5.2. Көрсеткіш – Шарттың (қосымша келісімнің) күні мен нөмірі
Шарттың нөмірі, қосымша келісімнің нөмірі банк қызметін реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі.
Беру күні шарт талаптарына сәйкес: «КК.АА.ЖЖЖЖ» форматында көрсетіледі, мұнда «КК» - күні, «АА» - айы, «ЖЖЖЖ» - жылы.
Шарттың күні нақты берілген күннен, шарттың талаптары бойынша өтеу күнінен, нақты өтелген күннен кешіктірілмейді.
Қосымша келісімнің күні шарттың күнінен ерте болмайды.
Шарттың нөмірі қарыздың, шартты міндеттеменің әр түрі бойынша жеке болуы тиіс.
Кредиттік және дебеттік карталар (кредит лимитімен) бойынша жалпы Төлем карточкаларын беру туралы шарт ресімделген жағдайда «Шарттың нөмірі» деген көрсеткіші бойынша банктің жалпы Төлем карточкаларын беру туралы шартының нөмірін және «/» белгісі арқылы төлем картасының нөмірін көрсету қажет.
5.3. Көрсеткіш – Нақты беру күні
Нақты беру күні «КК.АА.ЖЖЖЖ» форматында көрсетіледі, мұнда «КК» - күні, «АА» - айы, «ЖЖЖЖ» - жылы. Осы бағанда клиенттің ағымдағы шотына ақшалай қаражатты нақты енгізу күні көрсетіледі.
Нақты беру күні шарттың талаптары бойынша беру күнінен ерте болмайды.
Кредиттік карталар бойынша «Нақты беру күні» деген жолында банктің картаға лимит белгілеу күнін көрсету қажет.
5.4. Көрсеткіш – Шарт талаптарына сәйкес өтеу күні
Шарт талаптарына сәйкес өтеу күні «КК.АА.ЖЖЖЖ» форматында көрсетіледі, мұнда «КК» - күні, «АА» - айы, «ЖЖЖЖ» - жылы. «Шарт талаптарына сәйкес өтеу күні» деген жолында шартта көрсетілген күн көрсетіледі. Шарт талаптары бойынша өтеу күні көзделмеген жағдайда осы жол толтырылмайды.
5.5. Анықтамалық – Шарт бойынша валюта түрі
5.5.1. Қолдану саласы
Валюталар анықтамасы ҚР АК 07 ИСО4217-2001 Валюталар мен қорларды белгілеу кодтары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеушімен бірдей .
5.5.2. Терминдер мен анықтамалар
Барлық мемлекеттердің және экономикалық одағының ұлттық валюталары жіктеу объектілері болып табылады.
5.5.3. Анықтамалықтың құрылымы
Анықтамалықтың құрылымында үш дәрежелі цифрлық коды және валюталар атауы болады.
Елдер мен аумақтардың цифрлық коды
|
Елдер мен аумақтардың қысқаша атауы
|
Валюта атауы
| |
орыс тілінде,
ағылшын тілінде
|
орыс тілінде,
ағылшын тілінде
|
цифрлық
|
әріптік
(альфа 3)
|
5.6. Көрсеткіш – Шарт валютасындағы қарыз (шартты міндеттеме) сомасы
Осы көрсеткіш бойынша қарыз немесе тиісті шартта белгіленген валютадағы шартты міндеттемесінің сомасы бойынша ақпарат көрсетіледі.
Теңгені қоспағанда, валютаның кез келген түрі таңдалса, шарт бойынша қарыз сомасы таңдалған валютада көрсетіледі.
Кредит картасы, кредит желісі, көрсетілген көрсеткіш бойынша овердрафт үшін шарт бойынша лимит таңдалған валютада көрсетіледі.
5.7. Көрсеткіш – Шарт бойынша жылдық сыйақы ставкасы
Шарт бойынша жылдық сыйақы ставкасы – қарыз бойынша пайыздар есептелетін шарт талаптары бойынша ставка.
Егер сыйақы ставкасы – белгіленген жағдайда, онда тиісінше 1-бөлігі ғана таңдалады және шарт бойынша жылдық сыйақы ставкасы көрсетіледі.
Егер сыйақы ставка өзгермелі болған жағдайда, онда тиісінше шарт бойынша жылдық сыйақы ставкасы қалыптасатын екі бөлігі таңдалады (мысалы: индекс + белгіленген бөлігі немесе индекс + банктің маржасы).
Шарт бойынша жылдық сыйақы ставкасы үтірден кейін екі белгімен көрсетіледі.
Көрсеткіштердің 1-кезегінде, егер шарт бойынша жылдық сыйақы ставкасы – өзгермелі болған жағдайда, онда шарт бойынша жиынтық жылдық сыйақы ставка – 1-бөлігінде көрсетіледі.
5.8. Анықтамалықтар – Кредиттеу мақсаты және Кредиттеу объектісі
5.8.1. Қолдану саласы
Осы анықтамалықтар кредиттеу мақсатын және кредиттеу объектісін анықтауға арналған.
5.8.2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер
Осы анықтамалықта мынадай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер пайдаланылған:
- Ипотека туралы заң;
- «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.
5.8.3. Терминдер және анықтамалар
Осы анықтамалықта тиісті анықтамасымен мына терминдер пайдаланылады:
иелену (сатып алу) - сатып алу -сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) екінші тарапқа (сатып алушыға) шаруашылықты жүргізуді немесе оперативті басқаруды меншікке мүлікті (тауарды) беруге міндеттенеді, ал сатып алушы осы мүлікті (тауарды) қабылдауға және белгілі ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндеттенеді;
тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт тараптарының тұрғын жайларды салу мақсатындағы қатынастары;
жөндеу – негізгі қорлардың (өндіріс қаражаттың) немесе жеке пайдаланудағы заттарды тұтыну құнын жартылай немесе толық қалпына келтіруіне байланысты технико-экономикалық және ұйымдық іс-шаралардың жиынтығы және сондай-ақ ақаулы элементтерді ауыстыру, зиянын жою, түзету және сол сияқтыларды;
құрылыс – жаңа үйлерді, инженерлік ғимараттарды және оларға ілеспелі объектілерді құруға бағытталған қызмет;
жаңғырту (кеңейту) – жақсарту, жетілдіру мақсатында бар цехтарды, негізгі, қосымша және қызмет көрсетуге арналған объектілерді қайта құрылымдау, қайта жабдықтау;
жалға алу – жалгерге жалдау ақысына уақытша иелену және пайдалануға берілетін мүлік шартының нысаны.
қаржы лизингi – лизинг беруші сатушыдан өз меншiгіне сатып алған және лизинг шартымен келiсiлген лизинг нысанасын лизинг алушыға белгiлi бір төлемақысына және белгiлi бір талаптармен уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшін кемінде үш жыл мерзімге пайдалануға беруге мiндеттенетiн инвестициялық қызметтің түрі;
өндіріс – тауарларды, қызметтерді құру процессі;
өндірістік процессі үшін тауарлар – кәсіпорынға түсетін шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар және жинақталатын өнімдер дайын өнімге немесе берілген санда, сапада және белгілі мерзімдегі түрде қызметке айналады;
өндіріс процессі үшін қызметтер – орындау барысында жаңа материалдық-заттық өнім құрылмайтын, бірақ бар өнімнің сапасы өзгеретін қызмет түрі;
тұтыну тауарлары және қызметтер – жеке, отбасылық, үй шаруашылығында пайдалану үшін халықтың түпкілікті тұтынуға арналған тауарлар және қызметтер;
автомобиль көлігі – қызметтің негізгі саласын ұйымдастыру және автокөліктер құралдарын және инфрақұрылымды пайдалана отырып жолаушыларды, жүктерді және почтаны тасымалдауды жүзеге асыру болып табылатын көлік түрі;
жер (жер учаскесі) – жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тұрғын үйге (тұрғын үй ғимаратына) бекітілген жер аумағы;
жылжымайтын тұрғын үй – тұрғын үйге арналған үйлер мен ғимараттар (ұзақ немесе тұрақты тұру) атап айтқанда үйлер, коттедждер, таунхаустар, пәтерлер және бөлмелер. Жылжымайтын тұрғын үй белгілі нормаларға сәйкес келу, оның ішінде санитарлық – сумен жабдықтау, канализациясы, жылыту жүйесі және т.б. болу тиіс;
коммерциялық жылжымайтын үй – кейіннен пайда табу мақсатымен коммерциялық қызметі пайдаланылатын жылжымайтын тұрғын емес объектісі. Коммерциялық тұрғын үйге сауда, банктік, офистік және ойын-сауық мақсаттарға арналған жеке үйлер жатады, яғни әкімшілік және офистік үй-жайлар, магазиндер, ресторандар, бизнес-орталықтар, сауда-көңіл көтеретін кешендер, әр түрлі қоймалар және павильондар, жертөлелерде, жартылай жертөле және басында тұрғын үйге арналмаған тұрғын үйлердің бірінші қабаттарындағы және кейін тұрғын үй қорынан шығарылған бұрынғы пәтерлер тұрғын үй емес үй-жайларындағы;
бағалы қағаздар – мүлiктiк құқықтарды куәландыратын белгiлi бір жазбалар мен басқа да белгiлеулердiң жиынтығы;
ипотекалық тұрғын үй қарызы – тұрғын үй салу не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берiлетiн ипотекалық қарыз;
ипотекалық қарыз – жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген банк қарызы;
жылжымайтын мүлік ипотекасы (ипотека) – кепілге берілген жылжымайтын мүлік немесе ондағы үлесі кепіл берушiнiң немесе үшiншi тұлғаның иелiгi мен пайдалануында қалатын кепіл түрі;
жылжымайтын мүлiк – жер учаскелерi, сондай-ақ үйлер, ғимараттар және жермен берiк байланыстағы өзге де мүлiктер, яғни ауыстырылуы олардың мақсатына шектен тыс зиян келтiрусiз мүмкiн болмайтын объектiлер;
негізгі қорлар (қаражат) - өз табиғи нысанын сақтай отырып өндірістік процессінде қатысатын еңбек қаражаты. Ұйымның негізгі қызметінің қажеттілігі үшін арналады және пайдалану мерзімі бір жылдан астам болу тиіс. Тозу шамасы бойынша негізгі қаражат құны азайтылады және амортизация арқылы өзіндік құнына көшеді.
5.8.4. Жалпы ережелер
«Кредиттеу мақсаты» анықтамалығынан иелену/сатып алу, жөндеу немесе құрылыс мәнін таңдаған кезде – кредиттеу объектісі жылжымайтын тұрғын үй шығады, сондай-ақ қамтамасыз ету түрі жылжымайтын мүлік немесе жер (жер учаскелері) болып табылады, тиісінше осы қарыз дара кәсіпкерлерді ескермегенде жеке тұлғаға берілетін ипотекалық тұрғын үй қарызы болып табылады.
Тұтыну тауарлар мен қызметтер тек жеке тұлғаларға беріледі (оның ішінде жеке мақсаттарда дара кәсіпкерлерге, бизнесті дамыту үшін емес) және өзіне автомобиль көлігін қоспағанда тұтыну мұқтаждық үшін тауарларды және қызметтерді сатып алуды қамтиды.
Егер бір қарыз бірнеше мақсатқа берілген және бірнеше кредиттеу объектілері шыққан жағдайда, негізгі мақсаты және кредиттеу объектісі көрсетіледі.
5.8.5. Кредиттеу мақсаты - анықтамалығының құрылымы
№ р/с
|
Коды
|
Атауы
|
1
|
01
|
Иелену/сатып алу
|
2
|
02
|
Жөндеу
|
3
|
03
|
Құрылыс
|
4
|
04
|
Қайта құру / Кеңейту
|
5
|
05
|
Жалға алу
|
6
|
06
|
Қаржы лизингі
|
7
|
07
|
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу
|
8
|
08
|
Өндіріс
|
9
|
09
|
Басқа
|
5.8.6. Кредиттеу объектісі - анықтамалығының құрылымы
№ р/с
|
Коды
|
Атауы
|
1
|
01
|
Өндірістік процессіне арналған тауарлар (айналым қаражат)
|
2
|
02
|
Өндірістік процессіне арналған қызметтер
|
3
|
03
|
Тұтыну тауарлар және қызметтер (автокөлікті қоспағанда)
|
4
|
04
|
Авто көлік
|
5
|
05
|
Жер/жер учаскесі
|
6
|
06
|
Жылжымайтын тұрғын үй
|
7
|
07
|
Коммерциялық тұрғын үй
|
8
|
08
|
Бағалы қағаздар
|
9
|
09
|
Негізгі қорлар
|
10
|
10
|
Басқа
|
5.9. Анықтамалық – Қарыз берген банкті (банктік емес ұйымды) қаржыландыру көзі
5.9.1. Қолдану саласы
Осы анықтамалық қарыз алушының (тең қарыз алушы) ретінде кредиттік тарих субъектісінің қарыздар беру үшін банкті (банктік емес ұйымдарын) қаржыландырудың көзінің түрлерін анықтайды.
Анықтамалықтың талаптары қарыздың барлық түрлеріне міндетті болып табылады.
5.9.2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер
Осы анықтамалықта мынадай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер пайдаланылған:
- «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
5.9.3. Терминдер және анықтамалар
Осы анықтамалықта тиісті анықтамасы бар мынадай терминдер пайдаланылады:
шетелдік банктер - Қазақстан Республикасынан тыс жерде құрылған және өздері тіркелген мемлекеттердің заңнамасы бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар банктер және өзге де қаржы институттары.
меншік қаражат - мыналардан пайда болған қаражат:
- бағалы қағаздардың нарықтық құнынын іске асырылған өсімі;
- жарғылық капитал;
- жинақталған және бөлінбеген пайда;
- мемлекеттік қаражаты бөлінген;
халықаралық қаржы ұйымдары – кредиттік тіркелімнің мақсаттары үшін ХҚҰ-ның тізбесі «Екiншi деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына сәйкес анықталады;
Ұлттық Қордың қаражаты – Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикасы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысының шеңберінде берілген қарыздар.
5.9.4. Жалпы ережелер
Осы анықтамалығы «қарыз және шартты міндеттемелер түрі» деген анықтамалығымен өзара іс-әрекет етеді.
5.9.5. Анықтамалықтың құрылымы
№ р/с
|
Коды
|
Атауы
|
1
|
01
|
Меншік қаражат
|
2
|
02
|
Халықаралық қаржы ұйымы
|
3
|
03
|
Коммерциялық шетел банктер
|
4
|
04
|
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктер
|
5
|
05
|
Мемлекеттік бағдарламалар
|
6
|
06
|
Ұлттық Қор қаражаты
|
7
|
07
|
Жергілікті, облыстық және республикалық бюджеттердің қаражаты
|
8
|
08
|
Өзге қаражат
|
5.10. Көрсеткіш – Қарыз алушыда валюта түсімінің және/немесе қарыз алушыда хеджирлеу құралының болуы
Осы жол егер банктік қарыз шарты бойынша валюта түрі теңгені қоспағанда кез келген валюта таңдалса толтырылады.
«1 – иә» жолын таңдаған кезде - осы көрсеткіш қарыз алушы (тең қарыз алушы) шетел валютасында алынған қарыз бойынша валюта түсімін алады және мынадай құжаттар расталатын валюталық тәуекелдерді хеджирлеу құралдары бар:
- қарыз алушы заңды тұлға үшін – түсімнің валютасын анықтауға мүмкіндік беретін қаржылық және немесе өзге есептіліктің болуы және валюта тәуекелдерді хеджирлеу құралдары;
- қарыз алушы жеке тұлға үшін – жалақысын алу туралы куәландыратын құжаттар және немесе шетел валютасындағы қаражат.
«0-жоқ» жолын таңдаған кезде – осы көрсеткіш қарыз алушы (тең қарыз алушы) шетел валютасында алынған қарыз бойынша валюта түсімін алады және мынадай құжаттар расталатын валюталық тәуекелдерді хеджирлеу құралдары жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |