Республикасында



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет5/17
Дата04.01.2022
өлшемі1,49 Mb.
#31443
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
кәсіпкерлоік оқулық

1.2
 
 Кәсіпкерлік  теориясының қалыптасу эволюциясы 
 
 
Кәсіпкерлік  феномені  ерте  кезден  бері  әлеуметтік-экономикалық 
ғылымның назарын аударуда. Кәсіпкерлік, әртүрлі елдерде әртүрлі адамдармен 
800 жылдың көлемінде әрқалай түсіндірілді. Ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлік 
мәнінің  бірдей  түсінігінің  болмауы,  оның  экономистер,  философтар, 
социологтар және құқықтанушылармен әртүрлі талқылануда.  
Кәсіпкерлік – шаруашылық қызметті атқаратын келесі сипаттағы түсінікті 
қарастырамыз: 
1.
 
неғұрлым көп пайдаға ұмтылушылық;  
2.
 
тәуекелділікке баруға даяршылық; 
3.
 
жаңаға ұмтылушылық. 
Кәсіпкерлік – азаматтардың, жеке табыс пен пайданы игеру мақсатында өз 
мүмкіндігін  қоя  отырып,  өз  атынан  немесе  заңдық  жауапкершіліктегі  заңдық 
тұлға ретінде іске асыратын белсенді қызметі [8, б.5]. 
Кәсіпкер  –  заңмен  тиым  салынбаған  кез  келген  шаруашылықтық 
қызметпен  айналысады,  сату  –  сатып  алушылық,  кеңестік,  коммерциялық 
делдалдықты  енгізе  отырып,  құнды  қағаздармен  операциялар  жүргізеді. 
Кәсіпкер  өз  қызметінде  пайда  алу  мақсатында  қоғамдық  игі  істерді  атқара 
отырып,  жеке  даралық  табыстылықты  қамтамасыз  ету  комбинациясын  іске 
асырады. 
Экономикасы  нарықтық  бағыттағы  Қазақстан  үшін  шағын  кәсіпкерлікті 
дамыту  мәселесі  –  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Кәсіпкерліксіз 


 
18 
 
нарықтық экономиканың болуы мүмкін емес. Себебі, нарықтық экономиканың 
өзі – еркін кәсіпкерлік экономика болып саналады. Сондықтан да, кәсіпкерлік 
төңірегіндегі  көптеген  мәселелердің  көтеріліп  жатуы  да  оның  экономикадағы 
рөлінің маңыздылығын дәлелдейді.  
Экономиканың 
тұрақты 
болуы 
және 
бәсекелес 
сипатының 
қалыптастырудың  басты  күштерінің  бірі  кәсіпкерлікті  жетілдіру  болып 
табылады.  Жалпы  кәсіпкерлікті  дамыту  үшін  бірнеше  белгілі  шарттар 
орындалуы қажет: 
-
 
кәсіпкелік  субъектінің  белгілі  бір  дәрежеде  еркіндігі  мен  құқықтығы 
болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда 
бағдарламаларын  анықтау,  қаржы  көзін  таңдау,  өнімдерді  тасымалдау,  өнімге 
баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау; 
-
 
кәсіпкерлік  қабылданатын  шешімдерге,  одан  туындайтын  нәтижелерге 
тәуекелдікті  қажет  етеді.  Қабылданған  шешімдерге  деген  жауапкершілік 
болмайтын болса, онда кәсіпкерліктің де болмағаны; 
-
 
кәсіпкерлік  қызметтің  белгілі  коммерциалық  табысқа  жету  бағдарын 
ұстануы, экономикада қажетті нарықтық құрлым орнатумен байланысты. Яғни 
кәсіпкерліктің дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік – экономикалық 
шарттары қолдануы қажет. 
Төртінші  шарт  жоғарыда  аталған  шарттардан  туындайды.  Еркін 
кәсіпкерлік меншіктің әртүрлі формада, түрде, типте болуын қалайды. 
Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да бір белгілі 
стиль  және  тәртіптің  типі,  жинақтап  айтсақ:  үлкен  бастама,  дәстүрден    тыс 
шешімдерді  іздестіру,  тәуекелге  бару,  іскерлік  қызметтің  орын  алар  жері  ең 
алдымен кәсіпорын болып табылады.  
Сонымен,  кәсіпкерлік  бұл  меншік  формасына  тәуелсіз  жеке  және  заңды 
тұлғалардың  жеке  меншікке  (жеке  кәсіпкерлік)  немесе  мемлекеттік 
кәсіпорынның  шаруашылық  жүргізу  құқығына  (мемлекеттік  кәсіпкерлік) 
негізделген  тауарға  (жұмыс,  қызмет)  деген  сұранысты  қанағаттандыру 
жолымен  алынатын  жеке  табыс  немесе  пайдаға  бағытталған  инициативті 
қызмет.  
Кәсіпкерлікті  ұйымдастырудың  ең  қарапайым  формасы  –  ол  шағын  және 
жеке кәсіпкерлік. 
Шағын  кәсіпкерлік  –  бұл  мемлекеттік  органдар  және  басқа  да  өкілетті 
ұйымдар  көрсеткіштерімен,  заңмен  бекітілген  анықтама  негізінде  нарықтық 
экономика  субъектілерімен  жүзеге  асырылатын  кәсіпкерлік  қызмет.  Әлемдік 
және отандық тәжірибе көрсеткендей әртүрлі ұйымдық – құқықтық нысандағы 
кәсіпорындарды  (ұйымдар)  шағын  кәсіпкерліктің  субъектісі  ретінде 
анықтайтын  негізгі  критерилерге  бірінші  кезекте,  есепті  кезенде  кәсіпорында 
жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің орташа саны жатады.  
Бірқатар  ғылыми  еңбектерде  шағын  кәсіпкерлік  –  бір  меншік  иесімен 
басқарылатын  кәсіпорындағы  азғана  топтың  жұмыс  істеуі  деп  түсіндіріледі. 
Негізінде  шаруашылық  қызмет  субъектісін  шағын  кәсіпкерлік  субъектісіне 
жатқызу  кезіндегі  өте  маңызды  көрсеткіш  болып  персонал  саны  (жұмыспен 


 
19 
 
қамтылған  жұмысшылар),  жарғылық  капитал  қоры,  актив  мөлшері,  айналыс 
көлемі  (табыс,  кіріс)  табылады.  Әлемдік  банк  мәліметтері  бойынша 
кәсіпорындарды  шағын  кәсіпкерлік  субъектісіне  жатқызатын  көрсеткіштер 
саны  50-ден  жоғары.  Бірақ  көп  қолданылатын  көрсеткіштер  келесілер  болып 
табылады: кәсіпорында жұмыспен қамтылған жұмыскерлер саны, жыл сайынғы 
айналым,  актив  мөлшері.  Бірақ  барлық  дамыған  елдерде  кәсіпорындарды 
шағын  кәсіпкерлік  субъектісіне  жатқызудың  негізгі  көрсеткіші  жұмыскерлер 
саны болып табылады.  
Кәсіпкерлік  –  адам  қызметінің  ерекше  саласы  және  ол  еңбектің  басқа 
түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисті Гарвард 
университетінің  профессоры  Иозеф  Алиоз  Шумпетер  (1883-1950жж.)  мән 
берді. Оның мынандай айтқан сөзін эпиграф етіп алуға болады: «Кәсіпкер болу 
–  басқаның  істегенін  істемеу».  Екінші  жағынан  кәсіпкерлер  –  алдымен 
кәсіпкерлік  жұмысты  ұйымдастырушылар.  Осы  туралы  француз  экономисті 
Жан  Батист  Сэй  (1767-1832  жж.)  былай  деген:  «Кәсіпкер  –  адамдарды 
өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». 
«Кәсіпкерлік»  терминін  алғашқы  рет  ағылшын  экономисті  Ричард 
Кантильон  (1650-1734  жж.)  ендірді.  Бұл  ұғымға,  ол  нарықтық  тәуекелділік 
жағдайында  табыс  алу  мақсатымен  өндірісті  ұйымдастырудағы  адам 
білсенділігін жатқызды. 
Экономикалық  әдебиеттерде  кәсіпкерлік  пен  бизнес  ұғымдарын  балама 
түрінде қарастыру жиі кездеседі. 
Бизнес  пен  кәсіпкерлік  жақын  ұғымдар,  оларды  бір-бірімен  баламалап 
қарауға  болады.  Бизнес  –  табыс  әкелетін  кез  келген  қызметтің  түрі.  Бизнес 
кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз 
кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы 
көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. 
Экономикалық  ғылымда  «кәсіпкерлік  кабілеттілік»  деген  ұғым  да  бар. 
Кәсіпкерлік  қабілеттілік  дегеніміз  адамның  бизнесте  жаңалықты  аша  білу 
қабілеттілігі,  бірақ  бизнеске  қатысатындардың  барлығының  қолынан  бұл  келе 
бермейді.  Басқа  жұрт  қалғып,  қыдырып,  той-думан  жасағанда,  барлық  күш 
қуатын  барынша  жұмысқа  жұмсап,  новаторлықпен,  мақсаттылықпен, 
коммуникабелділікпен,  яғни  адамдармен  тез  арада  байланыс  жасау 
қабілетгілігі,  олармен  өзара  жақсы  қатынастар  құра  білу,  бәсекелестеріне 
қарағанда  айналасына  басқаша  көзқараспен  қарауда  оқшауланып  тұрады. 
Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе 
қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. 
Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа 
ізденіске  бағыттайды  және  осы  жаналықты  жүзеге  асыру  үшін  тәуекелге  бас 
ұрады. 
Кәсіпкерлік  бизнес  саласында  жүзеге  асады,  сондықтан  да  экономикалық 
әдебиеттерде олар үнемі қатар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің 
новаторлық  жағын  қарастыратын  болсақ,  онда  кәсіпкерлік  қызмет  термині 
колданылады [9]. 


 
20 
 
Қазіргі  кезде  әлемдік  тәжрибеде  шағын  және  орта  бизнесті  анықтауда 
сандық, сапалық және комбинациялық (құрама) тұжырымдар кездеседі. 
Сандық  көзқарасқа  негізделген  шағын,  орта  және  ірі  кәсіпорындарды 
анықтауда жұмысбастылар саны, сату (айналым) көлемі, активтердің баланстық 
құны  сияқты  критерийлер  қолданылады.  Бірақ,  мұндай  критерийлер  кең 
таралған  болса  да,  олардың  сандық  параметрлері  туралы  пікірлер  бір  елдің 
ішінде  де  кең  етек  жаймақ.  Бұл  міндеттеменің  кең  спектры  түрінде  де,  түрлі 
елдер  мен  аймақтардағы  экономика  дамуының  түрлі  деңгейі  түрінде де  толық 
түсінікті. 
Бұндай 
объективті 
факторларға 
зерттеушілер 
мен 
саясаттанушылардың  шағын  және  орта  бизнес  туралы  субъективті 
көзқарастары қалыптасады. 
Мысалы  АҚШ-ғы  Орталық  федералды  әкімшілік  бір  жағдайда 
кәсіпорындардағы  жұмысбастылардың  орта  тізімдік  құрамы  көрсеткішін 
қолданады,  ал  екінші  жағдайда  –  ақша  түріндегі  шығарудың  жылдық  көлемін 
пайдаланады.  Жұмысшылардың    орта  тізімдік  құрамы  көрсеткіші  ауытқудың 
жоғары амплитудасын иемденді: жиһаздық көтерме саудадағы 100 адамнан мыс 
құю  өнеркәсібіндегі  1000  адамға  дейін.  Негізгі  көрсеткіш  ретінде 
жұмысшылардың  ортатізімдік  құрамының  тұрақты  мүлшерін  тек  Федаралды 
статистикалық бюро ғана ұстанады. Ол шағын кәсіпорындарға кем дегенде 500 
адам  жұмыс  істейтін  кәсіпорндарды  жатқызды.  Айта  кететін  жайт,  АҚШ-та 
кәсіпорындарды  бөлу  критерийіне  көзқарастағы  ішкі  саланың  ғана  емес, 
сонымен бірге басқа айырмашылықтар мысалдары да кездеседі. Мысалы, «Мак 
Греухилл»  компаниясында  50  жұмысшыға  дейін  жұмыс  істейтін  кәсіпорынды 
шағын кәсіпорындарға, 100-ге дейінгі – орта, ал 100-ден жоғары және одан да 
көп – ірі кәсіпорындарға жатады. 
Жапонияда  заң  бойынша  шағын  кәсіпорын  болып  –  өнеркәсіпте, 
құрылыста,  көлікте,  байланыста,  коммуналдық  шаруашылықта  300-ге  дейін 
жұмыскерлері  бар  заңдық  жеке  кәсіпорындар  танылады;  100-ге  дейін  көтерме 
саудада; 50-ге дейін бөлшек саудада және қызмет саласында. Тәжрибеде шағын 
және орта кәсіпорындар 7 топқа бөлінеді: 1-4, 5-9, 10-29, 30-40, 55-99, 100-299, 
300-499 жұмыскерлер. 
Еуропада  шағын  деп  –  200  жұмыскерлері  бар,  орта  деп  –  200-500  дейін 
жұмыскерлері бар кәсіпорындар танылады.  
Сандық  анықтаманың  артықшылығы  –  қолдану  ыңғайлылығы.  Айналым 
немесе  жұмысбастылар  саны  сияқты  критерийлер  зерттеушілер  үшін  тиімді. 
Сандық  тұжырымның  негізгі  кемшіліктері  болып  олардың  нақтылығы, 
көрсеткіш таңдауы мен оның өзгеріс шегін анықтайтын теориялық базасының 
болмауы  және  соған  байланысты  салыстырмалы  талдау  үшін  оларды 
қолданудың қиындығы табылады. 
Анықтаманың  сапалық  нұсқалары  бірнеше  сандық  көрсеткіштермен 
қосымшалауға болатын сапалық критерийлерді қолдануды қарастырады. Бірақ 
мұндай  көзқарас  та  субъективті  талқылаулар  мен  тәжірибеге  сүйенеді,  және 
«индуктивтік»  тән  компаниялар  айырымына  назар  қойылады.  Сонымен  бірге 
«әсерлесу» немесе ықпал ету нәтижесі мөлшерінің фирма қызметінің сипатына 


 
21 
 
әсерін  қарастыру  арқылы  кәсіпорындардың  «шағын»,  «орта»,  «ірі»  мөлшерін 
анықтау  мүмкіндігі  жасалады.  Мысал  ретінде  Голландия  экономисті  Ван 
Хорннің анықтамасын қарастыруға болады. Шағын фирмалардың стратегиялық 
болжау  ерекшеліктерін  талдағанда  ол  шағын  фирмаларға  тән  5  қасиетті  атап 
көрсетеді: 
- өндірілетін өнімнің қатысты саны аз (технология, қызмет, «ноу-хау»); 
-  салыстырмалы  шектелген  рессурстар  мен  қуат  (капитал,  адамдар  және 
тағы басқалары); 
- компанияның стратегиялық жағдайын болжау және бақылау үшін қажетті 
басқарудың, әкімшілік процедуралардың, технологияның дамыған жүйесі; 
-  менеджменттің  жүйесіздігі,  тренингтік  және  оқыту  бағдарламаларына 
формалды емес қатынас; 
-  басты  басқару  орындары  мен  акцияның  көбісі  кәсіпорындардың  негізін 
салушылармен және туыстарымен ұсталады. 
Осы  критерийлер  негізінде  Ван  Хорн  Нидерландыда  орта  кәсіпорын  деп 
50-ден  500-ге  дейін  жұмыскері  бар  және  1  миллионнан  33  миллион  фунт 
стерлинг айналымы бар кәсіпорынды атауды ұсынады. 
Батыс  елдерде  фирма  өсімінің  кезеңдік  теориясы  да  кең  таралған,  ол 
«ұйымдық  тәртіп»  аумағындағы  зерттеу  нәтижесінде  туып,  фирма  дамуының 
кезеңдік сипаттарын ерекшелеу негізінде фирма өлшемін сапалық анықтаудың 
кеңеюіне  жол  берді.  Фирма  өсімі  теориясының  бір  нұсқасы  кәсіпорын 
мөлшерін  анықтаумен  тікелей  байланысты  болмаса  да,  бекітудің  сапалы 
нұсқасын дамыту үшін қолданады. 
Осы теорияның бір нұсқасы кәсіпорын өсімі кезеңінің индикаторы ретінде 
өнімді  дамыту  стратегиясына  көзделді.  Көптеген  авторлар  компанияларды  бір 
өнімді  өндіруге  бағытталған  шағын  фирмадан  бастап,  өнімнің  үлкен  өндірісі 
бойынша  қызмет  диверсификациясына  бағытталған  ірі  кәсіпорындар  – 
конгломерат–компания  түрінде  қарастырады  (технология,  қызмет,  «ноу-хау»). 
өнім  дамуының  кезеңін  сипаттау  үшін  фирманың  жылдық  табысының  оның 
өндіріске  кеткен  барлық  шығындарының  қатынасына  тең  «мамандандыру 
коэффиценті» қолданылады. 
Сапалық көзқарастың артықшылығы – теориялық негіздеменің белгілі бір 
дәрежедегі  жетістігі  және  түрлі  кәсіпорындарға  «менеджмент  жүйесі»  т.б. 
сияқты  сапалық  критерийлер  тән  кең  спектр  есебі.  Бұл  тұжырымның 
кемшіліктері  –  түрлі  сипаттамалар  қатарын  анықтау  үшін  фирмаішілік 
ақпаратқа  ену  қиындығы  мен  тәжірибені  қолдау  күрделігі  (мысалы, 
«менеджмент жүйесі») және критерийлердің неғұрлым кең спектрі. 
Шағын  фирманың  таза  сапалық  анықтамасын  оның  өмір  сүру  және  даму 
ерекшіліктерін  бөлу  арқылы  қалыптастыруға  болады.  Бұл  көзқарас  шағын 
фирманың қызметі ретінде қарастырады: айқындылықсыздың жоғарғы деңгейі, 
инновация енгізуге жоғары мүмкінділік (кең мағынада); тұрақты дамуды және 
өзгерістерге тез бейімделуі. 
Комбинациялы  көзқарас  бертінде ғана қолданыла бастады.  Оның  мысалы 
болып  1971  жылы  Бостон  комитеті  (Ұлыбритания)  баяндамасында  ұсынылған 


 
22 
 
шағын  фирма  анықтамасы  табылады.  Бұл  шағын  бизнесті  дамыту  мәселесін 
алғаш  қарастыру  мысалы.  Ол  әртүрлі  елдердегі  шағын  фирмалар  дамуының 
кейбір аспектілерін салыстырмалы талдау нәтижелері келтірілген. 
Сандық  көзқарастың  кемшіліктерін  жою  мақсатында,  Бостон  комитеті 
шағын  фирманың  «экономикалық»  және  «статистикалық»  анықтамаларын 
ұсынды.  Экономикалық  анықтамаға  сәйкес  шағын  фирмаға  келесі  шарттарды 
қанағаттандыратын фирмалар жатады: 
- фирманың нарықтық кеңістікке қатысты кішкене үлесі бар; 
- фирманы оның иемденушісі басқарады; 
- фирма тәуелсіз деп саналады (ірі кәсіпорынның бір бөлігін көрсетпейді). 
Статистикалық  анықтама  шағын  бизнес  кәсіпорынының  жұмысбастылық 
мәселесін шешуге, жиынтық ұлттық өнімге, экспорттық қызмет, инновациялық 
даму,  т.б.  мәселелерді  шешуге  және  уақыт  бойынша  көрсеткіштер  өзгерісін 
талдау үшін, халықаралық деңгейде салыстыру жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз 
етудегі  салымдарын  көрсету  үшін  қолдануды  болжайды.  Бостондық  комитет 
әдістемесі  бойынша  шағын  фирманың  статистикалық  анықтамасы  қызметтің 
түрлі салалары үшін, «азшылық критерийін» түрлі салалары мен варияциялары 
үшін әр түрлі анықтамаларды қолдануды көрсетеді. 
Кейіннен  бостондық  анықтама  «экономикалық»  және  «статистикалық» 
құраушы  бөлігінде  сынға  алынды.  Батыс  елдегі  мамандардың  шағын  бизнес 
анықтамасы мәселесі бойынша дебаттар аяқталмаған [10]. 
Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да бір белгілі 
стиль  және  тәртіптің  типі,  жинақтап  айтсақ:  үлкен  бастама,  дәстүрден  тыс 
шешімдерді  іздестіру,  тәуекелге  бару,  іскерлік  қызметтің  орын  алар  жері  ең 
алдымен  кәсіпорын.  Кәсіпкерлікті  ұйымдастырудың  ең  қарапайым  формасы  – 
ол жеке іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде өздігінен іс-қимыл 
жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің 
мұндай формасында мекеме құру құқығы кез келген азаматта бар. Бұл үшін ол 
жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алуы керек. 
Кәсiпкерлiк  –  меншiк  түрлерiне  қарамастан,  азаматтар  мен  заңды 
тұлғалардың,  тауарларға  (жұмысқа,  қызметке)  сұранымды  қанағаттандыру 
арқылы  таза  табыс  табуға  бағытталған,  жеке  меншiкке  (жеке  кәсiпкерлiк)  не 
мемлекеттiк  кәсiпорынды  шаруашылық  басқару  құқығына  (мемлекеттiк 
кәсiпкерлiк)  негiзделген  ынталы  қызметi.  Кәсiпкерлiк  қызмет  кәсiпкердiң 
атынан,  оның  тәуекел  етуiмен  және  мүлiктiк  жауапкершiлiгiмен  жүзеге 
асырылады. Мемлекет кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны 
қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi [11]. 
Кәсіпкерлер әрқашанда анықталмаған жағдайда қызмет етеді. Әр нәрсе, әр 
тенденция  мәңгі  болмайтындықтан,  нарық  субъектілерінің  мінез  –  құлқы 
әрқашанда  өзгермелі.  Егер  кәсіпкер  экономикалық,  саяси  технологиялық, 
әлеуметтік  ортаға  бейімделе  алмаса,  онда  оның  орнын  басқа  кәсіпкер  басады. 
Кәсіпкер әрқашанда күтпеген жағдайларға дайын болуы керек, оларды болжай 
алуы қажет. 


 
23 
 
Нарықтық  ортаны  қалыптастырудың  негізгі  факторы  кәсіпкерліктің 
қалыптасуы  және  дамуы  болып  келеді.  Саяси  экономия,  бастапқы  кезде 
кәсіпкерікке өзіне тән өзекті мәселесі ретінде экономикалық өсудің және пайда 
табиғатының  көздерін  ұғындыруымен  байланысты  көңіл  бөлген.  Кәсіпкер 
туралы  түсінік  18-ғасырда  өмір  сүрген  алғашқы  француз  бизнес  теоретигі 
Ричард  Канильтонның  «Коммерция  табиғаты  жайлы  очерк»  деген  еңбегінде 
пайда болды. Мұнда ол белгілі баға бойынша өндіріс құралдарын сатып алып, 
олардың көмегімен тауар өндіруге үміттеніп және сол заттарды өзіне де белгісіз 
пайда  түсіретін  жоғары  бағамен  сататын  субъектісін  жобалап  түсінген. 
Кәсіпкерлікке көңіл бөлгендердің бірі - Адам Смит [12]. Ол кәсіпкерді капитал 
иесі  бола  отырып,  қандай  болса  да,  коммерциялық  кәсіпкерлік  мақсатын  іске 
асыруы  үшін  және  пайда  табу  үшін  тәуекелге  барады  деген.  А.Смит  пікірі 
бойынша  кәсіпкерлік  пайда  тәуекел  компенсациясы  болып  табылады.  Жан 
Батист  Сэй  –  кәсіпкерлік  түсінігін  кең  көлемде  қарастырған.  Ол  кәсіпкерлік 
қызметтің  мәнін  жоғары  бағалай  отырып,  өнімді  шығарудағы  оның  белсенді 
рөлін  мойындаған.  Сэйдің  айтуынша  кәсіпкер  қызметтеріне  ақпараттарды 
жинастыру,  қажетті  тәжірибиені  жинақтау,  шешім  қабылдау  және  өндіріс 
үрдісін  ұйымдастыру  кіреді.  Сонымен  бірге  ол  бұл  қызметтердің 
шығармашылық  ерекшелігіне  көңіл  аударып,  олардың  өндірісті  басқарудың 
ескішіл күнделікті операциялардан айырмашылығын айтқан. 
К.Маркс  көбіне  Смиттің  көзқарастарына  сүйеніп,  өзінің  қосымша  құн 
теориясында  кәсіпкерді  тек  қана  өзінің  капиталын  жұмсап  және  өндірілген 
қосымша  құнды  иеленген  қоғамдық  тұлға  деп,  яғни  жалдамалы  еңбекті 
пайдаланушы  капитал  иесі  мен  өндірісті  ұйымдастырушыны  кәсіпкердің 
қызметтеріне теңестірген. 
Көптеген  экономистердің  ойынша,  кәсіпкерлік  теориясын  тұтас  алып 
талдаған  Иозеф  Шумпетер.  Кәсіпкерліктің  мәнін  И.  Шумпетер  алдымен 
прогрестің  қозғаушы  күші  және  өндіргіш  күштерінің  үдемелі  дамуы  ретіндегі 
жаңашылдық  қасиетіне  байланысты  ашты.  Кәсіпкер  –  жаңашыл  -  ол 
экономикадағы барлық серпінді өзгерістердің қайнар көзі [13].
 
И.Шумпетер  кәсіпкерлердің  ішінен  төрт  түрін  бөлген.  Бұлар 
Казақстандағы  кәсіпкерліктің  қалыптасуына  зор  маңызы  бар.  Ол  түрлер-
«фабрикант-саудагер»,  «индустрия  капитандары»,  «директор-менеджерлер», 
«негіздеушілер». Барлық төрт топтың ортақ белгілері бар. Оларға жататындар: 
билікке  ұмтылу,  жаңа  жетістіктерге  жету,  шығармашылық  қуанышы.  Атап 
кететін  жағдай,  кәсіпкерліктің  бұл  сипаттамасы  Франсуа  Перридің  сынына 
түскен.  Перридің  айтуынша  қазіргі  жағдайда  кәсіпкердің  жаңашыл  рөлі 
ғалымдарды,  зерттеушілерді  және  басқа  мамандарды  қамтуда.  Бұл  жай 
меншіктің,  басқару  қызметінің  өсіп  жетілуіне  байланысты.  Ф.Перри  тағы  да 
кәсіпкердің белгілі ортада жұмыс істейтінін және басқа институттардың әсерін 
көретінін ескертеді. 
Кәсіпкерлік  теориясының  дамуына  И.Тюнен  және  Ф.Найт  айтарлықтай 
үлес  қосты.  Тюнен  кәсіпкерге  ерекше  қасиеттердің  иесі деп  сипаттама  береді. 
Өз саласындағы «өнертапқыш, зерттеуші» және жобаланбаған, жоспардан тыс 


 
24 
 
пайда  алуға  ұмтылушы  ретінде  көрсетеді.  Кейін  Тюненнің  көзқарастарын 
Фрэнк Найт дамытты. Найттың ойынша, кәсіпкерлік пайданың алынуын күдік 
туғызатын  «жалғыз  қауіп»  -  ол  кәсіпкердің  жауапкершілігін  пайдаланатын 
«айрықша белгісіздік». Тюнен мен Найттың теориялық зерттеулерінің нәтижесі 
кәсіпкерлік қызметтің дамуына және экономикалық ғылымның алға жылжуына 
зор үлесін қосты. 
Кәсіпкерлік  теориясына  «екінші  дем»  берген  австриялық  мектептің 
өкілдері  –  Ф.Хайек,  И.Кирцнер  көзқарастары  болды.  Сондай-ақ  Израиль 
Кирцнердің  айтуы  бойынша  тепе-тендікпен  бірге  теңсіздік  нарықтық 
жағдайлардың  қасиеттеріне  көңіл  аударуға  тұрарлық.  Теңсіздік  жағдайлары 
уақыттағы  да,  кеңістіктегі  де  сұраным  мен  ұсыныстың  айырмашылығына 
негізделеді.  Осыдан  да  қосымша  пайда  алуға  мүмкіндіктер  туындайды,  ал 
кәсіпкерліктің мәні осы мүмкіндіктерді пайдалануымен жүзеге асады. Фридрих 
Хайектің кәсіпкерлік теориясы көбінесе И. Шумпетер ойларымен үндес. Бірақ 
бірізділігімен  және  кеңділігімен  ерекшеленді.  Жеке  бастың  тәуелсіздігі  өзінің 
экономикалық  әлеуетін  тиімді  жұмсағанға  мүмкіндік  береді.  Ф.  Хайек  үшін 
кәсіпкерліктің  мәні жаңа  экономикалық  мүмкіншіліктерді  іздеуден  тұрады; ол 
іс-әрекеттің бір түрі емес, мінез-құлықтың сипаттамасы болып табылады. Жаңа 
мүмкіндіктерді  іздеудің  қозғаушы  күші  ретіндегі,  нарықтың  жағдайы  жайлы 
бірегей  білімдерді  тиімді  пайдалануға  тырысатын  кәсіпкер  болып  келеді. 
Осымен  ол  өзіне  бәсекелестікте  озықтықты  және  артығырақ  пайда  алуын 
қамтамасыз  етеді.  Тек  қана  пайда  мен  кірісті  табуына  бейімделуінің  тұрақты 
мақсатын,  кәсіпкерліктің  тұрақты  дамуынан  құралмайтындығынан,  қазіргі 
американ  экономисті  Роберт  Хизрич  кәсіпкерлікті  –  кәсіпкердің  материалды 
және  рухани  мұқтаждықтарының  бірлікті  қанағаттандыру  үрдісі  ретінде 
қарастырады. Сонымен бірге Р.Хизрич қазіргі қоғамдық кәсіпкерлікке аса көңіл 
бөледі:  «Кәсіпкерлік  экономикада,  қоғамға  өзгеше  жүргізу  механизмін  және 
құрылымдық  өзгерістердің  жол  бастаушы  қызметтерін  көрсетеді.  Бұл 
өзгерістер  жиынтық  өнімнің  өсуіне  әкеледі  және  экономикалық  дамуының 
катализаторы ретінде шығады». 
Кәсіпкерлік  түсініктемесі  әртүрлігімен  айқындалады.  Бұл  кәсіпкерліктің 
әлеуметтік-экономикалық  құбылыс  ретінде  бір  қалыпты  болмауына 
байланысты.  Оның  қызметтерінің  және  ұйымдастыру  нысандарының    терең 
өзгірісі  болып  жатыр.  Шағын  және  орта  бизнес  кәсіпорындарының  рөлі  және 
саны өсуде. Кез-келген қоғамға кәсіпкерлік пен жаңашылдық тән. Бұл жағдайға 
И.Шумпетер мен А.Маршалл көңіл бөлген. Егерде И.Шумпетер кәсіпкерліктің 
және  жаңашылдықтың  бірдейлігін  көрсетсе,  А.Маршалл  қоғам  өміріндегі 
кәсіпкерлердің анық рөлін өздерінің жаңашылдықтарымен жаңа тәртіп құрумен 
бірге  қоғамдағы  конструктивті  жетіліп  жатқан  үрдістерді  жылдамдатады  деп 
айтқан [14].  
Бізге, И.Шумпетердің кәсіпкерді бұрынғы өндіріс формаларын және қоғам 
өмірін  ұйымдастыруын  батыл  бұзатын  экономиканың  революционері  ретінде 
бағасы дұрысырақ болып көрінеді. 


 
25 
 
Шумпетердің  ойынша,  қоғамның  экономикалық  дамуындағы  кәсіпкер 
негізгі  бейнесі  болып  келеді,  үнемі  «жасампаз  қиратуын»  жүзеге  асырып 
отырады. Классиктерге негізделіп, қазіргі экономист зерттеушілер кәсіпкерлікті 
кеңінен  қарастырып  және  оның  қоғамдық  ұдайы  өндірістегі,  әсіресе  өтпелі 
дәуірдегі рөліне ерекше көңіл аударуда.  
Кәсіпкер  түсінігінің  қалыптасу  эволюциясы  тауар  және  қызмет  көрсету 
түрлерін өндіру, айырбастау және бөлу үрдістерінің қалыптасу тарихымен және 
ғылыми-техникалық прогресс деңгейінің дамуымен байланысты (Кесте 1). 
 
Кесте 1 
«Кәсіпкер» және «Кәсіпкерлік» түсінігінің эволюциясы 
 
Уақыты  Анықтаман
ың авторы 
Анықтаманың мәні 
Орта 
ғасыр 

Кәсіпкер  –  ірі  көлемді  құрылыс  немесе  өндірістік 
жобаны орындауға жауапты адам 
 
1770ж 
А.Тюрго 
Кәсіпкер  тек  нақты  ақпараттарды  ғана  емес, 
капиталды да иеленуі керек 
 
1776ж.  Адам Смит  Кәсіпкер – кәсіпорын иесі және коммерциялық пікірді 
жүзеге  асырушы.  Негізгі  қызметі  –  нарықтық 
шаруашылық  жағдайында  өндірісті  басқару  және 
ұйымдастыру. 
1797ж.  Карно Бодо  Кәсіпкер  –  бұл  алған  ісіне  жауап  беретін: 
жоспарлайтын,  бақылау  жасайтын,  ұйымдастыра 
алатын және кәсіпорынды иеленетін тұлға. 
1830ж.  Жан  Батист 
Сэй 
Кәсіпкерлік  –  нарық  кеңістігіндегі  белгілі  нүктедегі 
өндіріс факторының ұтымды комбинациясы. Кәсіпкер 
–  бұл  өндіріс  бірлігінің  аймағында  адамдарды 
ұйыдастырушы.  
1876ж.  Фрэнсис 
Уокер 
Кәсіпкер  –  бұл  өзінің  ұйымдастырушы  қабілеттілігі  
арқасында пайда алатын адам. 
1890ж.  Альфред 
Маршал 
Әрбір  ынта  білдіргеннің  бәрі  кәсіпкер  бола  алмайды. 
Кәсіпкер «табиғи» іріктеу заңына сәйкес жүреді. 
1910ж.  Макс Вебер  Кәсіпкерлік  қызмет  –  бұл  ұтымдылықты  жүзеге  асуы 
(ал,  ұтымдылық  деп,  ол  фукционалды  тиімділікті 
түсінді:  салынған  қаржыны  пайдаланудан  жоғарғы 
түсім алу) 
 
1911ж 
Иозеф 
Шумпетер 
Кәсіпкерліктегі  ең  бастысы  –  инновациялық  қызмет. 
Ең  бастысы  «...басқалар  істемейтін  істі  істеу»  және 
«...олар істегеннен басқаша істеу» 
 


 
26 
 
Кесте 1-дің жалғасы 
1913 
И.Фон 
Тюнен 
Кәсіпкер  -  ерекше  сапа  иегері  (тәуекелділік  жасай 
алатын,  стандартты  емес  шешім  қабылдайтын  және 
өз  әрекетіне  жауапты  болатын)  және  сондықтан  да 
жоспарланбаған табысқа үміткер болады. 
Кәсіпкер 
тәуекелділік 
жасағаны 
үшін 
және 
кәсіпкерлік шығармашылығы үшін табыс алуға тиіс.  
1921ж.  Ф.Найт 
Кәсіпкер  өндіріс  пен  айырбастың  дамуының  негізгі 
көрсеткіштерін 
болжамдайды 
және 
қосымша 
коммерциялық әсер алуы мүмкін. 
1936ж.   Джон 
Мейнард 
Кейнс 
Кәсіпкер  –  шаруашылықты  жүргізушінің  өзіндік 
ерекшеленген 
әлеуметтік-психологиялық 
түрі. 
Кәсіпкерлік  қызметтің  негізгі  мақсаты  –  ең  жақсыға 
ұмтылу, 
тәуелсіздік, 
мұраға 
бар 
бағалықты 
қалдыруға талаптануы.
 
1961ж.   Дэвид 
Макклелланд 
Кәсіпкер – бұл энергиясы мол, болмашы тәуекелділік 
жағдайында әрекет ететін адам. 
1964ж.   Питер 
Друкер 
Кәсіпкер  –  бұл  жоғарғы  түсім  табуда  кез-келген 
мүмкіндікті пайдалана алатын адам. 
1975ж.  Альберт 
Шапиро 
Кәсіпкер 
– 
бұл 
иницативалы, 
әлеуметтік-
экономикалық 
механизмді 
ұйымдастыратын, 
тәуекелділік  жағдайында  әрекет  ететін  және  мүмкін 
болатын сәтсіздікке толық жауап беретін адам. 
1980ж.  Карл Веспер  Кәсіпкер  –  экономистерге,  психологтарға,  басқа  да 
мамандар  мен  саясаткерлерге  әртүрлі  болып 
көрінеді. 
1983ж 
Гиффорд 
Пиншо 
Интрапренерлік – фирманың өз ішіндегі кәсіпкерлік. 
Интрапренерлер  жұмыс  істеп  тұрған  кәсіпорын 
жағдайында  әрекет  етеді,  ал  антрепренерлер  жаңа 
кәсіпорын салады. 
1985ж.  Роберт 
Хизрич 
Кәсіпкерлік – бұл құны бар, жаңа қандай да болса бір 
затты  салу  үрдісі,  ал  кәсіпкер  –  бұл  осыған  барлық 
қажетті уақытты және күшті жұмсайтын, өзіне түгел 
қаржыны, 
психологиялық 
және 
әлеуметтік 
тәуекелділікті алатын адам, марапатқа алатыны ақша 
және қол жеткенге қанағаттануы. 
1988ж.  М.Алле 
Кәсіпкер  нарықтық  жағдайда  ұйымдастырылған 
шаруашылықта жетекші рөл алады. 
1993ж 
Т.Ю.Горьков  Кәсіпкер  –  бұл  бизнесте  негізгі  фигура,  ол  өзіне 
өндірістің 
барлық 
факторларын 
бірыңғай 
шаруашылық үрдіске біріктіру міндетін қояды. 
Ескерту  –  Экономикалық  әдебиеттерді  талдау  негізінде  автормен 
құрастырылған 
 


 
27 
 
Сонымен  шетел  әдебиетінде  кәсіпкерліктің  негізіне  экономиканың 
әлеуметтік  бағыттағы  атқаратын  қызметтері  алынады.  Қазіргі  экономикалық 
әдебиеттерде  кәсіпкерліктің  іс-әрекеті  мен  оның  нәтижесін  белгілеуі  жағынан 
жаңа  тәсілі  қалыптасқан.  Сондай-ақ  «Үлкен  экономикалық  сөздікте»  мынадай 
анықтама  берген:  «Кәсіпкерлік  -  бұл  пайда  алуды  мақсат  еткен  ұйымдық- 
құқықтық  формасымен  белгіленген  шектеулі  азаматтардың  және  олардың 
бірлестіктерінің  инициативті  және  дербес  әрекеті»  [15].  Кәсіпкерліктің  бұған 
ұқсас  анықтамалары  көп  оқулықтарда  және  ҚР-ның  құқықтық  актілерінде 
келтіріледі. 
Қазіргі  кезде  кәсіпкерлік  әртүрлі  көзқараста  қаралады:  шаруашылықты 
жүргізу  стилі  ретінде,  нарық  жағдайында  қызметті  ұйымдастыру  және  жүзеге 
асыру үдерісі ретінде өзара әрекетте болатын нарық субъектілері ретінде және 
т.б. 
Біздің  пікірімізше  қазіргі  кезеңдегі  кәсіпкерлікке  былайша  анықтама 
беруге  болады:  «Кәсіпкерлік  –  халықтың  тауарға  (жұмысқа,  қызметке)  деген 
сұранысын  қанағаттандыру  арқылы  пайда  табуға  бағытталған,  өз  атынан 
мүліктік тәуекелге баратын, инициативті қызмет». 
Кәсіпкер  кез-келген  шаруашылық  қызмет  түрін  жүргізуі  мүмкін,  егер  ол 
заңға қайшы болмаса, мәселен: коммерциялық, делдалдық, сауда-саттық, кеңес 
беру және басқа да қызметтерді, сондай-ақ бағалы қағаздар операциясы. 
Кәсіпкер  –  бұл  жаңашыл,  күнделікті  өмірге  коммерциялық  негізде  жаңа 
тауарды,  жаңа  өндірістік  технологияны,  бизнесті  ұйымдастырудың  жаңа 
формасын әкелетін тұлға.  
Біздің  республикамызда  кәсіпкерліктің  дамуы  1987  жылы  кооперация 
туралы  заң  қабылданған  соң  басталды.  Жалпы  алғанда,  бұрынғы  Кеңес 
Одағында  кәсіпкерлік  кооперативтер  немесе  шаруашылық  субъектілерінің 
жасырын  түрінде  әрекет  еткен.  «Қайта  құру»  дәуірінде  жаңа  кооперативтер, 
шын  мәнінде  шамалы  айырмашылықпен  капиталистік,  тіпті  шағын  меншік 
фирмалары  пайда  болған.  1991  жылдың  соңынан  бастап  кәсіпкерлік  меншік 
ресми түрде дамытылуда. Оның орталықсыздандыру талабына сәйкес мемлекет 
саясаты әуелі жанама жолмен, содан кейін тікелей қолдауына көшті.  
Кәсіпкерлік өзінің қалыптасу және даму барысында Қазақстанда мынадай 
кезеңдерден өтті. 
Бірінші  кезең,  1980-1991  жылдар  аралығында  ҚР-да  кәсіпкерлік  қызмет 
өзінің басын КСРО кезіндегі қайта құру кезеңінен бастады. Сол кезде елімізде 
жеке  еңбектік  қызмет  туралы,  кооперация  туралы,  бірлескен  кәсіпорындар 
туралы, заңдар қабылданды. Осы кезде мемлекет тарапынан бірнеше жеңілдік 
шаралары  қолданылды.  Осының  арқасында  экономикада  бөлшек  сауда 
орындары, қоғамдық тамақтандыру туралы өнімді өндеу кәсіпорындары сияқты 
кооперативтік  қозғалыстар  күрт  дамыды.  Елімізде  тауар  тапшылығы  жойыла 
бастады,  яғни  Қазақстанда  кәсіпкерлік  қызметінің  фундаменті  кооперативтер 
құралды.  80-шы  жылдың  аяғында  90-шы  жылдың  басында  кооперативтердің 
саны  20  мыңға  жуық  болды.  Ондағы  жұмыс  істейтің  жұмысшылар  саны  300 


 
28 
 
мың адам шамасында болды. Осы аралықта кооперативтер жалпы тауарлар мен 
көрсететің қызметің ¼  бөлігін астамын жүзеге асырды. 
Әр  түрлі  жеңілдіктер  (оның  ішінде  мемлекеттік  бюджет  есебінен), 
экономикадағы  тиімді  жағдайлар  шағын  кәсіпкерліктің  «алтын  ғасырына» 
сияқты осы кезеңге ардагерлер қатынасын қамтыды. Шынында да капиталдың 
тез  және  жеңіл  жинақталу  түрі,  кең  тұтынатын  тапшы  тауарлар  өндірісі,  ол 
кезде тапшы саналатын тұрмыстық қызметтер саласы, бөлшек сауда, қоғамдық 
тамақтандыру, т.б. дамыды.  
Бірақ бұл кезеңде шағын кәсіпорындар әміршіл басқарылатын мемлекеттік 
кәсіпорындардың  ресурстарын  көлеңкелі  экономикаға,  жартылай  қылмыстық 
және қарапайым қылмыстық нарықтық кәсіпкерлік пайдасына өткізуші каналы 
ролін  атқарды.  Мұндай  өткізудің  нәтижесінде  шағын  кәсіпкерлікте 
жинақталатын  қаражаттар  жинақталу  сферасынан  мәңгі  кетіп,  ұлттық  өндіріс 
пен оның инфрақұрылымын дамыту үшін пайдаланылмады. 
Қазақстанда  қалыптасқан  жағдайға  «естен  тандыру»  түріндегі  реформада 
енгізілген басқа экономикалық бағыт қажет болды. Шағын бизнестің дамуында 
жаңа, екінші кезең басталды (1992-94 жж.). 
1992  жыл,  ХХ  ғасырдың  80  жылдары  ортасынан  басталған  шағын 
кәсіпорындар  мен  онда  жұмыс  істейтін  жұмыскерлер  санының  қарқынды 
өсуімен  сипатталады.  Бұл  таң  қаларлық  жәйт,  себебі  бағаның  ырықтандыруы 
мен  салықтық  прессингті  енгізу  шағын  кәсіпкерліктің  қаржылық  базасын 
құлдыратты. Күшті инфляция бір жағынан, халық жинағының құнсыздануына, 
екінші  жағынан  банктік  несиенің  проценттік  ставкаларының  жедел  өсуіне 
әкелді. Ол әлі күнге дейін иемденбеген инвестициялық қызметтің құлдырауына 
әкелді. 
Кең  таралған  пікір  бойынша,  «естен  тандыру»  моделі  республика 
экономикасы мен шағын кәсіпкерлік саласының жылдам әрі тиімді дамуы үшін 
аз құрамды болды. Шағын кәсіпкерліктің нарықтық реформаларын белсендіру 
жағдайында  позитивті  мүмкіндіктер  де  болды.  Олардың  басты  қызметтері  – 
әлеуметтік  демпфиралау,  жұмысбастылық  арқылы  дағдарыс  жағдайында 
халықтың  маңызды  қабаты  үшін  өмір  сүруін  қамтамасыз  ету,  өмір  сүруге 
қосымша  қаражат  алу  мүмкіндігін  ұсыну.  Шағын  кәсіпкерлік  саласында 
қызметтер  мен  тауарлардың  сапасы  мен  әр  түрлілігін  жоғарлату  негізінде 
шағын кәсіпорындардың күресі мен сипатталатын қалыпты бәсекелі нарықтық 
орта  қалыптаса  бастады.  Бірақ  та  қылмыстық  құрылымдар  шағын  бизнеске 
тыныштық бере қоймады. 
Екінші кезеңде шағын кәсіпкерлік 3,4 есе, ауыл шаруашылық секторы 3,1 
есе, нарықтық қызметің қамтамасыз ететің жалпы комерциялық білім беру 2,8 
есе  өсті.  Осы  аралықта  материалдық  өндіріс  аясындағы  шағын  кәсіпкерліктің 
саны  күрт  төмендеді.  Осы  кезеңдегі  сауда  мен  делдалдық  қызметтің  дамуына 
себеп  болған  ҚР  үкіметінің  жаңадан  енгізілген  салық  туралы  заңы.  Шағын 
кәсіпкерліктің жалпы табысының 70-80 % мемлекет салық түрінде мәжбүрлеп 
алып  отырған.  Осындай  қиыншылыққа  қарамастан  Қазақстанда  биржалар, 
банктер,  сақтандыру  компаниялары,  жеке  және  жартылай  мемлекеттік 


 
29 
 
акционерлік  қоғамдар  ашыла  бастады.  Үкімет  фермерлер  шаруашылықты 
салықтың  барлық  түрінен  босатты  және  шаруа  қожалығы  туралы  заң 
қабылданды. Сондықтан 1992-1994 жылдар аралығында шаруа қожалықтардың 
саны 16,3-22,3 мыңға дейін өсті. 
«1992-1994  жылдардағы  Қазақстан  Республикасындағы  кәсіпкерлікті 
қолдаудың 
және 
дамытудың 
мемлекеттік 
бағдарламасын» 
жасау 
республиканың экономикасын дамытуға монополиялық әсер ететін ұйымдық 
-  басқару  құрылымдары,  банктер,  мемлекеттік  акционерлік  және  холдингтік 
компаниялары,  және  шаруашылықтың  басқа  да  субъектілері  сияқты 
мемлекеттік  секторларды  коммерциялауды  және  монополизациясызданды-
руды  жүргізу  жолымен  жеке  кәсіпкерліктің  негізін  қалауға  мүмкіншілік 
берілді. Бұл кезеңде шағын кәсіпорындар жұмысының алғашқы үш жылында 
салықтардан  босатылу  сияқты  салықтык  жеңілдіктерге  ие  болды.  Бұл 
еліміздегі  шағын  бизнесті  дамытуға  ең  үлкен  колдау  болды.  Кәсіпкерліктің 
дамытуын  қаржылық  қамтамасыз  ету  үшін  меншік  формасына  қарамастан 
шаруашылық  субъектілердің  табысының  1  пайызын  аудару  есебінен 
кәсіпкерлікке  қолдау  көрсетуге  Республикалық  қор  құрылды.  Бұл 
қабылданылған 
шараның 
арқасында 
халықтың 
қажеттілігін 
қанағаттандыратын  тауарлар  мен  азық-түліктердің  және  нарықтың 
тапшылығының  деңгейін  төмендететін  жеке  кәсіпкерліктің  субъектілерінін 
санының тез өсуіне алып келді. 
Нәтижесінде  қатаң  климатты  зоналар  мен  Қазақстан  аймағының  төменгі 
сапалы  жерлерінде  көптеген  фермерлік  шаруашылықтар  пайда  болды,  ал 
экономикалық  мақсаттылық  тұрғысынан  алғанда  мұндай  шаруашылықтың 
нарықтық экономикасы дамыған елдерде де өмір сүруі мүмкін емес. Көптеген 
шағын  кәсіпорындар  өмірге  ұзақ  мерзімді  даму  бағдарламасын  иемденбей 
отырып,  экономикалық  мақсаттылық  күшімен  емес,  жалпы  үмітпен,  оларды 
ұйымдастырушылар арманынан абстрактілік «жақсы өмірге» өту арқылы келді. 
Инвестициялық  дағдарыс,  инновациялық  белсенділіктің  төмендеуді  және 
барлық  деңгейдегі  бюджет  тапшылығынан  ғылыми  өнімге  белгілі  бір 
сұранымды  тез  қалыптастыру  жағдайында  жеке  шағын  ғылыми  фирмалардың 
көптеп  пайда  болуымен  түсіндіріледі.  Психологиялық  тұрғыда  бұл  құбылыс 
келесідей  түсіндіріледі:  ғылыми  қызмет,  зерттеуші  тұлғаларға  көптеген  он 
жылдықтар  бойы  сұраныс  болмады.  Жаңа  жағдайлар  бұрынғы  ғылыми 
мүшелерге олар 70-80 жылдары мемлекеттік академиялық, салалық және басқа 
да ғылыми ұйымдарда болған қысымдық жағдайдан жеке шығуына сенім берді. 
Үшінші  кезең  (1995-1997  жж.).  1995  жылдан  бастап  нарықты  жүйенің 
заңдары  жетілдірілген  түрде  әрекет  ете  бастады.  Экономикада  бәсекелестік 
орта  қалыптасып  нарықты  экономика  толық  қалыптасып  жетілдіре  бастады. 
1997  жылы  ҚР  Президентінің  «Шағын  кәсіпкерлікті  мемлекет  қолдауды 
белсендіру мен күшейту» туралы үкімі шықты. Онда мынандай шаралар жүзеге 
асырылды: 
1
 
Шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  бойынша  мемлекеттік  институттар 
құрылды; 


 
30 
 
2
 
«Шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдау»  туралы  заңдар  қабылданып 
оларға түзетулер енгізілді; 
3
 
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры ашылды; 
4
 
Кәсіпкерлік  субъектілерді  несиелендіру  үшін  2-ші  деңгейдегі 
коммерциалды банктер несиенің минималды мөлшерін 10%-ға төмендетті; 
5
 
Тек бақылаушы және тексеруші мемлекеттік органдармен құнды қызмет 
көрсету инстанциялардың саны қысқартылды. 
Қазақстандық  үкіметпен  жүргізілген  қатаң  қаржылық  тұрақтандыру 
саясаты,  бір  жағынан,  1992-1994  жылдарға  қарағанда  шағын  кәсіпорындар 
санының өсу қарқынының төмендеуімен жүргізілгенде, екінші жағынан, айқын 
санациялы әсер иемденгенде 1994-1995 жылдары шағын бизнестің динамикасы 
мен  құрылымында  сапалық  өзгерістердің  үшінші  кезеңі  аяқталды.  Елде  жаңа 
экономикалық жағдай қалыптаса бастады, онда шағын кәсіпорындар нарықтық 
экономикада  шағын  бизнеске  тән  ролді  атқарды.  Жоспарлы  экономиканың 
трансформация  кезеңінде  соңғысы  мемлекеттің  стратегиялық  бағдарын 
жасаудың  құралы  болып  табылды.  Экономикадағы  нақты  өсудің  бастамасы 
төртінші,  яғни  қазақстандық  кәсіпкерліктің  нағыз  нарықтық  кезеңіне  өтуге 
мүмкіндік  береді.  Бұл  кезеңде  шағын  кәсіпкерлік  дамуының  үш  түрлі  моделі 
туралы айтуға болады: 
- статусын сақтау арқылы қызмет масштабын консервациялау; 
- жұмыс белсенділінгінің жайлап кеңеюі; 
- шағын фирмалардың жедел экспансиясы және олардың орта фирмаларға, 
кейін ірі компанияларға айналуы. 
«1995-1997  жылдардағы  Қазақстан  Республикасынын  кәсіпкерлікті 
колдаудың  және  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасының»  негізгі  мақсаты 
жеке  кәсіпкерліктің  инфраструктурасын  дамытуға,  экономиканың  күшті  жеке 
секторын  қалыптастыруға  кажетті  –  құқыктық,  әлеуметтік-экономикалық, 
қаржылық  және  ұйымдық  жағдайларды  құру  ел  экономикасында  нақты 
бәсекелестік  ортаның  пайда  болуы  жеке  кәсіпкерліктің  150  мыңдай 
шамасындағы  суъектілердің  қалыптасуын  талап  етті.  Мемлекеттік  басқару 
органдарының  және  кәсіпкерлік  құрылымдардың  өзара  іс-әрекеттерімен 
қамтамасыз  етуін  және  бағдарламалар  жасаудың  негізгі  механизмі 
республиканың  барлық  аудандарында  шағын  бизнестің  орталығын  кұрумен 
негізделінді.  Бірақ,  бұл  кезең  республикадағы  әлеуметтік-экономикалык 
жағдайдың  нашарлап  кетуіне  байланысты  кәспкерліктің  дамуына  кайшы 
факторлардың  пайда  болуымен  сипатталынады.  Яғни,  шағын  кәсіпкерліктің 
барлық  жеңілдіктері  алынып  тасталынды,  Республикалық  қор  кәсіпкерлікті 
қолдау  мүмкіншілігінен  айырылды,  әртүрлі  басқарушы  органдар  тарапынан 
күштеулер  көрсетіле  басталды.  Мемлекеттік  тіркеуден  өту  үшін  әр  түрлі 
алымдар тағайындалынды, барлық кәсіпкерлік қызметтің түрлеріне лицензиялар 
енгізілді.  Сонымен  катар,  бағдарламаның  аудандық  орталықтарды  құру  деген 
негізгі  мақсаты  жүзеге  асырылмады.  Осның  барлығы  кәсіпкерлік  бизнестің 
қарқынын  төмендетуге  алып  келді,  яғни  шағын  кәсіпкерлік  субъектілерінің 


 
31 
 
санының  тез  қысқаруына  және  1996  жылы  өсу  карқынының  82  пайызға 
төмендеуіне алып келді. 
1998 жылдың желтоқсанында төртінші «1999-2000 жылдардағы Қазақстан 
Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік 
бағдарламасы»  қабылданды,  негізгі  мақсаттары  шағын  кәсіпкерліктің  тұрақты 
дамуын  қамтамасыз  ету,  экономиканың  негізгі  салаларында  шағын 
кәсіпкерліктің  үлес  салмағын  өсіру,  жаңа  жұмыс  орындарының  санын  өсіру, 
нақты бәсекелестік ортаны құру болып табылды. Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлікті 
дамыту  аясында  көптеген  өзгерістер  болды.  Мемлекеттік  органдардың 
бақылаушылық  және  қадағалаушылық  қызметтерін  реттейтін  нормативтік 
құқықтық  актілері  қабылданылды.  Шағын  кәсіпкерлік  субъектілерінің  іс-
әрекеттеріне  заңсыз  араласуға  жол  бермеу  және  жібермеу  мақсатында 
бақылаушылық  және  қадағалаушылық  органдар  кезекті  тексерулерін  жүргізер 
алдында  олардың  прокуратура  органдарынан  тіркеуден  өту  Ережелері 
жасалынды және бекітілінді. Шағын кәсіпкерлік бойынша іс-әрекетті ақпараттық 
және  ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  етуге  бағытталынған  Республикалық 
ақпараттық-жәрмеңкелік  орталық  құрылды.  Бұл  бағдарламада  шағын 
кәсіпкерліктің  субъектілерінің  мүдделерін  қорғауда  кәсіпкерлерді  біріктіретін 
«Шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдау»  Заңына  толықтырулар  мен 
өзгертулер енгізілді. Қазақстан Республикасының өкіметінде шағын кәсіпкерлікті 
дамыту бойынша кеңес-жиналыс органының есебінде комиссия құрылды, оның 
негізгі  мақсаты  кәсіпкерлердің  заңды  құқықтарын  қорғау,  мүдделерін  ұсыну 
және  өкіметтің  қабылдайтын  жобаларында  олардың  пікірлерін  ескеру,  шағын 
кәсіпкерлікті қолдау және қорғау бойынша бағдарламалар мен жобаларды жасау 
және  өңдеуге  қатысу,  кәсіпкерлердің  қоғамдық  ұйымдарының  мүдделерін 
қолдау болып табылады. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері 
мен  қатар  кәсіпкерлердің  қоғамдық  ұйымдары  да  кірді.  Нәтижесінде  бұл 
бағдарламада қабылданылған шаралар азаматтардың кәсіпкерлік қарқындылығы 
жетілдірілді, яғни 1999 жылы шағын кәсіпкерліктің өсу қарқыны 203 пайызға тез 
өсуіне алып келді. 
Бесінші 
қабылданылған 
«2001-2002 
жылдардағы 
Қазақстан 
Республикасының  шағын  кәсіпкерлікті  қолдаудың  және  дамытудың 
мемлекеттік  бағдарламасы»  өзінің  өзгерістерін  алып  келді.  2002  жылдың 
мамырында  мемлекеттік  тіркеу  жүйесін  реформалау  шараларының  жоспары 
енгізілді  және  кәсіпкерлік  іс-әрекеттердің  түрлерінің  тиімділігін  қарастыратын 
кәсіпкерлік  әрекеттерді  лицензиялау,  лицензиялау  сұрақтары  бойынша  орталық 
және  жергілікті  атқарушы  органдардың  лауазымдары  және  процедуралары 
бекітілді.  Шағын  бизнесті  салалық  қолдауды  жүзеге  асыратын  шаралар 
кабылданды.  Кәсіпкерлік  сұрақтарға  қатысты  барлық  нормативтік  кұкықтық 
актілерді  жалпылама  эксперттеу  мақсатында  әрбір  мемлекеттік  органда 
Эксперттік  одақты  құру  ұсынысы  өңделді.  Шағын  кәсіпкерлікті  дамытудың 
республикалық  қорының  несилік  ресурстары  өсті.  2002  жылдың  3  шілдесінде 
Қазақстан  Республикасының  өкіметінің  №716  жарлығына  сәйкес  Қордың 
жарғылық  капиталын  өсіруге  22  716  100  АҚШ  долларына  бағаланған  сома 


 
32 
 
бөлінді.  Шағын  кәсіпкерліктің  республикалық  ақпараттық-жәрмеңкелік 
орталығында  жеке  сайт  ашу  және  шағын  кәсіпкерліктің  сұрақтары  бойынша 
ақпараттық  мәліметтер  базасын  кұру  жұмыстары  атқарылуда.  Бұл  жылдары 
шағын кәсіпкерліктің өсу қарқыны 2001 жылы 116 пайызды және 2002 жылы 113 
пайызды кұрады  
2005  жылдың  12  мамырында  өкіметтің  №450  жарғылығына  сәйкес  2005-
2007  жылдарға  Қазақстан  Республикасының  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті 
жедел  дамытуына  бағдарлама  бекітілді,  оның  негізгі  мақсаттары  және 
міндеттері  институционалдық  шарттарды  жетілдіру  есебінен  Қазақстанның 
бәсеке  қабілеттілігін  көтеруге  бағытталынған,  шағын  және  орта  бизнестің 
субъектілерінің  іс-әрекеттерінің  аясын  максималды  кеңейтуге  және  олардың 
әрекеттерін жетілдіруге бағытталынған болып табылады. 
Жаңа кәсіпкерлікті қалыптастыру қиын үрдістен өтіп нақты экономикалық 
және әлеуметтік күшке айналуда, кәсіпкерліктің бұдан әрі дамуының екі негізгі 
міндеті  тұр.  Ол  біріншіден,  әлемдік  тәжірбиені  ескере  отырып,  қажетті 
ұйымдық  экономикалық  жағдайларды  қамтамасыз  ету;  екіншіден,  Қазақстан 
экономикасының  басты  тұлғалары  ретінде  кәсіпкерлердің,  яғни  іскер 
адамдардың  ерекше  тобының  пайда  болуы.  Осыған  байланысты,  бүгінгі 
кәсіпкерлік теориясының бірінші кезектегі мәселесі – кәсіпкерлікті қолдау мен 
реттеу. 
Нарықтық  экономикадағы  сектордың  негізгі  бөлігі  жеке  меншік 
кәсіпорындары  мемлекеттің  тиімді  араласуын  қажет  етеді.  Бұл  туралы  мысал, 
өзінің  «өркениетті  синтез»  үлгісінде  (жаңа  классикалық  теория)  У.Ростоу 
көрсеткен.  Бұл  үлгі  бойынша  жеке  меншік  кәсіпкерлікті  еркін  нарықты 
барынша  жоғары  пайдаланып,  инициативаны  мемлекет  жағынан  әкімшілік 
және  қаржылық  қолдауымен  үйлестірілуі  керек.  Мемлекет  кәсіпкерлікті 
барынша  қолдауы  және  ынталандыруы  тиіс.  Ал  экономикалық  ғылым 
кәсіпкерліктің  ұйымдастыруы  мен  басқаруына  ғылыми  ұсыныстарымен  көмек 
беруі қажет.  
Елімізде  90-шы  жылдардың  басында  жекешелендіру  үрдісінің  белсенді 
өтуі шағын кәсіпкерліктің пайда болуы және оның дамуы үшін база жасады.  
Республикада  шағын  бизнестің  дамуы  экономиканы  табысты  реформалау 
индикаторының  бірі  болып  табылады.  Кәсіпкерлік  нарықтың  дамуының 
айырылмас  атрибуты  және  экономикалық  қатынастар  субъектісі.  Шағын 
кәсіпкерлік экономикасы дамыған көптеген елдерде елеулі орын алады: шағын 
бизнес үлесіне барлық жұмысбастылықтың 50-60%, жаңа жұмыс орнының 70-
80%, ал өнім өндіру және қызмет көрсетуден ЖІӨ жартысына жуығы жатады. 
Шағын  кәсіпкерліктің  артықшылығы  күрделі  қаржы  салымының  тез 
қайтарымдылығы,  өндірушілердің  неғұрлым  аймақтық  нарыққа  бағытталуы, 
сұраныс өзгерісіне тез икемделуі, жұмысқа қамтудың өсуі. Міне, сондықтан да 
Қазақстан  Республикасының  жүргізіп  отырған  әлеуметтік-экономикалық 
саясатының негізгі бағытының бірі - шағын кәсіпкерлікті дамыту. 


 
33 
 
«Жеке  кәсіпкерлік  туралы»  2006  жылғы  қаңтардың  31-і,  №124-III 
Қазақстан Республикасының заңында, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау 
мен дамыту былайша атап көрсетілген: 
1)
 
қаржылық қолдау көрсету; 
2)
 
шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының желісін ұйымдастыру; 
3)
 
бизнес-инкубаторлардың қызметін ұйымдастыру; 
4)
 
бір  жылдан  астам  пайдаланылмаған  мемлекеттік  меншік  объектілерін 
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру; 
5)
 
өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету сапасын 
дамыту  үшін  жалға  немесе  сенімгерлікпен  басқаруға  берілген  объектілерді 
шағын  кәсіпкерлік  субъектілерінің  меншігіне  Қазақстан  Республикасының 
үкіметі  белгілеген  тәртіппен  көзделген  шарттарды  олар  орындаған  жағдайда 
шарт жасасқан кезден бастап бір жыл өткен соң өтеусіз беру жолымен жүзеге 
асырылады. 
Республикадағы  тиімді  нарықтық  экономиканың  дамуы  үшін  шағын 
кәсіпкерліктің  маңызы,  оның  құрылымды  қалыптастырушы  факторы  ретіндегі 
рөлімен анықталады және мына жағдайларды қамтамасыз етеді: 

 
халықтың барынша жұмыспен қамтылуын; 

 
бәсекелестік ортаның дамуын; 

 
нарықтың тауарлар мен қызмет көрсету түрлерімен толығуы және халық 
кәсіпшілігін қайта жаңарту; 

 
жергілікті билік органдарының экономикалық базасын нығайту; 

 
ауылды, кіші және орташа қалаларды дамыту. 
Жұмыстың  осы  бөлімінде  жүргізілген  талдау  нәтижесінде  мынандай 
қорытынды жасауға болады: 

кәсіпкерліктің 
мәні 
туралы 
ғалым-зерттеушілердің 
теориялық 
көзқарастары, оның қалыптасуы мен даму эволюциясын сипаттайды; 

кәсіпкерліктің  қалыптасуы  кезеңдермен  талданып,  әртүрлі  ғылыми 
көзқарастарға өзіндік пікір айтылып бағаланды; 

Ресей және отандық ғалымдардың кәсіпкерлік, оның мәні, түрлері және 
теориялары жөніндегі пікірлері қаралды; 

Кәсіпкер  -  жаңа  мүмкіншіліктерді  іздеудің  қозғаушы  күші  ретінде 
болатыны көптеген зерттеушілер пікірімен мақұлданды. 
 
 

жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау