Республикасында


Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің тәуекелділік ерекшеліктері



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет10/17
Дата04.01.2022
өлшемі1,49 Mb.
#31443
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
кәсіпкерлоік оқулық

.
 
 
 
2.2 Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің тәуекелділік ерекшеліктері
 
 
 
Кез-келген  кәсіпкер  өз  жұмысын  жүзеге  асыру  барысында    қандай-да  бір 
кіріс  алу  және  қаржы  жұмсау  т.б.  мақсатты  ұстанады.  Яғни,  ол  өз  жұмысын 
жоспарлайды.  Бірақ,  дамудың  осы  немесе  басқа  да  стратегияларын  таңдай 
отырып,  кәсіпкер  өз  қаражатын  жоғалтуы  немесе  жоспарланған  сомадан  аз 
алуы  мүмкін.  Бұл  компанияның  белгісіз  ахуалда  болуын  көрсетеді.  Компания 
тығырыққа  тірелген  кезде,  басшылыққа  шешім  қабылдауға  тура  келеді,  ол 
шешімдердің  табысты  іске  асырылу  ықтималдылығы  (яғни,  толық  көлемде 
табыс алуы) кәсіпорынға іштей және сырттай әсер ететін көптеген факторларға 
тәуелді. Осындай жағдайда тәуекел ұғымы пайда болады. 
Нарықтық  экономика  жағдайында  кәсіпкерге  тән  қасиеттің  бірі-
тәуекелділік  жасау.  Тәуекелділік  -  бұл  кәсіпкерлер  еркіндігінің  қарсы  жағы. 
Сөздікте  «тәуекелділік»  -  қауіптілік,  пайда  немесе  зиян  болу  мүмкіндігі  деп 


 
61 
 
берілген  [16].  Тәуекелділік  шаруашылық  шешімнің  элементі  ретінде,  оған 
мынандай  анықтама  беруге  болады  -  бұл  нарықтық  қатынастың  кез-келген 
субъектісі  қызметінің  ситуациялық  сипаты.  Өйткені,  кәсіпкерлік  іс  нәтижесі 
бұл  жағдайда  анықталмаған,  өз  іс  әрекетінің  нәтижесі  жағымды  немесе 
жағымсыз,  пайдалы  немесе  зиянды  болуы  ықтимал.  Сондықтан  да  кәсіпкер 
өзінің  нақты  экономикалық  шаруашылық  қызметінде  қажетті  нәтижені  алу 
немесе ала алмау мүмкіндігінің дәрежесін еске алуы қажет. 
Неғұрлым тәуекелділік деңгейі төмен болса, соғұрлым жоғары. Пайда алу 
мүмкіндігі  төмен.  Сондықтанда  кәсіпкерлік  қызмет  субъектілер  міндеті  - 
тәуекелділік теориясына сәйкес, - тәуекелділікті ең төменгі деңгейге жеткізбей, 
қабылданатын шешім мен тәуекелділік деңгейі және нәтижесінің пайдалылығы 
арасындағы қатынастың ең жоғарғы деңгейін табу [17].
 
Тәуекелділік  кез-келген  экономикалық  қызмет  түрлерінде  кездеседі, 
сондықтан  да  олардың  түрлері  аса  көп  және  күрделі.  Оның  негізгілеріне 
мыналарды  атауға  болады:  өндірістік,  қаржылық,  инвестициялық  және 
нарықтық. 
Өндірістік тәуекелділік  - өндірістік қызметтің кез-келген түрін жүргізетін 
өндіріс  және  өнімді  өткізумен  байланысты.  Тәуекелділіктің  бұл  түрі  өндіріс 
және  өнімді  өткізу  көлеміне  материалдық  және  еңбек  шығындарының 
өзгерісіне, баға өзгерісіне байланысты. Өндірістік тәуекелділіктің құрамы: 
-
 
шаруашылық келісімінің орындалмай қалуы қауіпсіздігіне тәуекелділік; 
-
 
нарық 
конъюнктурасының 
өзгерісіне, 
бәсекелестіктің 
күшеюі 
қауіптілігіне тәуекелділік жасау; 
-
 
ойламаған шығындардың болуына тәуекелділік жасау; 
-
 
кәсіпорынды жоғалту мүмкіндігіне тәуекелділік. 
Шаруашылық  келісімінің  орындалмауының  себебі  серіктестерінің  төлем 
қабілеттілігінің болмауынан туындайды. Ал, нарық конъюнктурасының өзгеруі 
және бәсекелестіктің шиелене түсу себебі маркетингтік саясаттың жетілмеуінен 
болуы  мүмкін.  Өнім  өткізу  нарығын  дұрыс  таңдай  алмауы,  бәсекелестер 
жөніндегі  ақпараттардың  дұрыс  болмауы,  құпия  ақпараттардың  қолды 
болуынан  болады.  Сонымен  қатар  қазіргі  дағдарыс  жағдайында  ресурстарға 
бағаның  өсуі  ойланбаған,  жобаланбаған  шығындарды  тудырады.  Ресурстар 
нарығының  конъюнктураларын  жобалау  және  талдау  арқылы  мұндай 
тәуекелділік түрлерінен келетін зиян шегуді азайтуға тіптен жоюға да болады.  
Кәсіпорынның  өз  мүлкін  жоғалту  себебі  әртүрлі  апаттық  жағдайлардан 
болады:  жер  сілкінуі,  су  тасқынынан  өрттен  және  т.б.  ұрлықтан,  өндіріс 
апатынан т.б. Бұдан сақтану жолдары: мүлікті сақтандыру (өрттен, апаттан т.б.)  
Қаржы  саласындағы  тәуекелділік  -  осы  салада  субъектілер  кәсіпкерлік  іс 
жүргізгенде  немесе  қаржы  келісім  жасағанда  валюта-  ақша  операцияларының 
шектеулі болуынан да болуы мүмкін. 
Инвестициялық  тәуекелділіктің
 
болу  себебі  өзінің  және  алынған  бағалы 
қағаздардың  құнсыздануынан  болады  [18].  Сонымен  кәсіпкерлік  қызмет 
субъектілері тәуекел жасау тән. Бірақта, сол іске тәуекел жасағанда, ол негізге 
сүйенуі  керек.  Ойланбаған  шығындардың  кездесуі  мүмкін,  әңгіме  оны 


 
62 
 
болдырмау  емес,  одан  шегетін  зиянды  азайту  үшін  алдын-ала  нақты  шаралар 
белгілеу  қажеттілігі  туады.  Болашақ  іс  жоспарын  жасағанда  немесе  келісім-
шартқа тұрғанда мұндай жағдайлар жан-жақты талданып, құжаттарда көрсетіп, 
маркетингтік  стратегиядан  да  орын  берілуге  тиіс.  Міне,  сонда  ғана  іскерлік 
қызмет субъектілері өзінің алдына қойған негізгі мақсатына жетіп, тұрақты да 
табысты жұмыс істеуіне сенім болады. 
Бірақта,  нарықтық  экономика  жағдайында  кәсіпкерлік  іс  жүргізуде  қауіп-
қатер  болуы  мүмкін.  Әңгіме  сондай  қауіп-қатерден  қашқақтау  немесе  оны 
болдырмау  емес,  оны  алдын-ала  білу  және  оның  келтіретін  зардабын  азайту 
қажет  болады.  Қазіргі  экономикадағы  кәсіпкерліктің  қауіп-қатерінің  күшейе 
түсу себептері мына жағдайларға тікелей байланысты: экономикалық қызметті 
ретке  келтіретін  заңдар  мен  нормативті  актілердің  тез  өзгеруі  және  олардың 
нақты  өмірге  еңбеуі  мен  шарушылықты  жүргізетін  барлық  деңгейдегі 
субъектілердің жауапсыздығы.  
Кәсіпкерлік  қызметтің  кейбір  түрлеріндегі  қауіп-қатерге  тәуекелділік 
жасау  деңгейін  есептеп,  анықтауға  болады.  Мәселен,  мүлікті,  денсаулықты 
және  адам  өмірін  сақтандыруға  болады.  Ал,  кәсіпкерлік  аясындағы  қызметтің 
басқа түрлерінде кездесетін қауіп-қатер деңгейін анықтау тәсілдері жоқ.  
Кәсіпкерлікте  кездесетін  қауіп-қатерлікке  тәуекелділік  жасау  жолында 
мынандай  түсініктер  кездеседі  -  «шығын»,  «зиян»  және  «жоғалту».  Мұның 
ішінде  «шығынды»  алатын болсақ,  оның  әрқашанда болуы  шарт,  өйткені,  көп 
пайданы,  тек  жұмсалатын  шығындарды  азайту  арқылы  ғана  қол  жеткізуге 
болады,  ал  зиян  шегу  тек  қана  істің  сәтсіздікке  ұшырауының  нәтижесінде 
болатыны белгілі. Бұдан біз қауіп-қатердің сапалық және сандық көрсеткіштері 
болатынын айтуымыз керек.  
Қауіп-қатерге  тәуекел  жасаудың  сандық  көрсеткіштерінің  шегі  болады. 
Оған байланысты мына түсініктерді енгізуге болады: 
1)
 
Тәуекелділік  жасауға  мүмкін  болатын  аймақ.  Бұған  кәсіпкерлік 
қызметтің  экономикалық  тиімділігін  сақтай  алатын  түрі  жатады.  Былайша 
айтқанда  түсетін  пайдадан  жұмсалған  шығын  аз  болу  керек.  Тек  кәсіпкерлік 
пайданы  белгіленген  мөлшерден  кем  алу  қауіпі  туады.  Бұл  жағдайда  тәуекел 
жасау  зонасының  шегі  шығын  деңгейінің  есептегі  (белгіленген)  пайда 
мөлшеріне тең болуына сәйкес келеді.  
2)
 
Тәуекелділік  жасаудың  екінші  түрі  -  өте  қиын  жағдайда  тәуекел  жасау 
аймағы.  Мұнда  зиян  белгіленген  пайда  мөлшерінен  жоғары  болу  қауіпі  мен 
сипатталады.  Зиян  тіптен  белгіленген  пайдамен  жұмсалған  шығын 
қосындысына  жетуі  де  мүмкін.  Сонда  кәсіпкер  пайда  алмақ  түгел  барлық 
жұмсалған шығынының көлемінде зиян шегеді. 
3)
 
Апатты  қауіп-қатерлі  аймақ.  Мұнда  кәсіпкер  өз  мүлкінің  құнына  тең 
болатын зиян шегеді. Бұндай зиян шегу кәсіпорынды жабуға, өз мүлкін сатуға 
мәжбүр  етеді.  Бұған  адам  өміріне  өте  қатерлі  немесе  экологиялық  апаттың 
болуы да мысал бола алады. Аталған қауіп-қатердің үш түрінің әр қайсысының 
деңгейін  анықтауға  болады.  Оны  мына  12-кесте  түрінде  сызып  көрсетуге 
болады:  


 
63 
 
Кесте 12 
Кәсіпкерлік қызметтегі қауіп-қатер деңгейі 
Шығын деңгейінің болу мүмкіндігі 
Ш1 
Ш2 
Ш3 
Ш4 
Ш5 
Зиян деңгейінің болу мүмкіндігі 
В1 
В2 
В3 
В4 
В5 
 
Бірінші жолға = пайда, кіріс, шығын, түсім жазылады. Ал, екінші жолға- әр 
зиян деңгейі жазылады. Мұны қисық арқылы да жазуға болады: 
Кәсіпкерліктің қауіп-қатерін бағалауда уақыт факторының маңызы аса зор. 
Біріншіден,  тәуекелділік  кәсіпкерлік  жобаны  жүзеге  асыру  уақыт  ұзақтығына 
тікелей  байланысты.  Сондықтанда  жобаны  ең  аз  мерзімде  жүзеге  асыруды 
талап етеді. 
Екіншіден,  зиян  шегу  мүмкіндігі  уақытқа  байланысты  өзгеріп  отырады. 
Бұған орай жобаланған ең бастапқы және ағымдағы күнделікті кездесетін қауіп-
қатер  зардабынан  болатын  зиянды  бөліп  қарауға  болады.  Жобада  белгіленген 
шығынға  қарағанда,  ол  жобаны  жүзеге  асыру  кезіндегі  ағымдағы  қауіп-қатер 
нәтижесіндегі зиян асып кетуі де мүмкін.  
Барлық  зиянды  кәсіпкерлік  қызметтің  түріне  қарай:  материалдық,  еңбек, 
қаржы  және  басқа  арнайы  болатын  шығыны  деп  төртке  бөлуге  болады  (сурет 
9): 
Материалдық  зияндарға  кәсіпкерлік  жобада  қаралмаған  және  қосымша 
немесе  тікелей  жолмен  жұмсалған  (не  жойылған)  материалдық  объектілерді 
жатқызуға болады.  
Бұл  зияндарды  бір  өлшеммен  өлшеу  мүмкін  емес,  сондықтан  да 
тәжірбиеде  жоғалған  материалдық  объектілердің  бәрін  ақша  формасында  ғана 
есептеуге тура келеді. Еңбек шығынына уақыт өлшемі алынады, бұл кездейсоқ 
жағдайлар нәтижесінде болуы мүмкін. Тікелей еңбек шығынын адам-сағат, күн, 
апта,  ай  т.б.,  сонан соң  бір  сағаттың  құнына көбейтуге  болады.  Ал,  қаржылай 
зиян тікелей ақша өлшемімен есептеледі.  
 
 В    
Вв 
  0,8 
 

Вдп 
  0,6 
   

 Вкр 
  0,4 
                         3 
    
Вкт 
   0,2 

 
 
 
     0 
П1 
П2 
П3 
П4 
П 
 
Сурет 9. Қауіп-қатер аймағы 


 
64 
 
Мәселен,  уақыт  шығынына  мынандай  мысалды  алуға  болады,  айталық 
кәсіпкерлік қызметінің үрдісі белгіленген мерзімінен көп кеш басталды. Демек, 
біраз уақыт зая кетті, соның бәрін есептеуге де болады: сағатпен немесе күн т.б. 
Бұдан  басқа  белгілі  бір  бағыттағы  арнайы  кеселдер  де  кездеседі.  Бұған 
адамның  денсаулығына  адам  өміріне,  қоршаған  ортаға,  кәсіпкердің  арына 
нұқсан  келтіретін  әлеуметтік-моральдық  және  психологиялық  фактор 
нәтижесінде болатын жағдайларды жатқызуға болады.  
Кәсіпкерлік  қызмет  түріне байланысты  зиян  құрылымын былайша бөлуге 
болады: өндірістік, саудалық (коммерциялық) және қаржылық.  
Өндірістік  саладағы  кәспікерліктен  шегетін  зиян  түрлеріне  мыналарды 
атауға  болады:  еңбек  өнімділігінің  кемуі  нәтижесінде,  құрал  жабдықтардың 
босқа тұруы салдарынан немесе өндіріс қуатын толық пайдаланбаудан өндіріс 
көлемінің кеміп кетуі әйтпесе өнім сатудың азаюы. 
Мұнымен қатар өндірістік шығынға өнім сапасының төмен болуынан оның 
сату  бағасының  кемуі,  нарық  конъюнктурасының  ауытқуы,  сұранымының 
азайып кетуі кәсіпкерлерді көп шығынға ұшыратады. Бұған салықтың шамадан 
тыс артуы да әсер етеді. 
Сонымен  қатар  сауда  саласында  да  кәсіпкерлер  зиянға  ұшырауы  мүмкін. 
Мәселен,  жобада  ескерілмеген  жағдайларға  байланысты  тауардың  сатып  алу 
бағасының қымбаттауы кәсіпкер түсімін азайтады.  
Мұнымен  қатар  айналым  үрдіснде  де  тауардың  кейбір  бөлігін  кәсіпкер 
жоғалтуы  мүмкін.  Айталық,  өнімді  сақтау  немесе  тасымалдау  сатыларында 
кездеседі. Өнім сапасын кеміту нәтижесінде тауар құнының кемуі, немесе баж 
салығының  артуы,  айып  төлеу  және  басқада  қосымша  шығындардың  көбеюі 
болады. 
Кәсіпкерлер  қаржы  саласында  көптеген  зиян  шегуі  мүмкін,  бұны  сауда 
саласына  да  жатқызуға  болады.  Мұнда  тауар  ролінде  бағалы  қағаздар  валюта 
болуы  мүмкін,  уақытылы  төленбеген  қаржы  агенттігінің  төлемі,  ақша-валюта 
бағамының өзгеруі мүмкін. 
Сонымен  экономиканың  қай  аясында  болмасын  кәсіпкер  тәуекелділік 
жасап қаржы жұмсайды, бірақ оның пайда алуына ешкім де кепілдік бермейді. 
Сондықтан да тәуекелділік жасау бір негізге сүйену керек. Ол негіз алдын-ала 
алынған ақпарат мәліметтері болуға тиіс.  
Тәуекел – жеке кәсіпкерлік субъектісінің қызметі нәтижесінде салдарының 
ауырлық  дәрежесі  ескеріле  отырып,  адамның  өмірі  мен  денсаулығына, 
қоршаған  ортаға,  мемлекеттің  мүліктік  мүдделеріне  зиян  келтірудің 
ықтималдығы. 
Тәуекелдерді  бағалау  жүйесі  –  бақылау  және  қадағалау  функцияларын 
жүзеге  асыруға  уәкілетті  мемлекеттік  орган  тексерулерді  жоспарлау 
мақсатында жүргізетін іс-шаралар кешені. 
Тәуекел  дәрежесін  бағалау  критерийлері  –  жеке  кәсіпкерлік  субъектісінің 
тікелей  қызметімен,  салалық  даму  ерекшеліктерімен  және  осы  дамуға  әсер 
ететін  факторлармен  байланысты,  жеке  кәсіпкерлік  субъектілерін  әртүрлі 


 
65 
 
тәуекел  дәрежесіне  жатқызуға  мүмкіндік  беретін  сандық  және  сапалық 
көрсеткіштердің жиынтығы. 
Жалған  кәсіпорын  –  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес 
құрылуы  және  (немесе)  оған  басшылық  етілуі  соттың  заңды  күшіне  енген 
үкімімен  не  қаулысымен  жалған  кәсіпкерлік  деп  танылған  жеке  кәсіпкерлік 
субъектісі.  
Жеке  кәсіпкерлік  субъектілері  тәуекел  дәрежесіне  қарай  жоғары,  орташа 
не  төмен  тәуекел  топтарына  жатқызылады  және  олар  үшін  жоспарлы 
тексерулер жүргізудің: 

 
жоғары тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен; 

 
орташа тәуекел дәрежесі кезінде – үш жылда бір реттен; 

 
төмен  тәуекел  дәрежесі  кезінде  –  бес  жылда  бір  реттен  жиі  емес 
кезеңділігін айқындайды. 
Тәуекелді  бағалау  критерийлерін  анықтауда  салық  қызметі  органдары 
салық  төлеуші  ұсынған  салық  есептілігінің  деректеріне,  уәкілетті органдардан 
алынған  мәліметтерге,  сондай-ақ  салық  төлеушінің  қызметі  туралы  басқа  да 
құжаттарға және (немесе) мәліметтерге талдауды жүзеге асырады. 
Тапсырылған салық есептілігі бойынша мәліметтерді талдауды іске асыру 
үшін  салық  төлеушілердің  дербес  шоттары  бойынша  бұрынғы  жүргізілген 
салық  тексерулерінің  нәтижелері  туралы,  салық  есептілігінің  мерзімінде 
тапсырылуы туралы, салық төлеушінің тіркелу деректері туралы және басқада 
салық  органдарының  өкіміндегі  салық  төлеушілер  туралы  мәліметтер 
пайдаланылады.  
Тәуекелді бағалау критерийлері мынадай тәртіпте анықталады (кесте 13):  
 
Кесте 13 
Тәуекелді бағалау критерийлері мен ерекшеліктері 
 
№  Тәуекелді бағалау критерийлері 
 

ортасалалық 
салықтық 
жүктеменің 
коэффиценттік 
белгісінен 
төмен 
салық 
төлеушінің 
салықтық 
жүктемесінің коэффицентті: 
25 пайыздан аз болса - 10 балл; 
25  пайыздан  50  пайызға  дейін  -  20 
балл; 
50  пайыздан  75  пайызға  дейін  -  30 
балл; 
75 пайыздан артық болса - 60 балл. 

жалған  кәсіпорындармен,  әрекет 
етпейтін  салық  төлеушілермен 
және  сот  олардың  тіркеуін 
заңсыз 
деп 
таныған 
кәсіпорындармен,  сондай-ақ  сот 
кәсіпкерлік 
қызметті 
жүзеге 
асыру  ниетінсіз  деп  таныған 
мәмілелерді жүзеге асыру: 
 

 
егер  мәмілелер  сомасы  500  мың 
теңгеге дейін болса, онда – 5 балл; 

 
егер  мәмілелер  сомасы  500  мың 
теңгеден  10  млн.  теңгеге  дейін  болса, 
онда – 20 балл; 

 
егер  мәмілелер  сомасы  10  млн. 
теңгеден артса, онда – 60 балл; 


 
66 
 
Кесте 13-тің жалғасы 

нөлдік 
көрсеткіштермен 
корпоративтiк табыс салығы мен 
қосымша  құн  салығы  бойынша 
салық 
есептілігін 
тапсырған 
кезде шот-фактураларды көшіріп 
беру: 
 

 
салық есептілігі мен нысандарының 
айналымы  мен  шот-фактураларды 
көшіріп 
берудің 
араларындағы 
алшақтық  500  мың  теңгеге  дейін 
болса, онда – 5 балл; 

 
500  мың  теңгеден  10  млн.  теңгеге 
дейін болса, онда – 10 балл; 

 
10  млн.  теңгеден  артса,  онда  –  50 
балл; 

еңбекақы 
төлеу 
қорының 
жылдық 
жиынтық 
табысқа 
қатынасы: 
 

 
0,1% кем болса, онда – 50 балл; 

 
0,1%-тен 0,5% дейін болса, онда – 30 
балл; 

 
0,5%-тен астам  1% дейін болса,  онда 
– 10 балл; 

салық  төлеушілер  активтерінің 
жиынтық 
жылдық 
табысқа 
қатынасы: 
 

 
0,1% кем болса, онда – 50 балл; 

 
0,1%-тен 0,5% дейін болса, онда – 30 
балл; 

 
0,5%-тен астам  1% дейін болса,  онда 
– 10 балл; 

егер  басшы  немесе  құрылтайшы 
әрекет 
етпейтін 
салық 
төлеушілердің, 
жалған 
кәсіпорындардың 
және 
сот 
олардың  тіркеуін  заңсыз  деп 
таныған 
кәсіпорындардың 
сондай-ақ 
сот 
кәсіпкерлік 
қызметті  жүзеге  асыру  ниетінсіз 
мәмілелер 
деп 
таныған 
кәсiпорынның  басшысы  және 
(немесе)  құрылтайшы  болып 
табылса:  
 

 
егер 
басшы 
және 
(немесе) 
құрылтайшы  әрекет  етпейтін  салық 
төлеушілердің басшысы және (немесе) 
құрылтайшысы болып табылса, онда – 
10 балл;  

 
егер 
басшы 
және 
(немесе) 
құрылтайшы  тіркеуін  заңсыз  деп 
таныған  кәсіпорындардың  басшысы 
және  (немесе)  құрылтайшысы  болып 
табылса, онда – 20 балл; 

 
егер 
басшы 
және 
(немесе) 
құрылтайшы  сот  кәсіпкерлік  қызметті 
жүзеге  асыру  ниетінсіз  мәмілелер  деп 
таныған  салық  төлеушілердің  және 
жалған  кәсіпорындардың  басшысы 
және  (немесе)  құрылтайшысы  болып 
табылса, онда – 30 балл. 

 
Салық  органдарында  жылына  2 
және  (немесе)  одан  артық  есептен 
шығару  және  есепке  қою  (бiр 
облыстағы  есептен  шығару  және 
басқаға есепке қою) – 30 балл. 
 


 
67 
 
Салық  төлеушілерді  тәуекел  дәрежесіне  тәуекелдiң  әрбiр  критерийлері 
бойынша  салық  бақылауын  жүзеге  асыратын  уәкiлеттi  орган  шектi  мөлшері 
болатын және белгілейтін тиiстi баллдар беріледі.  
Тәуекелдер критерийлері бойынша баллдар барлық критерийлері бойынша 
жалпы жиынтық қорытындысын айқындау үшін жинақталады. 
Тәуекелдер 
критерийлері 
бойынша 
жиынтық 
қорытындысының 
нәтижелерi 
салық 
төлеушілерді 
тәуекелдердiң 
дәрежесі 
бойынша 
дифференциациялау үшін қолданылады. 
Салық 
төлеушілерді 
тәуекелдердiң 
санаттары 
бойынша 
дифференциациялау былайша жүргізілді: 

 
жоғары тәуекел дәрежесі – 100 (қоса алғанда) және одан астам балл; 

 
орташа тәуекел дәрежесі – 50-ден (қоса алғанда) 100-ге дейін балл; 

 
төмен тәуекел дәрежесі – 50 баллға дейін.  
Тәуекелдердің  жоғары  (жоспарланған  салық  тексерулерінің  жалпы 
санынан  80%),  орташа  (15%)  және  төмен  (5%)  деңгей  дәрежелеріне 
жатқызылған салық төлеушілер салық тексерулерінің жоспарына енгізіледі.  
Тәуекелдерді  бағалау  салық  бақылауын  жүзеге  асыратын  уәкiлеттi  орган 
жүзеге асырады.  
Тәуекелдің бір тобы ішінде жоспарлы салық тексерулерін жүргізуге салық 
төлеушілерді таңдап алу мынадай принциптер бойынша жүзеге асырылады: 

 
тауарды (жұмысты, қызметтерді) өткізуден түскен табысы 1,0 млн. теңге 
және одан астам; 

 
берілген баллдардың барынша жоғары сомасы; 

 
берілген баллдардың сомасы бірдей болған жағдайда, тексеру жүргізуге 
жылдық жиынтық табысының мөлшері көп салық төлеуші таңдап алынады; 

 
берілген  баллдардың  сомасы,  сондай-ақ  жылдық  жиынтық  табысының 
мөлшері  бірдей  болған  жағдайда,  тексеру  жүргізу  жоспарына  тексерілмеген 
салық кезеңі барынша көп салық төлеуші таңдап алынады. 
Салық  тексерулерін  жүргізуге  мониторингке  жататын  ірі  салық 
төлеушілерді  таңдап  алу  осындай  тексерулер  жүргізуге  тиісті  тәжірибесі  бар 
аудиторлар  саны  штатына  сүйене  отырып,  өңірлер  қимасында  мынадай 
өлшемдер бойынша жүзеге асырылады: 

 
тексерулер 4 жылдан және одан артық жүргізілмеген салық  кезеңі; 

 
егер  жекелеген  өңірде  таңдау  нәтижесiнде  ірі  салық  төлеушілердің 
айтарлықтай  саны  тексеруге  жататын  болған  жағдайда,  тексерулер  жүргізу 
үшін басымдық жылдық жиынтық табысының мөлшері ең жоғарысына берілуі 
тиіс. 
Қазақстан  агроөнеркәсіп  кешенінің  (АӨК)  дамуының  ерекше  шарттары, 
аграрлық  нарықтың  ырықсыздануының  артуы  шаруашылық  қызметінің 
экономикалық тиімділігі мен тұрақтылығының ішкі және сыртқы факторларын 
жүйелік  талдау  негізінде  өндірістік-экономикалық  қызметтің  тәуекелді  ескере 
отырып  дайындалған  ұтымды  стратегияларын  қалыптастыру  мен  талдау 
құралдарын дайындауды талап етеді.  


 
68 
 
Өнімділіктің  тұрақсыздығы  және  өндірістік  ресурстар  нарығындағы, 
әсіресе,  ауыл  шаруашылығы  өнімдері  нарығындағы  бағаның  тұрақсыздығы, 
сонымен бірге кәсіпорындардың қаржы ресурстарының құрылымының оңтайлы 
болмауы  мен  олардың  жағдайының  аграрлық  саясаттағы  өзгерістерге 
тәуелділігі  –  аграрлық  саладағы  тәуекелдің  неғұрлым  маңызды  көздері  болып 
саналады. Тәуекелді бағаламау мен оны төмендету тәсілдерін дұрыс қолданбау 
кәсіпкерлікті күрделі қаржылық мәселелерге алып келетінін тәжірибе көрсетіп 
отыр.  Ел  Президентінің  Қазақстан  халқына  2010  жылғы  жолдауында  да  АӨК 
туралы айрықша айтылып, оның дамуы арқасында еліміз үшін аса маңызды екі 
міндет  –  азық-түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мен  экспортты 
әртараптандыру  міндетін  жүзеге  асыру  қарастырылған.  Сол  себепті  ауыл 
шаруашылығы мен тұтастай сала кәсіпорындарының экономикалық тиімділігін 
жоғарылату  мен  тұрақты  дамытуда  тәуекелді  талдау  мен  оған  қарсы  тұру 
әдістерін жетілдіру үлкен маңызға ие.   
Нарықтық  экономика  жағдайында  ауыл  шаруашылығында  тәуекелді 
басқару  үшін  түрлі  стратегиялар  қолданылуы  мүмкін,  атап  айтсақ:  салаларды 
үйлестіру,  өндірісті  түрлі  табиғи-экономикалық  аудандарда  орналастыру, 
жергілікті  табиғи-экономикалық  жағдайларға  бейімделген  технологияларды 
қолдану, сақтандыру, несиелендіру, ауыл шаруашылығы өндірісінен тыс табыс 
көздерін  іздестіру.  Отандық  экономикалық  ғылымда  тәуекелді  төмендетудің 
аталып  өткен  стратегияларының  әрқайсысын  қолданудың  теориялық  және  
қолданбалы  аспектілері  жөнінде  зерттеулер  аз  емес.  АӨК  экономикасында 
нарықтық қатынастардың дамуына байланысты ауылшаруашылығы өндірісінің 
экономикалық  тиімділігін  арттыруда  тағы  да  бір  маңызды  стратегия  –  өнім 
өндірісі  мен  оны  сату  көлемін  тәуекелді  ескере  отырып  уақыт  бойынша 
оңтайлы  бөлу  ерекше  орынға  ие  болып  отыр.  Бұл  аграрлық  нарықтағы 
бағалардың  динамикасының  ерекшелігі,  бірінші  кезекте,  олардың  маусымдық 
сипаты  тек  тәуекелдің  көзі  ғана  емес,  өнімді  сату  саясатын  шебер  басқарған 
жағдайда өндірістің экономикалық тиімділігін жоғары деңгейде ұстаудың көзі 
де бола алатындығымен түсіндіріледі.  
Бірақ,  қазіргі  күні  аграрлық  экономикада  жиі  орын  алатын  тәуекел  мен 
анықсыздық  факторларын  есепке  ала  отырып,  осы  мәселенің  теориялық  және 
қолданбалы  аспектілерін  жан-жақты  және  терең  зерттеулердің  тапшылығы 
айқын  сезіледі.  Ауыл  шаруашылығы  өндірісі  мен  АӨК  нарығының  өзіндік 
ерекшеліктері  осындай  зерттеулер  жүргізіп,  өндірілген  өнімнің  сатылатын 
көлемі  мен  сату  уақытын  оңтайландыру  бойынша  тиісті  әдістемелер 
дайындауға кеңінен мүмкіндік береді. 
Анықсыздық  –  шаруашылықты  жүргізудің  ажырамас  сипаттамасы 
болуына байланысты, тәуекел – кез-келген шаруашылық шешімін қабылдаудың 
объективті  элементі  болып  саналады.  Шаруашылық  тәуекелінің    ауыл 
шаруашылығы  өндірісіне  тән    келесідей  түрлері  мен  көздерін  бөліп  көрсетуге 
болады:  
1) өндірістік тәуекел;  
2) бағалық немесе нарықтық тәуекел;  


 
69 
 
3) институционалдық тәуекел;  
4)  адам факторы тәуекелі;  
5) қаржылық тәуекел;  
6) мүліктік тәуекел;  
7) келісім-шартты орындамау тәуекелі.  
Аталып өткен тәуекел түрлері мен олардың көздерінің ауыл шаруашылығы 
кәсіпорындары  үшін  маңыздылығы  олардың  өндірістік  бағытына  байланысты 
әртүрлі  болғанымен,  сүт-ет  бағытындағы  шаруашылықтар  тәуекелдің  ең 
маңызды  көзі  ретінде  өнім  бағасын  көрсетеді,  себебі  мал  шаруашылығы 
өнімдері нарығында бағаның маусымдық құбылуы айқын байқалады.  
Мал  шаруашылығы  өнімдерінің  бағаларының  тұрақсыздығы  сала 
өнімдеріне сұраныс пен ұсыныстың икемсіздігімен, өндіріс көлемі мен бағаның 
маусымдық  сипатымен  байланысты.  Сұраныс  пен  ұсыныстың  салыстырмалы 
түрдегі  елеусіз  өзгерісінің  өзі  бағаның  күрт  өзгеруіне  алып  келеді.  Мал 
шаруашылығы  өнімдерін  өндірушілер  өндіріс  циклының  ұзақтығына 
байланысты сұраныс пен ұсыныстың өзгерісіне, оның нәтижесінде туындайтын 
баға құбылуына жылдам икемделе алмайды. Сонымен қатар, елімізде «өндіріс-
сату-өңдеу»  үрдістерінің  баға  тізбегінде  тауар  өндіруші    бағасы  мен  өңдеуші 
кәсіпорындардың сатып алу бағасы, өнімді соңғы тұтынушы сатып алатын баға 
арасында  үлкен  алшақтық  байқалады.  Мал  шаруашылығының  негізгі  өнім 
түрлерінің  бөлшек  саудадағы  бағасы  фермерлік  бағадан  орта  есеппен  алғанда 
60%-ға  жоғары  болса,  осындай  алшақтық  сүт  өндірісінде  2  еседен  астам. 
Мұндай  жағдай  ең  алдымен  тауар  қозғалысында  сауда-делдалдық 
құрылымдардың  санының  артықшылығымен,  өнімді  тасымалдау  мен  сақтауға 
кететін  шығындардың  жоғары  болуымен  байланысты.  Мұның  барлығы  соңғы 
өнім бағасының жоғарылап, пайданың негізгі бөлігінің айналыс аясында қалып 
коюына  ықпал  етеді,  демек  баға  қалыптастыру  жүйесі  соңғы  өнім  бағасының 
төмендеуіне  ықпал  етуге  бағытталмаған.  Сауда  саласында  бөлшек  сауда 
бағалары реттелмейді және олар бір сауда орнының өзінде елеулі ерекшеленеді. 
Сонымен  бірге,  мал  шаруашылығы  өнімдерінің  импорттық  бағаларының 
фермерлік бағадан төмен болуына орай, көтерме құрылымдар үшін импорттық 
өніммен  сауда  жасаған  тиімді.  Осы  жағдай  Отандық  мал  шаруашылығы 
өнімдерін  өткізуде  қиыншылықтар  тудырып,  нарықта  импорттық  өнімнің 
үлесінің өсуіне өзіндік ықпалын тигізіп отыр.  
Қазіргі  күні  елімізде  ауыл  шаруашылығы  тауар  өндірушілерінің  табысын 
қолдау  мақсатында  өсімдіктер  мен  малдарды  қорғау  шараларына,  элиталы 
тұқым  шаруашылығы  мен  асыл  тұқымды  мал  шаруашылығын  дамытуға 
мемлекеттік  қолдау  көрсетіледі,  жанар-жағар  май,  тыңайтқыш  алуға  кеткен 
шығындардың  бір  бөлігі  мемлекеттік  бюджет  есебінен  өтеледі.  Бірақ,  қазіргі 
уақытта ҚР Үкіметінің аграрлық өндірістің тәуекелділігін ескере отырып ауыл 
шаруашылығы өндірісін кең көлемде бағалық қолдау саясаты жоқ.  
Осындай  жағдайда  ауыл  шаруашылығы  нарығында  тәуекелді  басқарудың 
мемлекеттің қатысуынсыз жүзеге асырылатын, тиімді және ауыл кәсіпкерлеріне 
тәуекелді  басқару  үрдісін  адекватты  ұғынуға  мүмкіндік  беретін  құралдарын 


 
70 
 
ұсыну мәселесі туындап отыр. Оған жауап ретінде - өнімді сату көлемін уақыт 
бойынша  оңтайландыруды  атап  өтуге  болады.  Себебі  ауылшаруашылық 
дақылдарының  көбінің  нарығына  бағаның  маусымдық  құбылуы  тән,  өйткені 
саладағы  өндірістің  өзі  маусымдық  сипатқа  ие.  Мұндай  жағдайда  
ауылшаруашылық  кәсіпорнының  табысын  өнім  бағасының  динамикалық 
ерекшеліктерін максималды ұтымды ескеретін нарықтық стратегиялар арқылы 
барынша  жоғарылатуға  ұмтылу  қажет.  Ол  үшін  ауылшаруашылық  дақылдары 
нарығындағы  баға  тұрақсыздығын  ескере  отырып  өнімді  сақтау  мен  сату 
саясатын  оңтайландыру  есебін  шешу  керек.  Бұл  мәселе  бір  қарағанда  жеңіл 
болып көрінгенімен, өте күрделі мәселе болып саналады. Себебі өнімді жинау 
кезеңі  аралығындағы  уақытта  өнім  бағасы  тұрақты  болмайды,  ол  үнемі 
құбылып  тұрады.  Ұзақ  уақыт  бойы  сақтауға  келетін  астық,  картоп,  кейбір 
көкөніс  түрлері  секілді  ауыл  шаруашылығы  өнімдері  үшін  бұл  есеп  өнім 
жиналғаннан кейінгі кезеңде дайын өнім қорын басқару есебі болып саналады. 
Ал  өнімі  негізінен  сақтауға  келмейтін  мал  шаруашылығында  өнімді  өткізуді 
басқару  есебі  өндірістің  өзін  уақыт  бойынша  жоспарлауға  қатысты.  Мал 
шаруашылығы өнімдері нарығына тән осындай ерекшеліктерді ескере отырып, 
жыл маусымдары бойынша сүт өндіру жоспарын оңтайландыруға бағытталған 
әдістемелерде  сүт  өндіруді  жоспарлаумен  байланысты  басқару  шешімдерін 
қабылдауда маңызды орынға ие екі негізгі фактор: сүт өнімдері нарығына тән 
баға  анықсыздығы  мен  кәсіпкердің  шаруашылық  (кәсіпкерлік)  қызметте  ауыл 
шаруашылығы  өнімдері  мен  ауыл  шаруашылығы  ресурстарының  бағасының 
анықсыздығына  байланысты  туындайтын  тәуекелге  қатынасы  ескерілмеген. 
Мал  шаруашылығы  саласының  аталып  өткен  ерекшеліктері  өнімді  өткізу 
саясатын  оңтайландыру  есебін  шешуде  тәуекелді  есепке  алудың  сәйкес 
әдістемелерін қолдануды көздейді. 
Соңғы  жылдары  жүргізілген  экономикалық  реформалардың  нәтижесінде 
ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  көлемі  өсу  тенденциясына  ие  болып,  мал 
шаруашылығы саласында соңғы жылдары мал басы мен құс санының өсімі 3-
5%, мал шаруашылығы өнімдерін жеке түрлерін  өндіру көлемінің өсімі 3-7% 
құрады.  
Дегенмен,  саланың  өндірістік,  қаржылық  көрсеткіштері  жақсарғанымен, 
ауыл  шаруашылығы  өзінің  құлдырау  алдындағы  1990-жылғы  деңгейіне  жете 
алған  жоқ,  2009  жылы  ауыл  шаруашылығының  жалпы  өнімі  1990  жылдың 
79,5%  деңгейінде  болса,  бұл  көрсеткіш  өсімдік  шаруашылығында  105,2%,  ал 
мал  шаруашылығында  60,3%  болды.  Өндіріс  көлемінің  артуы  мен  ауыл 
шаруашылығының 
дамуының 
тұрақтануына 
қарамастан 
ауыл 
шаруашылығының жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) құрылымындағы үлесі 1990 жылғы 
34%-дан  2009  жылы  6%-ға  дейін  кеміп  отыр,  оның  себебі  басқа  салалардағы 
экономикалық өсімнің аграрлық саладағы өсімнен жоғары болуына орай орын 
алған экономикадағы құрылымдық өзгерістер. 
Мал  шаруашылығында  сүт  өндірісінің  маңызы  үлкен,  біріншіден,  2009 
жылғы  ауыл  шаруашылығы  өндірісіндегі  сүт  өндірісінің  үлесі  14,2%,  ал  мал 
шаруашылығы  өніміндегі  үлесі  32,4%  болса,  екіншіден,  сүт  адамзаттың 


 
71 
 
тұтынуындағы  міндетті  және  айырбасталмайтын  тағам.  Соңғы  жылдары 
республикамызда  сүт  өндірісі  тұрақтанып,  сүт  және  сүт  өнімдері  нарығының 
дамуы  байқалуда.  Оның  жыл  сайынғы  орташа  өсімі  4,9%  құрап  отыр.  Сүт 
өндірісі  жыл  сайын  өсіп  отырғанымен,  ол  ішкі  сұранысты  толық  қамтамасыз 
ете 
алмайды. 
Ішкі 
нарықтағы 
жетіспеушілік 
импорт 
есебінен 
қанағаттандырылып отыр. Елімізге әкелінетін сүт өнімдерінің импортының көп 
бөлігін  сыр,  қойытылған  сүт,  құрғақ  сүт,  сары  май  алады.  Ал  экспорт  көлемі 
жыл сайын кеміп келеді. Оның көлемі 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 
төрт еседей кеміген. Оның негізгі себептері ретінде ішкі нарықта құрғақ сүтті 
тұтыну көлемінің өсуі мен  отандық өнімдердің бағалық бәсеке қабілетсіздігін 
атап өтуге болады. Сонымен бірге, сүт өнімдерінің ішкі нарығын зерттей келе, 
сүт өндірісіне қатысты екі мәселені атап өту керек: шикі сүттің сапасы және сүт 
өндірісінің  маусымдылығы.  Бұл  сүт  өндірісінің  аз  көлемде  ұсақ 
шаруашылықтарда шоғырлануына,  сүтті  өңдеу  технологиясының  дамымауына 
байланысты. 
Республикамызда  ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің  бағаларын  реттеу 
тетіктерінің  болмауына, сүт  және  сүт өнімдерінің ассортиментінің көптігі  мен 
өндірістің түрлі технологияларын қолдануға байланысты бір облыстың шегінде 
бағаның түрлі болуы орын алады: 1 л сүттің бағасы 60 теңге болуы немесе 250 
теңгеден  (ультрапастерленген)  артып  кетуі  де  мүмкін.  Ал  аймақтар  бойынша 
баға айырмашылығы өте күшті. Мысалы, 2009 жылдың наурыз айында 1 л шикі 
сүттің  нарықтық  бағасы  Ақтауда  165  тг,  Павлодарда  76  тг  болды;  1  л  қаймақ 
бағасы  Алматыда  700  тг,  Петропавлда  376  тг  болды,  яғни  айырмашылық  екі 
еседей.  
ҚР  бойынша  1л  сүт  бағасының  соңғы  5  жылдағы  деңгейі  туралы 
мәліметтерді  өңдеу  негізінде  сүт  бағасының  маусымдық  құбылуын 
сипаттайтын  келесідей  алынды:  ауытқу  амплитудасы  (

жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау