Республикасында



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет6/17
Дата04.01.2022
өлшемі1,49 Mb.
#31443
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
кәсіпкерлоік оқулық

1.3
 
Кәсіпкерлік қызметтің мәні, жүйесі және қағидаттары 
 
 
Кәсіпкерлік  қызмет  -  бұл  тұлғаның  ерекше  қабілеттілігін  жүзеге  асыру. 
Мұның өзі өндіріс факторларын инновациялық тәуекел тәсілі негізінде ұтымды 
біріктіріп,  жалғастыру  түрінде  көрінеді.  Кәсіпкер  өндірісте  жаңа  техниканы 
және  технологияны  пайдаланады,  еңбекті  жаңаша  ұйымдастырады,  басқаша 
басқарады,  мұның  өзі  өндірістік  жеке  шығындарды  азайтуға  мүмкіндік 
туғызады  және  соның  негізінде  баға  белгіленеді.  Кәсіпкер  маркетингтік 


 
34 
 
қызметті  жоғарғы  тиімділікте  жеткізеді.  Ол  басқадан  нарықты  жақсырақ 
анықтай алады, өндіріс құралдарын бәрінен тиімдірек сатып алады және қандай 
өнімді,  қай  уақытта  және  нарықтың  қай  сегментінде  неғұрлым  төлем  қабілеті 
бар сұранымды дәл болжай алады. Соның нәтижесінде әдеттегі бизнесмендерге 
қарағанда  ол,  көбірек  пайда  алуға  қол  жеткізеді.  Онымен  қатар  кәсіпкер 
әрқашанда  тәуекелділік  жасайды.  Ол  тәуекелділік  жасаудан  қашпайды,  оған 
саналы түрде, көп табыс алу үшін барады. 
ҚР  АК-нің  10-б.  1-т.-на  сәйкес  «Кәсiпкерлiк  –  меншiк  түрлерiне 
қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) 
сұранымды  қанағаттандыру  арқылы  таза  табыс  табуға  бағытталған,  жеке 
меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару 
құқығына  (мемлекеттiк  кәсiпкерлiк)  негiзделген  ынталы  қызметi.  Кәсiпкерлiк 
қызмет  кәсiпкердiң  атынан,  оның  тәуекел  етуiмен  және  мүлiктiк 
жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады». Бұл анықтама толық емес шығар, бірақ 
оны талдауы кәсіпкерліктің төмендегідей белгілерін атауға мүмкіндік береді: 
1.  Дербестік.  Кәсіпкердің  мүліктік  және  ұйымдық  дербестігін  шартты 
түрде  бөліп  көрсетуге  болады.  Қызметтің  экономикалық  базасы  сияқты 
мүліктік  дербестік  кәсіпкерде  айрықша  өзіндік  мүліктің  бар  болуымен 
анықталады.  Мүліктік  дербестік  көлемі  негізінде  осы  мүліктік  субъекті 
жататын  заңдық  атағына  байланысты  болады.  Мүліктің  меншік  иесінің 
дербестігі анағұрлым басым. Шаруашылық жүргізу құқығында жұмыс істейтін 
кәсіпорындардың  да  айтарлықтай  мүліктік,  бірақ  заңмен  шектелген  дербестігі 
бар.  Ұйымдық  дербестік  –  кәсіпкерлік  қызмет  барысында  дербес  шешімдерді 
қабылдау  мүмкіншілігі.  Осындай  қызметпен  шұғылдану  туралы  шешім 
қабылдау,  қызметтің  түрін,  ұйымдық-құқықтық  нысанын,  құрылтайшылардың 
шеңберін таңдау – мұның бәрі - ұйымдық дербестіктің көрінуі. 
2.  Тәуекел.  Кәсіпкерлік  қызмет  тәуекелге  ұшырайды.  Осы  арқылы  ол 
шаруашылық  жүргізудің  нашар  нәтижелері  кезінде  мемлекетке  жүгінуге 
мүмкіндігі  болған  зиянды  кәсіпорындардың  біле  тұра  жол  берген  әкімшілік  - 
жоспарлы  экономика  кезеңінің  шаруашылық  қызметінен  түпкілікті  түрде 
ерекшеленеді. Кәсіпкерлік тәуекел - табысты жұмысқа қуатты ынта. 
3. Кәсіпкерлік қызмет әрқашан табысты жүйелі түрде алуға бағытталған. 
4.  Жоғарыда  келтірілген  кәсіпкерлік  анықтамасына  сәйкес  субъектілер 
табысты тауарды сатудан, жұмыстарды орындаудан немесе қызмет көрсетуден 
алады. Бірақ бұл тұжырым түзетуді талап етеді. Істің мәні мынада, кәсіпкерлік 
қызмет  көп  қырлы  және  оның  бағыттарын  көрсетілген  тізім  арқылы  ұсынуға 
болмайды.  Осылайша,  субъект  табысты  мүлікті  иелену  құқығын  іске  асыру 
барысында  ала  алады  (мысалы,  оны  жалға  беру  кезінде.  Жалдау  -  иелік  ету 
және пайдалану, бірақ иелену емес). Патент иесі табысты жүйелі түрде алады, 
басқа  адамдарға  өзінің  зияткерлік  қызметі  нәтижесін  пайдалануына  құқығын 
беріп, лицензиялық шарттар жасасады. 
5.  Кәсіпкерлік  қызметті  заңмен  анықталған  ретте  кәсіпкерлер  ретінде 
заңмен белгілеген тәртіппен тіркелген адамдар жүзеге асырады. 


 
35 
 
Енді кәсіпкерліктің негізгі құқықтық принциптеріне қысқаша тоқталайық. 
Оларға мыналар жатады: 
1.  Кәсіпкерлік  қызметің  еркіндік  принципі.  Бұл  негізгі  принцип.  Ол  ҚР 
Конституциясында:  «Әркімнің  кәсіпкерлік  қызмет  еркіндігіне,  өз  мүлкін  кез 
келген  заңды  кәсіпкерлік  қызмет  үшін  еркін  пайдалануға  құқығы  бар»  деп 
бекітілген. 
Одан әрі бұл принципті ҚР АК-де заңнамалық актілерінде таба аламыз. Ол 
кәсіпкердің  мүліктің  кез  келген  түрін  қолдана  (айналымнан  шығарылмаған) 
отырып және кәсіпкерліктің кез келген саласында, заңмен көзделген кез келген 
нысанында өз ісін бастауға және жүргізуге құқығын білдіреді. 
Бірақ  Қазақстан  заңнамасымен  кәсіпкерлік  қызмет  еркіндігі  қоғам 
мүддесіне  орай  конституциялық  құрылыс  негіздерін,  басқа  адамдардың 
адамгершілігін,  денсаулығын,  заңды  мүдделерін  қорғау,  елдің  қорғанысы  мен 
мемлекет  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мақсатына  қажетті  шамада  шектелуі 
мүмкін. 
Сонымен 
қатар, 
ол 
шаруашылық 
қызметтің 
кейбір 
түрлерін 
лицензиялаудың кең тәжірибесімен жарым-жартылай шектелуі мүмкін. 
2. Меншіктің алуан түрін танудың, меншік құқықтарына заңдық теңдік пен 
олардың  бірдей  қорғалуының  конституциялық  принципі.  Ол  Конституцияның 
6-б.-да  бекітілген:  «Қазақстан  Республикасында  мемлекеттік  меншік  пен  жеке 
меншік  танылады  және  бірдей  қорғалады».  Осыған  сәйкес  заңнамамен 
кәсіпкерлік  қызметтің  республикалық,  коммуналдық  немесе  жеке  меншіктегі 
мүлік  қолданып,  жүргізетін  субъектілер  үшін  меншіктің  белгілі  бір  түріне 
қандай да болмасын артықшылықтар немесе шектеулерді белгілеуге болмайды. 
3.  Бәсекелестікті  ұстап  тұру  мен  монополизациялауға  және  жосықсыз 
бәсекеге  бағытталған  (Конституцияның  26-б-ы)  экономикалық  қызметке  жол 
бермеу  принципі.  Бұл  принципті  сақтау  –  нарықтық  экономиканы  дамытудың 
және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың қажетті шарты. Мұнда ҚР 2001 ж. 
19-қаңтардағы  «Бәсекелесу  және  монополистік  қызметті  шектеу  туралы» 
заңына маңызды рөл беріледі. 
4.  Кәсіпкерлік  қызметті  мемлекеттік  реттеу  принципі.  Ең  бастысы, 
кәсіпкерлік  қызметті  мемлекеттік  реттеу  барысында  -  кәсіпкерлердің  және 
мемлекеттің  жұрт  алдындағы  және  жалпы  қоғамның  мүдделерінің  сақталуына 
қол жеткізілуі тиіс. 
5.  Заңдылық  принципі  [15].  Ол  өте  маңызды  және  оның  іске  асырылуы  - 
құқықтық  мемлекетті  құрудың  негізі.  Біріншіден,  кәсіпкерлік  қызмет  заңнама 
талаптары  қатал  сақталған  кезде  жүзеге  асырылуы  тиіс.  Екіншіден, 
маңыздырағы,  мемлекет  құқықтық  актілердің  заңдылығын  мемлекеттік  билік 
және  кәсіпкерлікті  реттейтін  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарының 
қызметін қамтамасыз етуі тиіс. 
6.  Кәсіпкерлердің,  сондай-ақ  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғауды 
кәсіпкерлік  принциптерінің  қатарына  жатқызуға  болады.  Бұл  принцип  түпкі 
мақсатты  -  тұтынушылардың  мүдделерін  толық  қанағаттандыру  жолымен 
кәсіпкерлікті  дамытуды  көздейді.  Екінші  жағынан,  кәсіпкерлердің  өздері  өз 


 
36 
 
құрылымдарын  құру  тәртібін  оңайлатуға,  дәлелсіз  тексерулерге  және  керексіз 
мемлекеттік  бақылауға  жол  бермеуге,  коммерциялық  құпияны  сақтауға,  әділ 
салық  төлеуге  мұқтаж  болады.  Дәл  осыған  ҚР  АК  10-бабының,  1992  ж.  4- 
шілдесіндегі  «Жекеше  кәсіпкерлікті  қорғау  мен  қолдау  туралы»;  1997  ж.  19-
маусымдағы «Шағын  кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауы туралы»; 1997 ж. 19-
маусымдағы  «Жеке  кәсіпкерлік  туралы»;  1998  ж.  31-наурыздағы  «Шаруа 
(фермер)  қожалығы»  және  кәсіпкерлік  қызметті  реттейтін  басқа  заңдардың 
нормалары бағытталған. 
Оған  сәйкес  ҚР  «Жекеше  кәсіпкерлікті  қорғау  мен  қолдау  мәселелері 
туралы»  заңына  өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізілді.  Бұрын  Заңда 
кәсіпкерліктің  нысаны  –  жеке  және  жекеше  нысандары  жайлы  айтылса,  қазір 
көрсетілген  заңның  жаңа  редақциясында  баяндалған  бабы  жекеше  
кәсіпкерліктің  барлық  субъектілеріне  -  жеке    кәсіпкерліктің  субъектілеріне, 
микробизнес  субъектілеріне,  шағын,  орта  кәсіпкерліктің  және  ірі  бизнестің 
субъектілеріне бөлінеді.  
Жеке  кәсіпкерліктің  субъектілеріне  заңды  тұлға  құрылмай  кәсіпкерлік 
қызметпен  айналысатын  жеке  тұлғалар  жатады.  Олар  тұрғылықты  жеріндегі 
салық комитеттерінде тіркеледі.  
Заңды  тұлғасы  құрылмаған  жеке  тұлғалар,  жұмыскерлердің  жылдық 
орташа  саны  10  адамға  дейінгі  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын  заңды 
тұлғалар микробизнес субъектілері болып табылады. Микробизнес субъектілері 
шағын  кәсіпкерліктің  құрамына  кіреді  және  тиісінше  шағын  кәсіпкерліктің 
субъектілері үшін көзделген жеңілдіктерді пайдаланады.  
Шағын  кәсіпкерліктің  субъектілеріне  заңды  тұлғасы  құрылмаған  жеке 
тұлғалар  және  жұмыскерлердің  жылдық  орташа  саны  50  адамнан  аспайтын, 
кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын,  жыл  ішіндегі  активтерінің  жалпы  құны 
60 000  еселік  айлық  есептік  көрсеткіштен  аспайтын  заңды  тұлғалар  жатады. 
Олар тұрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі. 
Орта  кәсіпкерліктің  субъектілеріне  заңды  тұлғасы  құрылмаған  жеке 
тұлғалар  және  жұмыскерлердің  жылдық  орташа  саны  250  адамға  дейінгі, 
кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын,  жыл  ішіндегі  активтерінің  жалпы  құны 
325 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады.  
Ірі  кәсіпкерліктің  субъектілеріне  жұмыскерлердің  жылдық  орташа  саны 
250  адамнан  асатын,  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын,  жыл  ішіндегі 
активтерінің  жалпы  құны  325 000  еселік  айлық  есептік  көрсеткіштен  асатын 
заңды тұлғалар жатады.  
Сонымен  біздің  пікірімізше,  «Кәсіпкерлік  қызметтің  субъектілері» 
дегеніміз – заңға немесе заңсыз тұтынушыларға қызмет көрсету немесе жұмыс 
атқару, тауар сату, мүлікті қолданудан жүйелі табыс табуға бағытталған арнайы 
іс-әрекетті  өз  тәуекеліне  бел-байлап  жүзеге  асыратын  тұлғаларды  айтамыз. 
Сонымен  қатар  жеке  тұлғалар  және  заңды  тұлғалар  кәсіпкерлік  қызметтің 
құқықтық  тұрғыдан  қарастырғандағы  басты  субъектілері  болып  табылады. 
Сонымен  бірге  кәсіпкерлер  заңды  және  заңсыз  қызмет  атқаруы  әбден  мүмкін 


 
37 
 
және соңғысы біздің республикамызда да, өкінішке орай кең етек жайып отыр 
(«көлеңкелі», «астыртын», «жалған» экономикалар). 
Жеке тұлғалар (азаматтар) жеке кәсіпкерлік іс-әрекетті заңдастыру арқылы 
кәсіпкерлікпен  шұғылдана  алады.  Жеке  тұлғалар  кәсіпкерлік  қызметтің 
субъектілері болғандықтан, оған мысалы: үй шаруашылығын, өзінің бір ісімен 
айналысатын  кәсіпкерлер  және  т.б.жатады.  Әрбір  заңды  тұлғаларда  өздерінің 
заңды  құқықтық  базалары  бар,  яғни  акционерлік  қоғамдар,  серіктестік 
қоғамдар,  кооперативтер,  фирмаларды  кәсіпкерлік  қызмет  субъектілеріне 
жатқызуға  болады.  Сонымен  қатар  кәсіпкерлік  қызметтің  субъектілерінің 
қатарына: 

 
белсенділік  іс-қимылын  толығымен  өзінің  экономикалық  және  заң 
алдында  жауапкершілігіне  толық  бағындыра  алатын  адамдарды,  яғни 
кәсіпкерлерді; 

 
кәсіпкерлердің ұжымын және кәсіпкерлік бірлестіктерді; 

 
кәсіпкерлер  өндірген  өнімді  тұтынатын  жеке,  не  ұжымдық 
тұтынушылардың одақтарын, не бірлестіктерін; 

 
тікелей келісімге қатысы бар мемлекеттік құрылымдарды, кәсіпкерлерге 
берілетін  мемлекеттік  тапсырма  берушіні,  бағаны  реттеушіні,  мемлекеттік 
арнайы тапсырмасы арқылы жұмыс атқару кезеңінде кәсіпкерлерге көрсетілетін 
жеңілдіктердің бағытын белгілеушілер жатады. 
Мемлекеттік құрылым органы кәсіпкерліктің заңды барлық іс-әрекеттеріне 
кепілдік көрсете алады. 
Осы  аталған  субъектілердің  бірнеше  категориясына  өзара  іскерлік 
қатынастар арқылы жұмыс жүргізетін кәсіпкерлер де жатады.  
Демек  кәсіпкер
 
–  негізгі  кәсіпкерлік  қызметтің  субъектісі,  экономикалық 
үрдістің  орталық  бейнесі.  Ол  қоғамдағы  керекті  тауарлар  мен  қызмет  үшін, 
одан  пайда  табу  үшін  кәсіпорындарды  ұйымдастырады.  Бұл  үрдіс 
кәсіпкерлердің және нарықтық экономиканың басқа да субъктілерінің іскерлік 
байланыс жасауы арқылы іске асады. 
Қазіргі 
экономика 
аймағында 
кәсіпкерліктің 
мынадай 
түрлері 
қолданылады: кез-келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклінің типтік 
фазасымен  байланысты  (өндіріс  –  айырбас  –  бөлу  –  тұтыну)  және  кәсіпкерлік 
қызметтің  төрт  түрін  бөліп  қарастырайық.  Олар:  өндірістік,  коммерциялық, 
қаржылық және кеңестік. 
Өндірістік  кәсіпкерлік  –  мұнда  кәсіпкер  тікелей  ақпарат,  қызмет,  жұмыс, 
тауар,  және  өнім  өндірумен  шұғылданады.  Осы  жағдайда  кәсіпкер  -  өндіріс 
қызметінің түрін таңдайды (яғни, ол қандай да бір тауарды, жұмысты, қызметті 
өндіру  барысында).  Содан  кейін  ол  тауарды  сатып  алатын,  әлеуетті 
тұтынушымен  байланысқа  түседі.  Әйтпесе,  кәсіпкерлік  өзіне  маркетингтік 
қызметін енгізеді. Бұл шарттың бірінші фазасы, алдағы уақытта тауарды сатып 
алушылар  мен  кәсіпкердің  арасындағы  келісімді  заңды  түрде  дайындалуы 
мүмкін. 
Өндірістің  қалыптасуы  үшін  кәсіпкер  мынандай  өндіріс  факторларын 
қолданады:  жұмысшы  күшін,  өндірістік  қорды,  ақпараттарды.  Өндіріс 


 
38 
 
факторының бөлігі кәсіпкерге тән, ол жетпеген бөліктерін кәсіпкерлік қызметті 
қалыптастыру процесінде амалсыздан тауып алуына тура келеді. 
Өндірістік  кәсіпкерлік  акция  нәтижесі  болып  белгілі  өндірілген  тауар 
көлемін сатып алушыларға өткізу және солар үшін ақшалай түсімді алу. 
Коммерциялық  кәсіпкерлікте  басты  рөлді  тауарлы-ақша,  сауда-айырбас 
операциялар  атқарады.  Өнімді  шығарумен  байланысты,  оларды  өндірістік 
ресурстармен  қамтамасыз  ету  қажетсіз.  Тауарды  сату  мен  сатып  алу,  сату 
бағасы және тауарлар  көлемі болжанады. 
Коммерциялық келісім шарттың бағдарламасына мыналарды енгізеді: 
-
 
сатып алу сорттау, тауарды сату, жарнама жұмыстарын өткізу және тағы 
басқа операцияларын орындау үшін жұмысшыларды жалдау; 
-
 
кейін сату үшін тауарды сатып алу; 
-
 
 тауарды  өткізу  мен  сақтау  үшін  сауда  орындарын,  қоймаларын, 
мекемелерін жалға алу; 
-
 
 өзінің төлем қызметін орындайтын келісім шартқа тікелей қатыспайтын 
тұлғалар мен сыртқы ұйымдардың қызметін төлеу және алу; 
-
 
 несиені  пайызбен  қайтару  және  келісім  шартты  қаржыландыру  үшін 
ақша құралдарын несиеге айналдыру; 
-
 
 келісім шартты орындауға қажетті ақпарат алу; 
-
 
 сатып алушыға тауарды өткізу және одан түсім алу; 
-
 
 келісім шартты тіркеу, салықтарды төлеу; 
Қаржы  кәсіпкерлігінде  сату-сатып  алу  объектісіне  тауар-ақша,  валюта, 
бағалы  қағаздар  жатады.  Қаржылық  кәсіпкерлікте  қызметтің  ерекше  түрлері 
көрінеді,  егерде  кәсіпкер  бағалы  қағаздарды  өткізу  ретінде  көрінсе  және  ол 
белгілі  жағдайларда  орналастырады  және  оның  кәсіпкерлік  қызметінің  мәні 
сонымен қорытындыланады. 
Жалпы бұл бөлімде қаралған мәселелерден шығатын қорытынды кәсіпкер 
туралы  түсінікке  ғалымдар  XVIII  ғасырдан  бастап  ерекше  көңіл  бөлген  және 
кәсіпкерлік  қызметтің  әртүрі  формасы  әр  кезеңдегі  экономиканың  нығаюына 
әсер  еткені  айқын  байқалады.  Сондықтан  да  кәсіпкерлік  қызметтің 
эволюциясына кеңірек тоқталған жөн. 
Сыртқы  ұйымдар  мен  тұлғалардың  назарын  ынталандыруда,  яғни  өзінің 
күшімен орындай алмайтын жағдайда, кәсіпкерге қызмет көрсету керек. Бұндай 
жұмыстар  ақшалы  төлемақыны  талап  етеді.  Егер  кәсіпкерде  алғашқы  капитал 
болмағанда, ол ақша ресурстарын иемденушіден несие алуына тура келеді. 
Кеңестік  кәсіпкерлік  -  бұл  ой  нарығының  бір  бөлігі.  Онда  мынандай 
жұмыстар істеледі: қаржылық, инвестициялық саясаттарды жасақтау, белсенді 
маркетинг,  тәуелсіз  кеңестер  беру.  Кеңестік  кәсіпкерлік:  жалпы  басқару, 
әкімшіліктік,  қаржылық  басқару,  маркетинг,  ақпараттық,  маманданған 
қызметтер. Шет елдік тәжірибеде басқару мәселелері бойынша коммерциялық, 
ақылы  кеңестер  –  экономика  және  басқару  бойынша  Еуропалық  Федерация 
Кеңестік  ассоциацияның  анықтамасы  бойынша  консалтинг  деген  атауды 
иемденді.  Менеджмент  –  консалтинг  басқару  мәселесі  бойынша  тәуелсіз 
кеңестер мен көмек көрсету қызметтерін ұсынады және де өзіне мәселелер мен 


 
39 
 
мүмкіншіліктерді анықтау және бағалау, осыған сәйкес шаралар қабылдап, іске 
асыру бойынша ұсыныстар енгізеді. 
Кәсіпкерлік қызмет өзінің әртүрлі белгілеріне қарай жіктеледі. Оны кесте 
2-ден көре аласыздар. 
Кәсіпкерлік  қызмет  нақты  қызметті  жүзеге  асырумен  байланысты 
болатынын  еске  алсақ,  бұл  қызмет  түрін  былайша  сипаттауға  болады:  бұл 
жоспарлау,  ұйымдастыру  үрдісі  ретінде  және  қоғамның  экономикалық, 
әлеуметтік  және  экологиялық  қажеттілігін  қанағаттандыру  мақсатында  тауар 
және  қызмет  көрсетудің  ұдайы  өндірісін  тұрақты  жаңартып,  үздіксіз  жүзеге 
асыруы ретінде түсеніміз.Кәсіпкерлік қызмет былайша жүруі мүмкін:  
1)
 
қандай  да  болмасын  тауар,  өнім  немесе  қызмет  көрсету  түрлерін 
үздіксіз өндіру арқылы; 
2)
 
өндірушілердің  тұтынушыға  жеткізетін  тауар  қозғалысы  жөніндегі 
аралық қызмет өндірісі арқылы. 
 
Кесте 2 
Кәсіпкерлік қызметті белгісіне қарай нысаны мен түріне жіктеу 
 
Ұйымдық-
құқықтық нысаны 
бойынша 
Шаруашылық 
қызметінің 
сипатына қарай 
Салалық  қызметі 
бойынша 
Меншік 
нысаны 
бойынша 
Картелдер 
Синдикаттар 
(консорциумдар) 
Трестер 
Концердер 
Концерн-
конгломераттар 
Холдинг-
компаниялар 
Акционерлік 
қоғамдар 
(корпорациялар) 
Кооперативтер 
Серіктестіктер  
Өндірістік 
Саудалық 
Делдалдық 
Банктік 
Сақтандырулық 
Инвестициялық 
Инновациялық 
Инжинирингтік 
Венчурлік 
(тәуекелділік) 
Консалтингтік 
Аудиторлық 
Трастолық 
Өнеркәсіп 
Ауыл 
шаруашылығы 
Сауда 
Байланыс 
Көлік 
Қаржы-несиелік 
Мәдениет 
Өнер 
Білім 
Ғылым 
Денсаулық сақтау 
Тұрғын 
үй 
шаруашылығы 
Мемлекеттік 
Қазыналық 
Ұжымдық 
Жалгерлік 
Кооперативтік 
Акционерлік 
Жекелеген 
Аралас (біріккен) 
Мемлекеттік 
кооперативтікпен 
бірге 
Ұжымдық жекемен 
бірге 
Мемлекет  аралық 
(біріккен кәсіп-ын) 
Ескерту 
– 
Экономикалық 
әдебиетті 
талдау 
негізінде 
автормен 
құрастырылған 
 
Мұндай  еңбек  бөлінісі  аймағында  кәсіпкерлік  қызметтің  мынадай 
типологиясы қалыптасты (Сурет 2). 
Кәсіпкерлік  қызмет  –  пайда  табуға  бағытталған,  өз  ынталығына, 
жауапкершілігіне  және  кәсіпкердің  инновациялық  пікіріне  негізделген 
қызметтің ерекше түрі. 


 
40 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 2. Кәсіпкерлік қызмет типологиясы 
 
Кәсіпкерлік  пікір  өндірушінің  мүмкін  болатын  мүддесін  анықтау  ретінде 
білінеді,  оның  өзі  қандай  да  болмасын  нақты  экономикалық  формалардың 
көрінісі.  Мұндай  мүддені  ашу  кәсіпкерлердің  мүмкіндігін  нарық  қажеттілігіне 
сәйкестендіру арқылы жүзеге асуы мүмкін немесе керісінше нарық қажеттілігін 
кәсіпкер мүмкіндігіне сәйкестендіру арқылы болады. 
Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше түрі ретінде әрекет етеді, 
өйткені  оның  бастапқы  кезеңі  әдетте  пікірмен  байланысты  -  мұның  өзі  ойлау 
қабілетінің нәтижесі болып табылады. Соның салдарынан материалдық форма 
түрін  қабылдайды.  Кәсіпкерлік  міндетті  түрде  инновациялық  үрдістермен 
сипатталады:  жаңа  тауар  өндіру,  қызмет  түрін  ауыстыру  немесе  жаңа 
кәсіпорынның  негізін  қалау.  Өндірісті,  сапаны,  басқарудың  жаңа  жүйесі 
өндірісті  ұйымдастырудың  жаңа  тәсілдерін  енгізу  немесе  жаңа  технологияны 
қолдану - міне мұның бәрі инновациялық үрдістерге жатады. 
Кәсіпкерліктің негізгі екі элементтіне толығырақ тоқталған жөн: 
-
 
кәсіпкерлік қызмет ретіндегі – жаңашыл-инновациялық қызмет; 
-
 
осы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкер әрекеті (кесте 3). 
Кәсіпкерік  қызметтің  әр  түрінің  нәтижесі  кәсіпкерліктің  алға  қойған 
мақсатына  қол  жеткізгені  болып  табылады.  Кәсіпкерлік  қызметтің  негізгі 
мақсаты ретінде мыналарды атауға болады: 

 
белгілі объектіге салынған кәсіпкерлік капиталдан, қаржыдан, ресурстар 
мен материалдық қордан пайда алу, 

 
қоғам сұранысын, оның мүшелерінің нақты қажеттілігін немесе тұтастай 
елдің, аймақтың қажеттілігін қанағаттандыру. 
Өндіріс үрдісінің жұмыс істеуінің немесе аралық қызметтің өзіне тән кең 
көлемде мақсаты болады. Мысалы, ондай мақсаттар былайша болуы мүмкін:  

 
жаңа нарықты қамту және өндірісті дамыту үшін ақша қорын жинақтау; 
Кәсіпкерлік қызмет 
Өндірістік 
Делдалдық  
Тауар 
және 
қызмет 
көрсету 
өндірісі 
Иннова
циялық 
қызмет 
Брокер 
Дилер 
Комиссио
нер 
Көтерме сауда, 
коммерсант, 
дистрибьютор-
лар,  
агенттер 
Маклер, 
банкир, 
коммива-
жерлер 


 
41 
 

 
ұйым қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту; 
 
Кесте 3 
Инновациялық қызметтің жіктелуі 
 
Критериі 
Инновацияның түрлері 
Таралымдығы 
-
 
бірең-саран; 
-
 
кең көлемде 
өндірістік циклдағы орны 
-
 
шикізат 
-
 
өнім 
-
 
қамтамасыз ететін 
Қабылдағыштығы 
-
 
аша алатындығы 
-
 
өзгерте алатыны 
-
 
ауыстыра алуы 
-
 
қайтаратындығы 
Нарық үлесін қамтуы 
-
 
локалды  
-
 
жүйелі 
Жаңалық деңгейі 
-
 
радикальды 
-
 
қиыстырушы 
-  жетілдіруші 
Кәсіпкер қызметінің аясы 
- технологиялық (өндірістік) 
- экономикалық (сауда) 
- әлеуметтік (басқару) 
 

 
ұйымның  өндірген  өніміне  деген  тұтынушылар  сұранымын  тиімді 
деңгейге жеткізу; 

 
қоғамның  этикалық  және  рухани  нормасын  жақсартуға  көмек  көрсету, 
тұтыну мәдениетін жақсарту және т.б.  
Белгіленген  мақсатқа  жету  үшін  кәсіпкерлік  қызметтің  ағымдағы  және 
жетістіктегі нақты міндеттері анықталып, оны жүзеге асыруға кіріседі. 
Кәсіпкерлік  қызметтің  міндеттерін  негізінен  екі  бағытқа  бөліп  қарауға 
болады.  Бірінші  бағыт  –  бұл  міндеттер  кешені,  мұны  шешкенде  кәсіпкердің 
инновациялық қызметінің жемісті болуы қамтамасыз етіледі (сурет 3).  
Екінші  бағыт  -  бұл  міндеттер  кешені,  оны  шешкенде  өндіріс  үрдісінің 
тиімділігі  қалыптасады  немесе  аралық  қызмет  жөнге  келетін  болады.  Пайда 
өсімін алу үшін кешенді міндеттерді шешуді талап етеді: өндіріс пайызы, оны 
қажетті  факторлармен  қамтамасыз  ету,  қаржының  қайнар  көзін  іздеу, 
бәсекелетік өзгермелі жағдайда кәсіпорынның өзін-өзі сақтап қалу механизмін 
талдау, сатып алушылардың немесе клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыру; 
сату  көлемін арттыру;  жұмыскерлер  санын  қысқарту;  маркетинг  стратегиясын 
дайындау.  Жабдықтаушыларды  таңдау,  бизнестегі  партнерлерді  таңдау; 
қоршаған ортаны қорғау шараларын дайындау және т.б. 
Кәсіпкерлердің  сыртқы  ұйымдармен,  серіктестермен,  бәсекелестермен, 
тұтынушының  жеке  топтарымен,  жабдықтаушылармен,  жергілікті  және 


 
42 
 
орталық үкімет органдарымен, салық органдарымен, кеденшілермен және басқа 
да  кәсіпкерлік  қызметке  қатысушылармен  өзара  қатынастарды,  іс-әрекеттері 
белгіленген формада және норма мен құқық тәртібін сақтауды талап етеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 3. Кәсіпкердің жаңалықты дайындау әрекеті 
 
Кәсіпкерлік  аядағы  қарым-қатынастардың  басты  элементі  -  келісім, 
былайша  айтқанда  мұның  өзі  кәсіпкерлік  мақсатқа  жетудің  экономикалық-
құқықтық  формасы  болып  табылады.  Келісім  -  бұл  кәсіпкерлердің  өз 
арасындағы  кез-келген  шарт.  Оның  негізі  коммерциялық  мүдде.  Келісім 
нәтижесі 
айырбас 
үрдісі 
ретінде 
келісімге 
барлық 
қатысушылар 
қанағаттандырылады, коммерциялық мақсат орындалады, айырбас нәтижесінде 
түсім алынады. 
Іскерлік  қатынастардың  негізгі  бағыттары  мына  аяларда  болуы  мүмкін: 
өндіріс, тауар айырбасы, сауда және қаржы қатынастары аясында. 
Өндірістік  қатынастар  аясында  іскерлік  қатынастардың  мына  формалары 
пайдаланылады:  біріккен  кәсіпорын  ұйымдары,  аралас  кәсіпорын  ұйымдары, 
өндірістік  кооперация,  лизинг,  жобаны  қаржыландыру,  шартты  басқару  және 
т.б.  Тауар  айырбасы  аясындағы  іскерлік  қатынастың  негізгі  формалары: 
айырбас, айырбас операциялары. Сауда аясындағы өзара қатынастар формасы: 
әдеттегі  келісім;  ақпараттар  алмасу  келісімі,  өндірістік  байласта  тікелей 
белгіленген  келісімдер,  экспорт  тауары  және  импорт  тауары  жөніндегі 
келісімдер.  Ал,  кәсіпкерлердің  қаржы  қатынастарындағы  өзара  әрекеті 
трансферттік,  коммерциялық  формада  әр  салада  жүруі  мүмкін.  Кәсіпкерлер 
қатынасы мұнда ұлттық, халықаралық немесе ұлтаралық деңгейде жүреді. 
Инновациялық пікірді іздеу 
Жаппай тауар дайындау 
Неғұрлым пайдалы пікірді іріктеу 
Нарықты өзіне қарату 
Ойынды мұқият дайындау 
Нарыққа тарау жылжыту 
Эксперттік бағалау 
Маркетингтік зертеу 
Бизнес – жоспарды дайындау 
Сынақтан өткізу 
Тексеруге қажетті үлгіні дайындау 


 
43 
 
Жалпы  алғанда  жұмыстың  осы  тарауындағы  үшінші  бөлімде  жүргізілген 
талдау нәтижесі мынадай қорытынды жасауға негіз болады: 
- кәсіпкерлік қызмет типологиясы жасалды; 
- жаңалықты дайындаудағы кәсіпкер әрекетіне талдау жүргізілді; 
-  кәсіпкердің  инновациялық  қызметіне  жіктеу  жүргізіліп,  оның  негізгі 
мақсаттары мен міндеттері айқындалды. 
Сонымен,  кәсіпкерлік  қызмет  субъектілерінің  пайда  болуы,  дамуы  және 
өзара  қатынастарының  қалыптасуы,  олардың  алға  қойған  мақсаттарына  жету 
жолдарының  өзіндік  ерекшеліктері  болады.  Өйткені  кәсіпкерлік  қызмет 
субъектілері  шаруашылықты  жүргізуде  өзгелерден  бөлек,  тек  өзіне  ғана  тән 
тәуекелділігі,  кәсіпкерлік  құпиясы  және  этикасы  бар.  Шаруашылықты 
жүргізудегі  кәсіпкерлік  қызмет  субъектілерінің  бұл  аталған  ерекшеліктері 
келесі екінші тарауда беріліп отыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
44 
 

жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау