5.11. Анықтамалық – Қамтамасыз ету түрі
5.11.1. Қолданылу саласы
Осы анықтамалық банк (банктік емес ұйымы) берілген қарызды (шартты міндеттемені) қайтарылуын қамтамасыз ету үшін кредиттік тарихы субъектілерінен қабылдайтын қамтамасыз ету түрін анықтайды.
Банк (банктік емес ұйымы) қабылдайтын қамтамасыз ету бойынша талаптар, мәліметтер және процедуралар банктің (банктік емес ұйымының) директорлар кеңесінде бекітілген операцияларды жүргізудің жалпы талаптары туралы ережеде бар.
5.11.2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер
Осы анықтамалықта мынадай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер пайдаланылған:
- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі (бұдан әрі - Жер Кодексі);
- «Жеке тұрғын үй құрылыс туралы» 1994 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы;
- Банктер туралы заң;
- «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы;
- Вексель айналысы туралы заң;
- «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 14 қыркүйекте № 1057 қаулысы;
- № 49 қаулысы;
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұны және оларды жасау, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисін рәсімдеу, сондай-ақ міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушы өтініштерінің мазмұны жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 1 наурыздағы № 24 қаулысы;
- «Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 241 қаулысы;
- Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2009 жылғы 7 қыркүйектегі № 451-од бұйрығымен бекітілген «Негізгі қорларды жіктеуші», 12 – 2009 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеушісі.
5.11.3. Терминдер және анықтамалар
Осы анықтамалықта тиісті анықтамасы бар мынадай терминдер пайдаланылады
тазартылған құйма алтын тазарту кезеңінен өткен және:
Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде белгіленген талаптарға не Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондон сапалы жеткізілімі» («London good delivery») стандарты ретінде белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде өндірілген құймалар;
шығарылған елінің заңнамасына не Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондон сапалы жеткізілімі» («London good delivery») стандарты ретінде белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес дайындалған, таңбаланған және сертификатталған шет елде өндірілген құймалар түрінде берілген қымбат металл;
депозит – бiр тұлға (депозитор) басқа тұлғаға – банкке, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне және Ұлттық почта операторына олардың алғашқы талап ету бойынша немесе қандай да бiр мерзiмнен кейiн алдын ала келiсiлген үстемесiмен не онсыз толық немесе бөлiп-бөлiп тiкелей депозиторға қайтарылуы не тапсыру бойынша үшiншi тұлғаларға берiлуi тиiс не тиiс емес екенiне қарамастан, оларды номиналды түрде (ислам банкiндегi инвестициялық депозиттi қоспағанда) қайтару талабымен беретiн;
акция – акционерлiк қоғам шығаратын және акционерлiк қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алу құқығын, сондай-ақ өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз;
жарғылық капиталда қатысудың басқа түрлері – акциялардан басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталда қатысудың басқа түрлері;
пай – инвестициялық пай қорындағы оның иесiнiң үлесiн, инвестициялық пай қоры жұмыс iстеуiн тоқтатқан кезде оның активтерiн өткiзуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған инвестициялық пай қоры қызметiнiң ерекшелiктерiне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, шығарылымы құжатталмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз;
борыштық бағалы қағаздар – осы бағалы қағаздардың шығарылу талаптарында борыштың негізгі сомасын төлеу бойынша эмитенттің (қарыздың) міндеттемелердің бағалы қағаздар;
вексель – бiржақты сөзсiз ақшалай мiндеттеменi бiлдiретiн қатаң белгiленген нысандағы төлем құжаты;
сақтандыру полисі – сақтандырушы сақтанушыға беретін және сақтандыру шарты болып табылатын құжат;
туынды қаржы құралы – құны келешекте осы шарты бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруды көздейтін шарттың базалық активінің шамасына байланысты. Туынды қаржылық құралдарға осы белгілерді, оның ішінде жоғарыда көрсетілген туынды қаржы құралдарына комбинациясын білдіретін опциондар, фьючерстер, форвардтар, своптар және басқа туынды қаржылық құралдары кіреді;
елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi – қалаларды, кенттердi, ауылдарды, селолар мен басқа да қоныстарды дамыту үшiн берiлген жер учаскелерi елдi мекендер жерiнiң санатына жатады. Елдi мекендердiң жерi өзге әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың жерiнен қаланың шегi, кенттiң шегi, ауылдық (селолық) елдi мекеннiң шегi арқылы шектеледi;
кепілдеме – жазбаша шарт, онда кредиттік шарты бойынша міндеттемені толық не жартылай орындалуына кепілгер кредитордың алдында кепілгер міндетті (банк немесе банктік емес ұйым). Шарттың міндетті шарты кепілгер, басқа кредитор қарыз алушымен бірге болып табылады;
кепілдік – борышкердің алдында міндеттемені орындамаған немесе тиісті орындамаған кезде кредиторлардың алдында толық немесе жартылай жауап беретін тұлға (жеке немесе заңды) міндеттеме;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – ауыл шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген немесе осы мақсаттарға арналған жер. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс iстеуiне қажеттi iшкi шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады.
Елдi мекендер жерiнiң құрамына:
құрылыстар алып жатқан әрi көп пәтерлi және көп қабатты тұрғын үйлер, үй iргесiндегi жер учаскелерi бар жеке тұрғын үйлер салуға арналған тұрғын жай салатын жер;
денсаулық сақтау, мәдениет, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, коммерциялық қызмет объектiлерi, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдар және жоғары бiлiм беру мекемелерi, әкiмшiлiк, ғылыми-зерттеу мекемелерi, ғибадат үйлерi мен өзге де iскерлiк үйлерi, құрылыстар мен ғимараттар салынған және соларды орналастыруға арналған қоғамдық iскерлiк құрылыс салатын жер;
өнеркәсiп, коммуналдық және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қойма объектiлерi, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы объектiлерi салынған және соларды орналастыруға арналған, сондай-ақ осы объектiлердiң санитарлық-қорғау аймақтарын белгiлеуге арналған өндiрiстiк құрылыс салатын жер;
темiр жол, автомобиль, өзен, теңiз, әуе және құбыр тасымалы жолдары, инженерлiк инфрақұрылым мен байланыс магистральдары өтетiн және соларды салуға арналған көлiк, байланыс, инженерлiк коммуникациялар жерi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
орман қорының жері;
өзендер, табиғи және жасанды су айдындары мен акваториялар, су қорғау аймақтары, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары орналасқан су айдындары мен акваториялар жерi;
ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер;
алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парктер, гүлзарлар, opмaн парктерi, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың қажеттерiн қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жұрт пайдаланатын басқа да инженерлiк жүйелер, сондай-ақ жылу желілерінің күзет аймақтары мен ортақ пайдаланудағы инженерлік жүйелер) орналасқан және соларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер;
қала құрылысы қызметiне тартылмаған, елдi мекендi аумақтық тұрғыдан дамытуға және өзiндiк қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған резервтегi және өзге де жер;
крематорийлердi, мал қорымы, тұрмыстық қалдықтар тастау орындарын және арнаулы нормативтер мен ережелер белгiленбейiнше пайдалануға болмайтын өзге де объектiлердi орналастыру үшiн бөлiнетiн арнайы мақсаттағы жер;
қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін берілген, сондай-ақ өзге де пайдалану режиміндегі жер кіруі мүмкін.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер – Жер кодексіндe және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен тиiстi нысаналы мақсат үшін азаматтар мен заңды тұлғаларға берілген жер деп танылады.
Өнеркәсiп жерiне өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру мен пайдалану үшін берілген жер, оның iшiнде олардың санитарлық-қорғау және өзге де аймақтар жатады.
Автомобиль, теңiз, iшкi су, темiр жол, әуе, құбыржол және өзге де көлік түрі объектiлерiнiң қызметiн қамтамасыз ету және (немесе) оларды пайдалану үшiн берiлген жер көлiк жерi болып танылады.
Темiр жол көлiгi қажеттерiне арналған жерге:
магистраль жолдарына және солармен технологиялық байланыстағы құрылыстар мен ғимараттарға (темiр жол белдеуi, көпiрлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдықтар, қызметтiк-техникалық үйлер);
кiрме жолдарға;
энергетика, локомотив, вагон, жол және жүк шаруашылықтары, сумен жабдықтау және канализация құрылыстары, қорғау және бекіту екпелері, қызметтік және темір жол көлiгiне қызмет көрсететін арнаулы мақсаттағы өзге де объектiлерi бар темір жол станцияларына (вокзалдарға);
темір жолдарға берілген белдеулер мен күзет аймақтарына;
концессия шарттары бойынша темір жолдар мен темір жол көлігінің объектілеріне бөліп берілген жер жатады.
Теңiз және iшкi су көлiгiнiң қажеттерiне арналған жерге теңiз және өзен порттарын, айлақтар, пристаньдар, гидротехникалық ғимараттар, жер бетi және жер асты үйлерiн, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, қайта жаңғырту, жөндеу, кеңейтіп ұлғайту үшін қажетті басқа объектiлердi және теңiз және iшкi су көлiгiнiң басқа да объектiлерiн орналастыру үшін бөлiнiп берiлген жер жатады.
Әуе көлiгiнiң қажеттеріне арналған жерге әуежайлар, әуеайлақтар, аэровокзалдар, ұшып көтерiлу-қону белдеулерiн және жер беті мен жер асты үйлерін, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, қайта құру, жөндеу, кеңейтiп ұлғайту үшiн қажеттi басқа да жер үстiндегi объектiлердi және әуе көлiгiнiң басқа да объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жер, сондай-ақ олардың күзет аймақтары жатады.
Құбыр көлiгiнiң мұқтаждарына арналған жерлерге су құбырларын, газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырлары мен жербеті және жерасты үйлерiн, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, реконструкциялау, жөндеу, кеңейтiп ұлғайту үшiн қажеттi объектiлердi және құбыр көлiгiнiң басқа да объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жерлер жатады. Аталған жерлерге шекаралары құрылыс нормалар мен ережелердің, магистральдық құбырлардың күзет ережелерінің және басқа да нормативтік құжаттардың негізінде айқындалатын жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттары бар магистральдық құбырлардың күзет аймақтарын қоса алғанда, магистральдық құбырлардың мұқтаждарына арналған жерлер де жатады.
Байланыс, радио хабарларын тарату, теледидар, ақпарат қажеттерiне арналған жерге тиiстi инфрақұрылымдардың объектiлерiн орналастыру, байланыстың кабель, радиореле және әуе желiлерi, соның iшiнде жер астындағы желiлер үшiн бөлiнiп берiлген жер, сондай-ақ олардың күзет аймақтары жатады.
Энергетика жерiне:
су электр станцияларын, атом станцияларын, жылу станцияларын және олардың құрылыстары мен объектілеріне қызмет көрсететін басқа да электр станцияларын, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру;
электр таратудың әуе желiлерiн, электр таратудың кабель желiлерiнiң жер бетiндегi құрылыстарын, шағын станцияларды, тарату пункттерiн, энергетиканың басқа да құрылыстары мен объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жер учаскелерi жатады.
Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін орналастыру және пайдалану үшін бөлінген жер, сондай-ақ олардың күзет аймақтары ғарыш қызметі мұқтажына арналған жерге жатады.
Әскери бөлiмдерді, әскери полигондарды, әскери оқу орындарын, арнаулы мемлекеттік органдардың оқу орындарын және Қарулы Күштердiң, басқа әскерлердің, әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де ұйымдарын, қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк саласындағы мiндеттердi атқаратын олардың объектілері мен құрылыстарын орналастыру және олардың тұрақты қызметі үшін Қазақстан Республикасының Үкiметi берген жер учаскелерi қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарына арналған жер деп танылады.
Жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтарына:
өнеркәсiп орындарының санитарлық-қорғау аймақтары;
темiр жол мен автомобиль жолдарына бөлiнiп берiлген белдеуге iргелес жатқан, сел-көшкiн қаупi бар және орманды қорғау аймақтары;
бас саға құрылыстарын қорғау аймақтары;
әуеайлақ маңындағы белдеулер;
магистральды құбыр жолдарының, байланыс, радио және электр желiлерiнiң күзет аймақтары;
газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары;
су күзету аймақтары;
тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөлшектер құлайтын аудандарды қоспағанда, жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтары;
әскери полигондардың аумағы;
арнаулы мемлекеттік органдардың пайдалануындағы аумақтар жатады;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне іргелес жатқан аумақ жатады.
Орман қорының жері – орманды, сондай-ақ ағаш өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне берiлген жер учаскелерi орман қорының жерi деп танылады.
су қорының жері – су айдындары (өзендер және олармен теңдестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да iшкi су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, су көздерiнде орналасқан, ағысты реттейтiн су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жер, сондай-ақ көрсетілген су объектілерінің су күзет белдеулеріне және ауыз сумен қамтамасыз етудiң бас саға жүйелерiн санитарлық күзет аймақтарына бөлiнген жер су қорының жерi деп танылады.
тұрғын үй (тұрғын ғимарат) - негізінен тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан және ортақ мүлік болып табылатын өзге де бөліктерден тұратын құрылыс;
тұрғын үй-жай (пәтер) - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, тұрғын жайдың тұрғын алаңын да, тұрғын емес алаңын да қамтитын жеке үй-жай;
жеке тұрғын үй - қоныс учаскесiне орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстармен және жасыл желектi екпелерiмен бiрге азаматтың меншiгiндегi жеке (отбасымен) тұруға арналған үй.
жатақхана - еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың, оқу кезеңінде студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншік иесімен немесе иесімен еңбек шарты бар басқа да адамдардың тұруы үшін арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын ғимарат;
автомагистраль - бiр-бiрiнен бөлiп тұратын жолақпен, ал ол болмаған жағдайда, жол қоршауымен бөлiнген, жүрiстiң әрбiр бағыты үшiн жүру бөлiктерi бар, басқа жолдарды, темiржолдарды немесе трамвай жолдарын, жаяу немесе велосипедпен жүретiн жолдарды бiр деңгейде кесiп өтпейтiн жол;
жол - мемлекеттiк есепке алуға жататын және көлiк құралдарының жүруiне арналған инженерлiк құрылыс кешенi болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, елдi мекен көшесi. Жол бiр немесе бiрнеше жүрiс бөлiгiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және бөлу жолақтары болған жағдайда - соларды қамтиды;
темiр жолдар - жылжымалы құрамның жүруi жүзеге асырылатын жылжымайтын мүлiк объектiлерi (магистральдық, станциялық, кiрме жолдар);
ұшып көтерілу-қону жолағы - әуе кемелерінің қонуы мен ұшып көтерілуі үшін дайындалған құрлықтағы әуеайлақтың белгілі бір тікбұрышты учаскесі.
ғимарат - жасанды құрылған көлемді, жазықтық немесе сызықтық объектісі (жер үсті, су үсті және (немесе) жер асты, су асты) табиғи немесе жасанды кеңістік шекарасы бар және өндірісті процесстер орындауға арналған, материалдық құндылықтарды орналастыру және сақтау немесе адамдарды, жүктерді уақытша тұру (орналастыру), сондай-ақ жабдықты немесе коммуникацияны орналастыру (төсеу, өткізу)
автомобиль көлігі құралы - автобустар, шағын автобустар, жеңіл және жүк автомобильдері, троллейбустар, автомобиль тіркемелері, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелер, сондай-ақ арнайы бейімделген автомобильдер (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнаулы автомобильдер (әртүрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындайтын) кіретін автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бірлігі;
темiр жол көлiгi - темiр жолдармен тасымалдауды қамтамасыз ететiн көлiк түрi;
жылжымалы құрам – жолаушыларды, багажды, жүкті, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн темір жолдар бойынша тасымалдауға арналған тартқыш көлік құралдары (локомотивтер), вагондар, өздiгiнен жүретін және өзге де көлік құралдары;
су кемесі – сумен ішкі жүзу кемесі, кеме жүзу мақсатында пайдаланылатын өздігінен жүретін немесе өздігінен жүрмейтін жүзгіш құрал, оның ішінде Кеме қатынасы тіркелімінде техникалық қадағалауда болатын «өзен-теңіз» жүзу кемесі, паром, техникалық флоттың кемелері (қайраңға тереңдейтін және қайраңды тазалайтын снарядтар, жүзгіш кран және осыған ұқсас басқа да техникалық құралдар);
ауа кемесі – жер (су) бетінен шағылысқан ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебінен атмосферада қалықтайтын аппарат;
жабдық – машинаға орнатылатын және машиналардың негізгі және (немесе) қосымша функцияларын орындау үшін, оларды бір жиынтыққа біріктіру үшін қажетті техникалық құрылғы;
машина - техникалық құрылғы немесе қуатты, материалдарды және ақпаратты қайта ұйымдастыруға арналған құрылғы жиынтығы біреуі қозғалу өзара байланысты құрамынан тұратын;
биологиялық актив – өмір сүретін хайуан, балық немесе өсімдік;
материалдық емес актив – нақты нысаны жоқ, сәйкестендірілетін монетарлық емес актив. Осындай актив сәйкестендіріледі, ол бөлінетін болады, яғни оны ұйымнан бөлуге немесе бөліп алуға және сатуға, беруге, жалға беруге немесе бөлек немесе онымен байланысты шартпен, активпен немесе міндеттемемен бірге ауыстыруға болады және шарттық немесе басқа заңды құқықтар нәтижесінде, осы құқықтарды субъектіге беруге одан бөлуге немесе басқа құқықтардан және міндеттемелерден (мысалы: бағдарламалық қамтамасыз ету, лицензиялық келісімдер, патенттер, франшизалар) болуына қарамастан туындайды.
Қамтамасыз етуі үлестік құрылыс объектілері, талап ету құқықтары және келешекте түсетін өзге мүліктер (ақша) түріндегі қарыздар, шартты міндеттемелер бойынша мұндай қамтамасыз ету материалды емес активтер ретінде (мысалы, Материалды емес активтерге қатысты негізгі қорлар жіктегіші 210.000000 позициясынан қарастырылады, бағдарламалық қамтамасыз ету, деректер базасы, жүйелі және қолданбалы бағдарламалық құралдар, операциялық жүйелер және оларды кеңейту құралдары және 260.700000 позициясына дейін т.б.).
Негізгі қорлар жіктегішіне сәйкес аяқталмаған құрылысты Басқа материалды негізгі қорлар (код 43), Аяқталмаған өндіріс – Тауар-материалды құндылықтар (код 46).
Қамтамасыз етусіз (бланктік заем) қарыз шартты міндеттеме) – қандай да бір қамтамасыз ету берілмеген немесе не қамтамасыз ету құны жиынтығында актив, шартты міндеттеме бойынша қарыз алушы міндеттемелерінің елу пайызынан кемін жабатын қарыз (шартты міндеттеме).
5.11.4. Жалпы ережелер
«Кредиттік тіркелім» ААШЖ мақсатында әр кепіл шарты бойынша банк (банктік емес ұйым) шарт нөмірінің бірегейлігі қамтамасыз етіледі.
Балансқа есептелген қарыздарды қоспағанда қарыздардың (шартты міндеттемелердің барлық түрлері үшін ұсыну үшін «Қамтамасыз ету түрі» міндетті болып табылады.
Сол кезде бір немесе бірнеше қамтамасыз ету бір немесе бірнеше қарыз (шартты міндеттеме) берілу мүмкін.
Қарыз (шартты міндеттеме) бір немесе бірнеше қамтамасыз ету түрлері бола алады.
Егер қарыз (шартты міндеттеме) «қамтамасыз ету түрі» жолында міндетті тәртіпте «қамтамасыз етусіз - бланктік заем» жол таңдалады».
Бірінші қабылданған кепіл бірінші болып табылады. Егер қарыз (шартты міндеттеме) бірнеше қамтамасыз ету түрі болған жағдайда Кейін қалғандар рет бойынша.
Кепіл сомасы банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес қарызды беру сәтіне (шартты міндеттеме) және кейіннен кепіл шартында көрсетілген банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес анықталады.
Кепіл құны теңгеде көрсетіледі. Кепіл құны ағымдағы күнге бағамы бойынша шетел валютада қайта есептеледі.
Қамтамасыз ету бойынша қапарат шарт бойынша блокта көзделген және мынадай көрсеткіштерден тұрады:
кепіл шартының нөмірі;
қамтамасыз ету түрі;
Егер кепіл құны кепіл қолданудың мерзімі ішінде есепті күнге өзгертілген жағдайда (оның ішінде берілген кредиттер бойынша) онда «кепіл құны» жол бойынша банктің кепіл саясатына сәйкес анықталған ағымдағы құны бойынша қамтамасыз ету құны көрсетіледі.
Егер қамтамасыз ету бірнеше қарыздарға көзделсе, онда әрбір қарыз бойынша шарт бойынша барлық кепіл сома және кепіл шартының нөмірі көрсетілсе (яғни бір сол сома және кепіл шартының нөмірі қайталанса).
5.11.5. Анықтамалықтың құрылымы
Анықтамалық екі бөліктен тұрады:
- коды;
- атауы.
№ р/с
|
Коды
|
Атауы
|
|
01
|
Тазартылған құйма алтын
|
|
02
|
Банктегі салымдар
|
|
03
|
Акциялар
|
|
04
|
Жарғылық капиталда қатысудың басқа түрлері
|
|
05
|
Инвестициялық қорлардың пайлары
|
|
06
|
Борыштық бағалы қағаздар
|
|
07
|
Вексель
|
|
08
|
Сақтандыру полистері
|
|
09
|
Туынды қаржы құралдары
|
|
10
|
Кепілдіктер және кепілдемелер
|
|
11
|
Басқа туынды құралдар
|
|
12
|
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
|
|
13
|
Елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi
|
|
14
|
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
|
|
15
|
Орман қорының жері
|
|
16
|
Су қорының жері
|
|
17
|
Тұрғын үй (тұрғын ғимарат)
|
|
18
|
Тұрғын үй-жай (пәтер)
|
|
19
|
Жеке тұрғын үй
|
|
20
|
Жатақхана
|
|
21
|
Тұруға жарамды өзге тұрғын үйлер және құрылыстар
|
|
22
|
Өнеркәсіптік және өндірістік үйлер және қоймалар
|
|
23
|
Сауда үйлері және үй-жайлар
|
|
24
|
Мәдени- ойын сауық мақсаттағы үйлер
|
|
25
|
Қонақ үйлер, ресторандар, кафе және ұқсас үйлер және үй-жайлар
|
|
26
|
Жоғары оқу орындарының үйлер және үй-жайлар
|
|
27
|
Офистік үйлер және үй-жайлар
|
|
28
|
Басқа тұрғын үй емес үйлер және үй-жайлар
|
|
29
|
Құбырлар
|
|
30
|
Автомагистраль, жолдар, темір жолдар, темір жол тұйықтары
|
|
31
|
Ұшып көтерілу-қону жолағы
|
|
32
|
Басқа құрылыстар
|
|
33
|
Автомобиль көлік құралдары
|
|
34
|
Теміржол көлігі және жылжымалы құрам
|
|
35
|
Су кемесі
|
|
36
|
Ауа кемесі
|
|
37
|
Басқа көлік құралдары
|
|
38
|
Турбиндер, сорғылар
|
|
39
|
Ауыл және орман шаруашылығына арналған машиналар
|
|
40
|
Станоктар
|
|
41
|
Компьютерлер және периферия жабдықтары
|
|
42
|
Электрондық жабдық және өлшеу аспаптары
|
|
43
|
Басқа материалдық негізгі қорлар (қаражат)
|
|
44
|
Биологиялық активтер
|
|
45
|
Материалдық емес активтер
|
|
46
|
Тауарлық-материалдық құндылықтар
|
|
47
|
Қамтамасыз етусіз (бланктік)
|
Достарыңызбен бөлісу: |