудың жаңа жолдарын ұдайы іздеу, ықтимал тұтынушылар үшін 
күресте қызметтер көрсету сапасын ұдайы арттыру. 
Қазақстанда еркін өзгермелі айырбас бағамы режимін енгізу және импорт 
алмастыруды  дамыту  жөніндегі  шаралар  отандық  «импортты  сатып  алу-сату 
саласындағы  мамандардың»  көрсеткіштерін  төмендетудің  және  кәсіпкерліктің 
өндірістік емес секторының танымалдық саяси қызметін жандандырудың басты 
макроалғышарттары болып табылады. 
Ағымдағы  жағдайда  мемлекеттің  стратегиялық  мақсаттары  тұрғысынан 
шағын бизнесті дамытудың жаңа кезеңіне өту қажет. Кәсіпкерлік мәселелерінде 
мемлекеттік  саясатты,  өндірістік  қызметті  қолдауға,  Қазақстандық  шағын 
экономиканың  жаңа  бәсекеге  қабілетті  мүмкіндіктерін  іздестіруге  қайта 
бағдарлау  қажет.  Жаңа  кезеңде  өндірістік  шағын  бизнес  субъектілерінің 
кооперациясын өзара да, неғұрлым ірі кәсіпорындар арасында да белсенді түрде 
қолдау,  сондай-ақ  салалық  және  салааралық  негізде  кәсіпкерлердің  қоғамдық 
бірлестіктерін құруды көтермелеу талап етіледі. 
Әлемдік  тәжірибе,  сондай-ақ  біздің  реформамыздың  тәжірибесі 
материалдық  өндіріс  саласындағы  ұсақ  кәсіпкер  сауда-делдалдық  және 
монополиялық  құрылымдар  тарабынан  бәсекелестікке  төзе  алмайтын  болып 
шыққанын  көрсетті.  Бұдан  басқа,  Қазақстанда  талап  етілетін  және  бәсекеге 
қабілетті өндірістік кәсіпкерліктің қалыптасуына елеулі көмек керсетуі мүмкін 
қызметтер  көрсетудің  (менеджмент,  маркетинг,  ақпараттық  қамтамасыз  ету 
саласында) толыққанды жеке секторы жоқ. 
Қазіргі  уакытта  тиімді  меншік  иесінің  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ететін 
өміршең  экономикалық  құрылымдарды  қалыптастыру  жолымен  қоғамның 
сындарлы  күштерін  біріктіру  қажет.  Мұндай  біріктірудің  үлгілері  әр  алуан 
болуы мүмкін, бірақ олардың мәні кооперация мен әріптестікке келіп тіреледі. 
Қаржы  ресурстарының  жалпы  жетіспеушілігі  кезінде  лизингті,  жалгерлікті, 
тиісті  ақпараттық  және  құқықтық  базаны  қамтамасыз  етуді  қоса  алғанда, 
өндіріс  құралдары  бар  жұмыс  іздеуші  адамды  біріктірудің  бүкіл  әр  алуан 
нысандарын  пайдалану  өте  маңызды.  Ірі  бизнес  үшін  тығыз  ынтымақтастық 
пен әріптестік те өзекті проблема. Соңғы он жылдықта экономикалық дамудың 


 
49 
 
инновациялық  сипаты  дамыған  елдерде  өнеркәсіптік  фирмалар,  банктер, 
ақпараттық  және  зерттеу  орталықтары  бірлестіктерін  қалыптастыруды 
ынталандырады.  Мұндай  желілер  өндірістік  және  қаржы  ресурстарын 
біріктіруге,  рыноктағы  сұраныстың  өзгеруіне  жедел  ден  қоюға,  жаңа  өнім 
түрлерін жылдам алға жылжытуға мүмкіндік береді. 
Біздің  ірі  кәсіпорындарымызда  өзара  кооперация  мен  әріптестік  — 
шаруашылық  желілерін  қалпына  келтіру  және  өзара  төлемдер  проблемаларын 
жеңілдету үшін қажетті жол. Ішкі кооперациялық байланыстар трансакцияның 
әрбір кезеңінде бағаны кәдуілгі айналдыруды болдырмауға мүмкіндік берер еді. 
Қаржы  институттары  мен  өнеркәсіптік  фирмалар  арасындағы,  ғылым  мен 
өндіріс  арасындағы,  шикізат  және  өңдеуші  салалар  арасындағы  тікелей 
байланыстарды қалпына келтіру өмірлік маңызды мәнге ие болуда. 
Өсімге  қол  жеткізу  жөніндегі  бірлескен  іс-қимыл  үшін  базаны  бүлдіретін 
өзіміздің  тар  ведомстволық  бір  сәттік  мүдделеріміз  үшін  салалық  лоббизммен 
күресті  соңына  жеткізу  қажет.  Қалыптасқан  жағдайды  шешу  жолдары  іскер 
топтар арасында сенім ахуалын құру, олардың жалпы мүдделерді жете түсінуі, 
мемлекетпен  бірлесіп  экономикалық  ынтымақтастықтың  ұзақ  мерзімді 
жоспарларын әзірлеп шығару болып табылады. 
Бұл  үшін  өзіне  мемлекет  тұлғасы  алдында  корпоративтік  мүдделерді 
қорғауды  ғана  емес,  өз  мүшелерінің  заң  шеңберінде  ойын  ережесін  сақтауы 
үшін  жауапкершілікті  де  алуға  қабілетті  кәсіпкерлік  одақтардың  қызметін 
жетілдіру  талап  етіледі.  Сол  арқылы  корпоративтік  этиканы  жандандыруға 
болар еді, оның бұзылуы «тұлғаның азып-тозуына» әкеліп соғады. Көрсетілген 
қайта құрулар ауыртпалықсыз жүргізіле алмайды, өйткені іскерлік әлемін өзіне 
бағындыруға  және  оған  өзінің  ойын  ережелерін  жапсыруға  ұмтылатын 
көлеңкелі  құрылымдардың  қарсылығына  жолықпауымыз  мүмкін  емес.  Осы 
проблемаларды 
шешуде, 
шағын 
бизнестің 
өркениетті 
нормаларын 
қалыптастыру  мәселелерінде  мемлекет  аса  белсенді  рөл  атқаруы  тиіс. 
Кәсіпкерлік  аясымен  ғана  шектелмеген,  олар  бүкіл  қоғам  үшін  тым  өзекті. 
Реформа  жалдамалы  еңбек  тұлғаларын  білдіретін  халықтың  негізгі  тобының 
белсенді  қатысуынсыз,  табысты  жүзеге  асырыла  алмайды.  Осыдан  келіп, 
микро-  және  макродеңгейлерде  әлеуметтік  әріптестікті  іске  асыру  қажеттілігі 
туындайды. 
Макродеңгейде  мемлекетпен,  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарымен, 
кәсіподақтармен  және  кәсіпкерлік  қауымдастықтармен  тығыз  ынтымақтастық 
орнатпайынша, өндірісті құрылымдық қайта құрудың күрделі бағдарламаларын 
әзірлеу  және  жүзеге  асыру  мүмкін  емес.  Бірақ  кәсіподақтардың  қатысуы 
табысы аз кәсіпорындарды жабу, босатылатын жұмысшылар үшін жаңа жұмыс 
орындарын  құру  және  оларды  қайта  оқыту  жөнінде  кешенді  шаралар  жүргізу 
кезінде  әлеуметтік  қауырттылықтың  шиеленісуін  азайтуы  мүмкін.  Әлеуметтік 
әріптестік жұмыспен қамтудың белсенді саясатын табысты жүзеге асыру үшін 
қажетті  алғышарт  болып  табылады.  Шағын  бизнес  дамуының  көрсеткіштері 
экономикадағы  шағын  бизнес  рөлі,  негізінен,  әлеуметтік,  яғни  жұмыс 
орындары  санының  өсуімен  байланысты  екендігін  көрсетеді.  Мұның  өзінде 


 
50 
 
шағын  бизнестің  тиімділігін  арттыру  үшін  жағдайлар  жасауға  көп  көңіл  бөлу 
қажет. 
Кәсіпкерлік  субъектілерінің  жалпы  санында  жеке  кәсіпкерлер  үлесі  – 
68,5%,  шаруа  (фермер)  қожалықтары  –  22,9%,  шағын  кәсіпкерліктегі  заңды 
тұлғалар – 8,3%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 0,3% құрады (Сурет 4). 
Жедел Мониторинг деректеріне сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға және 
ұйымдарға  ағымдағы  жылғы  наурызда  58,4  мың  адам  қабылданды,  түрлі 
себептермен – 62,8 мың адам жұмыстан кетті. 
 
жылғы тиісті кезеңге пайызбен 
117,8
113,2
113,5
112,3
98,5
103,6
101,7
101,9
100,2
96,5
96,9
97,4
100,8
100,9
100,9
105,3
105,3
103,8
102,3
101,6
101,6
101,6
97,2
96,2
96,2
97,5
108,0
107,4
107,0
107,0
107,0
107,3
107,3
105,6
93,8
92,3
95,3
95,4
90,9
100,4
100,1
101,7
100,6
100,0
99,9
99,4
100,1
101,5
100,2
100,0
100,6
100,6
80
95
110
125
I
I-II
I-III
I-IV
I-V
I-VI
I-VII
I-VIII
I-IX
I-X
I-XI
I-XII
I
шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар
орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар
жеке кәсіпкерлер
шаруа (фермер) қожалықтары
2009
2010
 
 
Сурет 4. ШОК белсенді субъектілері санының өзгеруі өткен 
 
Жұмыстан  кеткен  қызметкерлердiң  арасында, өз  еркі бойынша  жұмыстан 
босатылғандар  72,3%,  қызметкерлер  санының  қысқартылуына  байланысты  – 
5,1%, басқа себептер бойынша – 22,6% құрайды (Сурет 5).  
 
өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен 
50
100
150
I
I-II
I-III
I-IV
I-V
I-VI
I-VII
I-VIII
I-IX
I-X
I-XI
I-XII
I
шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар
жеке кәсіпкерлер
шаруа (фермер) қожалықтары
2009
2010
 
 
Сурет 5. Шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыспен қамтылғандар 
санының өзгеруі  


 
51 
 
2009  жылғы  ШОК  жұмыспен  белсенді  қамтылғандар  саны  2087,9  мың 
адамды құрады. ШОК жұмыспен қамтылғандар санының көбеюі өткен жылғы 
сәйкес кезеңмен салыстырғанда Қазақстанның барлық облыстарында байқалды 
(Кесте 7). 
 
Кесте 7 
ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 
адам  
 
Барлығы 
соның ішінде 
шағын 
кәсіпкерік
тегі заңды 
тұлғалар 
орта кәсіп-
керліктегі 
заңды 
тұлғалар 
жеке 
кәсіпкерл
ер 
шаруа 
(фермер) 
қожалық-
тары 
Қазақстан 
Республикасы  2 087 875 
495 179 
245 451 
918 461 
428 784 
Ақмола 
101 126 
19 305 
17 340 
53 708 
10 773 
Ақтөбе 
81 231 
23 014 
12 730 
36 569 
8 918 
Алматы 
234 423 
31 720 
14 286 
68 013 
120 404 
Атырау 
77 994 
17 647 
8 025 
48 403 
3 919 
Батыс 
Қазақстан 
69 585 
16 928 
9 063 
32 373 
11 221 
Жамбыл 
132 450 
18 478 
10 114 
58 144 
45 714 
Қарағанды 
152 167 
44 501 
22 053 
64 011 
21 602 
Қостанай  
117 116 
24 365 
17 174 
64 261 
11 316 
Қызылорда 
52 772 
16 454 
11 429 
21 209 
3 680 
Маңғыстау 
53 844 
25 448 
7 452 
19 704 
1 240 
Оңтүстік 
Қазақстан 
261 945 
37 104 
16 326 
65 223 
143 292 
Павлодар 
98 559 
21 302 
12 259 
57 300 
7 698 
Солтүстік 
Қазақстан 
69 448 
14 120 
17 203 
30 419 
7 706 
Шығыс 
Қазақстан 
199 045 
45 603 
23 633 
98 568 
31 241 
Астана қ. 
115 690 
36 614 
12 002 
67 071 

Алматы қ. 
270 481 
102 577 
34 362 
133 485 
57 
Ескерту – ҚР статистика жөніндегі агенттігінің деректері. www.stat.kz 
 
Оның  ішінде  қызмет  түрлері  бойынша  бөлетін  толсақ:  ауыл 
шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығына – 203169, балық аулау, 
балық  өсіру  шаруашылығы,  аңшылық  және  орман  шаруашылығына  –  203169, 
балық  аулау,  балық  өсіру  шаруашылығына  –  1298,  өнеркәсіп  салаларына  – 
32049, құрылысқа  –  33505,  сауда; автомобильдерді,  тұрмыстық бұйымдар  мен 
жеке пайдаланатын заттарды жөндеу қызметі түрлеріне – 346236, қонақ үйлер 
мен  мейрамханалар  –  21012,  көлік  және  байланыс  саласына  –  68963,  қаржы 


 
52 
 
қызметіне  –  5532,  жылжымайтын  мүлікпен  операциялар,  жалға  беру  және 
тұтынушыларға қызмет көрсету – 66848, мемлекеттік басқару – 9833, білім беру 
–  15056,  денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  қызметтер  көрсету  –  12281, 
коммуналдық,  әлеуметтік  және  дербес  қызметтер  көрсету  салаларына  –  92655 
шаруашылық  субъектісі  тіркелген.  Осы  2008  жылдың  1  қаңтарына  берілген 
статистикалық  есеп  беру  мәліметтері  бойынша  тіркелген  шағын  бизнес 
кәсіпорындарының  ішіндегі  нақты  жұмыс  істеп  тұрған  субъектілердің 
экономикалық қызмет түрлері бойынша және Республика аймақтары бойынша 
жыл басына шаққандағы саны көрсетілген [21]. 
2010  жылғы  қаңтарда  шағын  және  орта  кәсіпкерліктегі  белсенді 
субъектілердің  өнім  (тауарлар  және  қызмет  көрсетулер)  шығарылымы  173,0 
млрд. теңгені құрады (Кесте 8). 
 
Кесте 8 
2009 жылғы кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 
млн. теңге 
 
Барлығы 
соның ішінде 
шағын 
кәсіпкерл
іктегі 
заңды 
тұлғалар 
орта 
кәсіпкерл
іктегі 
заңды 
тұлғалар 
жеке 
кәсіпкерле
рмен 
шаруа 
(фермер) 
қожалықтар
ымен 
Қазақстан 
Республикасы 
173 041 
103 518 
30 127 
35 287 
4 109 
Ақмола 
6 755 
3 626 
1 789 
1 308 
31 
Ақтөбе 
8 047 
4 515 
1 238 
2 022 
271 
Алматы 
9 623 
4 818 
1 980 
1 485 
1 340 
Атырау 
7 822 
4 579 
1 350 
1 745 
147 
Батыс Қазақстан 
6 518 
3 712 
1 256 
1 304 
246 
Жамбыл 
4 191 
2 400 
642 
876 
272 
Қарағанды 
10 733 
5 605 
2 379 
2 248 
500 
Қостанай  
8 398 
5 174 
1 608 
1 581 
34 
Қызылорда 
6 474 
4 804 
943 
709 
18 
Маңғыстау 
7 740 
4 033 
1 470 
2 209 
28 
ОҚО 
7 798 
2 562 
1 767 
3 378 
91 
Павлодар 
7 184 
4 770 
1 416 
692 
305 
СҚО 
5 431 
2 763 
1 698 
852 
118 
ШҚО 
10 804 
4 189 
2 250 
3 660 
706 
Астана қ. 
28 612 
20 169 
2 100 
6 343 
0,3 
Алматы қ. 
36 912 
25 798 
6 240 
4 874 
0,0 
Ескерту – ҚР статистика жөніндегі агенттігінің деректері. www.stat.kz 
 
Республикамыздағы шағын бизнестің мәнін тереңірек түсінуге Қазақ КСР-
ындағы  шаруашылық  қызмет  еркіндігі  мен  кәсіпкерліктің  дамуы  туралы 


 
53 
 
заңның  қабылдануы  жол  ашты.  Бұл  заң  азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың 
кәсіпкерлік  қызметінің  еркіндігін  қамтамасыз  ететін  негізгі  құқықтық, 
экономикалық,  әлеуметтік  шаралар  мен  кепілдіктерді  анықтап  берді.  1990 
жылдың тамыз айында Кеңес Одағы министрлер Кеңесінің жарлығымен шағын 
кәсіпорындарды  құру  және  дамыту  шаралары  туралы  қабылданған  Заңның 
негізінде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің №432 жарлығын қабылдау арқылы 
шағын  кәсіпорындарды  жіктемелеу  әдістемесінде  жұмыс  істейтіндердің  саны 
алынған.  Қазақстан  Республикасының  1997  жылдың  8  сәуіріндегі  №499 
жарғысына сәйкес келесідей:  
- өнеркәсіп пен құрылыста жұмыскерлер саны 50-ге дейін; 
-  ғылым  мен  ғылыми  қызмет  көрсету  саласында  жұмыскерлер  саны  20 
адамға дейін; 
-  көлік  пен  байланыс  салаларында  жұмыс  істейтіндердің  саны  25  адамға 
дейін; 
- бөлшек саудада жұмыс істейтіндер саны 30 адамға дейін, ал активтерінің 
жалпы  құны  60  мың  АЕК  жоғары  емес  кәсіпорындар  шағын  деп  есептелініп 
отыр. Орта кәсіпкерлікте – жұмысшылар саны 250-ге дейін, жылдық активтері 
352  мың  АЕК  дейін,  ірі  кәсіпкерлікте  жұмысшылар  саны  250  және  одан 
жоғары,  жылдық  активтері  325  мың  АЕК  болатын  кәсіпкерлік  нысандары 
жатады. 
Осыған байланысты, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға 
арналған мемлекеттік бағдарламада шағын және орта кәсіпкерліктің нысандары 
үшін олардың қызмет көрсету саласының ерекшеліктерін және өндіріп жатқан 
тауарлары  мен  қызметтерінің  маңыздылығын  ескере  отырып,  әртүрлі 
жеңілдіктерді  қолдану  және  жалпы  құқықтық  шарттарды  қалыптастыру 
керектігіне мән берілуде. 
Қарағанды  облысының  шағын  кәсіпкерлік  субъектілерінің  кәсіпкерлік 
белсенділігін анықтау үшін сауалнама жүргізілді.  
Сауалнаманың  мақсаты  –  шағын  кәсіпкерлік  субъектілері  мен  жеке 
кәсіпкерлік  субъектілері  бірлестіктерінің  беделін  арттыру  және  олардың 
Қазақстан  нарығын  жоғары  сапалы  және  бәсекеге  қабілетті  өніммен 
молықтыруға бағытталған қызметін ынталандыру. 
Сауалнамаға Қарағанды облысының 35 кәсіпкері қатыстырылды.  
Бірінші  «Сіз  өз  ісіңізді  бастау  себептеріңіз  неде?»  сауалнамасының 
нәтижесі 9-кестеде көрсетілген: 
Кестеден 
көріп 
отырғанымыздай, 
кәсіпкерлік 
белсенділіктің 
қалыптасуының  негізгі  себептеріне  жұмыссыз  қалғандар  (36%),  жалақының 
қолайлы  өмір  сүруге  жеткіліксіздігі  (20%)  мен  тез  баюға  ұмтылғандар  (17%) 
құрап,  ал  ешкімге  тәуелді  болмай  еркін  өмір  сүруді  қалағандар  (13%)  мен  өз 
идеяларын жүзеге асырғысы келген адамдардың (9%) үлесі аз деңгейді иеленіп 
отыр. 
Кәсіпкерлердің  іскерлік  белсіндігін  анықтау  сауалнамасы  мына 
ерекшеліктеріне қарай жүргізілді: жынысы; жасы. 
 


 
54 
 
Кесте 9 
Қарағанды  облысында  кәсіпкерлік  белсенділіктің  қалыптасуының  негізгі 
себептері 
№ 
Өз ісін бастаудың себептері 

 
Барлығы: 
100 

Жұмыссыз  қалғандықтан  кәсіпкерлікпен  айналысуға  мәжбүр 
болу 
36 

Алатын  жалақымен  қолайлы  өмір  сүру  деңгейін  қамтамасыз 
ететін мүмкіншіліктің болмауы 
20 

Ағымдағы  жағдайдың  ретсіздігін  пайдаланып,  тез  баюға 
ұмтылу 
17 

Мемлекеттік  құрылым  мен  мемлекеттік  қызметкерлерге 
тәуелді  болудан  құтылып  іс-әрекет  бостандығын  алып,  еркін 
өмір  сүруді,  қызықтыратын  іспен  ешкімге  тәуелді  болмай 
айналысуды қалау 
13 

Мемлекеттік,  бюрократтық  ережелер  мен  процедуралардың 
әсерінен жүзеге асыруға мүмкін болмаған әлеуетті, идеяларды 
жүзеге асыруға ұмтылу 


Қоршаған адамдар арасында беделінді, әлеуметтік статусынды 
жоғарылатуға ұмтылу 


Өзінді төзімділікке тексеру 

Ескерту: 
Жүргізген 
сауалнама 
материалдары 
негiзiнде 
автормен 
құрастырылған 
 
Сұраушылардың  жалпы  портреті.  Сауалнамаға  қатысушылардың  екі 
портреті берілген: 
1.
 
Жынысы - «ер адам», «әйел»; 
2.
 
Жасы - «23 жасқа дейін», «23-тен 30 жасқа дейін», «30  жастан 45-
ке дейін» және «45 жастан жоғары». 
Сұралғандардьң  жалпы  портреті  –  35  адамнан:  53,5%  -  әйелдер,  46,5%  - 
еркектер; 
жасына қарай топқа бөлсек:  
23 жасқа дейн - 29,6%,  
23-тен 30 жасқа дейін -23,6%,  
30-дан 45 жасқа дейін - 23,9%,  
45 жастан жоғары- 22,9%.  
Төменде  сұралғандардың  жалпы  портретін  сипаттайтын  диаграмма  беріліп 
отыр (Сурет 6). 
Нарықтық  шаруашылықтың  дамуының  жоғарғы  икемділікпен  өзгеруінің 
негізгі факторы, нарықтың міндетті құрамдас бөлігі кәсіпкерлік екенін бірнеше 
жыл  ішінде  жүргізілген  қайта  құрулардың  нәтижесі  көрсетіп  отыр.  Қоғамның 
тепе-теңдікте дамуы барлық аймақтардың үйлесімді дамуымен байланысты.  
Бүгінгі  таңда  ірі  мемлекеттік  бағдарламалардың  ойдағыдай  жүзеге 
асырылуында  аймақтардың  рөлі  артқанын  байқаймыз.  Сол  себепті 


 
55 
 
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, келешек өрлеуі көбінесе оның 
аймақтарының, облыстарының дамуын басқарумен сипатталады. 
 

жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау