5.12. Анықтамалық –біркелкі кредиттердің портфелі
5.12.1. Қолданылу саласы
Осы анықтамалық уәкілетті органдардың талаптары бойынша және қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарының талаптары бойынша банктердің біртекті кредиттердің портфельне енгізілген кредиттердің тізбесін белгілейді.
Уәкілетті органның талаптары бойынша біркелкі жинақталатын кредиттерге банктің ішкі кредиттік саясатында айқындалған талаптарда берілген кредиттер жатады, бұл ретте әрбір кредиттің шамасы жиынтығында бір қарыз алушыға (негізгі борыш қалдығының мөлшері жиынтығында бір қарыз алушыға тәуекелді бағалау күнге) банктер үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі бойынша уәкілетті органның талаптарына сәйкес есептелген банктің меншікті капиталының шамасынан 0,02 пайыздан аспайды.
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша біркелкі портфельдің анықтамасы банктің есеп саясатына және ішкі құжаттарына сәйкес анықталады.
5.12.2. Терминдер және анықтамалар
Осы анықтамалықта тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер пайдаланылады.
Бірыңғай кредиттер портфелі – кредиттік тәуекелге ұқсас сипаттамасы бар және банктің басқарушы органы бекіткен банктің ішкі ережелеріне сәйкес келетін кредиттер тобы.
5.12.3. Жалпы ережелер
Кредиттік тарих субъектісі бірыңғай кредиттер портфеліне бір мезгілде енгізілу мүмкін.
Банк, банктік емес ұйым бірыңғай кредиттер портфеліне ие.
5.12.4. Анықтамалықтың құрылымы.
Анықтамалық – Бірыңғай кредиттер портфелі екі бөліктен тұрады:
Уәкілетті органның критерийлеріне сәйкес топтастырылған бірыңғай кредиттер портфелі:
Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының критерийлеріне сәйкес топталған бірыңғай кредиттер портфелі:
р/с №
|
Бірыңғай портфель атауы
|
1
|
|
...
|
|
т.
|
|
6. Қарызға қызмет көрсету туралы ақпарат бойынша анықтамалықтар мен көрсеткіштер
6.1. Резиденттік, экономика секторы және валюта түрлері шеңберіндегі баланстық шоттар анықтамалығы
6.1.1. Қолдану аясы
Осы анықтамалық банктер және банктік емес ұйымдар көрсететін операцияларды, клиенттің шарт талаптарынан туындайтын кредиттік тәуекелдерін алып жүретін шоттар тізбесін анықтайды.
Анықтамалықтың талаптары барлық қарыздар түрлері мен шартты міндеттемелер үшін міндетті болып табылады.
6.1.2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер
Осы анықтамалықта мынадай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер пайдаланылған:
- «Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есепті ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы» ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы № 224 қаулысы;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығының жекелеген субъектілері үшін бухгалтерлік есеп шоттарының Үлгі жоспары;
- «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы №105 қаулысы (бұдан әрі – № 105 қаулы);
- «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысы;
- (IAS) 39 «Қаржы құралдары: тану және өлшем» (бұдан әрі – ҚҰХС 39) қаржылық есеп берудің халықаралық стандарты.
6.1.3. Терминдер және анықтаулар
Осы анықтамалықта тиісті анықтаулары бар мынадай терминдер қолданылады:
6.1.3.1. Шоттардың Үлгі Жоспары - екінші деңгейдегі банктерде, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебінің шоттар жоспары - бухгалтерлік есептегі қаржылық-шаруашылық операцияларды топтастырудың сыныптарға бөлу схемасын білдіреді.
6.1.3.2. Негізгі борыш - қарыз алушының кредиторға кредит берудің белгілі кезеңіндегі сәттерінде пайыздарды, шартты міндеттемелерді ескермей төлеуге жататын өтелмеген борыш сомасы.
6.1.3.3. Қарыз бойынша сыйақы – банкке тиесілі ақшаның жылдық мөлшерінде есеп айырысу сомасында пайыздық көрсетіліммен анықталған не исламдық банк коммерциялық кредит беру кезінде тауарға үстеме баға түрінде берілген кредит үшін төлем.
6.1.3.4. Резервтер (провизиялар) – нақты актив құнын жоғалту ықтималдығын тану, ал шартты міндеттеме жағдайында – банктің өз міндеттемелерін орындау мүмкіндіктерін немесе активтер (шартты міндеттемелер) жиынтығын жоғалту ықтималдығын тану.
Резервтер (провизиялар) уәкілетті органның талабы бойынша және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының талаптары бойынша қалыптасқан провизияларға бөлінеді.
Уәкілетті органның талаптары бойынша бірыңғай кредиттер портфеліне қалыптасқан резервтер (провизиялар) бірыңғай кредиттер портфеліндегі барлық сомада көрсетіледі.
Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының талаптары бойынша бірыңғай кредиттер бойынша қалыптасқан резервтер (провизиялар) бірыңғай кредиттердің барлық портфель сомасы бойынша көрсетіледі.
Резервтер (провизиялар) абсолютті мәнде көрсетіледі.
6.1.3.5. Кредитті өтеу – қарыз алушының қарыз сомасын және ол бойынша сыйақыны (исламдық коммерциялық қарыздар бойынша құнды өсіру) қайтаруы.
6.1.3.6. Дисконт – қаржы активінің(міндеттемесінің) бастапқы құнының (есептелген сыйақыны ескермей) және инвестор (сатып алушы) үшін алдағы кезеңдердің кірістерін тудыратын өтеу сомасының арасында туындайтын теріс айырма сомасы.
6.1.3.7. Сыйлықақы – қаржы активінің(міндеттемесінің) бастапқы құнының (есептелген сыйақыны ескермей) және инвестор (сатып алушы) үшін алдағы кезеңдердің шығыстарын тудыратын өтеу сомасының арасында туындайтын оң айырма сомасы.
6.1.3.8. Қарыздар көлеміндегі басқа да өзгерістер – институционалдық құрылымдар арасындағы операциялар да, қарыз құнын қайта бағалау да себеп болып табыла алмайтын бастапқы және қорытынды баланс арасындағы активтер мен пассивтердегі өзгерістер.
Олардың деректерді түзеткен кезде емес, активтер мен пассивтерді дұрыс жіктеген кезде пайда болған, осының алдындағы кезеңдерде, басында дұрыс көрсетілмеген қарыздар көлеміндегі басқа шоттағы өзгерістерді көрсету үшін пайдаланылатынын негізге алу керек.
Кредиторлардың үмітсіз борыштарды есептен шығаруына кредитордың біржақты тәртіпте борышты жоюы және осындай талап етуді кейіннен кредитор балансынан шығаруы кіреді. Бұл ретте, кредитор талабын және борышкер міндеттемесін жоюды ерікті түрде ұстап қалуды білдіретін борышқа кешірім жасау операция болып табылады және қарыздар көлеміндегі басқа өзгерістерге жатпайды. Борышты қайта ұйымдастыру сол сияқты операция болып табылады, сондықтан да ол қарыз көлеміндегі басқа өзгерістерге енгізілмеуі тиіс.
Секторлар жіктеліміндегі өзгерістер институционалды құрылымдардың қызмет түрлеріндегі, құрылымындағы және (немесе) құқықтық мәртебесіндегі өзгерістерді көрсетеді. Құрылымдағы өзгерістер мысалы, ұйымды басқа ұйым жұтып қойғандықтан, тәуелсіз заңды тұлға ретінде өмір сүруін тоқтатқан, немесе бірнеше институционалды құрылымдардың пайда болуына байланысты ол бөлінген жағдайда туындайды.
Қарыз жіктеліміндегі өзгерістер оның сипаттамасындағы немесе оны тағайындаудағы өзгерістер салдарларынан қарыздың басқа қаржы құралына қайта жіктелгенін көрсетеді. Мысалы, акциялардан басқа (нарықта айналысқа түсу сипатына ие болған несиелерге қатысты) бағалы қағаздар санатына есептелген несиені жіктеуді өзгерту. Осы жағдайда қарыз көлемі осы сомаға кемиді («Акциялардан басқа, бағалы қағаздар» көрсеткіші бойынша көрсетілетін болады), және осы соманы «Қарыз көлемі бойынша басқа өзгерістер» көрсеткіші бойынша көрсету қажет.
Қарыздар көлеміндегі өзге де өзгерістерге операция болып табылмайтын қаржылық активтер мен пассивтердің әртүрлі басқа да өзгерістері кіреді, олар құнды қайта бағалауға жатқызылмайды және олар жоғарыда аталған өзгерістер салдарынан туындамайды.
6.1.3.9. Қарызды теріс түзету – оның әділ құнының кемуі нәтижесінде туындаған қарыздың баланстық құнын теріс түзету сомасын есепке алу.
6.1.3.10. Қарызды оң түзету - оның әділ құнының өсуі нәтижесінде туындаған қарыздың баланстық құнын оң түзету сомасын есепке алу.
6.1.3.11. Есептелген сыйақы – белгілі бір кезең ішінде пайыздар түрінде алуға (төленуге) тиесілі кіріс сомасы.
6.1.3.12. Алдағы ақша ағынының дисконттық құны – ҚЕХС 39 дисконттау ставкасы бойынша (пайыздың бастапқы тиімді ставкасы – амортизацияланған құн немесе кірістіліктің ағымдағы нормасы бойынша ескерілетін осыған ұқсас қаржы активтері бойынша – өзіндік құны бойынша ескерілетін қаржы активтері және сату үшін қолда барлары бойынша) анықталған құнға келтірілген алдағы болжанып отырған ақша төлемдері немесе түсімдерді (сыйақы және негізгі борышты қайтару түріндегі төлемдер, кепілді алу және сату шығындарын шегеріп, төлеттіру нәтижесінде алу болжанып отырған ақша қаражаты және басқа сомалар) пайдалана отырып, құнға келтіру.
Портфельдік негіздегі қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының талаптары бойынша есептелген алдағы ақша ағынының дисконтталған құны кредиттердің барлық портфелі сомасында көрсетіледі.
«Кредиттік тіркелім» ААШЖ бірыңғай кредиттер портфелі бойынша «болашақ ақша ағынының дисконтталған құны/ портфельдік негізде алу күтілетін құн» көрсеткіші бойынша толтыратын сома бірыңғай кредиттер портфелінің баланстық құны мен тиісті резервтер (провизиялар) арасындағы айырма ретінде анықталуы мүмкін.
6.1.3.13. Әділ құн – осы операция туралы жақсы хабардар, осындай операцияны жүргізуге ниеттенген тәуелсіз тараптардың операцияны жүргізуі кезінде актив айырбасталуы немесе міндеттеме орындалуы мүмкін сома.
6.1.3.14. Мерзімі өткен берешек шотына енгізу күні
Осы жолда, егер есепті кезең аралығында мерзімі өткен берешек өтелмеген болса, мерзімі өткен берешек шотына қарызды енгізудің (ШМ) бастапқы күні көрсетіледі.
«Мерзімі өткен берешек шоты: негізгі борышты енгізу күні» көрсеткішін ұсыну кезінде «Негізгі борыш қалдығы (шарт бойынша теңгеде, валютада): мерзімі өткен берешек», «Негізгі борыш бойынша баланстық шот нөмірі: мерзімі өткен берешек» жолдарын толтыру міндетті.
«Мерзімі өткен берешек шотына енгізу күні: сыйақы» көрсеткішін ұсыну кезінде «Есептелген сыйақы қалдығы (шарт бойынша теңгеде, валютада): мерзімі өткен», «Сыйақы бойынша баланстық шот нөмірі: мерзімі өткен берешек» жолдарын толтыру міндетті.
Мерзімі өткен берешек ішінара өтелген жағдайда, сондай-ақ мерзімі өткен берешек шотына енгізудің бастапқы күні көрсетіледі.
6.1.3.15. Мерзімі өткен берешекті өтеу күні
Осы жолда қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өтеудің соңғы күні көрсетіледі.
Мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша ақпарат ұсыну үшін мынадай логиканы ұстану қажет:
Егер қарыз мерзімі өткен берешекке, мысалы, 05.03.12 ж.қойылса, 01.04.12 ж. есепті күнге, «Мерзімі өткен берешек шотына шығару күні» жолына – 05.03.12 г. күні көрсетілуі тиіс.
01.05.12 ж. жағдай бойынша есепті күнге мынадай төлем, яғни мерзімі өткен берешек шотына 05.04.12 ж. төлем шығарылды, тиісінше «Мерзімі өткен берешек шотына шығару күні» жолына бірінші күн, яғни 05.03.12 ж. көрсетілуі тиіс.
Мерзімі өткен берешек ішінара өтелгенде, кез-келген жағдайда бастапқы күн, яғни 05.03.12 ж. күн көрсетілуі тиіс.
Егер 01.05.12 ж. жағдай бойынша есепті күнге алғашқы мерзімі өткен берешек 01.05.12 ж. дейін толық өтелген болса (мерзімі өткен берешек шотына 05.03.12 ж.қойылған болса), тиісінше, «Мерзімі өткен берешек шотына шығару күні» жолында өтелмеген немесе ішінара өтелген мерзімі өткен берешек күні (яғни 05.04.12 ж.) көрсетілуі тиіс.
Нұсқа
|
Есепті күн
|
01.04.12 жылға
|
01.05.12 жылға
|
1
|
05.03.2012ж. төлем мерзімі өткен берешек шотына шығарылған және өтелмеген немесе ішінара өтелген;
05.04.2012ж. келесі төлем мерзімі өткен берешек шотына шығарылған және өтелмеген немесе ішінара өтелген;
|
05.03.12ж. көрсетіледі
|
05.03.12ж.
көрсетіледі
|
2
|
05.03.2012ж. төлем мерзімі өткен берешек шотына шығарылған және есепті күнге дейін толық өтелген;
05.04.2012ж. келесі төлем мерзімі өткен берешек шотына шығарылған және өтелмеген немесе ішінара өтелген
|
көрсетілмейді, өйткені мерзімі өткен берешек 01.04.12ж. дейін өтелген
|
05.04.12ж. көрсетіледі, өйткені 1 мерзімі өткен берешек толық өтелген
|
6.1.3.16. «Кредиттік тіркелім» ААШЖ мақсатында кредиттік қарта бойынша қаражаттың артық шығыны сол кредиттік карта лимитінің игерілген бөлігіндегі қалдығы көрсетілген шотта көрсетіледі.
Кредиттік карта лимитінің (овердрафт) игерілмеген бөлігі бойынша қалыптасқан резервтер (провизиялар) екінші сыныпты тиісті баланстық шотта нұсқалу арқылы көрсетіледі.
Кредиттік карта лимитінің (овердрафт) игерілген бөлігі бойынша қалыптасқан резервтер (провизиялар) бірінші сыныпты тиісті баланстық шотта нұсқалу арқылы көрсетіледі.
Кредиттік желі бойынша толық ақпарат субъект блогы, шарт және кезең ішіндегі өзгерістер бойынша көрсетіледі. Кредиттік желі аясында барлық берілген қарыздар және шартты міндеттемелер толық көлемде ақпараттың барлық блоктары бойынша көрсетіледі.
6.1.3.17. «Кредиттік тіркелім» ААШЖ мақсатында форфейтинг бойынша дисконт (сыйлықақы) 1422 баланстық шотында көрсетіледі.
6.1.4. Анықтамалықтың құрылымы
Анықтамалық екі бөліктен тұрады:
- резиденттік, экономика секторы және валюта түрлері шеңберінде баланстық шоттар бойынша мәліметтер;
- атауы.
Банктер мен ипотекалық ұйымдардың баланстық шоттары мынадай цифрлық символдар жүйесін білдіреді: АААА Х У Z, онда:
АААА – шоттардың Үлгі жоспарының баланстық шотының нөмірі;
Х – валюталық заңнамаға сәйкес резиденттік белгісі («1» - Қазақстан Республикасының резиденті, «2» - Қазақстан Республикасының резиденті емес);
Y – «экономика секторы» анықтамалығына сәйкес экономика секторы);
Z – валюта түрі («1» – теңге, «2» – ЕАВ, «3» – ВБТ).
X, Y және Z символдарындағы мәліметтердің нөлдік белгісі осы позиция бойынша нақтылаудың жоқ екендігін көрсетеді.
Банктер мен ипотекалық ұйымдар үшін баланстық шоттар анықтамалығы мынадай құрылымда ұсынылған:
Резиденттік, экономика секторы және валюта түрлері шеңберінде баланстық шоттар бойынша мәліметтер
|
Атауы
|
А
|
А
|
А
|
А
|
Х
|
У
|
Z
|
|
Банктер мен ипотекалық ұйымдар үшін баланстан тыс шоттар анықтамалығы мынадай құрылымда ұсынылған:
6.2. Анықтамалық –Жіктелімдік санат
6.2.1.Қолданылу саласы
Осы анықтамалық уәкілетті органның талаптарына сәйкес берілген қарыздар мен шартты міндеттемелердің жіктелімдік санатының тізбесін анықтайды.
6.2.2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер
Осы анықтамалықта мынадай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер пайдаланылған:
- Банктер туралы заңға.
6.2.3 Терминдер және анықтамалар
Осы анықтамалықта тиісінше анықтамалары бар мынадай терминдер пайдаланылады:
Жіктелген актив – ол бойынша шарт талаптарына сәйкес талап ету орындалмайтын не ол бойынша талап ету толық көлемде орындалмайды немесе мүлдем орындалмайды деп болжам жасауға негіз бар қарыз;
Жіктелген шартты міндеттеме – ол бойынша банктің өз міндеттемелерін орындауы ықтимал болып отырған шартты міндеттеме.
6.2.4. Жалпы ережелер
Қарыздар мен шартты міндеттемелер стандартты және жіктелген болып бөлінеді.
Жіктелуге жатпайтын қарыз және шартты міндеттеме стандартты болып табылады. Жіктелген активтер және шартты міндеттемелер мынадай санаттарға бөлінеді:
- күмәнді;
- үмітсіз.
6.2.5. Анықтамалық құрылымы.
р/с
№
|
Қарыздың (шартты міндеттеменің) жіктелген санатының атауы
|
Анықтама түрінде:
|
Бірыңғай кредиттер портфелін қоспағанда, қарыздың (шартты міндеттеменің) резервінің (провизияның) мөлшері
(негізгі борыш сомасының %-ы)
|
Резерв (провизия) мөлшері
(бірыңғай кредит портфелінің %-ы)
|
1
|
Стандартты
|
|
|
2
|
Күмәнді 1 санатты
|
5 % - төлемдерді уақтылы және толық төлеген кезде
|
0,01 % - 5 %
|
3
|
Күмәнді 2 санатты
|
10 % - төлемдерді кешіктірген немесе толық төлемеген кезде
|
5,01 % - 10 %
|
4
|
Күмәнді 3 санатты
|
20 % - төлемдерді уақтылы және толық төлеген кезде
|
10,01 % - 20 %
|
5
|
Күмәнді 4 санатты
|
25 % - төлемдерді кешіктірген немесе толық төлемеген кезде
|
20,01 % - 25 %
|
6
|
Күмәнді 5 санатты
|
50 % - барлық жағдайларда
|
25,01 % - 50 %
|
7
|
Үмітсіз
|
100 % - барлық жағдайларда
|
50,01 % - 100 %
|
6.3. Анықтамалық – Экономика секторы
6.3.1. Қолданылу саласы
Экономика секторлары бойынша объектілер өндіріс, тауарлар мен қызметті бөлу, қайта бөлу және пайдалану саласындағы операцияларды жүзеге асыратын институционалдық құрылымдар болып табылады.
Институционалдық құрылымдар ретінде өз аттарынан активтер иелене алатын, өздеріне міндеттеме қабылдайтын және шаруашылық қызметпен және басқа құрылымдармен жасалатын операциялармен айналысатын шаруашылық құрылымдар түсініледі.
Институционалдық құрылымдардың негізгі ерекшеліктері:
а) жеке өз атынан тауарларды немесе активтерді иелену қабілеттілігі, бұл оларға осы тауарларға/қызметтерге өз меншік құқығына және басқа құрылымдармен операциялар кезінде айырбас жасауға мүмкіндік береді;
б) жеке экономикалық шешімдер қабылдауға қабілеттілік және олар өздері тікелей жауапкершілік алатын және заң алдында жауап беретін шаруашылық қызметпен айналысу;
в) өз атынан қаржылық міндеттемелер қабылдауға қабілеттілік, басқа міндеттемелер және болашақтағы шығыстарға байланысты міндеттемелер алу, сондай-ақ шарттар жасау;
г) активтердің және пассивтердің балансын қоса алғандағы шоттардың толық жиынтығының болуы, не экономикалық, сол сияқты заңдық көзқарас тұрғысынан практикалық мүмкіндіктердің - қажет болса, шоттардың толық жиынтығының болуы.
Институционалдық құрылымдардың екі негізгі үлгісі бар:
- үй шаруашылығында (үй шаруашылығы) жұмыс істейтін жеке тұлғалар;
- жеке тұлғаларға немесе олардың қызметіне бақылау жасайтын басқа құрылымдарға тәуелсіз, қызметі заңмен танылған заңды тұлғалар.
6.3.2. Нормативтік құқықтық актілерге сілтемелер
Осы анықтамалықта мынадай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер пайдаланылған:
- № 105 қаулы.
6.3.3. Терминдер мен анықтамалар
Осы анықтамалықта тиісті айқындаулары бар мынадай терминдер пайдаланылады:
Коммерциялық емес ұйымдар - кіріс, пайда көзі, немесе өзге де қаржылық тиімділік жасауға олардың мәртебелері мүмкіндік бермейтін, ұйымдарды құрушы, бақылаушы немесе қаржыландырушы құрылымдар үшін тауарлар өндіру немесе қызмет көрсету мақсатында құрылатын заңды тұлғалар немесе қоғамдық ұйымдар.
Мемлекеттік басқару органдары – үй шаруашылығына және жалпы қоғамға жеке және ұжымдық қызмет көрсетулерді қоса алғандағы, нарықтық емес тауарлар мен қызметтерді ұсынуды ұйымдастыратын және олардың қызметтерін қаржыландырумен айналысатын институционалдық құрылымдар.
Үй шаруашылығы - бұл ең бірінші тұтынушылық құрылымдар, бірақ олар шаруашылық қызметінің кез-келген түрімен айналыса алады.
6.3.4 Институционалдық құрылымдарды экономика секторы бойынша жіктеу
6.3.4.1. Ел экономикасын оның бірыңғай мақсаты мен экономикалық бағытының үлгілері бойынша секторларға бөлу - экономикалық талдау мақсатындағы шоттардың жарамдылығын арттырады.
Әрбір жеке институционалдық құрылым өз негізгі қызмет түріне сәйкес бір экономика секторына түгелдей қатысты болады.
Экономикалық және қаржылық талдау жасау үшін секторлардағы топтардан басқа, секторлар бойынша мейлінше жан-жақты топтаулар қолдану қажеттігі туындайды, сондықтан секторлар шағын секторларға бөлінген.
Институционалдық резиденттер құрылымдары өзара алынып тасталатын мынадай бес секторға топталынады:
- мемлекеттік басқару органдарының секторы;
- қаржы ұйымдары секторы;
- қаржылық емес ұйымдар секторы;
- үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар секторы;
- үй шаруашылығы секторы.
6.3.4.2. Мемлекеттік басқару органдары секторы мынадай шағын секторлардан тұрады:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Шет мемлекеттің үкiметi – «1» коды;
2) өңірлік және жергiлiктi басқару органдары – «2» коды.
«1» коды республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын министрліктерден, ведомстволардан және агенттіктерден, ғылыми-зерттеу институттарынан, институционалдық бiрлiктерден – Қазақстан Республикасы Үкiметiнің агенттерінен, мемлекеттік басқару органдары бақылайтын және республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын қорлардан, сондай-ақ мемлекеттің бақылауындағы, мемлекеттік органдарға тән қызметтердi орындайтын және нарықтық өндiрiспен шұғылданбайтын басқа да ұйымдардан тұрады.
«2» коды облыс, қала және аудан деңгейінде басқару функцияларын жүзеге асыратын институционалдық бiрлiктерден және жергiлiктi бюджеттердің қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдардан тұрады.
6.3.4.3. Қаржы ұйымдары секторы мынадай шағын секторлардан тұрады:
1) орталық (ұлттық) банк – «3» коды;
2) басқа депозиттік ұйымдар – «4» коды;
3) басқа қаржы ұйымдары – «5» коды.
«3» коды қаржы жүйесiнiң шешуші аспектiлерiне бақылауды жүзеге асыратын институционалдық бiрлiктерден тұрады. Бұл шағын секторға ұлттық валюта эмиссиясы, елдің халықаралық резервтерін басқару, ХФҚ-пен және басқа да халықаралық қаржы ұйымдарымен операциялар, басқа депозиттік корпорацияларға кредит беру сияқты қызмет тән орталық (ұлттық) банктер жатады
«4» коды қызметiнiң негiзгi түрі қаржы делдалдығы болып табылатын және мiндеттемелерi депозиттер немесе оларға ұқсас нысандағы (қолданыстағы ақшаның ұлттық анықтамасына жататын, депозиттерге жақын алмастырғыштар) институционалдық бiрлiктерден тұрады.
«5» коды түрлі делдалдық не қосалқы қаржылық қызметті жүзеге асыратын не осы функцияларды қоса атқаратын осы сектордағы барлық қалған институционалдық бiрлiктерден тұрады. Бұл топқа кредиттік серіктестіктер, микрокредиттік ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, ломбардтар, ипотекалық ұйымдар, қаржы лизинг компаниялары, факторинг компаниялары, арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдар, инвестициялық қорлар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдар, сондай-ақ валюта және қор биржалары, дилерлер, брокерлер мен агенттер, кредит алудағы түрлі делдалдар, сақтандыру брокерлері, кепілдік беру қорлары, айырбастау пункттері және басқа да қаржы ұйымдары жатады.
6.3.4.4. Қаржылық емес ұйымдар секторы мынадай шағын секторлардан тұрады:
1) мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – «6» коды;
2) мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – «7» коды.
«6» коды көбіне нарықтық өндiрiспен айналысатын және мемлекеттік басқару органдарының бақылауындағы институционалдық бiрлiктерден тұрады.
Мемлекеттік басқару органдары бақылауды:
- дауыс беретін акциялардың бақылау пакетін иемдену немесе акционерлер дауыстарының жартысынан артығына бақылау жасаудың өзге де нысандарын белгілеу жолымен;
- мемлекеттік басқару органдарына корпорация саясатын айқындау немесе оның директорларын тағайындау құқығын беретін арнайы заңнаманы, жарлықты немесе ережені қабылдау нәтижесінде жүзеге асырады.
Бұл шағын топқа мемлекеттік басқару органдарының бақылауындағы және қаржыландыруындағы коммерциялық емес кірмейді, өйткені олар мемлекеттік басқару органдары секторына жатады.
6.3.4.5. Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар секторы – «8» коды мынадай институционалдық бiрлiктерден тұрады:
1) осы қауымдастық мүшелерiнiң өздерін тауарлармен немесе қызметтермен қамтамасыз ету үшін тұлғалар қауымдастығы құратын институционалдық бiрлiктер. Мұндай қызметтер әдетте тегін көрсетiледi немесе тұрақты мүшелік жарналар есебінен қаржыландырылады. Бұларға қоғамдық бірлестіктер, оның ішінде діни бірлестіктер, саяси партиялар, кәсіподақтар, ұлттық мәдени орталықтар және тағы басқалары жатады.
2) негiзгi қызмет түрі қайырымдылық көмегін көрсету болып табылатын институционалдық бірліктер. Бұларға қоғам мүшелерiнiң мүдделеріне қызмет көрсету үшін қайырымдылық мақсатта құрылатын, зардап шеккендерге немесе мұқтаж адамдарға көмек көрсету жөнiндегi қайырымдылық ұйымдары мен агенттіктері жатқызылады. Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін бұл коммерциялық емес ұйымдар тауарларды немесе қызметтерді оларға мұқтаж үй шаруашылықтарына ұсына отырып, нарықтық емес негізде жұмыс істейді. Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін мұндай коммерциялық емес ұйымдардың қаражаты жұртшылықтан, мемлекеттік басқару органдарынан ақшалай немесе заттай нысанда түсетін қайырмалдықтар және резидент еместерден түсетін трансферттер есебінен қалыптастырылады.
6.3.4.6. Үй шаруашылықтары секторы – «9» коды жеке тұлғалардан, сондай-ақ бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкiн бiрiктiретiн (толық немесе iшiнара) және тауарлар мен қызметтердің белгiлi бір түрлерін (тұрғын үйді, тамақ өнiмдерiн және басқаларды) бiрлесiп тұтынатын жеке тұлғалардың шағын топтарынан (отбасылардан) құралған институционалдық бiрлiктерден тұрады. Бұл топқа заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды да жатқызылады.
6.3.5. Анықтамалықтың құрылымы
Коды
|
Атауы
|
|
Мемлекеттік басқару органдары секторы
|
1
|
Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Шет мемлекеттің үкiметi
|
2
|
өңірлік және жергiлiктi басқару органдары
|
|
Қаржы ұйымдары секторы
|
3
|
орталық (ұлттық) банк
|
4
|
басқа депозиттік ұйымдар
|
5
|
басқа қаржы ұйымдары
|
|
Қаржылық емес ұйымдар секторы
|
6
|
мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар
|
7
|
мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар
|
8
|
Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар секторы
|
9
|
Үй шаруашылықтары секторы
|
7. Қазақстан Республикасының резидент еместері үшін баламалы сәйкестендіру нөмірін беру қағидалары
Жеке сәйкестендіру нөмірі «Кредиттік тіркелім» ААШЖ шағын жүйесіндегі кредит тарих субъектілерінің идентификаторларының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын кредиттік тарих субъектілері үшін сәйкестендірудің баламалы нөмірін берудің мынадай қағидалары белгіленеді.
7.1. Заңды тұлғаларға баламалы сәйкестендіру нөмірін беру қағидалары
Әрбір пайдаланушының (оператордың) ұйымның аты бойынша іздеу мүмкіндігі бар.
Егер осы іздеу қорытындысы бойынша ұйым табылса, бұл осының алдында баламалы нөмір берілгендігін білдіреді немесе оның ресми сәйкестендіру нөмірі бар деген сөз. Пайдаланушы (оператор) шағын жүйемен қалыпты режимде жұмыс істеуді жалғастыра алады. Салыстыру ұйымның аты, мекен-жайы (индекс, қала, мекен-жайы) бойынша жүргізілуі мүмкін.
Іздеу нәтижесінде ұйым табылмаған жағдайда, пайдаланушы (оператор) сол сияқты деректер базасын одан әрі жаңарту кезінде пайдаланатын баламалы сәйкестендіру нөмірін беру мүмкіндігі бар.
Баламалы сәйкестендіру нөмірі 12 мәнді формат нөмірін білдіреді: XX+YY+0+ГГММДД+F, онда
XX – латын алфавитінің екі басты әріпі түріндегі елдердің кодтарына сәйкес резиденттік;
YY – алфавит түпнұсқасының екі басты әріпі түріндегі ұйымдардың аты;
ГГММДД – 6 цифр түріндегі ұйымның заңды тіркелген күні (онда «ЖЖ» - жыл, «АА» - ай, «КК» - күн);
F - 1 цифры түріндегі 0-ден бастап 9-ға дейінгі еркін мән.
Баламалы сәйкестендіру нөмірін беру былайша жүргізіледі:
Алғашқы екі мән (1-2 позиция) өтініш берушінің резиденттігі негізінде және елдердің екі мәнді кодтарына сәйкес («Кредиттік тарих субъектісі елі» анықтамалығы) беріледі.
Мәндер латын алфавитінің екі басты әріпі түрінде берілуі тиіс.
Келесі екі мән (3-4 позиция) ұйымның атын негізге ала отырып, беріледі. Бұл ретте, «ЖШС», «АҚ», «ЖАҚ», «Компания», «Фирма» және тағы сол сияқты деген сөздер назарға алынбайды. Егер ұйымның аты бір сөзден тұратын болса, бірінші екі әріп алынады. Егер екі және одан көп сөзден тұратын болса, онда назарға бірінші екі сөздің басты әріптері алынады.Егер аты бір әріптен тұратын болса, ол қайталанып алынады.
Мәндер тұпнұсқалы латын алфавитінің екі басты әріпі ретінде беріледі.
Бесінші позицияда үнемі «0» мәні беріледі. Қандай да бір басқа мәнді беруге жол берілмейді.
Келесі 6 мән (6-11 позиция) ГГММДД форматындағы кәсіпорынның заңды тіркелу күнінің цифрлар комбинациясы болып табылады.
Келесі мәндер (12 позиция) егер деректер базасында қазірдің өзінде қалған мәндері бірдей комбинациялы субъектілер тіркелген жағдайда баламалы сәйкестендіру нөмірлерін беруге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда пайдаланушы (оператор) ұйымның аты бойынша іздеу жүргізіп, нәтижесінде барлық тіркелген субъектілердің деректер базасындағы бірегей аттары бар тізімі, сондай-ақ, нақты немесе баламалы сәйкестендіру нөмірлерін ала алады. Пайдаланушы (оператор) 0-ден бастап 9-ға дейінгі еркін нөмірлердің кез-келгенін беру мүмкіндігі бар.
Баламалы сәйкестендіру нөмірлерін беру мысалдары төменде келтіріліп отыр.
Резиденттік
|
Ұйымның аты
|
Заңды тіркелген күн
|
Бірдей комбинациялардың болуы
|
Баламалы сәйкестендіру нөмірі
|
Қазақстан Республикасы- KZ
|
«Мерей» фирмасы - МЕ
|
1975
1 тамыз - 750801
|
жоқ – 0,
иә – 1 бастап 9 дейін
|
KZМЕ07508010
|
Ресей Федерациясы - RU
|
ТОО « Первое кредитное бюро » - ПК
|
1954
25 қараша - 541125
|
Жоқ – 0,
иә – 1 бастап 9 дейін
|
RUПК05411250
|
АҚШ - US
|
Pepsi-Cola Company - PC
|
1984
17 сәуір - 840417
|
жоқ – 0,
иә – 1 бастап 9 дейін
|
USPC08404170
|
7.2. Жеке тұлғаларға баламалы сәйкестендіру нөмірін беру қағидалары
Әрбір пайдаланушының (оператордың) қарыз алушының аты, тегі, әкесінің аты бойынша іздеу мүмкіндігі бар.
Егер осы іздеу қорытындысы бойынша қарыз алушы табылса, бұл осының алдында оған баламалы нөмір берілгендігін білдіреді немесе оның ресми сәйкестендіру нөмірі бар деген сөз. Пайдаланушы (оператор) шағын жүйемен қалыпты режимде жұмыс істеуді жалғастыра алады. Салыстыру аты, тегі, әкесінің аты, мекен-жайы (индекс, қала, мекен-жайы) бойынша жүргізілуі мүмкін.
Іздеу нәтижесінде өтініш беруші табылмаған жағдайда, пайдаланушы (оператор) сол сияқты деректер базасын одан әрі жаңарту кезінде пайдаланатын баламалы сәйкестендіру нөмірін беру мүмкіндігі бар.
Баламалы сәйкестендіру нөмірі 12 мәнді формат нөмірін білдіреді: XX+YY+ГГММДД+FF, онда
XX – латын алфавитінің екі басты әріпі түріндегі елдердің кодтарына сәйкес резиденттік;
YY – алфавит түпнұсқасының екі басты әріпі түріндегі ұйымдардың аты;
ГГММДД – 6 цифр түріндегі ұйымның заңды тіркелген күні (онда «ЖЖ» - жыл, «АА» - ай, «КК» - күн);
FF - 2 цифры түріндегі 00-ден бастап 99-ға дейінгі еркін мән.
Баламалы сәйкестендіру нөмірін беру былайша жүргізіледі:
Алғашқы екі мән (1-2 позиция) өтініш берушінің азаматтығы негізінде және елдердің екі мәнді кодтарына сәйкес беріледі.
Мәндер латын алфавитінің екі басты әріпі түрінде берілуі тиіс.
Келесі екі мән (3-4 позиция) өтініш берушінің атын және тегін негізге ала отырып беріледі.
Мәндер латын алфавитінің екі басты әріпі ретінде беріледі.
Келесі 6 мән (5-10 позиция) өтініш берушінің ГГММДД форматындағы туған күнінің цифрлар комбинациясы болып табылады.
Соңғы екі мән (11-12 позиция) егер деректер базасында қазірдің өзінде қалған мәндері бірдей комбинациялы субъектілер тіркелген жағдайда баламалы сәйкестендіру нөмірлерін беруге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда пайдаланушы (оператор) аты, тегі, әкесінің аты бойынша іздеу жүргізіп, нәтижесінде барлық тіркелген субъектілердің деректер базасындағы бірегей аты, тегі, әкесінің аты бойынша тізімді, сондай-ақ, нақты немесе баламалы сәйкестендіру нөмірін ала алады. Пайдаланушы (оператор) 00-ден бастап 99-ға дейінгі еркін нөмірлердің кез-келгенін беру мүмкіндігі бар.
Баламалы сәйкестендіру нөмірлерін беру мысалдары төменде келтіріліп отыр.
Резиденттік
|
Аты. тегі
|
Заңды тіркелген күн
|
Бірдей комбинациялардың болуы
|
Баламалы сәйкестендіру нөмірі
|
Қазақстан Республикасы- KZ
|
Сабыржан Каманов – SK
|
1974
1 қыркүйек – 740901
|
жоқ – 00,
иә – 01 бастап 99 дейін
|
KZSK74090100
|
Ресей Федерациясы – RU
|
Петр Иванов – PI
|
1967
23 желтоқсан – 671223
|
жоқ – 00,
иә – 01 бастап 99 дейін
|
RUPI67122300
|
АҚШ - US
|
John Smith (Джон Смит) – JS
|
1948
19 мамыр – 480519
|
жоқ – 00,
иә – 01 бастап 99 дейін
|
USJS48051900
|
Достарыңызбен бөлісу: |